Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ата-аналар арасында өткізілетін «Білім мен тәрбие егіз ұғым» интеллектуалды психологиялық ойын сабақ

спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы Мұқыр ауылы

«Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

бастауыш сынып мұғалімдері Н.Ы.Касымова және

Б.Қ. Қайырханова

Ата-аналар арасында өткізілетін «Білім мен тәрбие егіз ұғым»

интеллектуалды психологиялық ойын сабақ

Мақсаты:Мектеп және ата-аналар арасындағы байланысты нығайта түсу, бір-бірімен үнемі тығыз қарым-қатынаста болуға, баланы біріге отырып, екі жақты тәрбиелеуге бағыт бағдар беру.
Күтілетін нәтиже: Бір-бірімен үнемі тығыз қарым-қатынаста болып, балаға тәрбие беретін бірлескен ата-ана мен мұғалім.
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, плакат, маркер, таратпа жүрекшелер.
Кіріспе сөз:
Баланы жастан бақпасан,
Жамандықтан қақпасан.
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек, - дегендей-ақ, баланың ыстық-суығына күймейтін, әрбір жетістігіне сүйсінбейтін ата-ана мен ұстаз жоқ шығар. Бүгінгі ұл - ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз - ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, осыған қарағанда «Әкеге қарап – ұл өсер, шешеге қарап – қыз өсер» деп бекер айтылмаса керек. Балаға білім мен тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата-ана болып табылады. Сондықтан ата-ана мен мектеп арасында үзілместей жіпті берік байлау мақсатында, бүгінгі, интеллектуалды психологиялық ойынын ұйымдастырып отырмыз.
Интеллектуалды психологиялық ойынға қатысушыларымен таныс болыңыздар
Бүгінгі ойынға қатысушыларымыздың айтқан пікірін тыңдап, өз бағасын беріп, сарапқа салатын, сарапшылар мен көрермендер дауысымен бағаланады.
Ойын сарапшыларымен таныс болыңыздар:
1.
2. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:
3. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
4. Психолог педагог:
Ойын бағдарламасы:
1 тур - «Қанат қақты» - ой жинақтау 2 минут.
2 тур - «Самғау» -мақал – мәтелді жалғастыр. Ерекшеленген сөзді орыс, ағылшын тілінде аударыңыз. (Қосымша көмек беріледі досыңызға қоңырау соғыңыз).
Сергіту сәті: «Балам – бағым» тренинг
3 тур – «Шарықтау» – идеялар аукционы
4 тур - Ой — өрісіңді тексер» Сөйлемді аяқтау.

5 тур - «Жер ұйық» - сұрақ жауап.
1 тур «Қанат қақты» ой жинақтау (плакат, фломастер). Ата-аналарға плакат беріледі, бұл плакатқа төмендегі сұрақтарды қолдана отырып, сурет не схема арқылы өз ойын білдіреді.
Оқушы - мұғалім – ата – ана арасындағы байланысты көрсете білу (Сурет – схема арқылы өз ойларын талдайды).
2 тур - «Самғау» Мақал – мәтелді жалғастыр.
1. Балалы үй базар, .......Баласыз үй қу мазар.
2. Атадан жақсы ұл туса, Қар үстінде от жанар.
Атадан жаман ұл туса, ........Ат үстінде ит қабар.
3. Ақ жаулығы ананың — ........Ақ көрпесі баланың./
4. Ананың ойы ұяда, ........Баланың ойы қияда./
5. Шәкіртсіз ұстаз – .....тұл.
6. Ата – бәйтерек, .......бала – жапырақ./
7. Балаңды бес жасқа дейін хандай көтер, Он бес жасқа дейін құлдай жұмса, ...... Он бестен ары онымен досыңдай ақылдас./
8. Атадан жақсы ұл туса, Елінің қамын жейді;
Атадан жаман ұл туса, .....Елінің малын жейді./
9. Күш – білімде, білім – .....кітапта
10. Аш бала тоқ баламен ойнамайды, .....Тоқ бала аш болам деп ойламайды./
11. Алты жасар бала алыстан келгенде, .....Алпыстағы ақсақал сәлем берер./
12. Жақсы бала – сүйік, ......жаман бала – күйік./
13. Ағайын — алтау, ... Ана — біреу./
14. Балалық шағы,.....патшаның тағы./
15. Әдепті бала арлы бала, .....Әдепсіз бала сорлы бала./
16. Әкесі құрдастың ......баласы құрдас./
17. Бала тентек болатыны — үйінен, Ердің тентек болатыны — ......биінен./
19. Білімі жоқ ұл - ......жұпары жоқ гүл./
Сергіту сәті: «Балам – бағым» тренинг
3 тур – «Шарықтау» – «Арманым – бақытым» тақырыбында идеялар аукционы. Ата –аналарға ақ парақ беріледі, параққа оң қолының суретін салып, алақанына арман – тілектерін жазып, «сиқырлы бәйтерекке» салады. Үздік идея бағаланады.
4 тур -Ой — өрісіңді тексер» Сөйлемді аяқтау.

1) Егер баланы үнемі сынап отырса ............(оқуға құлқы болмайды)
2) Балаға үнемі күлсе ................................(бұйығы болып өседі)
3) Баланы қолдап отырса ...........................(білімге деген ынтасы артады)

4) Баланы қолдап отырса .....................(өз ісіне сенімді болады)
5) Бала төзімділікте өссе .................................(адал болып жетіледі)
6) Бала қауіпсіз жағдайда өссе ..............................(ол адамға сеніммен қарайды)

7) Бала кекшілдікте өссе .............................(ол қатыгез болып өседі)
8) Бала адалдықта өссе ...........................................(әділ болып жетіледі)
9) Бала түсіністікте және сүйіспеншлікте өссе ........................(бұл әлемнен махаббат табуға үйретеді)

5 тур - «Жер ұйық» сұрақ - жауап. Жалпы тақырыпта сұрақтар қойылады, сұраққа жауап береді.
Сұрақтар:
1. Қазақ халқының ұлы ақыны? /Абай/.
2. Қазақстан қашан тәуелсіздік алды? /1991 жыл/.
3. Қазақстанның мемлекеттік тілі? /Қазақ тілі/.
4. Күн мен түннің теңесін күні? /22 наурыз/.
5. Қазақстанның алғашқы астанасы? /Ақмешіт/.
6. Жауынгер – жазушы Кеңес Одағының батыры. /Бауыржан Момышұлы/.
7. Төрт жылдан соң елімізде өтетін Халықаралық көрме. /ЕХРО – 2017/.
8. Қазақтың тамақ сақтауға арналған қапшығы /Аяққап/.
9. Ыдыс-аяқ сақтауға арналған зат /Кебеже/.
10. Қазақ тілінде неше әріп бар? /42 әріп/.
Қорытынды.
«Жүректен шыққан жылы сөздер..» сергіту сәті. Түрлі-түсті қағаздан қиылған кішкентай жүрекшелер таратылады. Барлығымыз да ата-анамыз мына жүрекшелерге өз баларыңызды қалай еркелетесіздер, қандай мейірімді сөздер айтасыздар, яғни жүректен шыққан жылы сөздеріңізді жазыңыздар. Үлкен жүректі тақтаға іліп, әрбір қатысушы жүрекшелердегі жазған сөздерін оқып үлкен жүрекке орналастырады.
Мына үлкен жүрек, ата-ана, сіздің жүрегіңіз, ал мына жүрекшелер сіздің балаларыңыздың жүрегі. Әрқашан да балаларыңызға деген жылы сөздеріңіз көп болсын! Олай болса, ата-ана жүрегі қашанда бала, ал бала жүрегі ана деп соғуы керек. Сонымен бүгінгі ойынымыз өз шегіне келіп жетті.
Ата-анаға көз қуаныш, Алдыңа алған еркесі.

Көңіліне көп жұбаныш, Гүлденіп ой - өлкесі, - деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт-арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен.
Ендеше, ата-аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейк және біздер олардың ең басты үлгі болар бейнесі екендігімізді ұмытпайық. Қатысқандарыңызға көптен-көп рахмет! Сау болыңыздар!

Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ