Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ

«Компьютер» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «есептеуіш», яғни есептеуге арналған құрылғы. Қазіргі компьютерлер тек есептеп қана қоймай, цифрлық емес (мәтіндер, дыбыстар, графика және т. б.) ақпаратты өңдейді, әр түрлі технологиялық процесcтерді, деректер базасын басқарады. Бұл типті компьютерлерді дүние жүзінде жүздеген өндірушілер шығарады. Олар өзара өнімділігімен, жадының сыйымдылығымен және бірқатар функционал мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. Дербес компьютерлерді желіге біріктіруге болады, бұл ондаған, тіпті жүздеген пайдаланушыларға оңай ақпарат алмасып бір мезгілде ортақ деректер қорына қол жеткізе алуға мүмкіндік береді. Дербес компьютер өнеркәсіп бұйымы ретінде өзара жалғастырушы кабельдермен байланыстырылған бірнеше блоктардан тұрады.Блоктардың номенклатурасы әр түрлі болуы мүмкін, бірақ кез-келген компьютер жұмыс істеуі үшін үш блоктан тұратын жинақ керек. Басқа құрылғылардың барлығы қосымша болып табылады. Оларға принтер, дыбыс колонкалары, құлаққап, микрофон, модем, сканер, тінтуір, трекбол, терте жатады. Компьютердің аталған негізгі жинағының басты элементі - жүйелік блок.Жүйелік блок компьютердің негізгі тораптарын қамтиды:жүйелік (аналық) тақша; процессор; оперативті жады; тұрғылықты диск; алмалы дискілермен жұмыс істеуге арналған диск жетегі; СD және DVD диск жетектері; бейнесызбалық бейімдеуіш; дыбыстауыш; желілік тақша; енгізу-шығару порттары.

Аналық тақша–бұл компьютердің барлық құрамдас бөліктері қосылатын күрделі көп қабатты мөрлік тақша. Аналық тақша мыс өткізгіш жолшықтар

желісімен қапталған, олардың бойыменмәліметтер тақшада құрастырылған

микросхемалар мен компьютердің басқа құрылғылары қосылатын слоттарға

жеткізіледі.

Процессорнемесе микропроцессоркомпьютердегі орталық мәліметтер өңдеу құрылғысы болып табылады. Процессор микросхема ретінде ұсынылған және оперативті жадымен қатар аналықтақшада орналасады.

Процессор бағдарламалар жұмысына қажеттіесептеулерді орындайды.

Процессордың жылдамдығы мегагерцпен (МГц)немесе гигагерцпен (ГГц) өлшенетін оныңырғақтық жиілігімен анықталады.Әдетте компьютер сипаттамасының басында, орталық процессордың (CPU -central processor unit) типі мен жиілігі, оперативті жады (random access memory, RAM) сипаттамасы беріледі. Компьютердің бұл құрамдас бөліктері– ең бастылары, өйткені олар компьютер жұмысының шапшаңдығын анықтайды.

Оперативті жады -компьютердің оперативті жадысы(ОЗУ) немесе Random Access Memory мәліметтерді қысқа мерзімге сақтау үшін қызмет етеді.

Алмалы дискілермен жұмыс істеуге арналған диск жетегі

3,5– дюймдік дискеттерді оқиды.Бұл дискілер ауыстырылатын

тасымалдаушылар болып саналады.

Олардың сыйымдылығы 1,44 Мб.

Компьютерде алмалы дискілерге

арналған диск жетегіне “А” әрпі

белгіленеді.

СD және DVD диск жетектері

Мәліметтерді ықшам дискілерге жазуға және оқуға мүмкіндік береді.

СD және DVD дискілер – ауыспалы тасымалдаушылар.

Дискілер бір рет жазылатын (CD-R және DVD-R)

және қайталап жазылатын (CD-RW және DVD-RW) болып бөлінеді.

Дыбыстық тақша -дыбыстауыш компьютерге жоғары сапалы

дыбыс тудыруға және оны компьютергежазуға мүмкіндік береді.Дыбыстық тақша ұсынатын дыбыспен жұмыс істеудің кеңейтілген мүмкіндіктері компьютерлік ойындарда және басқа қазіргі заманғы бағдарламаларда талап етіледі.

Желілік тақша-компьютерді компьютерлер желісіне қосуға мүмкіндік береді. Желілік тақшалардың бірнеше түрі бар. Ethernet, token ring және сымсыз желілерге қатынас құруға арналғантақшалар, ең танымалдары – Ethernet жәнесымсыз желілер.

Енгізу-шығару порттары.Порттар – корпустың алдыңғы немесе артқы тақтасындағы ажыратқыштар, оларға әдетте кабель арқылы әр түрлі құрылғылар қосылады.Порттарға қосуға болатын құрылғылардың саны мен түрі, порттардың саны мен түріне тәуелді болады.

Монитор немесе дисплей – компьютердің экранына ақпаратты

шығаратын құрылғы. Экран түстеріне қарай дисплейлер монохромды

және түрлі-түсті болып, ал шығарылатын информация түрлеріне

байланысты символдық және графиктік болып бөлінеді.

ЭЕМ – нің экранда мәлімет көрсету бөлігіекі жартыдан тұрады: монитор

және адаптер. Біз тек мониторды көреміз, ал адаптер ЭЕМ қорабының ішінде

орналасқан. Монитордың өзінде тек электронды-сәулелі түтікше бар.

Ал, адаптерде бейнелеу сигналдарын беретінлогикалық схемалар орналасқан. Кеңтараған адаптерлерге мыналар жатады:EGA, VGA және SVGA.(SuperVGA) кеңінен қолданылады. SVGA – ның бейнелеу мүмкіндігі өте жоғары.

Пернетақта-компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы.Пернелер

бірнеше блокқа бөлінеді:символдық пернелер,функциялық пернелер

нұсқаушы пернелер , цифрлық пернелер.

“Тышқан тәрізді қол тетігі”пернелікпен бірге ЭЕМ-ді басқару үшін

қолданылады.Тінтуірдің екі түрі болады: үш батырмалы, екі батырмалы.

Шағын (портативті) компьютерлерде маустың орнына трэкбол қолданылады.Бұл төңкерілген маус. Трэкбол жұмыс істеу үшін, қолмен

жалпы қорапты емес, шарды айналдыру керек.

Ақпаратты енгізу құрылғылары:

Ақпаратты шығару құрылғылары:

Плоттер

Енгізу және шығару қызметтерін бірге атқаратын құрылғылар

Модем, дыбыстық бейімдеуіш, желілік бейімдеуіш.

Модем –компьютерлерге телефон желілері немесе байланыс желілері арқылы өзара

мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы.

Ф-ПК-03/ 1.8

Әдебиеттер тізімі

1. Информатика бойынша 30 сабақ. Жалпы білім беретін мектептердің жоғарғы

сыныптарына арналған экспериментальды оқулық. Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б.,

Даулетқұлов А.Б.- Алматы:2003

2. Дербес компьютерде жұмыс істеу. Екі бөлімді оқу құралы Инчин А.С.- Алматы 2002

3. Windows 98 операциялық жүйелер. Зертханалық практикум. Орта мектептерде жоғары

сыныптарға арналған оқу құралы.

4. «Информатика» Камардинов О, «Информатика» Кирнос В.Н.

5. «Информатика негіздері» ғылыми-әдістемелік журнал.

6. Информатика «Оқушы анықтамасы» Мұхамбетжанова.С.Т.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов