Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы

№3 Хамза атындағы жалпы орта мектеп

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Рустамбеков Нуриддин Базартаевич

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақ: Ресми іс қағаздар стилі

Мектеп:№3 Хамза атындағы ЖОМ

Күні:

Мұғалімнің аты–жөні:

Сынып:9

Қатысқандар: 15

Қатыспағандар:0

Осысабақарқылыжүзегеасатыноқумақсаттары

Оқушылар ресми іс қағаздар стилі ұғымын біледі, түсінеді және үлгілерімен жұмыс істеуде пайдаланады.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушы орындай алады:

С. Барлығы: ресми іс қағаздар туралы түсінді, түрлерін білді.

Оқушылар көпшілігі орындай алады:

В. Көпшілігі: ресми іс қағаздар стилінің ерекшелігін білді, басқа стильдің түрлерінен ажырата алды.

Кейбір оқушылар орындай алады:

А. Кейбірі: өтініш, сенімхат, мінездеме, өмірбаян үлгілерін пайдалана алды.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Берілген тақырыпқа өтініш жазады, мәтінмен жұмыс істейді.

Берілген тапсырмаға талдау жасайды.

Стильдер туралы ережені айтады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Қазақ тілінде стильдің неше түрі бар?

Көркем әдебиет стилі туралы түсінік

Ауызекі сөйлеу стилі туралы түсінік

Ерекшеліктері мен айырмашылығы.

Бағалау критерилері

Өтінішті бағалауға:

  1. Мазмұны;
  2. Жазылу талаптарын ескеруі;
  3. Нақты сөздерді қолдануы;
  4. Регламент сақтауы;

Алдыңғы оқу:

Көркем әдебиет стилі

Жоспар:

Жоспарланған уақыт: 45 мин

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы:Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылықты ояту.

Білу.

Түсіну.

10 минут

Оқушыларды түгелдейді. Сабақтың ұранын айтады. «Ішкі және сыртқы шеңбер» (тілек айтады), «Балмұздақ» әдісімен топқа бөлінеді.

«Ақылды доп» немесе «Серпілмелі доп» әдісімен өткен материалды еске түсіреді.

«Миға шабуыл» әдісімен тақырыпты ашады.

Шаңырақ құру, балмұздақ таяқшалары доп. Интерактивті тақта.

Ортасы : Мағынаны тану.

Қолдану.

Талдау.

Жинақтау.

28 минут

«Жигсо» әдісімен бір-біріне түсіндіреді. Тілтаным. Кітаппен жұмыс. Жұппен, топпен жұмыс жүргізеді. «Болжау» әдісі. Постермен жұмыс: стильдің ережелерін топтастырады, іс қағаздар үлгісін жазады.

Сергіту сәті. Екі қолмен жасалатын әрекеттер мен «Мұғалім айтады» ойыны. «Мағынаны тану» семантикалық картамен жұмыс жасайды, сәйкестендіреді, «Мақал-сөздің мәйегі» халықтық педагогика туралы білімдерін пысықтайды, «10 сұрақ», өзін-өзі, бірін-бірі бағалайды.

Кеспе қағаздар, флипчарт, маркерлер, стикерлер, семантикалық карта, АКТ

Соңы: Ой толғаныс кезеңі.

Бағалау.

7 минут.

Интернет сұрақтармен пысықтайды.

«Екі жұлдыз, бір тілек» кері байланыс алады, жұлдызшалар санымен бағалайды.

АКТ, жұлдызшалар, стикерлер

Қосымша ақпарат:

Саралау–оқушыға мейлінше қолдау қөрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс-денсаулық және қауіпсіздік , АҚТ –мен байланыс. Құндылықтармен байланыс.( тәрбие элементі)

Оқушының әрбір пікірі құнды деген ұстаныммен жауаптарын тыңдаймын, қателескен жағдайда жетекші сұрақ, бағыттаушы сұрақтар арқылы өзінің жауап беруіне жағдай жасаймын, әрбір жауапты марапаттап отырамын. Қабілетті оқушыға ой қозғау арқылы тапсырманы өзінің түсінуіне ықпал етемін.

Кері байланыс арқылы білім деңгейін тексеріп,қалыптастырушы бағалау арқылы бағалаймын. Сабақ соңында берілген жұлдызшаларының санымен бағалаймын.

Математика пәнімен байланыс тақырыпты ашқан кезде жүреді. АКТ қолданғанда техника қауіпсіздігі ереже сақталады. Эссе жазу арқылы Отанын, тілін, тәуелсіздікті құрметтеуге баулимын.

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске астыма?(тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз?

Сабақ мақсаты мен оқу міндеттері оқушылардың деңгейлеріне байланысты орындалды. Сабақ барысында оқушыларға түрлі әдіс- тәсілдер арқылы стильдердің түрлері туралы ұғынды. Сын тұрғысынан ойланып, сұрақтарды тиімді қоюға, болжам жасай алуға үйренді. Мысалдар келтіріп, стиль түрлерін ажыратуға дағдыландырдым. Берілген сұрақтарға нақты жауап бере білді. Көрсетілген слайдтар арқылы кері байланысқа түсті. Топтық және жеке жұмыстар жүргізу сәтінде уақытты ұтымды пайдаландым.

Қорытынды бағалау

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ