Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

Қызылорда облысы , Қармақшы ауданы , №107 мектептің биология пәні

мұғалімі Төлеуова Алтыншаш Шәкибекқызы .

Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі 8- сынып

Сабақтың аты

Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі туралы ақпарат беру;

Қалқанша безінің құрылысы мен қызметін ажырата білуге үйрету;

Топта өзгенің пікірімен санасуға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

· Қалқанша безінің құрылысы мен қызметі туралы білетін болады;

· Қалқанша безі қызметінің бұзылуын және пайда болған аурулардың түрлерін ажырата білуге үйренеді.

· Топта өзгенің пікірімен санасады.

Негізгі идеялар

Мойында көмекейдің алдыңғы жағында орналасқан безді қалқанша безі деп аталады.

Қалқанша безінің бұзылуынан мекседема,эндемиялық зоб,кретинизм , бадырақ көз аурулары пайда болады.

Эндокринология- бездердің ауруларын зерттейтін, оны емдейтін сала.

Тапсырмалар

Топтық жұмыс (мәтінмен танысу, талқылау)

Тапсырмалар

Жұптық жұмыс (биологиялық диктант)

Тапсырмалар

Жеке жұмыс ( кеңейтілген тапсырма,тест)

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І.Ұйымдастыру

1.1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

1.2. Топқа бөлу (2 минут) Кырыққабат, балық, құрма, алма суреттері қиындыларын құрастыру арқылы 4топқа бөлінеді.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

«Миға шабуыл»(4 минут)

1. Гормондар дегеніміз не ?

2. Гормондар органгизмге не арқылы таралады?

3. Гормондар не бөліп шығарады?

4. Организмдегі бездер неше топқа бөлінеді?

5. Ішкі және сыртқы секреция бездеріне қандай бездер жатады ?

ІІІ. « Ой қозғау» (сұрақ - жауап) (3 минут)

Слайд көрсету (асқынған бездер , тамақ ауруына ұшыраған адамдар)

-Ал, балалар сіздер мына бейнеден не көрдіңіздер?

-.оқушы жауабы

-Адамдар неліктен ауруға шалдықты ?

-Дәрумендер жетіспегендіктен немесе элементтер жетіспегендіктен

-Ал, балалар сонын ішінде йод элементі жетіспесе, адамдар қалқанша безі ауруына шалдығады.

-Ал, балалар бүгінгі өтетін сабағымыз «Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі.

ІҮ. Топтық жұмыс 15 минут.

Топтарға мәтін таратылады, әр оқушы өз бетінше оқиды, топта өзара талқылайды.

Мәтін оқу 5 минут, 5 минут тұжырымдамалық карта жасау.

Бірінші топқа « Қалқанша бездің құрылысы» , екінші топқа «Қалқанша бездің қызметі» ,үшінші топқа «Ауру түрлері», төртінші топқа « Аурудан сақтану жолдары»туралы мәтіндер беріледі. Топ болып бірігіп, тапсырманы тұжырымдамалық карта арқылы орындайды.

Топ баяндамашыларын тыңдау (әр топқа 1минуттан). 4 минут

Топта 5 рөлді анықтайды: көшбасшы, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушы. Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Топ бақылаушысы бағалау критерийлерін белгілейді және жұмыс барысында бағалап, түсіндірмесін жазады.

Бағалау парағы

Критерийлер

Көшбасшы

Баяндамашы

Бақылаушы

Хатшы

Уақыт сақшысы

Тақырыптың ашылуына үлес қосу

Міндетін атқару

Топтық жұмысқа атсалысуы


ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Топтар өзара бір- бірін «екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалайды. Бағалау 2минут

Ү. Жұптық жұмыс Биологиялық диктант (8 минут)

1. Ішкі секреция бездерінің ең негізгі жетекші орталығы ...... деп аталады.( гипофиз)

2. Мойынның алдыңғы жағына орналасқан ......без. ( қалқанша)

3. .....безі судың және тамақтың құрамындағы йодты сіңіріп жинақтайды.(қалқанша)

4. Без гормондарының құрамына ......кіреді.(йод)

5. Қалқанша безінің массасы.....(15-30г)

6. Йодтың жетіспеушілігі......бездің қызметін бұзады.(қалқанша)

7. Бездің қызметі бұзылғанда адамдарда ..... пайда болады. ( аурулар)

8. Қалқанша бездің гормондары жеткіліксіз болса.... ауруы пайда болады.(микседема)

9.Тамақта йод жетіспесе адамда .......... ауруы пайда болады.(зоб ауруы)

10.Бадырақ көз ауруын ........ ауруы деп атаймыз ( базедов ауруы)

Жұптың пікірлерін тыңдау, дайын жауапты көрсету арқылы, жұптар бірін- бірі бағалайды.

Сергіту сәті 2 минут

V. Жеке жұмыс (Жинақталған тест)(3 минут)

  1. Организмдегі бездер неше топқа бөлінеді ?

А) 5 Б) 6 В) 2

2. Ішкі секреция бездеріне қандай бездер жатады ?

А) Гипопиз және эпифиз Б) Қалқанша безі , Тимус, бүйрек үсті безі

В) Барлығы дұрыс

3. Аралас секрециялық бездер дегеніміз не ?

А) Сыртқы секреция бездері Б) Ішкі секреция бездері В) сыртқы және ішкі секрециялық бездер

4. Ішкі секрециялық бездерінің ең негізгі жетекші орталығын ата

А) Гипофиз Б) Тері В) Гормон

5. Без ауруларының маман дәрігері:

А) Психолог Б) ЭндокринологВ)Хирург

Тест орындап болған соң, оқушы қанша сұраққа жауап бергені туралы пайызы және бағасы көрсетіледі.

«5»ұпай алған оқушылар – бағдаршамның жасыл түсін, «4»ұпай - сары түсін және «3» ұпай алған оқушылар қызыл түсін көтереді.

ҮІ Кері байланыс « Рефлексия» ( стикерге сабақта не ұнады. не қиын болды, мұғалімге сұрақ кою ) 1 минут

Не ұнады

Не қиын болды

Сұрақ қою

Кейінгі тапсырмалар

Жұмыс дәптердегі тапсырмаларды орындау.

Кейінгі оқу

Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов