Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Фармацевтикалық технологиялық құралдардың қауіпсіздігі

спросил от Surak_zhauap в категории Животные, Растения

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

7 Ответы

0 голосов

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Фармацевтикалық технологиялық құралдардың құрылыс материалдары мен конструкцияларының жанғыштығы.

2. Өндірістердің өрт және жарылыс қауіптілігі бойынша жіктелуі

3. Өрт және жарылыс өндірістеріне арналған электр жабдықтары

ІІІ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

IV. Қорытынды

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Кіріспе

Фармацевтикалық технологиялық құралдардың қауіпсіздігі кез-келген кәсіпорынның басты талаптарының бірі болып табылады. Сондықтан кез-келген фармацевтикалық кәсіпорын өзінің құрал жабдықтарының жағдайын, қауіптілік деңгейін біліп отыру керек.Өрт және жырылыс қаупі бар ғимараттарға қойылытан талаптар өте көп, және әртүрлі. Бірақ олардың көптігіне қарамастан жанғыш зат алатын және олардың жабдығын өндіретін барлық ғимараттарға қойылатын негізгі талаптарды қарастыруға болады. Өндірістік кәсіпорындарында өрттер көбінесе электротехникалық құралдарды орнату ережесін сақтамағандықтан болады. Электрлік жүйе өрт қауіпсіздік ережелеріне сәйкес болуы қажет. Оны орнатқан кезде арнайы автоматты өшіргіштер және еркін балқитын сақтағыштар қолданады. Өрт шығудың себебі электрлік және элктрлік емес сипатта болады. Өрт келесі себептерден пайда болуы мүмкін: электр желілерінің тозуынан, тармақтарды құрайтын электр желілерінің ақаулығы, электр тармақтарының қысқа тұйықталыуы, ұзақ уақытты электроқысымдар, жасанды жылыту құралдары және т.б. Жұмыс ортасы жақсы өндірістік бөлмелерде электр сымдарының қапталуын жылына бір рет тексереді. Жарылғыш заттарды өндіруде және оны өңдеуде өртке қарсы іс шаралар қауіпсіз техникаларымен тығыз байланысты.

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Негізгі бөлім

Қазіргі уақытта техниканың дамуы, кәсіпорындарды қуатты және тез қозғалатын қондырғылар және аппараттармен жабдықтау, технологиялардың әр түрлі жанғыш және жарылғыш материалдардан жасалуы технологиялық қауіпсіздікті басты орындардың біріне шығаруда. .

Су басқа да өрт сөндіру заттарымен салыстырғанда жылу сыйымдылығы төмен және көпшілік жанғыш заттарды өшіру үшін тиімді. Судың термиялық тұрақтылығы басқа да өрт сөндіру заттарынан жоғары болып келеді. Су өрт орнына лақтыру жеңі арқылы беріледі, бас бөлігіне металдан жасалған ствол жалғанады, оның қысымды судың шашырауын бағыттау үшін керек. Жабық бөлмелердегі өрттерді сөндіру үшін су буын пайдаланады, ол түрлі сұйық және қатты заттарды сөндіру үшін қолданылады. Құралдардың тұтануын және оның өртке өтуін алдын алу үшін ай сайын электр желілердің қаптамасының бүтіндігін және өрт кезінде қызметкерлерді эвакуация жасау үшін авариялық шығыстар тексеріледі.

Өрттің пайда болуы үшін жанатын материалдар, тотықтырғыштар және от көзі болуы қажет.

Практикада өрттің жануын толық және толық емес деп айырды. Толық жану оттектің жеткілікті көлемі кезінде болады , толық емес жану - оттектің жетіспеушілігінен болады.

Өзіндік жану жанғыш заттың химиялық үрдіс салдарынан ішкі жылыту кезінде пайда болады. өзіндік жану Температурасы әр түрлі себептерден тәуелді болады: жанатын қоспалардың құрамы және көлемі , қысымдар және т.б. Көпшілік газдардың және сұйықтықтардың тұтануы 400-600С температура кезінде, ал қатты денелердің (ағаш, көмір, торф және т.б.) - 250-450 С-та болады.

Барлық жанатын сұйықтықтар өртке қауіпті Олар ауада булардың шоғырлануына тәуелді белгілі бір жағдайларда жанады.

Жанатын сұйықтықтар тұтану температураға байланысты екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа 450С тұтанатын сұйықтар жатады. Практикада бірінші топ сұйықтықтарды жеңіл тұтанатын, ал екінші топ - жанғыштар деп аталады.

Оңай тұтанатын сұйықтықтарды сөндіру үшін газбен сұйықтық қоспалы көбікті пайдаланады.

Сумен сөндіруге болмайтын өрттерді сөндіру үшін көбікті, ұнтақты және көмір қышқылды өрт сөндіргіштер қолданады.

Отты сөндіру әр түрлі өрт сөндіру заттарды пайдаланумен жүзеге асырылады. Оңай тұтанатын сұйықтықтарды сөндіру үшін химиялық және ауа – механикалық көбіктер пайдаланылады.

Инертті газдар және булар – тиімді өрт сөндіру заттары. Жанатын булар және газдармен араласып, олар оттектің шоғырлануын төмендетеді және жанғыш заттардың жануын тоқтатуына мүмкіндік туғызады.

Қатты өрт сөндіру заттарына жатады: сілтілі және сілтілі - жер металлдардың хлориды, екі көмір қышқыл және көмір қышқыл сода, құм, құрғақ жер және т.б. Өрт сөндіру әрекетң болып олар өзінің салмағымен жану аймағын жанғыш заттардан оқшайлайды.

Өндірістік кәсіпорындарында өрттер көбінесе электротехникалық құралдарды орнату ережесін сақтамағандықтан болады. Электрлік жүйе өрт қауіпсіздік ережелеріне сәйкес болуы қажет. Оны орнатқан кезде арнайы автоматты өшіргіштер және еркін балқитын сақтағыштар қолданады. Өрт шығудың себебі электрлік және элктрлік емес сипатта болады. Өрт келесі себептерден пайда болуы мүмкін: электр желілерінің тозуынан, тармақтарды құрайтын электр желілерінің ақаулығы, электр тармақтарының қысқа тұйықталыуы, ұзақ уақытты электроқысымдар, жасанды жылыту құралдары және т.б. Жұмыс ортасы жақсы өндірістік бөлмелерде электр сымдарының қапталуын жылына бір рет тексереді. Жарылғыш заттарды өндіруде және оны өңдеуде өртке қарсы іс шаралар қауіпсіз техникаларымен тығыз байланысты.

Өрт және жырылыс қаупі бар ғимараттарға қойылытан талаптар өте көп, және әртүрлі. Бірақ олардың көптігіне қарамастан жанғыш зат алатын және олардың жабдығын өндіретін барлық ғимараттарға қойылатын негізгі талаптарды қарастыруға болады. Бұл талаптар келесідей:

1. Есіктері мен текпешектері өрт қаупі туындағанда адамдарды эвакуациялауға қажетті ауқымды қамтамасыздандырушы көлемінде болуы тиіс, 15 метрден кем емес. Барлық өндірістік шеберханалардың қабырғалары өртке төзімді болуы тиіс. Ғимарат, бөлімдері ішінде сыбалып, ақ майлы бояумен сырлануы тиіс. Бұл өндіріс процессінде туындаған тозаң бір тегіс ақ қабырғадан оңай жуылып алынатындай болуы тиіс.

2. Едендерді өндірістік шеберханаларда өртке төзімді материалдан жасалып, соққы мен зақым келтірілгенде шақпақ тәрізді ұшқын шывармайтын яғни өрт қаупін тудырмайтын материалдан жасалуы тиіс. Бұл үшін ұшқынсыз асфальт немесе линониум алынуы тиіс. Жаңғыш зат алынатын шеберханаларда ешқандай ағаш төсем болмауы тиіс. Бұл күкірт және азот қышқылдарының бөлім ішінде өрт кауіпін тудыратындығымен байланысты. Жабдықтаушы шеберханалардағы төсем де өрт қауіпін тудырады.өйіткені ондағы жаңғыш зат тозаңы қонып, тез өрт қауіпін тудырады.

Едендердегі тегіс емес, жұмсарған жерлеріне рұқсат жоқ. Саңылау ойыстарға жанатын заттың тозаңы жиылып өзінен-өзі ыдырап өрт қауіпін тудырады. Әсіресе өртке өте сезімтал жаңғыш зат шеберханасындағы жұміс істеу кезінде қатаң тазалық сақталуы тиіс.

3. Өндірістік бөлімдердің жылу жүйесі тек сумен жылитын болуы тиіс. Құбыр температурасы 700С аспауы керек. Жылыту элементтері қабырғадан 50 мм. қашықтықта орналастырылуы тиіс. Бумен жылыту жүйелері ЖЗ өндіріс цехтарын жылытуға жоғары температуралы болғаны үшін жарамсыз.

Өрттен қорғаныс мыналармен қамтамасыз етілуікерек:

- өрт қауіптілігі бар материалдардың орнынамүмкіндігінше жанбайтын немесе өте қиын жанатынзаттармен алмастыру, жанатын заттарды шектеу,жанғыш ортаны оқшауландыру, өртті өрт ошағынан асып таралмауын;

- өрт сөндіргіштерді қолдану; объект құрламдарынжану және отқа төзімділік шегін регламенттелгендіқолдану, адамдарды көшіру;


ответил от Surak_zhauap
0 голосов
- объектіні өрттен қорғауды ұйымдастыру.
Жанғыш заттарды және оларды орналастыру, қолданыстағы санын шектеу мына төмендегірегламенттеумен болады; сыртқы немесе ішкі бөлменің өрт құрылыс қауіптілігі класына сәйкес электр жабдықтарын қолдану, жарыс қауіптілігі бар қосынды мен жұмыс істейтін техмологиялық процесс пен жабдықтардың электр ұшқынышықпайтындай талаптарға сәйкес болуы:

- ғимараттарды, құрылыстарды және жабдықтардынайзағайдан қорғау құрылымдар мен қамтамасызету;

- жаңғыш ортамен контактіге кіретін материалдар,жабдықтар және өнімдердің ең жоғарғы қызутемпературасын регламенттеу;

- жаңғыш ортада пайда болатын, ұшқын шығаратынқуатты максималды регламенттеу;

- жаңғыш ортадағы ұшқын разряды бар максималдықатаң регламенттеу;

- жаңғыш заттар, материалдар және құрылымдардымаксималды жіберілетін қызу температурасын регламенттеу;

- тез жаңғыш заттармен жұмыс істегенде ұшқыншығармайтын аспаптарды қолдану;

- материалдарды, құрылымдарды өнімдердіңжылулық, химиялық немесе микробиологиялықайналысымдағы өз-өзінен жану ғимараттарын жою.

Өрттің алдын алу:

- өртке қарсы тосқауылмен (қабырға, қорғанысбөліктері ара қашықтық, жәнө т.б);

- өртке қарсы бөліністер мен секциялар және т.б.шектік аймағы;

- коммуникация, аппараттар, авариялық өшірілуі;

- өрт кезінде сұйық заттардың төгіліп, жайылыпкөтпеуін қарастыру;

- өрт тосқауылдарын қолдану;

- коммуникация мен аппараттарға бөлгіш тосқауылмембраналар қолдану.

Өртті өшіретін заттар, өрттің көлемін мейліншеазайтып, оны өшіру қажет. Өрт болу мүмкіндігін шектеуүшін конструкцияларда өрт төзімділігі өндірістікпроцестердің өрт жарылыс қауіптілігіне байланыстыбелгіленеді. Әрбір объектінің көлемдік-жоспарлау және техникалық шешімі болу керек, яғни норма мен белгіленген,өрттің қауіпті факторларының төнуінен бұрын адамдар басқа жақа көшіріліп үлгеруі қажет. Басқа жақа көшірілуүшін мыналар қажетті:

- эвакуоциялық кіретін және шығатын жолдардыңөлшемін, санын белгілеп, олардың конструктивтіжасалуын қамтамасыз ету;

- адамдардың эвакуация жолдары мен кедергісізөтуін қамтамасыз ету.

Жеке бас және ұжымдық қорғаныс құралдары өрттіңқауіпті факторларын әсер ету уақытының аяғына дейінқорғай алатын болуы тиіс.

Объектінің қорғаныс конструкцияның орындалуы,қорғаныс бөлмелері және паналар арқылы іске асырыладыАдамдарды жеке немесе ұжымдық қорғануы кезінде және эвакуацияға жіберген кездік түтігіне қарсы қорғанысжүйесінің түтін шығармауын қарастырылады.

Әрбір объект өрттің алғашқы шығу дәрежесінен- ақ хабарлау және сигнализация жүйесімен қамтамасыз етілуіқажет.

Жарылыс қауіпсіздігі, жарылыс сақтандыру,жарылысты қорғау ұйымдастырушылық және техникалық-ұйымдастырушылық шаралармен іске асырылады.
ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Жану — энергияның қарқынды бөлініп , қоршаған ортамен жылу және масса алмасуы арқылы жүретін физикалық-химиялық реакция. Жану реакциясы жүру үшін жүйеде активті аралық заттардың (тізбекті жану) немесе жылудың (жылулық жану) жинақталуы шарт. Ең көп тарағаны — жылулық жану Жылулық жану — әр түрлі формада өтетін күшті экзотермиялық реакция. Жануға: жүйенің бүкіл көлемінде реакция жылдамдығының өздігінен үдеуі (өздігінен тұтануы); сырттан әкелінген энергия көзінен шағын көлемде реакция жылдамдығының өздігінен үдеуі (отпен тұтату); кеңістікте тарайтын реакцияны тар аймақта жүргізу; белгілі бір көлемде алғашқы заттарды әкеліп, реакция өнімдерін алып кетіп отырғанда өздігінен қызуы болатын жоғары температурада жүретін стационарлық немесе квазистационарлық реакциялар жатады. Жанудың және оны өшірудің мынадай жағдайлары бар: температураны, қысымды, жүйе өлшемін, т.б. аздап өзгерткенде баяу жүретін реакцияның жану режиміне өтуі немесе, керісінше, жану тоқтауы мүмкін. Реакция гомогенді жануда реагенттердің молекулалық деңгейде араласқан қоспасында, ал гетерогенді жануда жануға қатысатын заттардың бөліну шекарасында жүреді. Буланатын сұйық жанғыш заттардың ауамен жанасуы кезінде пайда болатын гетерогенді жану кең таралған. Жану өнімдері газ, конденсацияланған заттар түрінде болуы мүмкін. Конденсацияланған фазадағы газсыз жануда бастапқы және аралық заттар, реакция өнімдері болады. жанудың химиялық табиғаты әр түрлі. Жану, негізінен, оттек қатысуымен жүреді. Сондай-ақ, оттексіз жану реакциялары да белгілі: ацетиленнің, жарылғыш заттардың, бір компонентті реактивтік отынның ыдырауы; металдарды хлорлау, фторлау, азоттау және гидрлеу; элементтерден карбидтерді, боридтерді, силицидтерді тікелей синтездеу, т.б.

Өрт қауіпсіздігі МСТ 12.1.033-81 бойынша реттеледі. Өрт қауіпсіздікті қамтамасыз ету адам денсаулығының, ұлттық байлықты және қоршаған ортаны қорғаудағы мемлекет ісінің басты бөлігі болып табылады.

Өрттің пайда болуын білу мақсатында өрт қауіпсіздік жүйесі қарастырылған. Мұнда өрт сөндіру құралдарын қолдану бойынша нұсқау өткізіледі және өндірістік бөлмелерде өрт сөндіру қалқандары (пожарный щит) орнатылған, жабдықтары: күрек, балта, лом, екі шелек, екі өрт сөндіргіш.

Негізгі заң Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың, жеке меншік форма түріне байланыссыз, өрт қауіпсіздікті қамтамасыз етуді реттеп отырады.

Өрттен сақтанудың мақсаты жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, материалды құндылықтарды сақтау, өндірістік үрдістің үздіксіздігін қамтамасыз ету. Ол үшін кәсіпорында өртті алдын алу шаралар жүйесі қарастырылған. Бөлмелерде, қоймаларда сигнал беру және өрт сөндіру құралдары болуы керек.

Стационарлы өрт сөндіру құралдары ереже бойынша жергілікті автоматты немесе дистанционды қосылу және бір уақытта автоматты өрт сөндіруді сигнализациялау функциясын орындау қажет.

Қазіргі кезде спринкелі және кептіру стационарлы қондарғыларының көп таралуы орын алған. Қондырғы өрт ошағына суды жеткізу үшін суландырғыштан, құбыр тармақтарынан және спринкерлік головкалардан тұрады.

Спринкерлік жүйелердің кемшіліктерінің бірі оның инерциялылығы. Оның құлыптары температура көтерілгеннен бастап 2 – 3 мин кейін бұзылады, одан басқа тек температура жоғары зоналарда ғана құлыптар ашылады.

Бұл кемшіліктер автоматты кептіргіш өрт сөндіру қондырғыларында жоқ. Қондырғы қолмен немесе өрттен қорғау зонасындағы орнатылған сигнал датчиктерінің көмегімен автоматты қосылады.

Құрылыс конструкцияларының отқа төзімділіг оның отқа төтеп беру шегі болып табылады. Ол келесідей түсіндіріледі: конструкцияларды отпен тексері кезінде отқа төзімділігінің үш жағдайының біреуі пайда болғанша жүреді: тығыздығы бойынша – конструкция бетіне сызатар мен тесіктердің пайда болуы (1600С); көтеру қабілеттілігін жоғалту – конструкциялық типіне байланысты бұзылуына немесе қисаюы.

Өрт сөндіру әдістерін және шараларын таңдағанда оның жану дәрежесіне және жанғыш зат сипатына байланысты болады. Өрт сөндіру үрдісі отты таратпауда және оны жою болып екіге бөлінеді. Өртті таратпау дегеніміз оттың аз көлемге жайылуын және оны жою үшін жағдай жасау. Өртттерді жою дегеніміз өрттің қайта пайда болу жағдайын болдырмау.

Объектердің жану дәрежесіне байланысты жанбайтын, жануы қиын және жанатын болып бөлінеді.

Отты сөндіру әртүрлі өрт сөндіру құралдарды қолданумен жүргізіледі. Өртті өшіруде қолданатын заттар: су, көпіршік, инертті газдар, құрғақ және қатты өрт сөндіргіштік қасиеті тиімді заттар. Олар жоғары жылусыйымдылық және булану қасиетімен өрт ошақтарының жылуын өзіне эффективті тартып алуға мүмкіндік береді.

Жеке өндірістік процестерге қойылатын конструктивтікжарылыс қауіптілігіне қойылатын талаптар осы прцестергебөлінген нормативті техникалық құжаттарға сәйкестендіру қажет. Ортаның жарылыс қауіптілігі мынандай негізгі параметрлермен мінездемеленеді:

- жану аймағымен;

- өзіндік жану температурасымен;

- жалынның қалыпты таралу жылдамдығы, оттөгініңең кем жарылу қауіпі бар үлесімен;

- жағудың ең кем қуатымен;

- детонация мен жарылысқа бейімділігімен;

- механикалық әсерге сезімталдығымен.

Жарылыс қауіптілігінің негізгі параметрлері:

- соққы толқынның қысымы;

- жарылыс қысымның жоғарылығы;

- жарылыс кезінде қысымның жоғарылу жылдамдылығының ең орташасы;

- жылу қауіптілігі бар ортаның бөлшектенуі мөн фугастың қасиеттері.

Жарылу қауіпі бар өндірістік процесті нормативті-техникалық құжаттармен қамтамасыз ету үшін, оғанқауіпсіз коэффициенті белгіленген.

Жарылыс кезінде адамдарға әсер беретін қатерліжәне зиянды

факторлар:

- шектік дәрежеден асатын соққы толқынныңқысымы;

- жалын, өрт;

- жабдықтардың, желілердің, қондырғылардың,кешендер мен ғимараттардың қирауы, кесінділердіңжан-жаққа ұшып кетуі;

- ішінде зиянды заттары бар жарылыс кезінде бұзылған аппараттардан ауаға шектікконцентрациясынан асатын газ жолдарының пайдаболуы.

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Жарылыстан сақтандыруға қойылатын талаптар.

Жарылыстың алдын алу үшін алдымен жарылыс пайда болатын ортаны болдырмау. Жарылыс қауіптісі барортаның шығу кезеңдері:

- заттардың (газ, бу, шаң) ауамен және басқа тотығыштар мен пайда болатын жарылыстың қабілеті бар қосындылар (оттегі, хлор, азот және т.б.)

- жарылуға дайын жеке заттар (ацетилин, азон, гидразин, аммиакты селитра және т.б.)

Жарылыс көздері:

- жанатын, қызатын заттар;

- электролық разрядтар;

- механикалық қозғалыстар мен химиялық реакция жылуларының шығуы;

- соққыдан пайда болған ұшқындар;

- соққылық толқындар;

- электромагниттік және де басқа сәулелердің күндік радиациясы.

Қорғанысқақарсы талаптар

Жарылыс және материалдық құндылықтарды сақтау салдарынан болған, адамдарға әсер ететін қауіпті және зиянды факторлардың алдын алу үшін мыналармен қамтамасыз етілуі тиіс:

- қорғанысқа қауіпті кәсіпорын жерлерін, қорғаныс кабиналарға сиғызу;

- қопарылыс қысымына есептелінген, құралдарды қолданумен;

- қысымды түсіретін авариялық қондырғылар жарылыс кезінде, аппараттардың ластануынан сақтаумен: кері клапондарымен тез әсер етуші шөкімтерді пайдаланумен;

- қопарылысты активті түрде жою жүйелерімен қолданумен.

Жарылыстан қорғау шаралары нормативті – техникалық құжаттармен нақты кәсіпорынды процестерде қолдануы тиіс.

Жарылыстан сақтандыруға қойылатын талаптар.

Жарылыстың алдын алу үшін алдымен жарылыс пайда болатын ортаны болдырмау. Жарылыс қауіптісі барортаның шығу кезеңдері: процестерді жарылыс қауіпті өндірістің процесіжүргізетін;

- өрт қауіпсіздігін өндірістің санитариясы, техника қауіпсіздігінің ережесі меннормасына технологиялық ереженің сақталуын қадағалау;

- аварияға қарсы, тау жұмыстарын қорғау, газдансақтау жұмыстарын ұйымдастыру және авариялықжағдайда жұмыстарды жүргізу тәртібі.

Әрбір зауыт, өндіріс орындары егер жарылғыш және өрт қауіпті зат өндіретін болса, міндетті түрде арнайы даярланған командасы болуы тиіс. Бұл өрт сөндіру камандалары негізгі қауіпті өндірістен алыста орналаспауы тиіс. Оларда сигнализация және телефон байланысы болуы тиіс. Бірақ аз уақыт ішінде жарылғыш зат жанған кезде жарылыс болуы мүмкін. Егер жұмысшының өзі шешім қабылдау керек болса, оның өртті өртсөндіргіш, су не топырақпен сөндіруі тиіс. Сонымен қоса ол өрт сөндіргіш команданы не өрт сөндірушілерді тез арада шақыруы тиіс. Өрт сөндіру командасы жану өртке айналмаса да шақыруы тиіс. Бұл ережені есте мұқият сақтап, кез-келген жануды жасыруға тырыспау керек.

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Қорытынды.Қорыта айтатын болсам фармацевтикалық технологиялық құралдардың қауіпсіздігі барлық кәсіпорындардың басты мәселелерінің бірі болып табылдаы. Сондықтан технологияның өзі және қолданылған құрал жабдықтар өртке немесе жарылысқа төзімді болып келеді. Қазіргі заман жетістіктеріне сүйене отырып өртке төзімді материалдардан жасалу жолға қойылып келеді.Өртті өшіретін заттар, өрттің көлемін мейліншеазайтып, оны өшіру қажет. Өрт болу мүмкіндігін шектеуүшін конструкцияларда өрт төзімділігі өндірістікпроцестердің өрт жарылыс қауіптілігіне байланыстыбелгіленеді. Әрбір объектінің көлемдік-жоспарлау және техникалық шешімі болу керек, яғни норма мен белгіленген,өрттің қауіпті факторларының төнуінен бұрын адамдар басқа жақа көшіріліп үлгеруі қажет.

Әрбір зауыт, өндіріс орындары егер жарылғыш және өрт қауіпті зат өндіретін болса, міндетті түрде арнайы даярланған командасы болуы тиіс. Бұл өрт сөндіру камандалары негізгі қауіпті өндірістен алыста орналаспауы тиіс. Оларда сигнализация және телефон байланысы болуы тиіс. Бірақ аз уақыт ішінде жарылғыш зат жанған кезде жарылыс болуы мүмкін. Егер жұмысшының өзі шешім қабылдау керек болса, оның өртті өртсөндіргіш, су не топырақпен сөндіруі тиіс. Сонымен қоса ол өрт сөндіргіш команданы не өрт сөндірушілерді тез арада шақыруы тиіс. Өрт сөндіру командасы жану өртке айналмаса да шақыруы тиіс. Бұл ережені есте мұқият сақтап, кез-келген жануды жасыруға тырыспау керек.


Пайдаланылған әдебиеттер

1. 1.Қ.Т.Жантасов,Е.Н.Кочеров,А.С.Наукенова,М.Қ. Жантасов «Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі»Алматы 2012 жыл

2. Ф.М. Канарев “Еңбек қорғау” 1988ж.

3. Руководство к лабораторным занятиям по гигиене труда. Под.С.В. Алекссев., В.Р. Усенко. Гигиена труда . 1988г.

4. Санитарно-гигиеническая аттестация рабочих мест и ее знчение

5. Петров В.И. физиолого-гигиеническая оценка словий труда

6. Прогнозирование вибрационной болезни у горнорабочих при воздействии

7. Аманбекова У.А. Условия формирвоания, течение и профилактика

8. Методические указания по измерению и гигиенической оценке

9. Методические указания по гигиенической оценке производств

10. Суворов Г.А., Шкаринов Л.Н., Денисов Э.И. Гигиеническое нормирование

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
3 ответов
0 голосов
2 ответов