Жауап.кз вопросы и ответы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов
Лекция №15.

Т-бы: Орауыш материалдардың шығыстарды нормалау.

Лекцияның жоспары:

1. Орауыш материалдардың шығыстарын нормалаудың актуальдығы және міндеті.

2. Нормалда қолданатын негізі терминдер мен түсініктер.

3. Материалдардың шығыс нормаларын (МШН) анықтау әдістері.

4. МШН-лардың жіктелуі.

5. МШН-лардың экономикалық эффективтігін анықтау.

Орауыштардың жаңа түрлерін ойлап шығару және қазіргі қолданылатын орауыштарды орауыштарды жетілуірі медициналық және фармацевттік өнеркәсіпті орауыш материалдармен – пленкалардың әр түрлерімен (фольга, полимерлер), лакталған және ламинирленген қағаздармен, картонмен ж.т.б. – қамтамасыз ету проблеманы шешуімен тығыз (ажырамай) байланысты. Бөлшектеуіш- орамдауыш өндірісті дұрыс жоспарлау, ұйымдастыру және басқару үшін шығыстың прогрессивті ғылыми дәйектелген нормалардың негізінде материалдардың перспективті қажеттігін анықтау керек.

Тара жасаудың және өнімді орамдаудың шығыстары өздерінің техникалық экономикалық мәні бойынша айналым шығысдардың категориясына жатады, сол себеппен тара және орауыш материалдарды қолдану эффективтілігін жоғарлату сұрағы бірте-бірте актуальды болады.

Таралық және орауыш материалдарды, тараларды едәүір рациональды қолдануын қамтамасыз ету мақсатпен оларды (материалдарды) нормалау кезінде келесі факторларды ескерту керек:

- Транспортты тарасыз (тек қана пакеттерде және контейнерлерде) тасымалдауды қолдану мүмкіндігін;

- Өнімді қысқа ара қашықтарға женілдетілген тарада тасымалдаудың саның кеңейтуін;

- Щығыс нормаларын ойлап шығару кезінде тара мен өніледі стандартизациялаужәне унификациялау талаптардың сақтауын;

- Материалдармен шикі заттардың шығысын және оларуың жоғалуын төмендетуге арналған кәсіп орындардың озат тәжірибесін нормаларды ойлап шығару кезінде зерттеуін және қолдануын;

- Таралық шаруашылыққа едәуір прогрессивті технологиялық жабдықтарды енгізуін;

- Өнімді орамдау үшін жаңа арзандау материалды қолдануын.

Өнімнің орауыштарына пайдаланатын тара-орауыш материалдардың шығыс нормаларының есептелуі күші бар әдістемелік тәртіптеріне сай орындалу керек. Шығыс нормалардың өздері міндетті түрде оларды өндіріске енгізуін және қатан бұзбауын қамтамасыз ететін материалдарды нормалау негізгі міндетібұйымдарды (жара мен орауыштарды) жасау процессінде түзілетін қалдыңтар мен шығындарды есепке алып материалдардың ғылыми дәйектелген нормаларды зерттеп дайындау. Содан соң нормаларды бекіту, өнеркәсіпке енгізу, белгіленген шығыс нормаларын сақтау және уақытылы қайта қарастыру өткізіледі.

Нормалауда қолданылатын негізгі түсініктер.

Керекті сапасы бар бұйымды жасауға қолданылатын қажетті материалдың шекті жиберілетін мөлшері – материалдың шығыс нормасы деп аталады. Ол тек қана есептелетін мән емес, ол өндірісте материалдың сандық және сапалық қолдануын анықтайтын тапсырманы көрсетеді.

Тара мен орауыштарды жасауға қолданылатын негізі материалдардың шығыс нормалары өндірісті жоспарлау және есепке алу үшін өнімнің бірлігіне белгіленеді,сонымен бірге олар прогрессивті, техникалық және экономикалық дәйектелген болу керек.

Қазіргі уақытта барлық кәсіпорындар ДДҚ-дарды орамдауға қолданылатын картон, қағаз арамен кесілген материалдардың, гофрирленген картонның шығыс нормаларды және ДДҚ-дарды орамдауға қолданылатын материалдардын унификациялған нормаларды анықтауға арналған шығарылған әдістемелік нұсқаулардың бірқатарымен пайдалынады.

Шығыс нормасы келесі элементтерден турады;

- Материалдың таза шығысы;

- Тараның детальдарын және өзін жасалған кезінде түзілетін технолгогиялық қалдықтар мен қоқтыңтар.

Материалдың таза (пайдалы) шығысы дайың бұйымға (тара немесе детальге) жаратылған бастапқы материалдың мөлшері. Осы шығысты масса бойынша әдетте анықтайды. Қалдық бұл детальдердің немесе бұйымдардың өндірісінде түзілетін, өздерінің қасиеттерине немесе өмиелідеріне байланысты детальдер мен бұйымдарды жасауға жарамайтын бастапқы материалдың қалған мөлшері. Қалдықтар нелесіге бөлінеді;

- Технологиялық қалдықтар, яғни берілген технологиялық процесске тәүелді және шығыс нормаларында есепке алынатын (м-лы, желатинкапсулалардың өндірісінде желатин фольганың қалдық тары, м-лы, таблеткаларды контурлы ұяшықты орауыштарға орамдау және кесіп алу кезіндегі ПВХ пленканың қалдықтары) ;

- Ұйымдастыру-техникалық қалдықтар (проба алу, тасымалдау және сақтау кезінде жоғалу: м-лы, рулондағы орауыш қағаздың шеттері жыртылады, ластанады ж.т.б.). олар шығыс нормалардың құрамына кірмейді.

Бұйымды жасауға жаратылған материалдың шығыс нормасының және бұйымның ішінде таза түрде бар материалдың мөлшерінің қатынасы шығыс коэффициент ретінде болады.

Ол әр қашанда 1 жоғары болады.

ДДТ орамдауға жаратылған орауыш материалдардың шығыс нормаларын келесі үш әдіспен аңықтауға болады:

- Есептік – аналитикалық әдіспен;

- Тәжірибелік

- Тәжірибелік – статистикалық

Есептік-аналитикалық әдіс ең прогрессивті болып саналады және күші бар техникалық құжаттардың барлық жағынан талдауға, материалдардың экономикасынды үнемдеуне бағытталған шараларды зерттеуге негізделген. Осы нормаларды белгілеу әдістің екі тәсілі бар: - аналитикалық; - графикалық – аналитикалық.

Осы әдісті қолдану міндетті жағдайы – ғылым мен техниканың жетістіктерді және өнімөндірістің озат тәжірібесін ескертетін (есепке алатын) нормативті көрсеткіштердің және бекітілген әдістемеліктің болуы.

Тәжірибелік әдіс материалдардың пайдалы шығысың, қалдықтарды және жоғалған мөлшерін өлшемдеу мәліметтерге негізделген. Өлшемдеуді орындалан кезінде материалдардың және дайын тараның стандарттардың талаптарына сай болуын, жабдықтардың түзу жағдайды, белгіленген технологиялық режимін, өндірістің рационалды ұйымдастыруын сақтау керек.

Осы әдісті қолданған кезінде материалдарды рационалды пайдалану саласындағы озат приемдар мен жұмыстың әдістерін зерттеу негізінде үнемдеу резервілеріне барлық жағынан талдау өткізілу керек.

Статистикалық әдіс есеп беру кезеңнің материалдардың нағыз шығыс тұралы есеп мәліметтерді қолданады. Осы әдісті тек қана келесіде қолдануға болады:

1. Егер мәліметтер толық және дәл болса;

2. Егер есептеу және жоспарлау кезеңнің материалдарды пайдалану жағдайларды салыстыруға болса;

3. Нағыз шығыстардың динамикасын (өзгеруін) зерттеу үшін;

4. Шыыс нормаларының ауытқу себептерін аныктау (бөлу) кезінде.

Бастапқы мәліметтерге, материалдардың шығыс нормалардың есептеу дәлдігіне және негізделуіне байланысты нормалар келесіге бөлінеді:

1 Жіктелуі:

- техникалық нормалар;

- уақытша

- перспективті

- бір реттік
ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Техникалық нормалар массалық (көп) және ірі сериялық өндірісте енгізіліп шығарылатын бұйымдарға белгіленеді. Қағаз және картонның техникалық шығыс нормасы келесі формула бойынша есептелінеді: Н=S/n;

Н- материалдың шығыс нормасы, м2;

S- қағаз парағының, Рулонның беттік ауданы,

n- бір парақтағы бұйымдардың саны.

Материалдың уақытша шығыс нормалары енгізу сатысында болған немесе жоспарыланатың жылға еңгізуге дайындалған және шығыс нормаларды құрастыру моментіне конструкторлық және технологиялық құжаттармен қамтамасыз етілген бұйымдарға белгіленеді. Уақытша шығыс нормаларды оларға жоғарыда айтылған құжаттарды зерттеп дайындаған және бекіткен соң техникалық шығыс нормаларға алмастыру керек.

Шамамен алынған шығыс нормаларын жоспарыланатын жылда шығаруға ойлап қойылатын бірақ шығыс нормаларды құрастыру кезінде оларға (бұйымдарға) бекітілген техникалық құжаттары жоқ бү»ымдарға белгілейді. Конструкторлық құжаттарды зерттеп дайындалған және бекітілген соң шамамен алынған шығыс нормаларды уақытша нормаларға алмастыру керек. Шамамен алынған шығыс нормалар тек жоспарылынатын жылға шығаруға ойлап қойылатын, бірақ шығыс нормаларды құрастыру кезінде оларға (бүйымдарға) бекітілген техникалық құжаттары жоқ, бүйымдарға белгілейді. Конструкторлық құжатарды зерттеп дайындалған және бекітіленген соң шамамен алынған шығыс нормаларды уақытша нормаларға алмастыру керек. Шамамен алынған шағыс нормалар тек жоспарыланатын жалға материалдардың қажеттілігін аңықтауға қана негіз міндетін атқарады. Кесу кезіндегі материалдың шамамен алынған шығыс нормасын келесі формула бойынша есептелінеді: H=S/K;

H- бұйымға жаратылатын материалдың шығыс нормасы,

S- бұйымның төселіп ашылу беттік ауданы, м2

K- материалды пайдалану коэффициенті; егер бұйымның конфигурациясы құрделі болса (пачка, коробка, төрт клапанды салғыш ж.т.б.), К-0,8 егер бұйымның конфигурациясықарапайым болса, К-0,9 деп саналады (этикеткалар, инструкциялар, бандерольдер, салғыш-парақтар).

Бұйымға сүретті немесе тексті басып салғанда материалды кесу кезіндегі түзілетін жоғалымдармен қатар баспа шығындар белгіленеді. Оларды келесі формуламен есептейді.

П- бүйымға баспа (текст немесе сүрет түрінде) түсірген кезде түзілетін материалдың шығындар, кг;

S- баспа парақтың беттік ауданы, м2 (есептеген кезде форматы 60*90см =5400 cм2стандартты парақ алынады);

Т- шығарылатын бұйымдардың тиражі (даналы саны); дана;

Кпеч.- баспа түсіргендегі шығындардың коэффициенті (%) – (Кпеч.- баспаның түріне және түсіру тәсіліне тәуелді);

П1- баспа параққа сыйған бүйымдардың мөлшері (дана); парақтын еніне бұйымның бүтін түрде сыйған санына көбейтумен анықталады;

П2 –дайындық жұмысына жиберілетін парақтардың саны, дана.

М- 1м2 материалдың массасы, г/м2 .

Перспективті шығыс нормалар өнеркәсіпте өндірісінің көлені мен структурасының өзгеруін есепке алып бұйымдарға жоспарланатын мерзімге (5-10 жылға) белгіленеді.

Бір реттік шығыс нормалар бұйымдарды жеке (индивидуалды) немесе майда сериямен жасауға белгіленеді (тәжірибелік партияны, эксперименттік үлгілерді ж.т.б.)

Нормалардың ІІ-ші жіктелуі нормалау объектінің ірілету дәрежесі бойынша оларды (нормаларды) топтарға бөлуімен байланысты:

-әр деталь бойынша (тараның дәл сол деталін дайындауға арналған);

-әр операция бойынша (бір операцияға немесе операциялардың бір тобына арналған);

-әр торап бойынша (тараның детальдердің бір тобына (торабына) арналған);

-әр бұйым бойынша (жалпы таранаң дәл сол түріне арналған).

Нормалардың ІІІ-ші жіктелуі қолдану масштабына (әсер ету шекарасына) байланысты болады.

Осы жіктелуде таралық материалдардың шығын нормалары келесіге бөлінеді:

а) жеке (индивидуальды), яғни берілген жеке кәсіпорында дайындалатын таралық өнімдердің бірлігіне немесе берілген кәсіпорында бұйымдардың анықталған түрінің бірлігін орамдауға материалдың бекітілген шығын нормалары;

б) ірілетілген, яғни бір немесе бірнеше кәсіпорындардағы немесе жалпы (толық) саладағы тараның орташа (немесе түрсіз) бірлігіне және оған орамдалынатын өнімнің бірлігіне (номенклатураға бөлусіз) бекітілген шығын нормалары. Мысалы, орамдауға арналған өнімге ірілетілген нормаларды есептеуге болады (1-мың ампулаларға, 1-мың орауыштарға)

Үрілетіленген норма өнімнің шығару көлемдеріне бегітілген жеке (индивидуальды) щығын нормалардың негізінде орташа мән ретінде есептелінеді. Осы нормала жалпы сала немесе саланың бір бөлігіне материалдық ресурстардың қажеттілігін жоспарлық есептеледі өткізу үшін қолданылады.

в) топтық, яғни кәсіпорындардың бір топ немесе жалпы сала бойынша бұйымдардың анықталған түрінен бірлігін орамдауға немесе тараның бірлігіне бекітілген шығын нормасы. І – ші жағдайда олар орамдауға арналған өнімнің көлемі негізінде, ал ІІ – ші жағдай жеке (индивидуальді) шығын нормалардың және таралық өнімді жасау көлемінің негізінде орташа мән ретінде бекітіледі.

Таралық және орауыш материалдарды нормалау жұмысы жаңадан зерттеп дайындалатын нормалардың экономикалық дәйектемемен аяқталу керек, яғни шығын нормалардың экономикалық эффективтілігі анықталу керек.

Жаңадан зерттеп дайындалған шығын нормалардың экономикалық эффективтілігін анықтау нағыз (кг, м2) немесе бағалы түрде және процент түрде орындалады.

Эн=(Рқ*Q-Pж*Q);

Pж – жаңадан зерттеп дайындалған және ірілетілген норма;

Рқ – қазіргі кездегі қолданылатын норма;

Q – есептелген жылда тараның керекті түріне орамдауға арналған өнімнің мөлшері.

Экономия бағалы түрде келесі формула бойынша есептелінеді: Эсқ*С;

Эс – жылдық экономия бағалы түрде көрсетілген, теңге.

Эн – тара орауыш материалдардың нағыз түрде (кг, м2) көрсетілген жылдың экономиясы (картон, қағаз, ағаш, полимерлер)

С – тара орауыш материалдардың көтерме босатылатын бағасы (прейскурант бойынша анықталады).

Шығын нормаларды қолдану эффективтіктің көрсеткіші ретінде тара жасауға және ДДҚ – дың бірлігін орамдауға материалдардың шығын проценті болады және келесі формуламен есептелінеді:

Э=(1-Pжқ)*100%

Э – шығын нормалардың төмендеуі,%%.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
0 ответов