Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Биологиялық активті қосылыстардың биотехнологиясы

спросил от Surak_zhauap в категории Прочее о здоровье и красоте

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

3 Ответы

0 голосов

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Биологиялық активті қосылыстар;

2. Биологиялық активті қосылыстардың биотехнологиясы.

3. Биологиялық активті қосылыстардың биотехнологиясының өндірісі

ІІІ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

IV. Қорытынды


Кіріспе

Биологиялық белсенді заттар–организмніңқандай да бір қызметін атқаратын, арнайы жоғары әрекетті іске асыратын органикалық қосылыстар. Бұл заттарғаферменттер,гормондар,дәрумендержәне т.б. заттар жатады. Ферменттер организм жасушаларының барлығында бар, олар күрделіхимиялық реакциялардыыдыратуды тездетеді. Дәрумендер организмде және одан тыс көкөністер, жеміс-жидектердің т.б. құрамында бар.Дәрумендер- организмнің тіршілік қабілеті үшін қажетті заттар, олар адамның дене және ой еңбегін арттырады, оның өсуі мен дамуын, ауруға қарсы тұруын қамтамасыз етеді.


Негізгі бөлім

ББҚ (биологиялық белсенді қоспалар) – қазіргі заманғы медицинаға салыстырмалы түрде айтқанда жақын уақытта енген термин. Дегенмен, жаңа дәуірге дейін Египетте, Қытайда, Тибетте, Индия мен Шығыстың басқа да елдерінде көбінесе табиғи түрінде қолданылатын өсімдік, жануарлар ұлпаларынан, минералды шикізаттан дайындалған арнайы өнімдерді адамның әр түрлі ауруларын алдын-алу мен емдеу жүйелері қалыптасқан.

Адам ауруларын емдеу үшін арнайы фармокогиялық формалар өндірісінің тарихы шамамен біздің ғасырымыздан бұрын 130-200 жылдарға жатқызылады. К. Гален алғашқы рет табиғи шикізаттан емдік заттарды (ерітінді, экстракт, ұнтақтар) технологиялық әдістерін құрастырды. Алайда ХIХ соңы мен ХХ ғасырдағы химия ғылымының жетістіктеріне сәйкес, соған байланысты көптеген ғалым-дәрігерлер бұрынғы фитотерапевтикалық заттардан бас тартты.

Құрылымы мен қасиеттері белгілі таза химиялық қосылыстарды алуда органикалық химияның шексіз мүмкіндіктері, олардың тиімділігінің жоғарылығы мен дәл мөлшерлеу мүмкіншілігі, әрекет етуінің тездігі сияқты дәлелдемелер дәстүрлі медицина облысына жағымды болжамдарды қарастыруға мүмкіндік береді. Дегенмен мұндай көзқарастар қателік болып саналды. ББҚ-ды тағам өнеркәсібінде қолдану. Соңғы жылдары тамақтану ғылымы мен фармакология обылысында жедел түрде дамыған жаңа ғылым –фармаконтуциология қалыптасты.

Танымал ғылым А.А Токровский өзінің «Фармакология мен тағам токсикологиясының метаболиттік аспектілері» кітабында «тамақ – біздің түсінігімізге қарағанда айтарлықтай кең ұғым. Бұл көптеген жүз мың (миллиондаған) заттардың бірігуі, олардың әрқайсысы белгілі бір биологиялық белсенді заттарға жатады және тағам өнімдерінде бірдей, кейде жоғарғы мөлшерде болады. Тағамды тек қана энергия мен заттар ретінде емес, сонымен бірге күрделі фармакологиялық бірлік ретінде қарастыру қажет» деп сипаттаған.

Барлық индустриялы елдердегі адамдардың тамақтану құрылымдарының өзгеруінің келесі тенденцияларын бөлуге болады:

  • холистеринге бай жануар майын (май қышқылына бай) артығымен пайдалану;
  • қант пен тұзды пайдаланудың өсуі;
  • крахмал мен тағам талшықтарын (әсіресе клетчатка) пайдаланудың төмендеуі;
  • тағамда витаминдер, микроэлементтер, биологиялық белсенді заттардың жетіспеуі;

Соңғы жылдарда ересектер мен балаларда көптеген витаминдер, сонымен қоса С, Е, А және биокаротин сияқты витамин антиоксиданттарынң жетіспеуі ерекше үрей туғызады. Балалар жүкті және емізетін әйелдер тамақтануының құрамында кальций, темір, йод, фтор жетіспеушіліктері де анықталып отыр.

Адам денсаулығы үшін тамақтану құрлысының бұзылуы себептері:

  • Соңғы жылдарда ересектердің дене салмақтарының төмендеуі мен ерте жастағы балалардың антропометриялық көрсеткіштерінің төмендеуі (12-14%)
  • Ересектер ішінде майланудың әр түрлі формаларының кең түрде таралуы (30 жастан асқандар арасында дене салмағының артуы мен майлану 55% адамдар кездеседі)
  • Адамдар арасында иммунды жүйелерінің бұзылуының жиеленуі, әсіресе жұқпалы аурулар мен қоршаған ортаның басқа факторларына резистенттілігінің төмен өртүрлі имлеундефицит формалары;
  • Ересектер мен балаларда йод жетіспеуіне байланысты темір дефицитті анемия, мен ұйқы аурулары сияқты алименттар-тәуелді аурулар, ал кальций жетіспеуіне байланысты қарсы-қозғалған аппаратты аурулары және жоғарлауы.

ББҚ-бұл тек дәрі емес, сонымен бірге өсімдіктен, жануар және минералды шикізаттан алынатын табиғи және табиғи ұқсас белсенді заттар.

Ауру мен сау адамдардың күнделікті тамақтануында ББҚ-ды пайдалану мүмкіндік береді.

  • алмастырылмайтын тағам заттарының жетіспеушілігін оңай және ту толтыру, ең бірінші микронутрменттерді;
  • жеке заттардың, көбінесе токсиканттардың митоболизімін өзгерту;
  • Қоршаған ортаның жағымсыз факторларына организмі мамандандырылмаған резстехитілігін жоғарлату;
  • Денсаулығын жоғарылтумен, ауруға шалдығуын төмендетумен, адам өмірін ұзартумен адам ағзасы және жеке органдарының қызметтерін реттейтін медикаменттерін алу.
ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Биологиялық белсендi қоспалардың (ББҚ) биотехнологиясы

Бұл өнiмдi әр елде әртүрлi жiктейдi. Қазақстанда ол 3 топтан тұрады:

парафармацевтика - дәрi-дәрмекке жақын заттар;

нутрицевтика - сауықтыру қоспалары қосылған азық-түлiк өнiмдерi;

витаминдiк-минералдық кешендер.

Парафармацевтикалар – бұл құрамында органикалық қышқылдар, биофлавоноидтар, дубильді, фенолды қосылыстар, гликозидтер, кофеин, биогенді аминдер, және табиғиөнім деп аталынатын заттары бар өнімдер. Олардың әрекеті физологиялық шектеулердегі жеке органдар жүйелердің қарқындығын белсендіруге бағытталған (мысалы үшін, тамқ талшықтары арқылы ішектің секреторлы, матор – эвакуаторлы қызметтерін қарқындату, адаптогендермен жұмыс жасаудың ой-өрістік және физикалық қабілеттілігін қарқындату, липца-олестеринді зат алмасу, ЦНЕ, жүрек-тамыр жүйелері мен т.б. реттеу).

Парафармацевтиктер дәрі-дәрмекке жатпайды және оларды алмастыра алмайды.

Парафармацевтиктердің дәрі-дәрмектерден негізгі айырмашылықтары:

  • Егер ол дәрі-дәрмек ретінде таза химиялық түрде қолданса, бұл заттың бір емдік мөлшерінен тәуліктік мөлшері аспауы керек;
  • Парафармацевтиктер тек қана ішке қолданады.;
  • Парафармацевтиктерді қолдану кезіндегі ағзаның жүйелері мен органдары қызметтерін параметрлерінің сандық өзгеруі олардың физиологиялық нормаларына байланысты;
  • Парафармацевтиктердің қолдану мөлшерінің диапазоны мен ағзаның функцияларына қалыпты немесе түзетуші әрекет еткенде токсинді және зиянды заттардың байқалуының, емдік заттарға қарағанда төмен.

Парафармацевтиктерді қодануда оларды адам ағзасы оның жеке компоненттерін қабылдай алмайтын жағдайларда кездеседі, бұл кейбір тағам өнімдеріне, әсіресе дәрілік заттарға тән. Бұл әртүрлі созылмалы аурумен ауыратын адамдарда байқалады.

Парафармацефтикьер келесідей бөлінеді:

- Жануарлар шикізатынан: ет-сүт өнімдері мен олардан алынатын өнімдерді, балықтар мен теңіз өнімдерін өңдеу негізінде алынған ББЗ;

- Микроорганизмдердің таза культуралары мен аралас құрамының (эубиотиктер мен пребиотиктер) негізінде алынған бактериялық препараттар.

Пребиотиктер – бұл микроб небасқа тектестірі микроорганизмдер. Бұл табиғи түрде физиологиялық қызметтерге қолайлы әсер еткенде организм иесіне биохимиялық реакция көрсетеді. Яғни организм иесінің микрофлорасының қызметіне ыңғайлы әсер ететін және өлі микроорганизмдердің қоршаған ортаға жақсы бейімделуіне әсер ететін кез келген тірі не өлі микроорганизмдер, сонымен қатар басқа да тектес заттар.

Нутрицевтиктер - алмастырылмайтын тағамдық заттар немесе олардың жақын алғышарттары (мысалға 3-мен басқа полиқанықпаған майқышқылдарының кейбір микроэлементтер-кальций мен магний, жеке алмастырылмайтын аминқышқылдары мен олардың жиынтықтары, кейбір моно және дисахаридтер, тамақ талшықтары және т.б).

ББЗ-дың нутрицевтиктері келесі топтарға бөлінеді:

- ақуыз бен аминқышқылдардың көздері;

- май қышқылдарының, липидтердің және майда ерігіш витаминдердің көздері;

- көмірсулар мен қанттардың көздері;

- тағамдық талшықтардың көздері (пектиндер, өсімдік жасунықтары, микрокристаллды целлюлоза және т.б);

- суда ерігіш витаминдер көздері;

- макро және микроэлементтер көздері.

Осы топтың ББЗ-ы тағамдық (фармацевтикалық емес) технологияларды қолдану арқылы өндірілетін өнімдерді көрсетеді. Олар жанама әсерсіз алдын алу мақсатында қолданылады, жалпы денсаулық сақтау әсерін көрсетеді, қарсы көрсетілімдері жоқ.

Нутрицевтиктерді қолдану мыналарға мүмкіндік береді:

  • Ересектер мен балаларда көп жағдайда кездесетін эссенциальді (алмастырылмайтын) заттардың дефицитін оңай және тез толтыру;
  • Жасы мен жынысы бойынша ажыратылатын қажеттіліктеріне, физикалық ауыртпалығының қарқындылығына, жеке адамның биохимиялық конституцисының генетикасы ерекшеліктерімен енгізделген, оның биоритмдері, физикалық жағдайына (жүктілік, лактация, эмоциялы стресс және т.с.с.), сонымен бірге мекен-ету ортасының экологилық жағдайларына қарай нақты бір сау адам тамақтануын максимал түрде жекелендіру;
  • Ауру адамның тамақ затының өзгерген физикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру, соған қоса метоболиттік конвейердің зақымдалған бөлігі.
  • Экологиясы нашар аумақтарда тұратын адамдарды қоршаған ортаның жағымсыз әсеріне ағзаның мамандандырылмаған резистентілігін клетканың ферментті қорғаныс элементтерін күшейту есебінен жоғарылату;
  • Ағзадан бөгде және токсинді заттарды тежеу мен бөліп шығаруды күшейту мен жылдамдату;
  • Ксенобиотиктермен өсер ету жолымен метоболизмінің ферментті жүйелерін, жеке заттардың метоболизмдерін, әсіресе токсиканттарды өзгерту;

ББЗ-нутрицевтиктердің физиологиялық рөлі.

- Нақты адамдардың олардың тұтынушылығына байланысты жынысы, жасы, физикалық және ақыл-ой жұмысының интенсивтілігі, биоритм, фенотипі және генотипі, мезгілдің нақты уақытындағы физиологиялық ерекшеліктері бойынша тамақтану рационын жекешелендіреді;

- Тамақтанудың жекелей бұзылуы мен эндемикалық микронутриентті жетіспеушіліктермен байланысты туындаған жеке нутриенттер мен оларың топтарынан туындайтын дисбалансты тез және тиімді жояды;

- Созылмалы аурулармен ауыратын, соның ішінде алмасу сипатындағы (семіздік, отеросклероз, диабет, остеоартроз, подагра) тұлғаларда бұзылған метаболиттік процесстерді түзетеді;

- Асқазан-ішек құрылымының созылмалы ауруымен ауыратын адамдарда тағамдық заттардың түсуін жоғарылатып, сіңірілуін жеңілдетеді;

- Метаболизмнің токсикалық өнімдерінің белсенділігін тоқтату, сіңіру және шығару процесстерін күшейтеді, соның ішінде экологиясы нашар аймақтарда тұратын не жұмыс істейтін, синтетикалық преараттармен тұрақты түрде медикаментозды терапия қабылдайтын, бауыр мен бүйректің созылмалы ауруымен аурыатындарда.

Құрамы бойынша нутрицевтиктерді шартты түрде бірнеше функционалды топшаларға бөлуге болады:

- Витаминдердің, минералдардың не минералды витаминдердің толық немесе редуцирленгенкомплекстері, оған қоса соңғы жылдары көп компонентті баланстанған препараттардың үлесі нарықта көбейгені байқалады, оларға тек классикалық витаминдер емес, сонымен қатар витаминтәріздес заттар (коэнзим, холин, инозитол, липоқышқылы және т.б), хелаттанған минералдар (аминқышқылымен байланысқан) минералдар және олардың жоғары био қолжетімділігіне ие коллоидты ерітінділер жатады;

- А, С, Е, селен, биофалаваноидтар витаминдері, каталаза, пероксидаза ферменттері және антитотықтырғыштың көп мөлшері бар өсімдіктер – чеснок, қарақат және т.б. қатарлар жататын антитотықтырғыштық компоненттер жатады;

- Қанықпаған май қышқылдары бар преараттар. Бұл май қышқылдары организмде 3 биологиялық қызмет атқарады: организмді энергиямен қамтамасыз етеді; жасуша мембраналарының түзілуіне қатысады; жасушалардың өсуіне, бөлінуіне, қанды қысымға, иммунды және басқа да реакциялар мен процесстерге әсер ететін арнайы қосылыстардың көзі болып табылады.

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

- Фосфолипидтердің көзі болатын препараттар (лецитиин, холин, линолен қышқылы, инозит) – жасушаның мембранасының міндетті компоненті болып табылады, бауырдың майлануынан қорғайды, жүйке жүйесінің қызметін жақсартады, ақыл-ойдың жұмысқа қабілеттілігін жоғарылатады және т.б. е витаминімен әсерлескенде оттегінің ұлпаға аггрессивті әсерін төмендетеді, қартаю процессін баяулатады.

- Диеталық жасушалы преараттар (пектин, микрокристаллды целлюлоза, шаянтәрізділердің хитині, қара балдырдың аьгинаттары). (тағамдық талшықтар – бұл өсімдіктектес құрамы мен құрылысы бойынша әртүрлі талшықты заттар: крахмал, крахмалды емес полисахаридтер:целлюлозалы және целлюлозасыз полисахаридтер (пектин, инулин). Барлық тағамдық тлашықтар үшін бірдейі олар адамның асқорыту ферменттерімен ыдырамайды).

- Монопреараттар мен эссенциалды аминқышқылдардың комплекстері;

- «Тәуліктік рационның модификаторлары», балансталған құрамында жоғары тағамдық құнды ақуыздар, полисахаридтер, полиқанықпаған май қышқылдары, витаминдер мен минералдардың толық комплексі, диеталық талшықтар, асқорыту ферменттері бар және жеңілсіңірілетін микронутриенттер формасының көздері бар өсімдіктер қатары – сұлы, ламинария, люцерн сияқтылар. Олар тағамдық деңгейді түзетудің ыңғайлы программасын және салмақты бақылаудың бағдарламасын қамтамасыз етеді;

- Қоректік заттардың кең спектрін өсімдік-аккумуляторлардан (люцерн, түйежапырақ), балдырлардан (ламинария, спирулин, хлорелла) және ара шаруашылығының өнімдерінен (бал, омарта) алынған препараттар. Олар жалпы денсаулық сақтау және сонымен қатар антитотықтырғыштық, антигипоксанты, имунномодулирлеуші әсер көрсетеді.

Нутрицевтиктерді қолданудың соңғы мақсаты адамның тамақтану деңгейін жақсарту, денсаулықты күшейту және бірнеше аурулардың алдын алу болып табылады. Бірақ, тағамдық заттардың көзі болып табылатын нутрицевтикалық құралдар 6 тәуліктік қажеттіліктен аспайтын мөлшерде қолданылады. Сонымен қатар, витаминдердің мөлшері тәуліктік қажеттіліктен аспауы тиіс.

Парафармацевтиктер – тағамның минорлы қосылысы болып табылады. ББЗ-дың бұл түрі физиологиялық шеңберде мүшелер мен жүйелердің функционалды белсенділігін, жүйке жұмысын, асқазан – ішек трактатының микробиоценозын реттеудің адын алу үшін, жанама терапия үшін, макроорганизмдердіэкстремальды жағдайға бейімдеу үшін қолданылады.

Басқаша сөзбен айтқанда, ББҚ-нутрицевтиктерді қолдану біріншілік және екіншілік профилактиканың тиімді формасы, сонымен қатар майлану, атеросклероз бен басқа да жүрек-тамыр аурулары, қатерлі ісік, иммунодефицитті жағдайлар секілді кең таралған саналуан ауру түрлерін қосымша емдеу үшін комплексті профилактика формасы болып табылады.

Өсiмдiк және жануар шикiзатынан көрсетiлген барлық ББҚ топтарын химиялық экстракциямен де, биотехнологиялар көмегiмен де алады. ББҚ рынокқа шығару дәрi-дәрмек және диагностикалық препараттар шығару сияқты рұқсат беру рәсiмдерiн талап етпейдi, бұл өндiрiстiң тартымдылығын және iс жүзiнде барлық ең iрi фармацевтикалық және биологиялық фирмалардың қатысуын шарттайды. Қазiргi уақытқа осы заманғы адамның тамақтану құрылымы бойынша жиналған деректер тағамның ауыстырылмас құрылымдық бөлiктерiн жеткiлiксiз тұтынудың кең тарағанын көрсеттi. Ұсынылатын тұтыну нормаларын ескере отырып қазiргi адамның рационын оңтайландыру денсаулыққа зиян келтiрместен табиғи азық-түлiк өнiмдерiн тұтынуды қарапайым жолмен ұлғайтуға қол жеткiзу мүмкiн емес, бұл жаңа тәсiлдер мен шешiмдердi қажет етедi. Мұндай тәсiлдердiң бiрi тағамға поливитамин, витаминдiк-минералдық қоспалар және өсiмдiк кешендер түрiнде табиғи биологиялық белсендi заттардың биологиялық белсендi қоспалары болып табылады. Азық-түлiк өнiмдерi өндiрiсiнiң көлемiн ұлғайтудан гөрi организмдi тапшы заттармен қосымша қамтудың тез және қол жетерлiк қажеттiлiгi туралы шешiм сұранып тұрғандай. Осындай ролдi бүкiл дүние жүзiне тараған әртүрлi фармацевтикалық түрдегi (тұнбалар, экстракттар, бальзамдар, шырындар, концентраттар, изоляттар, ұнтақтар, дәрiлер, капсулалар және т.б.) не биологиялық белсендi заттар қосылған азық-түлiк өнiмдер түрiндегi тамақ iшу кезде тағамға салынатын биологиялық белсендi қоспалар (ББҚ) орындауы тиiс. Халықтың тамақтануы мен денсаулығын жақсартудың осы жолы биоорганикалық химия мен биотехнологияның (толық және сапалы заттарды бөлу), нутрициология мен фармакологияның (организмде биологиялық белсендi заттардың iс-әрекетi мен айналдыру тетiгiнiң мағынасын ашу) тиiмдiлiгiне негiзделген.


Аминқышқылдарды алудың микробиологиялық әдісі бұл барлық L – аминқышқылдарын синтездеу үшін қолданылатын әдіс.

Ақуызды-витаминді қоспаны дайындау схемасы.


Қорытынды.Қорыта айтатын болсам Биологиялық активті қосылыстардың қазіргі таңда дамып келе жатыр. Олар әр түрлі ауруларды жазбағанымен тағамдық құндылығы жоғары заттар. Қазіргі таңда адамдар дұыс тамақтанбайды. Осы қиындықтарды шешу үшін ББЗ ішу ұсынылады. Оларға витаминдер, гормондар, әр түрлі ферменттер және т. б. жатады.


Пайдаланылған әдебиеттер

1. Әлмағамбетов Қ. Х., Байдүйсенова Ә. Ө., «Медициналық биотехнология» – Астана, 2009 ж. 95-98б.

2. Рудаков И.А., Панюшин С.К., Кондэ Л.А. Справочник: Биологически активные добавки к пище. М., МИРРА, 2001. 96 с.

3. Егорова Т. А., Клунова С. М., Живухина Е. А. Основы биотехнолгии. – М. Изд. Центр «Академия» – 2008г. 65-69ст.

4. Евтушенков А. Н., Фомичев Ю.К. Введение в биотехнологию: Курс лекций. - Минск.: БГУ, 2002г. 26ст.

5. Биотехнолгия (Мәтін), Әлмағанбетов Қ.Х. және басқалар, Астана 2011ж. 96б

6. https://kk.wikipedia.org/wiki/_Биологиялық_активті_қосылыстар

 

8. Рудаков И.А., Аксенова Е.И.
Биологически активные добавки к пище.Cправочник.
М., МИРРА, 2007, 95 с.

9.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов