Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

Айнұр Наурызова

Батыс Қазақстан облысы

Бөкей Ордасы ауданы

Жәңгір хан атындағы жалпы білім беретін

орта мектебінің 1 санатты

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Тәрбие сағатының тақырыбы: Елбасы – елдің тірегі

1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне орай

Сабақтың мақсаты: Елбасымыз Н.Назарбаевтың өмірдегі және саясаттағы келбеті туралы толық мәлімет бере отырып, оқушыларды Елбасы еңбектерін дәріптеуге, құрметтеуге, елі, Отанын шексіз сүюге тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының түрі: Жарыс сабақ

Әдісі: Сұақ-жауап, баяндау.

Пайдаланған әдебиеттер: Н.Назарбаев «Ғасырлар тоғысында», Г.Толмачев «Елбасы», «Әлем Назарбаев туралы не айтады?», Назарбаевтың еңбектері, «Егемен Қазақстан», «Орал өңірі» газеттері.

Тәрбие сағатының барысы:

І Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ Әнұран шырқау.

ІІІ Үй тапсырмасы. «Әлем Назарбаев туралы не айтады?»

Класс екі командаға бөлініп, Назарбаев туралы ойларды, пікірлерді талқылайды.

І топ.Т.Блэр: Ұлыбританияның премьер-министрі:

«Тәуелсіздік алған күннен бері Қазақстан айтарлықтай экономикалық прогреске қол жеткізді. Дамудың мөлдір әрі ашық, инвестициялық нарыққа бағытталған ахуалы маңызды мәнге ие болды. Бұл Қазақстанның қол жеткізген табыстарын шоғырландыруға көмектеседі. Орталық Азияның басқа елдері үшін тамаша үлгі болды.»

Ле Куан Ю, Сингапур үкіметінің аға министрі:

«Аз жылдың ішінде Қазақстан мен күтпеген айтарлықтай табыстарға қол жеткізді. Сіздер өздеріңіздің көршілеріңізді ғана емес, басқаларды да басып оздыңыздар. Президент Назарбаев – әртүрлі республиеплар арасындағы ірі тұлға. Қазақстанның көшбасшысы – шамалы қатаң,іскер, шапшаң әрі шешімді адам,бұрынғы Одақтың басқа республикалары мойындаған келісті, талантты және табанды көшбасшы. Егер Назарбаев республика тұтқасын ұстап тұрар болса, Қазақстанның табысқа деген мүмкіндігі бұдан да зор болмақ.»

Р.Армитадж, АҚШ мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары:

«Қазақстан Назарбаевтың көшбасшылығынң арқасында әлемдік терроризмді таратпауға көшбасшылық жасады. Ол аймақтық және әлемдік тұрақтылықты қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады. Президент Назарбаев Қазақстан халқының мүддесі үшін тың шешімдер жасады. Қазақстан – Орталық Азиядағы ең ірі, неғұрлым тұрақты және гүлденіп келе жатқан мемлекет. Қазақстан осы жолда адастырмас жарық жұлдыз бола алады.»

ІІ топ.

Дж.Буш, АҚШ-тың бұрынғы президенті:
«Құрметті Нұрсұлтан Назарбаев! Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан жаппай қырып-жоятын ядролық қаруды таратпау ісінде әлемдегі көшбасшы мемлекеттің біріне айналды. АҚШ Қазақстанның лаңкестікке қарсы жаһандық күрестегі достығы мен тілеулестігі үшін риза.»

Рим Папасы Иоанн Павел ІІ:

«Ұлы даланың татулығы мен келісімі сүйсініспен таң қалдырады және көпұлтты мемлекетте татулықты сақтауға болатындығын дәлелдейді. Бұл – айтусыз Н.Назарбаевтың еңбегі.»

Н.Михалков, ресейлік кинорежиссер:

« Назарбаев – ұлттың әкесі. Ол тыңдауды ғана емес, естуді де үйренген. Бұл менің білуімше, төбесімен көк тіреген көсемдердің көпшілігінде таптырмайтын қасиет. Бірақ, есту де аздық етеді. Шешім қабылдау қажет. Төзім керек. Қиналу керек. Бұл қасиеттер Назарбаевтың бойынан анық көрінеді. Ол ұлты үшін жаралған жан.»

І тур.І тур Өмір-өзен

І топқа

Нұрсұлтан Әбішұлы қашан қай жерде дүниеге келген?

. Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы (1940) – тәуелсіз Қазақстанның тұнғыш Президенті. Туып-өскен жері-Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылы.

2.Қандай оқу орындарында оқыған?

Днепродзержинск техникалық училищесін (1960), Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын (1967), Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін (1976) бітірген. Экономика ғылымның докторы, академик.

Елбасымыз еңбек жолын қай жерде бастады?

Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.

ІІ топқа

Қай жылдары комсомол және пария жұмыстарын атқарды?

1969 жылдан бастап комсомол және партия жұмысына ауысты. Жоғары мемлекеттік және партиялық қызметтерді 1979 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы болып сайланған кезден атқара бастады.

Н.Назарбаев Президенттік мінбеге отырғанға дейін қандай қызметте істеді?

Кеңес Одағы Коммунистік партиясы Орталық Комитеті Саяси бюросының мүшесі (1990-1991), Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы (1990 жылдың ақпан-сәуір айлары)

Н.Назарбаев қашан Президенттік қызметке кірісті?

Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1990 жылдың 24 сәуірінде Н.Ә.Назарбаевты Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының ең алғашқы Президенті етіп сайлады. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Президенті ретіндегі қызметінің заңға сәйкес екенін 1991 жылы 1 желтоқсанда өткен ең алғашқы бүкілхалықтық сайлау одан әрі орнықтыра түсті. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы атауының Қазақстан Республикасы болып өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысына сәйкес Н.Ә.Назарбаев 1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті лауазымымен қызметке кірісті.

Ән шашу 2 балл Елім менің

ІІ тур

–”Елбасы және оқиғалар”

І топқа

... Шамалған стансасында Әбіш деген жігіт пайда болды. Ақыры күндердің күнінде ол өзінің сағына күткен қалыңдығы Әлжанға үйленеді. Өмір деген бірде толы, бірде бос – ала қоржын емес пе? Қуанышы да, реніші де қатар жүреді. Тату-тәтті, бақытты жас отаудың іргесінен сыз өткендей біртіндеп ызғырық есетін болды. Тұрымыс құрғандарына үш жыл өтсе де, Назарбаевтардың шаңырағында іңгәлаған нәрестенің үні естілмей қапаланады. Қазақ үшін бұдан өткен қасірет болар ма?.. Бала сұрап Әбіш пен Әлжан қай бабаның басына түнеп, жеті рет айналады?

Райымбек бабаның басына түнейді.

2.Алпыс жылдан кейін Назарбаевтар әулетінде осы оқиға қайтадан қайталанады. Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі мешіт атаулының бастысы – әл-Масджид әл-Харамның ортасында тұрған бүкіл мұсылман қауымның қасиетті қара тасы Қағыбаны жеті рет айналады. Ол туралы Президент былай еске алады: “Қағыбаның ішіне кірдік. Мен өз басым көк пен жердің арасындағыдай күйде болдым. Төбең түпсіз аспан тәрізді, кейде тіпті жұлдыздар көрінетін тәрізді. Кіре берісте оң жақта сақалы аппақ қудай молда құран оқып отыр. Бұл кәдімгі аңызда айтылатын көктен түскен қасиетті кітаптың бірі, әр парағы алтыннан Алған әсерім ғаламат күшті еді. Маған қағыбаның ішінде қалуыма рұқсат етті де, Алладан қалағанымды сұрауға болатынын, ол қазір болмаса, кейін орындалатындығын айтты.”

Сұрақ: Нұрсұлтан Әбішұлы сол күні Алладан не тіледі?

«Ең алдымен ееліме, халқыма, өзімнің қазағыма береке, құт, амандық тіледім»

ІІ топқа

Мектеп те аяқталды. Өзінің ақыл-ой табандылығы және білімі үшін Нұрсұлтан алғашқы наградасы - Алтын медальға ие болды. Балаң жігіт химия маманы болуға бел байлады. Құжатын Қазақ мемлекеттік университетіне тапсырған. Нұрсұлтан өзінің өтетініне еш күмәні жоқ. Одан химия пәнінен емтихан алған оқытушы да: “Дұрыс, жігітім! Сен біздің факультеттің мақтанынышы боласың әлі!” деген.

Сұрақ: Абитурент Нұрсұлтан сол жылы Қазақ мемлекеттік университетіне оқуға түсті ме?

Жоқ түспеді бір балл жетпей қалды. Сыртқа шықса Дәл осы баллмен Киев азаматтық авиация институтынп қабылдайтындығы туралы хабарландыруды оқиды.

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Шамалғанға келіп

-Мен ұшқыш болам! Дейді.

Анасы:

Аспанға ұшам дедің бе? Ата-бабаңжолымен жүріп еңбек еткің келмей ме, Торактор айда, қой бақ. Жердің үстінде қызмет ет,- дед. Нұрсұлтан бір апта жүріп авиация туралы ойымен қоштасты. Теміртауға жұмысқа келіп, Днепродзержинскіге оқуға кетеді.

2 Жастығы мен алаулы отты жылдарын бірге өткізген болашақ жары |Сара Алпысқызымен Нұрсұлтан Әбішұлы алғашқы еңбек жолын бастаған Теміртауда танысқан. Бұл таныстық үзілмес достыққа ұласып, ажырамас махаббатқа ұласты. Жарты жылдан кейін екеуі үйленді. Думанды үйлену тойы болды және бір үлкен қуаныш дәл сол күні бұларға жеке пәтердің ордерін тапсырды. Жас Сара мен Нұрсұлтан той соңынан кейін ордерде көрсетілген адрес бойынша пәтерлеріне қарай асықты. Келген жерден олар үйлерін көрді..

Сұрақ: ол қандай үй еді? Барса үй жоқ, тек бетон қабырғала ғана тұрғызылған.

Ән шашу «Үш қоңырым»

ІІІ тур – “Нақты оқиғалар”

1.Нұрсұлтан Әбішұлы қазақтың тұңғыш Президенті ме?

Иа

2Президенттің бастамасымен жабылған Семей ядролық палигоны 1992 жылы жабылды ма?

Жоқ 1991 ж күзде

31999 ж. қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 % дауыс жинады ма?

ИА

Елбасы Елтаңба, Әнұран, Ту рәміздердің жариялануына 1991 жылы маусымда қол қойды ма?

Жоқ 1992 4-маусым

ІІ топқа

2005 ж. желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың81,5 % Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайлану үшін Н.Назарбаевқа дауыс берді ме?

Жоқ 91,5 пайызбен жеңді.

2Қазақстан Республикасының Ата Заңы тәуелсіздіктен бұрын жарияландыц ма?

Жоқ 1995 ж. 28 қаңтарда Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Ата Заңы қабылданды. Бұл 30 тамызда референдуға ұсынылып, біразуыдан күшіне енді.

Астананы Ақмола қаласына көшіру 1996 жылы жүзеге асты ма?

Жоқ. 1998 жылы 6 мамырда ел астанасы Ақмола қаласына көшті.

Қазақстан жерінде ірі спорттық олимпиада ойындары оздырылды ма

Иа 2010 Азияда ойындары өтті

Ән шашу «Көк тудың желбірегені»

ІҮ тур – «Поэзия минуты»

Дайын ұйқастарға Елбасына арнап өлең құрастыру

І топ

----------------------------------------- өзіңіз,

------------------------------------------ сөзіңіз

------------------------------------жаңғыртар,

---------------------------------------------------ісіңіз.

ІІ топ

----------------------------------------- жарасқан,

------------------------------------------ көк аспан

---------------------------------------- пір тұтып,

-------------------------------------------- қарасқан.

Ән шашу

Ү тур -

“Уақыт, жылдар, айлар тізбегінде менің елім және менің Елбасым”

Ойтолғаныстар айту

Қорытындылау.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов