Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Иманбаева Гүлзура Құлымқызы

Қызылқоға ауданы

Жасқайрат ауылы

Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Ана тілі 4 сынып

Тақырыбы:Ат пен Есек. Иван Крылов (Аударған Ыбырай Алтынсарин)

Мақсаты: Оқушыны Иван Крыловтың «Ат пен есек» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, досына уақтылы көмек көрсетпей, соңында өзі азап шеккен аттың мүшкіл хәлімен таныстыра отырып, баланы адамгершілікке тәрбиелеу, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі:сыни тұрғыдадан ойлау, ойлан, бірік, көпір сұрақтары, шынжыр,әңгімелеу кестесі,бір - бір сөйлем, кейіпкерге хат, ресурс

Көрнекілігі: суреттер,слайд

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік

«Ойлан,бірік» әдісі

Оқушылар бірлесе жұмыс істеу үшін топқа бөлінеді.

Топтың ережесі

1.Сабаққа кешікпейміз.

2.Білуге және көбірек еске сақтауға тырысамыз.

3.Бір-бірімізді сыйлаймыз.

4.Бір-біріміздің пікірімізді тыңдаймыз.

5.Күрделі тапсырмаларды бірігіп шешеміз.

6.Бір-бірімізге сый көрсетеміз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Көпір сұрақтары

Оқиға қай жерде болған?

Капитан не деп айғайлады?

Екі бала не істеп жүр еді?

Балалар ашық теңізде жүзіп жүрген кезде кемедегілер акуланы көріп қандай күйге түседі?

Балалар қалай аман қалады?

Егер сен сол балалардың орнында болсаң не істер едің?

Зәкір деген не?

Сенің ойың?

Акула қандай жануар?

Сен оны көрдің бе?

Ол жайлы не білесің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық.

Автор туралы дерек. (слайд)

Иван Андреевич Крылов (1769-1844) - орыс жазушысы, драматург, көрнекті мысалшы ақын. Крылов есімі орыс жұртшылығына күлдіргі-сықақ жанрдағы шығармалары мен мысалдары арқылы белгілі болды. Ол әсіресе мысал жанрында орыс әдебиетін жаңа сатыға көтеріп, әлемге есімі танылды.

Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткеріЫбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген

Ат, есек деген жануарларды көргенің бар ма?

Олар қандай жануарлар?

Адамға қандай пайдасы бар?

Шынжыр әдісі ( топтар бір - біріне сұрақтар қою)

Не? Не үшін? Қалай? Неліктен?

«Ат пен есек» мысалы арқылы автор сендерге нені үйреткісі келді екен? Соны тыңдаңдар?

Үнтаспадан « Ат пен есек» мысалын тыңдату

Оқулықпен жұмыс.

Тізбектей оқыту.

Қай кейіпкерге риза емессіңдер? Көңіл-күйлерің қалай өзгерді? Қандай сезімде отырсыңдар?

«Әңгімелеу» кестесі

Шығарманың тақырыбы:

Шығарманың авторы:

Кейіпкерлері:

Болған жағдай:

Оқиға қай жерде болды:

Оқиғаның соңы:

Автордың негізгі идеясы:

«Бір - бір сөйлем» әдісі

-Есек атқа қандай өтініш айтты?

Ат өзінің істеген қылығына неге өкінді?

Бұл шығармадан қандай ой түюге болады?

«Ат пен есек» мысалы арқылы автор сендерге нені үйреткісі келді?

Өлеңнен Есектің сөзін тауып, мазмұнына сәйкес ырғақпен оқы

Шығарманы мысал деп айтуға бола ма? Дәлелде.

Мысал деп адам бойындағы кемшіліктерді сынап, адалдық,әділдік, қайырымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап жазатын шығарманы айтады.Мұндай шығармада өсімдіктер мен жануарлар, аңдар мен құстар кейіпкер ретінде алынады.

Топтық жұмыстар

1-топ. Өмірде іс- әрекеті атқа ұқсас адамдар бола ма?

2-топ. Өмірде іс- әрекеті есекке ұқсас адамдар бола ма?

3-топ.«Кейіпкерге хат» стратегиясы Ат пен есек иесіне хат жазу.

«Ресурс» әдісі қосымша тапсырмалар беру

1-топ. «Ат пен есек» мысалына байланысты мақал жаз

2-топ. Аттың ендігі жағдайы

3-топ. «Ер- қанаты ат» тақырыбында эссе жаз

ІҮ Қорытынды

Рефлексия

Бүгін менің білгенім....

Маған ... қызықты болды

Маған .... қиын болды

Менің орындай алған тапсырмам...

Мен ... түсіндім

Менің үйренгенім ...

Мен енді .... қолданатын боламын

Мені ... таңқалдырды

Ү Үйге тапсырма Мысалды оқып қарасөзбен баяндау

ҮІ Бағалау

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ