Жану — энергияның қарқынды
бөлініп , қоршаған ортамен жылу және масса алмасуы арқылы жүретін
физикалық-химиялық реакция. Жану реакциясы жүру үшін жүйеде активті аралық
заттардың (тізбекті жану) немесе жылудың (жылулық жану) жинақталуы шарт. Ең көп
тарағаны — жылулық жану Жылулық жану — әр түрлі формада өтетін күшті
экзотермиялық реакция. Жануға: жүйенің бүкіл көлемінде реакция жылдамдығының
өздігінен үдеуі (өздігінен тұтануы); сырттан әкелінген энергия көзінен шағын
көлемде реакция жылдамдығының өздігінен үдеуі (отпен тұтату); кеңістікте
тарайтын реакцияны тар аймақта жүргізу; белгілі бір көлемде алғашқы заттарды
әкеліп, реакция өнімдерін алып кетіп отырғанда өздігінен қызуы болатын жоғары
температурада жүретін стационарлық немесе квазистационарлық реакциялар жатады.
Жанудың және оны өшірудің мынадай жағдайлары бар: температураны, қысымды, жүйе
өлшемін, т.б. аздап өзгерткенде баяу жүретін реакцияның жану режиміне өтуі
немесе, керісінше, жану тоқтауы мүмкін. Реакция гомогенді жануда реагенттердің
молекулалық деңгейде араласқан қоспасында, ал гетерогенді жануда жануға
қатысатын заттардың бөліну шекарасында жүреді. Буланатын сұйық жанғыш заттардың
ауамен жанасуы кезінде пайда болатын гетерогенді жану кең таралған. Жану
өнімдері газ, конденсацияланған заттар түрінде болуы мүмкін. Конденсацияланған
фазадағы газсыз жануда бастапқы және аралық заттар, реакция өнімдері болады.
жанудың химиялық табиғаты әр түрлі. Жану, негізінен, оттек қатысуымен жүреді.
Сондай-ақ, оттексіз жану реакциялары да белгілі: ацетиленнің, жарылғыш
заттардың, бір компонентті реактивтік отынның ыдырауы; металдарды хлорлау,
фторлау, азоттау және гидрлеу; элементтерден карбидтерді, боридтерді,
силицидтерді тікелей синтездеу, т.б.
Өрт қауіпсіздігі МСТ
12.1.033-81 бойынша реттеледі. Өрт қауіпсіздікті қамтамасыз ету адам
денсаулығының, ұлттық байлықты және қоршаған ортаны қорғаудағы мемлекет ісінің
басты бөлігі болып табылады.
Өрттің пайда болуын білу мақсатында өрт қауіпсіздік жүйесі қарастырылған.
Мұнда өрт сөндіру құралдарын қолдану бойынша нұсқау өткізіледі және өндірістік
бөлмелерде өрт сөндіру қалқандары (пожарный щит) орнатылған, жабдықтары: күрек,
балта, лом, екі шелек, екі өрт сөндіргіш.
Негізгі заң Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың, жеке және
заңды тұлғалардың, жеке меншік форма түріне байланыссыз, өрт қауіпсіздікті
қамтамасыз етуді реттеп отырады.
Өрттен сақтанудың мақсаты жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде,
материалды құндылықтарды сақтау, өндірістік үрдістің үздіксіздігін қамтамасыз
ету. Ол үшін кәсіпорында өртті алдын алу шаралар жүйесі қарастырылған.
Бөлмелерде, қоймаларда сигнал беру және өрт сөндіру құралдары болуы керек.
Стационарлы өрт сөндіру құралдары ереже бойынша жергілікті автоматты немесе
дистанционды қосылу және бір уақытта автоматты өрт сөндіруді сигнализациялау
функциясын орындау қажет.
Қазіргі кезде спринкелі және кептіру стационарлы қондарғыларының көп
таралуы орын алған. Қондырғы өрт ошағына суды жеткізу үшін суландырғыштан,
құбыр тармақтарынан және спринкерлік головкалардан тұрады.
Спринкерлік жүйелердің кемшіліктерінің бірі оның инерциялылығы. Оның
құлыптары температура көтерілгеннен бастап 2 – 3 мин кейін бұзылады, одан басқа
тек температура жоғары зоналарда ғана құлыптар ашылады.
Бұл кемшіліктер автоматты кептіргіш өрт сөндіру қондырғыларында жоқ.
Қондырғы қолмен немесе өрттен қорғау зонасындағы орнатылған сигнал
датчиктерінің көмегімен автоматты қосылады.
Құрылыс конструкцияларының отқа
төзімділіг оның отқа төтеп беру шегі болып табылады. Ол келесідей
түсіндіріледі: конструкцияларды отпен тексері кезінде отқа төзімділігінің үш
жағдайының біреуі пайда болғанша жүреді: тығыздығы бойынша – конструкция бетіне
сызатар мен тесіктердің пайда болуы (1600С); көтеру қабілеттілігін жоғалту –
конструкциялық типіне байланысты бұзылуына немесе қисаюы.
Өрт сөндіру әдістерін және шараларын таңдағанда оның жану дәрежесіне және
жанғыш зат сипатына байланысты болады. Өрт сөндіру үрдісі отты таратпауда және
оны жою болып екіге бөлінеді. Өртті таратпау дегеніміз оттың аз көлемге
жайылуын және оны жою үшін жағдай жасау. Өртттерді жою дегеніміз өрттің қайта
пайда болу жағдайын болдырмау.
Объектердің жану дәрежесіне байланысты жанбайтын, жануы қиын және жанатын
болып бөлінеді.
Отты сөндіру әртүрлі өрт сөндіру құралдарды қолданумен жүргізіледі. Өртті
өшіруде қолданатын заттар: су, көпіршік, инертті газдар, құрғақ және қатты өрт
сөндіргіштік қасиеті тиімді заттар. Олар жоғары жылусыйымдылық және булану
қасиетімен өрт ошақтарының жылуын өзіне эффективті тартып алуға мүмкіндік
береді.
Жеке өндірістік
процестерге қойылатын конструктивтікжарылыс қауіптілігіне қойылатын талаптар осы прцестергебөлінген нормативті техникалық құжаттарға сәйкестендіру қажет. Ортаның
жарылыс қауіптілігі мынандай негізгі параметрлермен
мінездемеленеді:
- жану
аймағымен;
- өзіндік
жану температурасымен;
- жалынның қалыпты
таралу жылдамдығы, оттөгініңең
кем жарылу қауіпі бар үлесімен;
- жағудың ең кем қуатымен;
- детонация
мен жарылысқа бейімділігімен;
- механикалық
әсерге сезімталдығымен.
Жарылыс қауіптілігінің
негізгі параметрлері:
- соққы
толқынның қысымы;
- жарылыс
қысымның жоғарылығы;
- жарылыс
кезінде қысымның жоғарылу жылдамдылығының
ең орташасы;
- жылу қауіптілігі бар
ортаның бөлшектенуі мөн
фугастың қасиеттері.
Жарылу қауіпі бар өндірістік процесті нормативті-техникалық
құжаттармен қамтамасыз ету үшін, оғанқауіпсіз коэффициенті
белгіленген.
Жарылыс кезінде адамдарға әсер беретін
қатерліжәне зиянды
факторлар:
- шектік дәрежеден асатын
соққы толқынныңқысымы;
- жалын,
өрт;
- жабдықтардың,
желілердің, қондырғылардың,кешендер мен ғимараттардың қирауы,
кесінділердіңжан-жаққа ұшып кетуі;
-
ішінде
зиянды заттары бар жарылыс
кезінде бұзылған аппараттардан ауаға шектікконцентрациясынан
асатын газ жолдарының пайдаболуы.