Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Пәннің аты Әдебиеттік оқу

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

«Атасы мен немересі»

Мақсаты

Мәтіннің мазмұнын түсіну, мазмұны бойынша көңілге түйгенін анықтау. Автор туралы білімдерін кеңейту
1. Атасы мен немересінің сөздеріне түсінік алады, өз ойларын айтуға машықтанады.
2. Ата мен немеренің ерекшеліктерін анықтап, өмірдегі іс - әрекеттерде қолдануына мысалдар келтіреді, ата - ананы құрметтеуге, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиеленеді.
3. Өздері жасаған жұмыстарына қорытынды жасайды, тіл байлығы, сөйлеу мәдениеті дамиды.

Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

«Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, мейірімді жарық,
Болып кетер сонда дереу жан - жағым

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

І топ: Немере деген кім?
ІІ топ: «Ата» деген кім?
ІІІ топ: «Ата», «Немере» туралы тақпақтар айту

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

- Балалар, мен күнге таң қаламын. Неге десеңдер, күн сиқыршы сияқты. Жылы әрі мейіріммен сәлемдесе біледі. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік қолдары сияқты аялайды, сипалайды, жылытады. Жан дүниеміз тыныштық пен ізгілікке бөленеді. Сиқырлы күн өкпелегенді жазады, мұңайғанды жұбатады.
Мұғалім:
- Біз қандаймыз?- Біз көңілдіміз!
- Біз қандаймыз?- Біз батылмыз!
Мұғалім: Олай болса, бүгінгі сабағымызды қалай өткіземіз?
Оқушылар: керемет қылып өткіземіз.
Мұғалім: Ал, енді, сабағымызды бастаймыз.
І топ: «Ойшылдар» ІІ топ: «Алғырлар» ІІІ топ: «Білгірлер»
Негізгі бөлім
Өткен сабақ Өтілген тақырыптар бойынша «Зымыран сұрақтар» беру. Тез шапшаң жауап беру.

«Ыстық орындық» «Сұрақ менен, жауап сенен» бүгінгі өтілген материалдар бойынша тез әрі, нақты жауап беру
Жаңа сабақ «Ой қозғау»

С. Көбеев туралы не білеміз?
1878 - 1956ж. ж Қостанай облысында туған, Жазушы, ұстаз «Үлгілі бала» атты кітабы бар

Оқулықпен жұмыс. 1. Атасы мен немересі» мәтінін оқу.( жалғастырып, түсініп оқу)
2. Мәтінді рөлге бөліп оқу. Теріп оқу.
Сөздік жұмыс. Мәтінді оқи отырып өздері түсінбеген сөздердің астын сызады.
- Қандай жаңа сөз кездестірдіңдер? ( Оқушылар өзара түсіндіреді.)
- « Аяқ» деген сөз нені білдіреді?
- Қай сабақта біз осындай сөздер жайлы оқыдық? (қазақ тілінде)
- Оны қандай сөздер деп айтушы едік? (көп мағыналы)
І топ: Мәтіннен әкесі мен баласының сөздерін тауып оқу.
ІІ топ: Баланың неге осылай сөйлегенін түсіндір.
ІІІ топ:Осы әңгіме арқылы жазушы не айтпақшы болды? « Ата ақылы» өлеңін пайдаланып жауап беріп көр.
«Ой ашар»Топтық жұмыс
І топ: «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер».Осы нақыл сөздің « Ата ақылы» өлеңіне қатысы бар деп ойлайсың ба?
ІІ топ:Оқулықты пайдаланып мәтіннің авторы жайлы мәлімет іздестіру. Сызба бойынша түсіндіру
ІІІ топ: «Ата ақылы» өлеңін жатқа айту
Топтардың бірін - бірі бармақпен бағалауы

ІҮ топ: «Ата», «Немере» туралы тақпақтар айту
«Мағынаны тану» Рөлдегі оқушылар әдісі.
1. Баяндаушы - 3 топтан бір оқушы шығып әңгімелейді
2. Сұрақ қоюшы - мәтін бойынша сұрақ қояды.
3. Із қуушы - кейіпкердің ізін қуалайды. Ата, баласы, келіні, немересі.
4. Дәнекерші - өмірмен байланыстырады.
5. Бейнелеуші - сурет салады.
6. Кейіпкерлерді сипаттаушы - әр кейіпкер туралы мұқият ойланып, олардың кім екендігін, мінез - құлқы туралы айтып береді.

Сергіту сәті

Шынығамыз, жастай бiз,

Жаттығуды бастаймыз.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш

Бойымызға жинап күш.

Шынығамыз, жастай бiз,

Жаттығуды бастаймыз.

Ой толғаныс

«Оқулықпен жұмыс» Оқулықтағы мәтінді үзіп оқу арқылы проблемалық сұрақтарға жауап беру
Қорытынды «Кері әсер парағы»Пікір жазу, сұрақтар бойынша.

1.Әке мен бала сөзінде не айтылған?

2.Негізгі ой не еді?

3.Әке мен баладан нені білуге болады?

4.Немересі неге атасына жаны ашыды?

5.Әкесі мен шешесі неге баласынан ұялды?

6.Атасына қалай көңіл бөлетін болды?

Үйге тапсырма

Ата мен балаға әңгіме жазып келу .

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Описание: https://encrypted-tbn1.gstatic.com/images?q=Описание: https://encrypted-tbn1.gstatic.com/images?q=

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ