Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

Батыс Қазақстан облысы

Бөкей Орда ауданы

Жәңгір хан атындағы ЖББОМ – нің

АӘД пәнінің мұғалім - ұйымдастырушысы

Оңаев Жанболат Хайрлыұлы

Сабақтың тақырыбы:Тәуліктік кезекші.Тәуліктік кезекшінің құқықтары мен міндеттері. Тәуліктік кезекшінің құрамы және тағайындалуы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларды тәуліктік нарядтың құрамымен, рота бойынша тәуліктік кезекшінің міндеттерімен және кезекшілердің қызмет өткеруіне арналған жабдықтармен таныстыру.

Тәрбиелік: Жас жеткіншектерді елін, жерін сүюге, Отанын қорғауға дайын болуға, тәуліктік кезекшінің қырағылықты, батылдықты және бастамашылықты талап ететіндігін түсіндіру.

Дамытушылық: Жеке тұлғаның кызығушылығын арттыра отырып, түрлі әдіс – тәсілдермен, ойлану қабілетін дамыту.

Уақыты:45минут

Өтетін орны: АӘД кабинеті

Сыныбы: 10 а

Көрнекіліктер: Оқулық, кезекші жабдығы

Оқыту әдістері: Түсіндіру, практикалық жұмыс

Сабақтын барысы:

Ұйымдастыру кезеңі .

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, мұғалімге рапорт береді.

Амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

Негізгі бөлім . Кіріспе.

Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери жарғылары.Ішкі қызмет жарғысы.Тәртіптік жарғы.Гарнизондық және Қарауылдық қызметтер жарғысы.Саптық жарғы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі №364 Жарлығымен бекітілді.

Тәуліктік нарядәскери даярлық пен ішкі тәртіпті сақтауға,әскери бөлімнің жеке құрамын ,қару-жарағын,әскери техникасы мен оқ-дәрілерін,материалдық қорларын,үй-жайлары мен мүліктерін күзетуге,бөлімшелердегі істің жай-күйін бақылауға және құқық бұзудың алдын алу жөнінде дер кезінде шаралар қабылдауға ,сондай-ақ осы жарғыда белгіленген тәуліктік наряд қызметі бойынша басқа міндеттерді орындауға арналған.

Әскери бөлім (Воинская часть) — әскери міндеттерді орындататын немесе бейбітшілік кезінде әскерлер құрамын үйретіп, дайындайтын,Қарулы Күштердің әрбір түріндетактикалық жеке тапсырмаларды іске асыратын ұйымдаскан бөлім. Әскери бөлімнің аты, нөмірі, туы,әкімшілік,құрылыс,шаруашылық, басқарушы және жабдықтаушы мекемелері болады.[1] Әскери бөлім полктен, полктің құрамына кіретін батальондардан (дивизионнан), батальон — роталардан, алрота — взводтардан,взвод — бөлімшелерден тұрады. Әскери бөлімге 1, 2, 3-рангілі кемелер де жатады.артиллериялық полк дивизиондардан,дивизион — батареялардан,батарея — есептоптардан құралады.авиациялық полк экскадрильяға, ал экскадрилья — звеноларға бөлінеді. Әскери бөлім әскери құраманың командиріне бағынады.

Оқу кезеніндегі тәуліктік нарядтың құрамы бөлім бойынша бұйрықта жарияланады.

Бөлімнің тәуліктік нарядының құрамы былайша қарастырылады:

-бөлім бойынша кезекші

-бөлім бойынша кезекшінің көмекшісі

-қарауыл

-кезекші бөлімше

-парк бойынша кезекші және тәуліктік кезекшілер,сондай-ақ кезекші сүйреткіштердің механик-жүргізушілері

-кезекші фельдшер және медициналық пункт тәуліктік кезекшілер

-бақылау-өткізу пункті бойынша кезекші және оның көмекшілері

-асхана бойынша кезекші және жұмысшылар

-бөлім штабы бойынша кезекші

-кезекші белгі беруші-барабаншы

-шабармандар

-өрт наряды


ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Бөлім бойынша бұйрықпен күнделікті тағайындалатындар;бөлім бойынша кезекші,бөлім бойынша кезекшінің көмекшісі;қарауылдың бастығы,парк бойынша кезекші,кезекші бөлімше,сондай-ақ тәуліктік наряд бөлінетін бөлімшелер.Қажет болған жағдайда,бөлім командирінің тәуліктік нарядтың құрамын өзгертуге құқы бар.

Рота бойынша тәуліктік кезекшінің тағайындалуы, құрамы және

қарулануы.

Тәуліктік кезекші қызмет атқаруға арналған орнының жабдықталуы.

Ротаның тәуліктік нарядына:

-рота бойынша кезекші; - 1 адам

-рота бойынша тәуліктік кезекшілер – 2 адам тағайындалады;

Рота бойынша кезекті тәуліктік кезекші казармалық үй-жайдың ішінде кіреберіс есіктің жанында, қару-жарақты сақтауға арналған бөлменің жанында қызметін өткереді.

Тәуліктік наряд сүңгі – пышақтармен қаруланады. Сүңгі пышақ белдік белбеудің сол жағында тоғадан алақан еніңде болуы тиіс.

Ротадағы тәуліктік кезекшілердің ауысым санын бөлім командирі белгілейді. Қажет болған жағдайда,Қазақстан Республикасы Қорғаныс министірінің бұйрығымен кейбір әскери бөлімдерде тәуліктік кезекші мен бақылау-өткізу пункті бойынша кезекшінің көмекшісі,ротаның тәуліктік нарядмен парк бойынша тәуліктік кезекшілер жабдықталған екі оқжатары бар автоматтармен қарулануы мүмкін.Қаруды ұстаудың,сондай-ақ оны қолданудың тәртібі осы жарғы талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Рота бойынша кезекшінің міндеттері

Рота бойынша тәуліктік кезекші жауынгерлерден тағайындалды.Ол өзінің қол астында күзетуге тұрған қару-жарақтың,тапаншалар тұрған шкафтардың (жәшіктердің), оқ-дәрі салынған жәшіктердің, рота мүліктерінің және жауынгерлер мен сержанттардың жеке заттарының сақталуы үшін жауап береді. Рота бойынша тәуліктік кезекші рота бойынша кезекшіге бағынады.

Рота бойынша кезекті тәуліктік кезекшінің міндеті:

-рота бойынша кезекшінің рұқсатынсыз үй-жайдан шықпауға,қару-жарақ сақтауға арналған бөлмені үнемі қадағалауға;

-бөтен адамдарды осы үй-жайларға кіргізбеуге,сондай-ақ рота бойынша кезекшінің рұқсатынсыз казармадан қару-жарақты,оқ-дәрілерді,мүліктер мен заттарды алып шығуға жол бермеуге;

-ротадағы барлық оқиғалар туралы,жарғыларда белгіленген рота әскери қызметшілері арасындағы өзара қарым-қатынас ережелерін бұзушылық,байқалған ақаулар және өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылғандығы туралы дереу рота бойынша кезекшіге баяндауға,оларды жою жөнінде шаралар қабылдауға;

-жеке құрамды таңертеңгі тұру уақыты кезінде,сондай-ақ дабыл немесе өрт болған жағдайда түнде оятуға,күн тәртібіне сәйкес өз уақытында пәрмен беруге;

-үй жайлардағы тазалық пен тәртіпті қадағалауға және әскери қызметшілердің оларды сақтауын талап етуге;

-әскери қызметшілердің салқын кезде,әсіресе түнгі уақытта киінбей үй-жайдан шығуына жол бермеуге;

-әскери қызмешілердің темекі шегуін,аяқ киім мен киімдерін тазалауын осыларға арналған орындарда жүзеге асыруына бақылау жасауға;

-ротаға тікелей бастықтары-рота командирінен бастап,одан жоғары бастықтары,бөлім бойынша кезекші келген кезде:"Тік тұр!" деп пәрмен беруге,ротаға басқа ротаның офицерлері келгенде, сондай-ақ басқа ротаның старшиналары мен әскери қызметшілері келгенде,кезекшіні шақыруға міндетті. Мысалы: «Рота бойынша кезекші, шығыңыз!»

Бос ауысымның тәуліктік кезекшісі рота үй-жайларындағы тазалық пен тәртіпті сақтауға және рота бойынша кезекшінің рұқсатынсыз ешқайда кетпеуге,әскери жарғыларды белгіленген рота жауынгерлері мен сержанттары арасындағы өзара қарым-қатынас ережелерін бұзған жағдайда оған тәртіпке шақыру шараларын қолдануға көмектесуге,рота бойынша кезекшінің орнына қалғанда,оның міндеттерін орындауға тиісті.

Тәуліктік кезекші рота бойынша кезекшінің қайда жүргенін әрқашан да білуге және әскери қызметшілердің қоғамдық тәртіп мен әскери нысанадағы киім кию ережелерін сақтауын қадағалауға міндетті.Байқалған барлық тәртіп бұзушылық туралы ол рота бойынша кезекшіге баяндайды.

Қорытынды бөлім

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Рота бойынша тәуліктік кезекші қандай мақсатта тағайындалады?

2. Тәуліктік кезекшінің құрамына кімдер кіреді?

3. Рота бойынша кезекшінің міндеттері қандай?

4. Рота бойынша кезекті қызмет атқаруына арналған орын қалай жабдықталады?

5. Рота бойынша тәуліктік кезекшіде қандай құжаттар болу тиіс?

Үйге тапсырма. Бағалау.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ