Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

Дюсегалиева Татьяна Амангелдіқызы

Е.Ш.Орақбаева атындағы жалпы орта білім беретін

мектептің тарих пәні мұғалімі

Батыс Қазақстан облысы

Жаңақала ауданы

Қызылоба ауылы

Сынып: 10

Пәні:Қазақстан тарихы

Сабақ тақырыбы:

Ұлы Жібек жолы

Сабақ мақсаты:

Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихын түсіндіре отырып, Жібек жолының сауданы, шаруашылықты, халықаралық қарым – қатынасты дамытудағы тарихи маңызын ашу;

Күтілетін нәтиже:

А.Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихын оның сауданы, халықаралық қарым-қатынасты дамытудағы маңызын түсінеді.

В. Жібек жолы бойындағы қалаларды түсіндіру кезінде картаны пайдалана алады.

С.«Жібек жолы-ынтымақтастық жолы» дегенге дәлел келтіреді, жүйелейді.

Түйінді идея

Ұлы Жібек жолының тарихи маңызы

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:

Топтық , жеке жұмыстар,сұрақ-жауап, Венн диаграммасы, артығы қайсысы,картамен жұмыс,тест тапсырмалары.

Табыс өлшемдері:

Өз бетімен жаңа сабақты түсініп, өмірде қолдана алады, топпен жұмыс жасау дағдылары жетілдіріледі.

Дереккөздер, құрал-жабдықтар

Оқулық ,интерактивті тақта, ресурс парағы ,бейнематериал, дүниежүзілік карта,флипчарт,интернет материалдары.

Сабақ барысы:

Мұғалім әрекеті

оқушы әрекеті

- оқушылармен амандасу;

- сыныпты түгендеу;

- кезекшілік қызметін қадағалау;

- оқушылардың назарларын сабаққа аудару.

Оқушылармен ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

3-топқа бөлу

- мұғаліммен сәлемдесу;

- кезекшілік қызметін атқару;

- сабаққа зер салу;

Кіріспе

Үй тапсырмасын тексеру.

«Сұрақты ұстап ал» әдісі арқылы тексеру.

1.Көшпелі және отырықшы халықтардың арасында қандай байланыс болды?

2.Көшпелілер мен отырықшылардың мәдени , саяси байланыстарын атаңыз?

3.Отырықшы және көшпелі мәдениеттер байланысы қандай қажеттіліктерден туды?

4. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда қала мәдениеті қай ғасырларда қалыптасты?

5.Жетісу аймағындағы қала мәдениетінің өсуін қандай деректер дәлелдейді?

6.Жетісуда ортағасырлық қалалардың қирауының қала мәдениетінің құлдырауының басты себебі неде?

7.Қазақстан аумағына исламды таратушылар кімдер?

8.Арабтық мұсылмандық мәдениетті қалыптастырушы ғалымдар кімдер?

Мұғалім лақтырған қапты ұстап алған оқушы сұраққа жауап береді, жауапты білмеген жағдайда сұрақты басқа оқушыға лақтыруына мүмкіндік береді.

Формативті бағалау.

Ынталандыру

шы сөздер арқылы сенім білдіру, қол соғып-қолпаштау

Тұсаукесер

Сурет арқылы жаңа сабақтыңмағынасын ашу.

- Менде қандай сұрақтар туындады?

-Мен нені байқай алдым?

Сабақтың тақырыбы қалай аталады?

Ұлы жібек жолы жөнінде видео көрсетіледі.

Тірек сызба, карта арқылы Ұлы Жібек жолы жөнінде мәлімет айтылады.

Оқушылар бейнежазбаны қарап, ой бөліседі, өздерінің пікірлерін айтады.Тақырыпты және сабақтан күтілетін нәтижені анықтап алады.

Негізгі бөлім

1 тапсырма.Топтық тапсырма.

1. топ. Ұлы Жібек Жолының шаруашылықтың дамуына, мәдениеттің өркендеуіне тигізген әсері.
2. топ. Ұлы Жібек жолының халықаралық қарым-қатынасты дамытудағы тарихи маңызы.

3. топ. Ұлы жібек жолының әлеуметтік-экономикалық маңызы.

«Батыс Европа –Батыс Қытай жолы»

2 тапсырма.

Шығармашылық тапсырмалар.

1 топ. Жетісу-Ұлы Жібек жолының шығысқа шығатын басты қақпасын кескін картаға түсіру.

2 топ. Оңтүстік Қазақстаннан Батысқа шығатын Ұлы Жібек жолының тармақтарын кескін карта түсіру.

3 топ. «Артығы қайсысы» суреттерді сұрыптау.

Оқулықтан, қосымша ресурс парақтарынан мәліметтерді оқиды. Топпен ақылдаса отырып, топ ішінде талқылап, әр топ өз жұмыстарын аяқтаған соң берілген уақыт бойынша қорғап шығады.

Галерея әдісін қолдану арқылы кескін картасын толтырады, суреттерді сұрыптайды.

Тақтаға топпен шығып, кескін картаны қорғайды.

Бағдаршам әдісі арқылы бағалау.

«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі арқылы бағалау.


ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Қорытынды

бөлім

1.тапсырма. Тест тапсырмалары

1.Б.з.б. ІІ-І ғасырларда Қытай елімен сауда байланысын жасаған:

А) Қарлұқ қағанаты

В) Қарахандықтар мемлекеті

С) Үйсін мемлекеті

D) Соғды елі

E) Оғыз мемлекеті

2.Жібек жолының басы басталатын аймақ:

А) Қытай жеріндегі Хуанхэ өзені

В) Янцзы өзені аймағы

С) Қытайдың батыс аймағы

D) Қытайдың Орталық аймағы

E) Қытайдың Солтүстік аймағы

3.Қытай елінен алғаш рет жібек артқан керуендер Батысқа қарай жолға шыққан ғасыр:

А) б.з.б ІV ғасырдың басы

В) б.з.б ІІІ ғасырдың аяғы

С) б.з.б. V ғасырдың басы

D) б.з.б. І ғасырдың ортасы

E) б.з.б. VІ ғасырдың басы

4.Жібек сауда жолы арқылы ерте кезден көп елге тараған қазіргі кезге дейін базарда сатылатын көкөніс түрі:

А) қытай немесе болгар бұрышы

В) қызанақ С) пияз D) сәбіз E) орамжапырақ

5.Жібек өндіруді дамытып, Қытаймен бәсекеге түскен ел:

А) Византия В) Соғды С) Үндістан D) Иран E) Жапония

6.Соғды тілінде жазылған қол жазба Жібек жолы арқылы жеткізіліп, осы уақытқа дейін сақтаулы тұрған ел:

А) Қытай В) Византия С) Жапония D) Үндістан E) Орта Азия

7.Византия шеберлерінің жасаған күміс құмыралар табылған қала:

А) Отырар В) Испиджаб С)Түркістан D) Тараз E) Талғар

8.Жібек жолының халықаралық қарым-қатынас жағынан дами бастаған кезеңі:

А) б.з.б. ІІ ғ.басы

В) б.з.б. ІІ ғасыр

С) б.з.б. ІІ ғ.ортасы

D) б.з.б. ІІ ғасырдың соңы

E) б.з.б. ІІІ ғасыр

9.Қытай императоры У-Дидің 138ж. Жібек жолы арқылы Батыс елдеріне жіберген елшілігі қайтып оралды:

А) 13 жылдан кейін

В) 15 жылдан кейін

С) 10 жылдан кейін

D) 18 жылдан кейін

E) 5 жылдан кейін

10.Қандай оқиғаға байланысты сауданың қарқыны бәсендеп, жол бойындағы кейбір қалалар қаңырап бос қалды

А) Сауданың төмендеуі

В)Тауарлардың жетіспеушілігі

С) Монғол шапқыншылығы

D) Салықтың көбеюі

E) Тонаушылықтың күшеюі

2 тапсырма. Сұрақты тап.

1.Буддизм, христиан, манихей 2.Жетісу 3. 2750 ж 4. Фердинанд фон Рихтгофен 5. ХҮІІ ғ 6. 7000 7.Жылқы, адам, піл, құнды байлықтар 8.ҮІ ғ

3 тапсырма. Венн диаграммасын толықтыр.

Ұлы Жібек жолы

Ұқсастығы

Батыс Еуропа-Батыс Қытай жолы

Рефлексия

Үйге тапсырма:«Батыс Еуропа –Батыс Қытай жолы» жөнінде мәлімет жинақтау.

Жеке жұмыс тест тапсырмасын орындайды.

Рефлексия парағын толтырады.

Бағалау ағашы арқылы бағалау.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
0 ответов