Жауап.кз вопросы и ответы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Эфир майының сапасы мен тазалығын білу үшін оның құрамы мен химиялық қасиеттерін білу керек. Эфир майы төмен және жоғары молекулалық қосылыстардан тұрады. Негізгі бөлігін изопренді құрылысқа ие заттар құрайды. Эфир майларынан 500 ден астам органикалық заттар алынып, оның құрамы көміртек, сутек, оттек элементтерден тұратыны белгілі болған.

Эфир майлары құрамындағы сутек, көміртек атомдары және молекуласындағы оттектің және көміртектің стреохимиялық құрылысына байланысты эфир майы мынандай топтарға жіктеледі:

А) ациклді монотерпендер ( линалоол, цитроль)

В) моноциклді монотерпендер (ментол, циноол)

С) бициклді монотерпендер (комфора, пинен)

Д) сесквитерпендер (азулен, сантанин)

Г) ароматты қосылыстар (тимол) [15].

Хош иісті (ароматты) майлар құрамына сутек, көміртек, оттегі кіретін қосылыстардан тұрады. Бұл қосылыстар екі топқа бөлінеді: терпендерден тұратын көмірсулар (монотерпендер, циклді терпендер, дитерпендер) және құрамында оттегі бар (оттекқұрамды) қосылыстар (эфирлер, альдегидтер, кетондар, спирттер, фенолдар, оксидтер (кейде лактондар мен азот, күкірттің қосылыстары да кездеседі).

Терпендер. Терпенді көмірсуларға лимонен (құрамында 90% цитрус майлары бар антивирусты зат), пинен (қарағай майында көп болатын антисептик), камфен, кадинин, кариофиллин,цедрин, дипентен,фелландрин, терпенин, сабинен, мирцин жатады. Бұл терпенді қосылыстардың кейбіреулеріне асқынуға қарсы және бактерицидтік әсері күшті қасиеттер тән.

Эфирлер. Ароматты майларда кездесетін негізгі өкілдердің бірі. Оларға линалин ацетат (бергамот, мускатты шалфейде, лавандада болады) және геранил ацетат (майоранда бар) жатады.Эфирлер саңырауқұлақққа қарсы және тыныштандыратын қабілетке ие, иісі жеміс-жидектерге ұқсас.

Альдегидтер. Цитраль, цитронеллаль, неральдар лимон иісі бар майлардағы (мелииса, лимон шөбі,тлимонды эвкалипт, цитронелла) негізгі альдегидтер болып табылады. Альдегидтер–антисептикалық, седативті қабілеттерге ие.

Кетондар. Кетондар-хош иісті майлардың токсинді компоненттері болып табылады. Оларға жусанда болатын туйон, батпақ жалбызында болатын пулгон жатады. Кетондардың барлығы қауіпті бола бермейді. Токсинді емес (улы емес) кетондар жасмин мен фенхель майларында болады.Олар көбінесе жоғары тыныс жолдарын емдеуге қолданылатын иссоп, шалфейде болады.

Спирттер. Антисептикалық және вирусқа қарсы қабілеті бар пайдалы топтардың бірі. Хош иісті майларда болатын спирттер улы емес. Оларға линалол (лаванда, линаолда, раушан ағашында болады) мен цитронеллол (раушанда, лимонда, эвкалипт, гераньда болады), гераниол (пальмарозда болады), борнеол,ментол, нерол, терпинеол, фарнезол, ветиверол, цедрол жатады.

Фенолдар. Бактерицидтік қасиеттерге ие болғанымен теріге де әсер етеді. Кең таралған ароматты майларға евгенол, (қалампыр мен лаврда болады) тимол (тимьянда болады), карвакрол жатады[16].

Сібірдің РҒА Байкал табиғат қорғау институты мен Бурят мемлекеттік университетінің ғалымдары С.В. Жигжитжапова, А.С. Пушкараев, Т.Э. Рандалова, В.В. Тараскин, Л.Д.Раднова Шығыс Сібірде өсетін ARTEMISIA SERICEAE WEBER EX STECHN өсімдігінен алынған эфир майының компоненттік құрамын анықтаған. Бұл жұмыста ARTEMISIA SERICEAE WEBER EX STECHN өсімдігінің жер үсті бөлігінен гидродистиляция әдісімен алынған эфир майының құрамын зерттеген. Шығыс Сібір аймағынан жиналып алынған жусан өсімдігінің компоненттік құрамы хромато-масс-спектрометрия әдісімен анықталынған. Екі үлгіден алынған эфир майы ашық сары түсті, жусан иісімен, жеңіл жылжитын сұйықтық. Эфир майының шығымы Байкал маңайынан жиналып алынған өсімдікте көп мөлшерде кездесті(0,35%). Жалпы өсімдіктегі эфир майынан 70 компонент анықталды және оның ішінен 63 компонент бөлініп алынды. Компоненттердің негізгі бөлігі моно және сесквитерпендерден тұрады. Монотерпендер 18,8% (Байкал маңында), 51,5%(Буряти аумағы) ал сексвитерпендерге 67,7% және 41,5% құрады. Екі үлгідегі эфир майының негізгі компоненттері гермаркен Р, 1,8-цениал, комфор, борнеол, борнилацетат болып табылды. Сонымен ARTEMISIA SERICEAE WEBER EX STECHN өсімдігінен алынған эфир майы өзгергіш келетіні белгілі болған. Бірақ олардың сапалық құрамы өзгермейді, тек сандық көрсеткіші өсімдіктің өсу аймағына байланыты өзгереді[17].

Орталық Сібір ботаникалық бағы мен Сібір органикалық институтының ғалымдары М.А. Мяделец, Д.В. Домрачев, А.Н. Криклива, Г.И. Высочин эфир майының құрамы MONARDO DIDYMA өсімдігінің жасы мен қасиетіне тәуелділігін зерттеген. Хромато-масс-спектрометрия әдісімен MONARDO DIDYMA өсімдігінен бөлініп алынған эфир майының химиялық құрамын анықтаған . Шикізат Омск өлкесіндегі орманды аймақтан жиналған. Эфир майын алу үшін жаңа теріліп алынған және кептірілген екі ,үш жылдық өсімдік қолданылған. Алынған май құрамында өзгешелік бар екені байқалған.Алынған эфир майында жалпы 50 компанент анықталған, оның ішінде 37 компонент бөлініп алынған. Негізгі компоненттерге тимол (64,98), тимолдың метил эфирі (7,6%), пара-цимол (9,5%), ƴ-терлин(3,6%), окт-1-ен-3-ол (2,9%), <!--?mso-application--> 12бЅ±-термин,"> (2,5%) және карвокрол (1,2%)[18].

Сібір федеральды университетінің ғалымдары Е.А. Ефремов, А.А. Ефремов Сібір аймағында өсетін самырсын өсімдігінен алынған эфир майының физика-химиялық қасиеті мен компоненттік құрамын зерттеген. Бұл жұмыста эфир майын су буымен айдау әдісімен бөлген. Эфир майы 20 сағаттан соң 3,86% шығыммен бөлініп шыққан. Алынған эфир майынан 43 компанент анықталып, хромато-масс-спектрмен негізгі компоненті алынған[19].

THYMUS GUBERLINENSIS ILJIN ӨСІМДІГІНЕН өсімдігінен алынған эфир майының химиялық құрамын Биология институты мен Ботаникалық бақтың ғалымдары зерттеген. THYMUS GUBERLINENSIS өсімдігінен алынған эфир майының химиялық құрамын зерттеу бірнеше рет жүргізілген. Хромато-масс спектрімен жалпы 99,5% құрайтын 41 заттарды анықталынған. Алынған эфир майларынды монотерпендер көп екендігі байқалған[20].

Бұл жұмыста И.Д. Зыков, А.А. Ефремовтар қазіргі кездегі қолайлы FILIPENDULA ULMARIA MAXIM өсімдігінен эфир майын зерттеудің жағдайларын ұсынады. Қазіргі кезде эфир майын алатын жаңа өсімдіктерді табу және оларды жаңа емдік үшін, басқа да салаларда қолдану, сондай-ақ компаненттік құрамын зерттеу маңызды мәселелердің бірі болып тұр. FILIPENDULA ULMARIA MAXIM өсімдігінен эфир майын алу Ресей мемлекетінде кең тараған өйткені оны зерттеу 19 ғасырдың басынан басталған болатын. Ол кезде зерттеу жағдайын және сол кездегі мүмкіндіктерге байланысты тек 4 компонент анықталған. Ғалымдар 2011 жылы бөлінген эфир майы мен өздерінің бөліп алған эфир майының зерттеу нәтижелерін салыстырған

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов