Жауап.кз вопросы и ответы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Хош иісті заттарды зерттеу бұрынғы заманнан бергі адамдардың қызығушылығын тудырған. Хош иісті заттарды зерттеу арқылы эфир майларын бөліп алып, оны әртүрлі салада қолдана бастаған. Эфир майлары фармацевтика, тағам әсіресе парфюмерия өндірісінде кең қолданылады. Синтетикалық химияның дамуына қарамастан эфир майлары бар иіс сулар әлі күнге бағалы болып табылады.

Антисептикалық қасиеті: Бұл қасиетке құрамында фитоциндері бар эфир майлары жатады. Мұндай эфир майлары әртүрлі вирустар мен тұмауға қарсы әсер етеді.

Қабынуға қарсы әсері: Эфир майлары қан айналым жүйесін жақсартады.Мұндай эфир майлары жарақаттың тез жазылуы ме терінің қабынуын тоқтатуға әсер етеді.

Тыныштандыратын қасиеті: Кейбір эфир майлары тыныштандыратын қасиетке ие. Олар бас ауруын, ұйқысыздықты және шаршауды басады.

Тыныс алу жолдарыны әсері: Тұмау тигенде және тыныс жолдарының жақсы жұмыс жасауына пайдасы зор эфир майлары бар.

Эфир майын медицинада қолдану оның құрамындағы биологиялық активті заттардың болуна байланысты.

Биологиялық активті заттар бактерияға, вирусқа қарсы препараттар және инсектициттер т.б көптеген қасиеттерге ие болатыны белгілі[25].

Хош иісті терапия емдік мақсатта да, косметикалық мақсатта да қолданылады, тамаша босаңсу құралы болып табылады. Хош иісті терапияны қолдану әдістері көптеп саналады: бұл хош иісті шамдар, хош иісті ванна, хош иісті массаж. Эфир майларынан жекелеген әтір де дайындауға болады, алайда иісті де абайлап пайдаланған жөн. Біріншіден, эфир майының иісін ұзақ иіскеу иіс аса құнарландырылғандықтан және оның адамға беретін әсері шынымен зор болғандықтан бас айналуын, тіпті жүрек айнуын тудыруы мүмкін. Екіншіден, кез келген адам терісіне эфир майын жағып жүре алмайды. Майды теріге бірінші рет жағып көру керек. Күйдіру, қышыту, қыздыру сезімдері пайда болуы мүмкін. Бұл белгілер жоқ болған кезде және өзін-өзі сезіну дұрыс болса, ұнаған иісті денеге жағуға болады.

Пайдалану ережелері

Аннотациясын мұқият оқып, эфир майының алғашқы тамшысының әсерін жақсылып талдау керек. Аннотация немесе арнайы әдебиеттерден эфир майларының мүмкін болатын жанама әсерлері туралы білу керек. Мысалы, бал қарағай және жебір алкогольмен үйлеспейді, жалбыз жыныстық құтарлықты әлсіретеді,иристі тек дененің сыртына пайдаланады, ал кассия жүктіліктің бірінші кезеңінде жақпайды. Егер сіз темір және йод препараттарын қолданып жүрсеңіз, пачуляны жүктіліктің бар ағымында қолдануға болмайды. Сандалға бүйрек аурулары кезінде жол беруге болмайды, иланг-иланг қан қысымын түсіріп, аллергия тудыруы мүмкін.

Соған қарамастан, эфир малары жүйке және эндокринді жүйелерді реттейді, өмірлік қуатты толтырып, уытты шығарады. Өзіңізге ұнаған иістерді абайлап таңдау және оларды толық зерделеп, дұрыс қолдану сізге хош иісті терапияның бар мүмкіндігін толық бағалауға мүмкіндік береді.[26]

Апельсинніңқабынуға қарсы, несеп шығарушы, өт айдаушы және спазмолитикалық әсері бар. Асқазан- ішек жұмысын реттейді.

Бергамоттың күйзеліске қарсы, антисептикалық, спазмолитикалық, ыстық түсіретін қасиеттері бар. Бергамоттың антисептикалық қасиеттері эвкалипт және шалфей майларымен үйлескенде айтарлықтай күшейеді. Псориаз және экземаны емдеуде қолданылады. Шашты беріктендіріп, қайызғақты кетіреді. Ойлаудың шығармашылық жағын белсендіреді.

Ваниль ас қорытуды жақсартады. Қышқылдықты қалыпқа келтіреді. Алкогольдің әсерін бейтараптандырады. Жұмыс қабілетін арттырып, алкогольге деген жиіркенішті сезімді тудырады, етеккірді реттейді, ұйқыны қалыпқа келтіреді, тыныштандырады.

Жасминніңқбынуға қарсы, ауруды сездірмейтін, спазмолитикалық және қақырық шығаратын қасиеті бар. Ішкі секреция бездерінің жұмысын реттейді. Етеккір циклін қалыпқа келтіреді. Босануды жеңілдетеді. Сүт шығаруға көмектеседі. Босанғаннан кейін күш- қуатты қалпына келтіреді. Өзіне деген сенімділігік сезімін нығайтады.

Сезімділікті арттырады. Қарлыққан кезде дауысты қалпына келтіреді.

Иланг-илангтің күшті күйзеліске қарсы, тартылуға қарсы, антисептиклық, седактивті, жалпы күш- қуатты көтеретін қасиеті бар. Қан қысымын қалыпқа келтіреді. Май бездерінің жұмысын реттейді. Проблемалы тері кезінде тиімді. Безеу, экзема және дерматозды емдеу кезінде қолданылады. Шаш пен тырнақты нығайтады.

Куркуманыңауруды сездімейтін, антисептикалық, жараны жазатын, спазмолитикалық, антипаразиттік, ферментативтік және өт айдаушы қасиеттері бар. Бауыр жасушаларын қалпына келтіреді. Ас қорытуды қалыпқа келтіреді. Ұйыған қандардың тартылуына әсер етеді.

Ладанныңантисептикалық, қабынуға қарсы, несеп шығару, седативті, қақырық шығару, релаксациялық қасиеттері бар. Проблемалық тері кезінде көмектеседі. Ас қорытуды жақсартады. Жағымсыз эмоцияларды жояды. Күйзеліс және жабығу жағдайында көмектеседі.

Мирраас қорытуды жақсартады, асқазан шырынының қышқылдығын реттейді. Ауыздан шығатын жағымсыз иісті кетіреді.

Раушанқан айналымы және гормондық тепе-теңдік бұзылған кезде өте тиімді. Асқазан-ішек жұмысын реттейді. Май және тер бездерінің жұмысын қалыпқа келтіреді. Тамыр қабырғаларындағы бұлшық еттерді нығайтады.

Қарағайдыңқабынуға қарсы, спазмолитикалық, антиоксиданттық, ауруды сездірмейтін, қақырық түсіретін, өт айдаушы әсер беретін қаситтері бар. Антисептикалық құрал несеп шығару және өт жолдары үшін. Тастарды ерітіп, қуықтан және бүйректен құмдарды шығарады, кіші жамбастың қан айналымын жақсартды. Бронх-өкпелік және жүрек- тамыр жүйелеріне жағымды әсер бар. Денедегі уыттың тері арқылы шығуына әсер етеді. Дененің жоғары қызуын түсіреді.

Эвкалипттің антисептикалық, вирусқа қарсы, спазмолитикалық, ауруды сездірмейтін, қақырық түсіретін, несеп шығаратын, ыстық түсіретін, тер шығаратын қасиеттері бар. Бас ауруы және невралгия кезінде жақсы көмектеседі. Стафилококтық жәнеи стрептококтық инфекция кезінде тиімді.

Эфир майларының түрлері мен қасиеттері мол, қажеттісін таңдау өз қолыңызда. Хош иісті терапия қоршаған ортаны жаңадан сезінудің тамаша мүмкіндігін береді, яғни бұл мүмкіндікке немқұрайды қараған дұрыс емес

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов