Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Күні: 06.12.2016

Мектеп: Ә.Марғұлан атындағы ЖОББМ

Сабақтың тақырыбы: Сөйлесе білу де өнер

Құндылық: ақиқат Қасиеттер:Өзара сыйластық т.б

Мұғалім: Тойлыбай.А

Сынып: 5 қазақ

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың «сөз», «сөз құдіреті», «тіл табысу» ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту арқылы ақиқат құндылығының мәнін ұғындыру.

Міндеттері:

– сөзді түсіне білу, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;

– адамдармен жағымды қарым- қатынас жасау дағдыларын дамыту;

– өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер, музыкалық орталық

Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу

ә) оқушылар назарын сабаққа аудару

б) Тыныштық сәті

-Тыныштық сәті

Ойлану жұмысының алдында балалардың бір сәт денесі, ойы сергітіледі.

Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Көздерін жұмуына да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Осылайша екі минуттай отырады.

Оқушылар көңіл күйін көтеру мақсатында

2. Үй тапсырмасын тексеру

Әңгімелесу

Мұғалім сый ретінде алып келгенмәтінді әңгімелеп беру

Мәтінмен жұмыс

М.Жұмабаевтің «Сөз және мағына»

Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды.

Дәйексөз:

Балалардың жауаптары дәйексөздің түсіндірілуімен түйіндеу

Халық мақалы

Шығармашылық жұмыс.

.Мәтінді оқып, дұрыс сөйлеу ережесін құрастыр

«Сөйлеу әдептері»

Оқушылар өз шығармашылықтарын көрсетеді

Топпен ән айту:Бір ауыз сөз

Сөзі: О.Сүттібаев

Әні: Ә.Сүлейменов

Бір ауыз сөз қасіретті тыяды,

Бір ауыз сөз айықпас дерт жияд.

Бір ауыз сөз әлемге әйгі еткізсе,

Бір ауыз сөз жаманатқа қияды.

Бір ауыз сөз мұхиттарды жалғайды,

Бір ауыз сөз ұран болып самғайды.

Бір ауыз сөз ұшса бақыт құсы боп,

Бір ауыз сөз арсыз жандай алдайды.

Әнді ерекше көңілмен айтып,сергиді

Дәптермен жұмыс:дәптерде тапсырмаларды өз беттерінше орындайды. 1,2,3 тапсырмалар.

Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды

Үй тапсырмасы: Мәтінді оқып түсінікайту

Күнделіктеріне жазады.

Соңғы тыныштық сәті:

- Балалар,тыныштық сақтап,үнсіз,қолымызды жүрегімізге қойып,жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық,қамқорлық,аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме,сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса,сендер де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар.

Оқушылар көздерін жұмып демалады.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов