Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

«Қарақия кәсіптік колледжі»

Ашық сабақ

Тақырыбы:Тізбек бөлігі үшін Ом заңы.

Орындаған:

II-санаттағы Физика пәнінің мұғалімі Джалгасбаева Айгул Урусбаевна

Сабақтың тақырыбы: Тізбек бөлігі үшін Ом заңы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Оқушылардың алдыңғы сабақ бойынша және жаңа сабақ бойынша алған білімдерін қаншалықты деңгейде меңгергендігін байқау.Ом заңына талдау жасау, топтарды жарыстыра отырып, оқушылардың алған білімдерін қорытындылау.

Тәрбиелігі:Оқушыларды топпен жұмыс жасауға, ұқыптылыққа, адамгершілікке, ынтымақтастыққа үйрету

Дамытушылығы: Оқушыларды өз бетімен ізденуге, ғылыми дүниетанымдарын қалыптастыру арқылы ойлау, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: Жарыс сабағы

Сабақты өту әдісі: білімді жинақтау,

жүйелеу, сұрақ-жауап,

есептер шығару,

кестемен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, таратпа

кестелер, слайдтар, анықтамалық кітапша.

Жоспар: Тізбек бөлігі үшін Ом заңы.

І-саты: Білемін.1.Ұйымдастыру бөлімі

2.Үй тапсырмасын сұрау

3.Тарауды қайталау

(топпен жарыс)

ІІ-саты: Білгім келеді:4.Схемалар,сызбалар, арқылы Ом заңына талдау жасау.

5. Бекіту(есеп шығару)

ІІІ-саты: Білдік:6.Жаңа сабақты қорытындылау (БлокСхема,топт.страт.әдісі<<Білдік>> таблицаны пайдалану)

7.Үйге тапсырма

8.Бағалау

І-саты:”Білемін.”

1.Ұйымдастыру бөлімінде интерактивті тақтамен сабақ жоспарын түсіндіремін.

2.Тарауды қайталау болғандықтан, жарыс түрінде өткіземін.

3.Сыныпты 2 топқа бөліп,топ басшыларын сайлаймын.

І топ<<АМПЕР>>,

ІІ топ<<ВОЛЬТ>>

«Білім айнасы».Әр сұраққа 5 ұпай.

Ампер тобына:

1.Электр тогы дегеніміз не?

2.Электр тогының пайда болуының неше шарты бар?

3.Ток күші дегеніміз не?

4.Ток күшінің өлшем бірлігі.

5.Ток күшін өлшейтін құрал.

Вольт тобына:

1.Электркернеуі дегеніміз не?

2.Қандай тоқ көздерін білесің?

3.Кернеудің өлшем бірлігі Қалай аталады?

4.Электр тогының неше әсері бар?

5.Кернеуді өлшейтін құрал.

Ойлан тап: Сөзжұмбақ. АМПЕР тобына.

— 1. Найзағай тартқышты ойлап тапқан американ ғалымы?

— 2. Ток күшінің өлшем бірлігі?

— 3. Ток күшін өлшейтін құрал?

— 4. U қандай шама?

— 5. Кулон қандай шаманың өлшем бірлігі?

Сөзжұмбақ: ВОЛЬТ тобына.

— 1. Электромагниттік өріс теориясын ашқан ағылшын физигі?

— 2. Кернеудің ХБЖ –ғы өлшем бірлігі?

— 3. Электр зарядының бірлігі кімнің құрметіне берілген?

— 4. Кернеуді өлшейтін аспап?

— 5.<<Электр>>атауы гректің қай сөзінен шыққан ?

Сергіту сәті.Жұмбақ.Ампер тобына:

1.Жоғалмайды ешқашан

Түрлендірсең егерде.

Басқа күйге ауысса,

Жұмыс істейді әрқашан

2. Аса қажет өмірге халық үшін,

Пайдаланады күн сайын жарық үшін.

Схеманың қатесін тап. Вольт тобына:

.

АМПЕР мен ВОЛЬТтың өмірі мен еңбегі туралы айту.(топ басшылары)

Физикалық ерекше гүл. Ток күші мен кернеудің белгісін, формуласын, өлшем бірлігін, аспабын көрсету.

<<Білемін>> сатысын аяқтап екі топтың басшысы кесте бойынша ойынның қорытындысын есептеп,<<жеңімпаз>> топты анықтайды

топтар

Білім айнасы

Сөзжұмбақ

Физикалық эстафета (есеп)

жұмбақ

Схеманың қатесін табу

Ойшыл ғалымдар

Физикалық ерекше гүл

Ампер

Вольт

ІІІ саты. «Білдік» топтастыру стратегия әдісі.
Жаңа сабақты қорытындылау
«Топтастыру стратегия әдісі – «Білдік»

Білдік

ІІІ саты «Білдік» топтастыру стратегия әдісі сабақты қорытындылау
«Топтастыру стратегия әдісі – «Білдік»

Белгіленуі

I,U,R

Формуласы

I=U/R, U=IR,R=U/i

Өлшем бірлігі

Ампер,Вольт,Ом

Басқа шамалармен байланысы

Ток күші,кернеу,кедергі

Білдік

Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық

Ом заңынан алған білімді,

Ұмытпай есте сақтайық !

VII. Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма: $ 9-3. Тізбек бөлігі үшін Ом заңы

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов