Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Сыныбы

10

Тақырыбы

Мал шаруашылығы және балық шаруашылығы

Мақсаты

Мал шаруашылығының маңызды салаларын, таралу аймақтарын ажырата білуге үйрету

Күтілетін нәтиже

А) Мал шаруашылығының салаларын ажырата біледі

В) Мал шаруашылығы түрлерінің таралу аймақтарын ажыратады

С) Дүние жүзі бойынша мал шаруашылығының салаларына маманданған елдерді картадан таба алады

Дереккөздер

Оқулық, Дүние жүзіне жалпы шолу, ТМД елдері географиясы

10 сынып Алматы «Мектеп» 2014, әдеби оқулық

Құрал-жабдықтар

Слайд, үлестірме қағаздар, А3, кескін карта, флипчарт, стикер, атлас карта, фломастер, интерактивті тақта

Сабақтың барысы

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

5 мин

1 Психологиялық ахуал қалыптастыру үшін мұғалім оқушылармен амандасады, «Бұғылардың амандасуы» тренингісін жасайды, суреттегі жануарлардың қийындылары арқылы топқа бөледі.

2.Әр топтың басшысына бағалау парағы беріледі:

3. Үй тапсырмасын «Серпілген сауал» стратегиясы арқылы сұрайды.

Оқушылар сергіту сәтін жасайды, топқа бөлінеді.

Үй тапсырмасына барлық оқушылар атсалысып жауап береді

Тұсаукесер

3 мин

Жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін интерактивті тақтадан дүние жүзінің мал шаруашылығы көрсетіледі:

Оқушылар видеоматериалды қарап бүгінгі сабақтың тақырыбын ашуға атсалысады.

Негізгі бөлім

30 мин

1.Постер қорғауға тапсырмалар береді, топтық талдауға нұсқау береді: Ұялы телефондарын пайдаланып интернеттен әр топқа қосымша мәліметтер табуды тапсырады.

І топ –мал шаруашылғына жалпы сипаттама

ІІ топ –мал шаруашылғының салалары

ІІІ топ –балық шаруашылығы

2. Картамен жұмыс (Кескін картаға елдерді түсіру) топпен.

Интерактивті тақтада дүние жүзі картасы беріледі, әр топ шығып өздеріне берілген тапсырмаларын түсіруі қажет

постер дайындайды, қорғайды, топпен талдауды түсіндіреді

оқушылар ойланады, қосымша мәліметтер іздейді, сұрақтарға жауап береді

Картамен топпен жұмыс жасайды

Қорытынды

7 мин

Сабақты, жалпы осы бөлімді тест сұрақтарымен қорытындылау:

1.Ауыл шар-ғы неше саладан тұрады?

А) 2 В) 3 С) 4 Д) 5

2. «Жасыл революция» басталған кезең:

А) 1950 В) 1960 С) 1990 Д) 2000

3. Өсімдік шаруашылығының негізін ... құрайды:

А) дәнді-дақыл В) бау-бақша

С) техн дақыл Д) сергіпте дақыл

4. Талшықты дақылдардың ең маңыздысы:

А) тары В) сұлы С) мақта Д) күнбағыс

5. Крахмалды дақылдардың ең маңыздысы:

А) картоп В) сұлы С) мақта Д) банан

6.Дүние жүзінде қойы ең көп ел:

А) АҚШ В) Аустралия С) Ресей Д) Қазақстан

7. Шошқа шаруашылығы д.ж. ет өнімінің неше % береді?

А) 40 В) 20 С) 60 Д) 50

8.Балық шаруашылғы қандай ендікте көп ауланады?

А) экватор В) тропик С) қоңыржай Д) полюс

9. Ірі қара малы д.ж. өндірілетін сүттің қанша % береді?

А) 100 В) 90 С) 80 Д) 60

10.Жүзім жинаудан алдағы ел:

А) Франция В) Италия

С) Испания Д) Норвегия

Жауаптары: 1 – а 5 – а 9 – а

2 – в 6 – в 10 – в

3 – а 7 – а

4 – с 8 – с

«3» - 3-5

«4» - 6-8

«5» - 9-10

Сабақ соңында топ жетекшісінің бағалауынан кейін мұғалім қорытынды бағасын қояды.

Үйге тапсырма: §37. Генетика мен селекция нәтижесінде алынған асыл тұқымды мал түрлеріне реферат алып келу.

Тестке жауап береді, бірін-бірі бағалайды, мадақтайды

Рефлексия: Не ұнады?

Не қиын болды?

Тілегім:

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов
0 голосов
1 ответ