Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

ТІГІН БҰЙЫМДАРЫНА НЕГІЗГІ МАТЕРИАЛДАРДЫ ТАҢДАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҰТЫМДЫ ҚОЛДАНУ

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы,

Қармақшы аграрлы-техникалық колледжі,

Тоқмамбетова Лаура Алтынқызы,

ІІ санатты өндірістік оқыту шебері

Қазіргі уақыттағы тігін өнеркәсіптері автоматтандырылған жоғарғы жиілікті тігін машиналары және жартылай автоматты әсерлі құрылғылар, механикаландырылған престер және құрал- жабдықтар ұйымдастырылған өндірісті көрсетеді. Сонымен қатар тігін бұйымдарын дайындауда кешенді механикаландырылған және автоматтандырылған технология қолданылады, бұл тігін бұйымдарының және ассортиментінің сапасына қойылатын талаптарды жоғарылатады.

Тігін бұйымдарының сапасының бәсекелік қабілеті ассортименттің жаңаруына, материалдардың өңделуінің және бояуының үдерісінің жақсаруы бұйымның құрастырылуын жетілдіруге және жаңа модельдерді енгізуге қамтамасыз етеді. Тоқыма материалдардың қасиеттері және құрылымы бойынша дайындалған жаңа бұйымдар, қазіргі заманғы химиялық талшықтар мен жіптерді, жоғары сапалы бояуларды және әрлеуіш химиялық материалдарды қолдану арқасында жасалынады. Тігін бұйымдарына негізгі материалдарды таңдау және оларды ұтымды қолдану ең маңызды, сондықтан материалдардың қасиеттерін, құрылысын, олардың ассортиментін және сапасын терең оқып білу қажет.

Тігін өнеркәсібінің мамандары ең алдымен тігін бұйымдарына арналған тоқыма материалдарына қойылатан талаптарды, қасиеттерінің көрсеткіштерін анықтай және нақты тігін бұйымдарына арналған материалдардың бағалануын білуі керек. Тігін өнеркәсібінің технологиялық үдерісінің ерекшелігін, сәнді ескере отырып, тігін бұйымдарына арналған тоқыма материалдарды дұрыс таңдау, оның сапасының жоғарылауының маңызды шарты болып табылады. Сол себепті, суретші-модельер, құрастырушы және технолог тоқыма материалдарымен жұмыс істегенде, оның қасиеттерін біліп қана қоймай, тағы да киімде нақты сыртқы түрінің әсеріне жету үшін және киген кезде қолайлылықты қамтамасыз ететін, нақты берілген қасиеттермен киімді дайындауда қолданылуын білу қажет. Киімге таңдалған материалдарды өңдегенде, бұйымды дайындау кезінде материал қасиетінің өзгеруін және осы өзгерісті бұйымның нақты пішінін немесе силуэтін жасауда қолдануды терең білу қажет.

Тігін бұйымдарын жасау үдерісі суреттен немесе эскизден басталып, бұйым лекалдарын құрастыруға және тігу технологиясын дайындауға дейін көптеген күрделі жолдардан өтеді. Сондықтан киімнің үлгісінің эскизін дайындағанда материалдардың эстетикалық қасиеті, сән бағытымен дұрыс таңдалып қана қоймай, нақты киім силуэтін жасауды қамтамасыз ететін қасиеттерімен, киімді құрастырудың қазіргі уақыттағы дайындау технологиясының мүмкіншіліктеріне өте көп әсер етеді. Киім дайындағанда қолданылатын тоқыма материалдары бірнеше топтарға бөлінеді: маталар, трикотаж жаймалар, бейматалар, табиғи 3 және жасанды үлбірлер, бекітуші материалдар (жіптер, негізмдер, негізмдік қабыршықтар), фурнитуралар (түймелер, шыртылдақтар, ілгектер), тігін бұйымдарын дайындау кезінде қолданылатын басқа материалдар (баулар, ызбалар, шілтерлер), жылытушы материалдар (мақта, күспе, ватилин). Аталған топтағы тоқыма материалдары киімде әртүрлі қызметтер атқарады. Олардың кейбірі: маталар, трикотаждар, беймата, үлбірлер - пальто, костюм, күртеше сияқты сыртқы киімдерге қолданылады. Зығырдан немесе бейматадан, тоқыма материалдарынан жасалған іштіктер, қатырғыш кенер материалдары бұйымның формасын қамтамасыз ету үшін қолданылады. Тоқыма материалдардың әр тобы өндіріс салаларына сәйкес өндірілетін құралған ассортименттері және оның дамуының белгілі бағыттары сипатталады. Тігін өндірісінде қолданылатын матаның, трикотаждың, бейматалық тоқыма материалдардың негізгі қасиеттері олар өндірілетін талшықтардың қасиетіне тәуелді болады. Тоқыма материалдардың қасиеттеріне көбінесе қолданылатын иірімжіп түрлері, оның алыну тәсілдері, сонымен қатар, матаның трикотаждың өңдеу әдісі, олардың жіптерінің өрімі, тығыздығы және әрлеу ерекшеліктері көп әсер етеді.

Елімізде жыл сайын сән үйлері, тігін цехтары мен кішігірім шеберханалардың саны артуда. Жалпы қазақ тарихына үңілсек, біздің қазақтың әрбір шаңырағында домбырамен қоса тігін машиналары да болған. Әже-апаларымыз өздеріне киім тігіп,құрақ құраған,ою ойған. Қыздарының жасауларын да өз қолдарымен жасаған. Қазақстан болашақта жеңілөнеркәсіп саласы дамып,әлемдегі экономикасы дамыған алпауыт елдердің арасында озып алға шығатын болады. Өйткені бұл қазақтың қанында бар қасиет,өнер! Ең бастысы өскелең ұрпақ өз елінің адал азаматы болып, қазақилықты ешқашан жоғалтпауымыз керек!

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы