Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

4 Ответы

0 голосов

Ақмола облысы

Целиноград ауданы

№4 негізгі мектебі

Ғылыми жұмыстың тақырыбы: Асыл тастардың адам денсаулығы үшін маңыздылығы

Жұмысты орындаушы: Кеңес Саурық

7 сынып оқушысы

№4 негізгі мектебі

Целиноград ауданы

Ақмола облысы

Жұмыстың жетекшісі: Орынбекова Л.К

Биология пәні мұғалімі

№4 негізгі мектебі

Целиноград ауданы

Жұмыстың орындалған жылы: 2014-2016 жыл

Мазмұны:

Кіріспе 3

І. Негізгі бөлім 4

1.1 Асыл тастар: олардың қасиеттері 4

1.2 Тылсым асыл тастар 6

1.3 Асыл тасты жұлдызнамаға қарап таңдаңыз 8

ІІ.Зерттеу жұмыстарының нәтижесі 11

Қорытынды 13

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 14

Аннотация

Ерте замандарда асыл тастың емдік қасиетін ашып, оны шипалық маңызына қарай бөліп қадірлеп, әрі қастерледі. Қазіргі заманда асыл тасты сәндік, көріктілік, мақтаныш үшін түсінеді. асыл тастарды ұдайы зерттегенде адам мүшелерінің рухани-энергетикалық потенциалдық өрісін ретке келтіретіні анықталған. Асыл тастармен емдеу әдісі мыңдаған жылдар бұрын Үндістанда аюрведалық тәсіл бойынша пайдаланылды. Сырттан келетін кез келген кері әсер күші адамның денесінде, ойында, санасында күшті өзгеріс туғызады. Егер асыл тасты бірге алып не тағып жүрсе, ол теріс энергияның кері әсерін тоқтатуға, кері қайтаруға немесе денеге сіңгенде оны өңдеп, адам қуатын бірқалыпқа келтіруге көмек етеді. Асыл тас сіздің “сорылған”, “жоғалған“, “шашылған“ қуаттарыңыздың орнына жаңа толықтырушы оң қуаттар жинайды. Оның тепе-теңдікке келуіне зор әсер етеді.
Асыл тастың мұндай қасиетін Гиппократ та, ибн Сина да, әл-Бируни де, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы да, Ж. Баласағұн да, әл-Фараби де т.б. толық дәлелдеп берген. Десе де, асыл тастарды әсер ету қасиетіне қарай, сегіз түрлі сыныпқа бөледі. Бұлай бөлуде адамның жынысына, жасына, өңіне, психологиялық танымына, қоғамдағы роліне және материалдық жағдайлары мен басқа да ерекшеліктеріне сүйенсе керек.
Тастар адамның қуатын толықтырушы ғана емес, оны қорғаушы да. Асыл тастардың ішінде тіл мен көз сұғының кері әсерін қайтаратыны да кездеседі. Көптеген асыл тастар сыртқы ортамен шағылысқанда адамның денесінде жаңа резонансты толқынды биоөріс туғызады да, оның қалыпқа келуіне әсер етеді.

Кіріспе.

Асыл тастардың да өңі әртүрлі болады. Олардың тоғыз түрі бар (өңсіз тас, көк-жасыл, көк немесе күлгін, сары, ашық қызыл, көкшіл, сары немесеалтын түсті, қара т.с.с.).
Сыйлыққа берген немесе ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, мұралыққа қалдырылып отыратын асыл тастардың қасиеті өте жоғары болады.
Бұл тастардың басқа тастармен салыстырғанда өзінің иесін қауіп-қатерден, тіл мен көзден, өрттен, найзағайдан, “зұлым күштерден“, құлап қалудан және сыртқы басқа әсерден қорғауда да маңызы зор.

Зерттеудің өзектілігі:.Сырттан келетін кез келген кері әсер күші адамның денесінде, ойында, санасында күшті өзгеріс туғызады. Егер асыл тасты бірге алып не тағып жүрсе, ол теріс энергияның кері әсерін тоқтатуға, кері қайтаруға немесе денеге сіңгенде оны өңдеп, адам қуатын бірқалыпқа келтіруге көмек ететініне мағлұмат беру болып табылады;

Зерттеудің мақсаты:Адам баласы өзін қоршаған табиғи ортамен қарым – қатынасының үйлесімділігін тұрақтандырып, салауатты өмір сүруге медициналық тұрғыдан жағдай жасау және өмір сүру;

Зерттеудің міндеттері:Асыл тастардың адамзат денсаулығы үшін пайдалы әрі зиянды екенін дәлелдей отырып, организмнің зат алмасуын бұзылмауын, түрлі ауруларға шалдықпауын осы бастан қолға алу;

Зерттеудің болжамы:Егер асыл тастың теріс немесе оң энергиясын біле отырып, онда салауатты өмір сүру деңгейін арттыруға болар еді;

Зерттеу нысаны:асыл тастарды тағатын адамдар;

Күтілетін нәтиже:1. Асыл тастардың теріс немесе оң нәтижелерін білу үшін көптеген әдебиеттерді, журналдарды, газеттерді қарау;

2. Танымдық деңгейді арттыру;

3. Теориялық білімді өмірде іске асыру;

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

І тарау. Негізгі бөлім

1.1 Асыл тастар: олардың қасиеттері

Асыл тастардың әсері кейде астрологиялық күнтізбеге де, туған жылға да, сондай-ақ планеталар мен асыл тастың өзара байланысына (мәселен Күн тасы, Ай тасы, Шолпан тасы, Жұлдыз тасы, Марс тасы, Юпитер тасы, Сатурн тасы және Нептун тасы) да байланысты екенін білген жөн. Кейбір тастар бір-бірімен энергия алмасатын қасиетке ие болуы ықтимал.
Тіпті жағдайы барлар жетінің әр күніне әр түрлі тастар тақса, адамның күш қуаты артып, ішкі-сыртқы қарсы теріс әсерге қорғаныс қабілеті молаяды екен.
Асыл тастардың жеке қабілетіне келсек, гауһар, маржантас, қайрақ тас – араққұмарлыққа, інжу, маржантас, күкірт – аллергияға, гауһар, маржан, жасылтас т.б. – бронхы ауруына, інжу, қорғасын, маржантас – геморройға, мыс, інжу, маржантас – бас ауруға қарсы әсер етеді.
Осылай жалғаса береді. Арнайы асыл тастар дүкендерінен “тас емдейді“ деген кітапшаны алып пайдаланған жөн. Асыл тастардың емдік қасиеттері әлі құпия.
Асыл тастардың ішінде де киелісі болады. Оны ұрлап немесе қолды болған тасты сатып алғандардың бәрі әр түрлі апатты жағдайларда өліп тынған. Мысалы, қазіргі Америкада сақталған “Хоуп гауһары“ сондай тас. Ол ертеде Үндістан храмынан ұрланды.
Ұрлаған ұрыны көшедегі құтырған иттер талап боршалап өлтіреді. Гауһардың алғашқы салмағы 212 карат болса, ұрланған-нан кейін 1668 жылы Француздың королі Людовик XIV сатып алып гауһарды өңдегенде 67 карат болыпты. Король де, т.б. мұрагерлер де соғыстан, автомобиль апатынан, кеменің суға батуынан өледі. Ақыры гауһар тасты 1863 жылы Лондонның банкирі Томас Хоуп сатып алды. Осы кезде тас салмағы 44,5 карат тартқан. Осы Хоуп ғана Үндістан гауһарының қасіретінен аман құтылғанымен, немересі барлық байлығынан айырылып, кедейлікке ұшырапты. Бұдан кейін гауһар тас Ресей князі Катиновскийге өтеді. Ол бір әйелге беріп, артынан әлгі сұлу актрисаны князь өзі өлтіреді. Княз да кешікпей анархистер қолынан өледі. Бұл туралы Владимир Мезенцев “Тас туралы ертегі“ кітабында: “Қасірет тас қолдан қолға өтіп жүріп, Испаниядан бір-ақ шығады. Оны алған бай гауһар тасты өзімен бірге алып, 1909 жылы кемемен сапарға шығады. Жолда кеме суға батып, кемедегілер түгел балыққа жем болады. Алайда асыл тас су астында көп жатпай, “қалқып“ шығады“ – дейді. Гауһарды кемеден тапқан маржан іздеушілер американдық милионер Маклинге сатады. Көп кешікпей оның кішкене баласын машина қағып өлтіреді. Оның әйелі тастың қасіретінен балам өлді деп ажырасып тынады.
Бұдан кейінгі иегері француз Хотевил де әйелінен, бір баласынан айырылса, бір баласы суқараңғы соқыр болады. Бұдан кейін бұл тасты Америка жерінде бір алаңғасар кемпір 40 мың долларға сатып алады. Кемпірдің есі ауысады. Ол тасты алты немересіне қалдырады. Бірақ, кемпірмен аттасы Эвелин Маклин де құпия жағдайда өледі.
Бұл тас қазір Америкада сақтаулы. Оның шынында қасірет тас екеніне жұрттың көзі жеткендей. Ол тасты негізгі иесі Үндістанға қайтармаса, Американың жағдайы нашар болуы мүмкін деген де сөз бар[2].
Асыл тастың киелісінің де болатынын білгендей болдық. Асыл тасты күтіп ұстау оның қасиетін арттырады, әрі оның таза күші бірнеше есе көбейеді. Асыл тасты ұрлау ол өзіңнің ғана емес, ұрпағыңның да тамырына балта шабумен бірдей болмақ[1,89].
Асыл тастардың емдік және ерекше қасиеттеріне келетін болсақ:
1.Алтын– өмір жасты ұзартады, қарт адамдардың бойына әл қуат береді, қауіпті аурудан қорғайды, уланғаннан емдейді.
2.Күміс– шиқан сырқаттарын, ірің мен қанды кептіреді.
3.Мыс– іріңді, қанды кептіреді, өкпе мен бауырдың қызуын түсіреді.
4.Алмаз– ізгілік пен ерлікті бейнелейді. Көкшіл реңді асыл тас жас аналардың бойтұмары іспеттес болады.
5.Жақұт– опасыздық пен қрқыныштан қорғайды. Сүйген жанын өзіне қарату үшін еуропалық әйелдер жақұт ұшқынымен магниттелген ыдыстан тамақ берген.
6. Замартас (изумруд) – қуаныш пенкөңілділік сыйлайды. Ұмытшақ немесе көзі нашар көретін әйелдер оны мойынына таққан. Бұл асыл тас ұзақ өмір сүруге кепілдік береді. Дел-салдықтан арылтып, ойды ширатады.
7. Алтындалған табас (топаз) – ұмытшақтық пен ұйқы қашуды жазады. Көз тиюден сақтайды, дәм сезу күшін арттырады.
8.Александрит– қан айналуды жақсартады, қанды тазартып,тамырлардыбекітетүседі.9.Гауһар– күш-жігер қосады, жүрегіңді тыныштандырады, сағыныштан сарғайғанға да ем болады.
10. Ізгілікті циркон (гиацинт) – күйгелектік панелестен арылтады. Мінезі жеңілтек әйелдер “жоспарсыз“ туудан сақтанғанда пайдаланған.
11. Қызыл шпинель (лал) – күннің өткір сәулесінен қорғайтын болған. Қарт кісілер бел ауруын жеңілдетуге тағады.
12. Фируза (бирюза) – адамдардың арасындағы жаулық пен араздықты бәсеңдетеді. Ұдайы мойынға тастамай тақса әйелдер сары ауруға ұшырамайды. Фируза да адам секілді, жасына қарай түрін ақшылдан көгілдірге, көктен жасылға өзгертіп тұрады. Иесіне әлде бір қауіпті жағдай төнсе, фируза оның көз алдында күңгірт тартып жүре береді. Ал жазылмайтын а]уруы бар адам тақса ол мүлдем “сөніп“ қалады.
13.Опал– күдікті ойларды қоздырады, ұрыс-керіске итермелейді. Қорқыныш туғызып, секем мінез қалыптастырады. Ерте кезден-ақ опалдың жүректі күдікті ойлармен тұмшалайтыны белгілі болған. Тек өз-өзіңе деген мықты сенім ғана олардың атты әсерінен сақтай алады.
14.Аметист– маскүнемдіктен қорғайды, адамның жүрегін ізгілікке толтырып, аумалы-төкпелі ойдан сейілтеді. Егер әйел адам оны жастығының астына жастанып жатса жақсы түс көреді. Аметистпен бетті сипап әжім мен секпілді кетіруге болады.
15.Агат– тіл-көзден сақтайтын қара тас. Бойыңдағы ауруыңды бәсеңбетіп, есту қабілетіңді жақсартады.
16.Яшма– суық реңді бұл тас болашақтың көзге көрінбейтін пердесін ашады. Қызыл яшма қан аққанды тоқтатып, иіс сезу қабілетін күшейтеді. Ал күңгірт түстісі удан және қастандықтан сақтайды.
17. Гагат –бұл таспен сіреспе мен буын ауруын емдейді.
18. Айтас(лунный камень) – қояншық ауруы мен бүйрек шаншығанын емдейтін болған.
19. Кровавик (гематистің бір түрі) – бақсылардың бойтұмары болып есептелген. Оның көмегімен іріңді жаралар мен зәр жіберу органдарының ауруларын емдеген.
20.Жадейт– әсіресе Шығыс елдерінде жоғары бағаланған. Ол жетпіс жеті ауруға ем, әсіресе ревматизмге жақсы шипалы болған[2].

1.2. Тылсым асыл тастар

Минералдар мен тау жыныстарының көркем бұйымдар мен зергерлік әшекей жасайтын ерекше тобын-асыл тастар деп атайды. Біздің данагөй бабаларымыз асыл тастарды ерте заманда-ақ танып, оны пайдалана білген. Солардың қатарына Солтүстік және Батыс Қазақстан жерінен табылған біздің заманымыздан бұрынғы 3 мыңжылдықта тастан жасалған білезіктер мен әр түрлі әсем бұйымдардың бөліктерін, Бесшатыр зираты мен Есік қорғанынан қазып алынған қызғылт сары ақықтан жасалған моншақтарды жатқызуға болады. Жалпы, Батыс Қазақстаннан табылған сармат мәдениетіне тән моншақтар тау хрусталі мен кәрібтастан тұрса, түрлі нефрит, ақық және тағы да басқа тастардан жасалған зергерлік бұйымдардың бөліктері Отырар мұражайында тұр.


ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Өмірде біреулер асыл тасы бар, жүзік, білезікті қолына, сырғаны құлағына, алқаны мойнына жәй әшейін сәндік үшін тақса, кейбіреулер оның адамға энергия беру көзі, ғарышпен байланысқа түсіру құралы екенін біледі. Ал енді ғалымдардың ай-туынша, осы асыл тастардың барлық қасиеттерін бойына жинаған бір мыс-қалдайы әркімнің денесінде де бар. Табиғатта жетілген элементтер түрінде кездесетін алмаз, көмір, өзен тастары адамның организміне қажет болғандықтан, өзінің саналы күш-қуатымен оның белгілі орталықтары-на әсер ете алады. Яғни, ғалымдардың дәлелдеуінше, жүзіктегі, білезік, ал-қа, сырғадағы асыл тастар адамның энергия қабылдау көздерінде жетпей тұрған күш-қуатты ғарыштан жи- нап береді Таңғажайыптылығы сол, адамдар саусағына жүзік кигізгенінде ол өз энергиясымен де, минерал ретіндегі табиғатымен де, түсімен де сәйкестене кетіп, үндес энергетикалық орталыққа тартыла бастайтын болып шықты. Атап тұрып айтсақ, сары түсті тастар өзінің бойындағы минералдарымен дененің осы минералдары бар 3-энергетикалық орталығына (манипура – үндіс тілі), ал қызыл түсті тастар төменгі энергетикалық орталыққа (муладхара) қарай тартылады[2].
Адамның қолдары түрлі орталыққа тартылу қабілетіне сәйкес әртүрлі аураға ие. Бас бармақта – қызыл түсті аура, сұқ саусақта – қызғылт сары аура, ортаншы саусақта сары түсті аура, аты жоқ саусақта – көкшіл – күлгін, шынашақта – жасыл түсті аура бар дейді зерттеушілер. Тек аты жоқ саусаққа барлық түсті тасы бар жүзіктерді киюге болады екен. Себебі, бұл саусақ-тың космостық көкшіл-күлгін түсі қалған энергетикалық орталықтардағы түстерді басқарып отыратын көрінеді. Тағы бір зерттеушілердің анықтаған қызық жағдайы, егерде сіз ортаншы саусағыңызға сары топаз көзді жүзік кигеніңізде сіздің денеңізде энергия жеткіліксіз болса, тас жарқ- жұрқ етіп, ғарыштан күш-қуат жинап оны тиісті орталыққа (асқазан түбіндегі) береді.
Сары, қызғылт сары түсті тастар адамның физикалық табиғатына өте жақын. Сол себепті мұндай тастарды барлық адамдар тағып жүре алады. Жасыл түсті тастар бойында жақсылығы мен жамандығы алмасқан, алайда түбінде жақсылығы жамандығын жеңетін адамдарға тән екен. Күлгін түсті тастар көк (ғарышқа тән) және қызыл (динамикалық) түстердің қоспасынан құралғандықтан, оның адамға әсері өте айрықша өткір. Олай болса, асыл тасты бұйымдар таңдағанда да мамандармен пікірлескеннің ешқандай артықшылығы жоқ. Біз енді жекелеген асыл, қымбат, бағалы тастардың құпия сырларына, табиғатына тоқталсақ.
Қызыл түсті тастар тобы Лағыл (рубин) – минерал, корундтың бір түрі. Ол бірінші класты асыл тас. Лағыл тобына қызыл жақұт, шпинель, пироп, турмалин, тағы да басқалар жатады. Лағылдың жасанды түрлері 19 ғасырдың аяғында-ақ шығарыла бастаған болатын. Лағыл – зергерлік тас. Оны сағат өнеркәсібінде, ванттық генераторларда қолданады. Көп адамдардың түсінігінше асыл тастардың королі – рубин. Алайда зерттеушілер Жер Ананың қойнындағы барлық минералдардың бірдей қымбат екендігін дәлелдейді. Негізінен, лағыл – адамның психикасына күшті әсер етіп, оның мінезін ұштай түседі. Мейірімді жан бұрынғыдан да мейірімді, қатал адам бұрынғыдан да қаталданып кетеді. Олай болса, лағыл көзі бар жүзікті сыйларда оны мінезі қандай адамның тағып жүретінін есіңізге алып, ойланыңыз. Асыл тастардың тылсым сырын зерттеушілердің түсіндіруінше, адамдар лағыл жүзіктерді елді өзіне тәнті еткісі келген де, бойын сенімсіздік жайлап алғанда тағу қажет деп ақыл айтады. Мұндай сәттерде әлгі лағыл көзі бар бұйымдар адамдардың ой-санасына, бойына күш-қуат қосады. Және де лағыл сақинаны дұрыс пайдаланып, дұрыс тағып жүрсеңіз ол сіздің денсаулығыңызға ешқандай зиянын тигізбей, қайта өзіңізге даңқ пен байлық әкелетін көрінеді. Мамандар рубинді айына бір-үш рет, аты жоқ саусаққа, барлық металлмен, ал дұрысы алтынмен көмкеріп кигенді дұрыс санайды. Ең абзалы, қатты ауырып тұрғанда лағылды тақпаған жөн. Анар тастар, гранаттар (анар дәндеріне ұқсастығына байланысты лат. «granatus» - «түйіршік» сөзінен шыққан) – силикаттар класына жататын минералдар тобы. Гранаттар – барлық қасиеттері жағынан лағылдан кейінгі асыл тас. Гранаттың құрылымы рубиннен (лағылдан) бір саты төмен[

1.3 Асыл тасты жұлдызнамаға қарап таңдаңыз
Асыл тастар иесін келеңсіз жәйттен сақтап, сәттілік әкеледі дейді болжамшылар. Жұлдызшылардың айтқанына құлақ асқан артық болмайды.

лағыл

Егерде сіз тоқты белгісіндегі жанға асыл тасты бұйым сыйлауды жоспарлап жүрсеңіз, оған лағыл (рубин), яғни қызыл түстісін сатып алыңыз. Бұл ұзақ әрі берік махаббаттың белгісі. Сүйген адамыңызға сыйға берсеңіз қарым-қатынастарыңыз мықты, сүйспеншіліктеріңіз,сезім сақталады, дейді жұлдызшылар. Сонымен бірге тоқты белгісіндегілер үшін бақыт әкелетін тастың бірі гаухар. Барлық істе сәттілік әкеледі, аурудан, келеңсіз жәйттер мен көз өтуден сақтайды. Қорғаныш ретінде гаухар тасты жүзікті сол қолға және алқасын тағады.

Торпақтар асыл тасты зергерлік бұйымдардың сәнділігіне аса мән береді. Олар заманауи үлгідегі және сирек кездесетін тастарды таңдайды. Торпақтар үшін бақыт тасы аспан түсіндегі мәселен көгілдір ақық, ( бирюза), жақұт (сапфир) — көз тиюден сақтайды. Махаббатты қорғайды, үйге тыныштық, мамыражайлылық сыйлайды. Алайда ақықты тек жастар таққаны жөн. Ал 30-дан асқандар одан бас тартқаны жөн.

Егіздер зергерлік бұйымдардың әдемілігіне қызығады. Арзандарына да құмар. Бұл белгіде туылғандарға ұсақ көзді гаухар, (бриллиант), топаз, меруерт (изумруд) тасы бар, артық безендірілуілері жоқ бұйымды сыйлаған жөн. Егіздер үшін аталған тастар сәттілік әкеледі. Мұндай зергерлік бұйымдарды атақты актриса Анджелина Джолидан көруге болады.

құлпырма тас

Шаяндарға ешқашан ыдыс аяқ жиынтығы, стақан сыйламаңыз. Бұл оның жүрегін жаралуға, нәзік болмысына өзгеріс әкелуге апарады. Олар үнемі жақындары мен айналысындағылардан ерекше пайдалы сый күтеді. Шаян су мен Ай белгісі болғандықтан оларға інжу (жемчуг), маржан (коралл), құлпырма тас (перламутр), ай тасты (лунный камень) бұйымдар табыс еткен дұрыс. Бұл оларға бақыт әкеледі.

Арыстан үшін алтын бұйымдардан артығы жоқ. Дегенмен бұл металдан жасалған бұйымның дизайнына, көлеміне аса мән беру міндетті. Арыстан белгісінде туылғандарға әшекейдің біреуін немесе бірнешеуін таққан ұнайды. Ал сырғаның көзге көрінетін қалайды. Арыстандар үшін лағыл (рубин), топаз және гаухар тасты (бриллиант) зергерлік бұйым пайдалы.Әрдайым өз ортасында беделін көтеріп, ерекшелендіріп тұрады.
ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Бикештер үшін сыйлықтың қарапайым, әрі сапалы болғаны маңызы.Олар інжу, (жемчуг), гаухар (бриллиант) қажетті. Бұл белгіде туылғандар үшін бақыт әкелетін тастардың бірі көкшіл түсті минерал (нефрит). Ол бикештерге конкурс, сайыстарда сәттілік әкеледі және иесін сырт көздерден қорғайды.

Сәнді әрі көлемді және қымбат металдан жасалған зергерлік бұйымдар таразылардың басын айналдырады. Олар қолтырауын бейнеленген үлкен сақина тағуға құмар. Таразы белгісінде туылған қыздарға гаухар тасты (бриллиант) бұйым үнемі жаңа өзгерістер әкеледі. Сондай-ақ жақұт (сапфир) және жасыл ақық (аквамарин) сәттілік сыйлайды оларға.

Сарышаяндар белгілі бір мағынасы бар зергерлік бұйымдарға мән береді. Оларға арналған жасыл ақық (аквамарин), маржан (коралл) және анартас (гранат) яғни күрең-қызыл түсті асыл тасты сыйласаңыз қателеспейсіз. Маржан сарышаяндардың нәзіктігін көрсетеді және жасыл ақық жұмсақ мінезін байқатады. Анартас қиындықты жеңуге септігін тигізеді дейді жұлдызшылар.

Мерген белгісінде туылғандардың сары түсті топаз немесе көкшіл көзді мөлдір тасты (аметист) бұйымдарды таққаны дұрыс. Бұл тас- махаббаты жауапсыз қалғандарға көмектеседі, тас жүректерді жібітеді дейді болжамшылар. Сондай-ақ мергендерге алтын бұйым, ақ алтын (платина)және күміс пайдалы.

Тауешкілер үшін лағыл тас (рубин)аса маңызды саналады. Олар ескі үлгідегі мағынасы бар зергерлік бұйымдарды ұнатады. Сирек кездесетін, тіпті қолөнер шебері жасаған асыл заттарды сатып алса артық болмайды оларға. Өмірін жеңілдетеді, қиындықтан тез шығуға көмектеседі.

Суқұйғыш аты айтып тұрғанындай су секілді, мөлдір, көк түстілерге жаны құмар. Олар арзан мен қымбат зергерлік бұйымдарды үйлестірудің шебері. Бұл белгіде туылғандарға жақұт (сапфир) және көкшіл түсті мөлдір асыл тас (аметист) маңызды.

Балықтарға өзен және теңіз інжуін (жемчуг) таққан дұрыс. Бұл белгіде туылғандарға міндетті түрде ақ алтын, күмістен жасалған бұйымдар сыйлаған жөн. Балықтар аса сән қумайды. Олар өз талғамына сенеді. Зергерлік бұйымдардың классикалық үлгіде болғаны дұрыс.

ІІ. Зерттеу жұмыстарының нәтижесі.

Асыл тастардың жеке қабілетіне келсек, гауһар, маржантас, қайрақ тас – араққұмарлыққа, інжу, маржантас, күкірт – аллергияға, гауһар, маржан, жасылтас т.б. – бронхы ауруына, інжу, қорғасын, маржантас – геморройға, мыс, інжу, маржантас – бас ауруға қарсы әсер етеді.
Осылай жалғаса береді. Арнайы асыл тастар дүкендерінен “тас емдейді“ деген кітапшаны алып пайдаланған жөн. Асыл тастардың емдік қасиеттері әлі құпия.
Асыл тастардың ішінде де киелісі болады. Оны ұрлап немесе қолды болған тасты сатып алғандардың бәрі әр түрлі апатты жағдайларда өліп тынған. Мысалы, қазіргі Америкада сақталған “Хоуп гауһары“ сондай тас. Ол ертеде Үндістан храмынан ұрланды.
Ұрлаған ұрыны көшедегі құтырған иттер талап боршалап өлтіреді. Гауһардың алғашқы салмағы 212 карат болса, ұрланған-нан кейін 1668 жылы Француздың королі Людовик XIV сатып алып гауһарды өңдегенде 67 карат болыпты. Король де, т.б. мұрагерлер де соғыстан, автомобиль апатынан, кеменің суға батуынан өледі. Ақыры гауһар тасты 1863 жылы Лондонның банкирі Томас Хоуп сатып алды. Осы кезде тас салмағы 44,5 карат тартқан. Осы Хоуп ғана Үндістан гауһарының қасіретінен аман құтылғанымен, немересі барлық байлығынан айырылып, кедейлікке ұшырапты. Бұдан кейін гауһар тас Ресей князі Катиновскийге өтеді. Ол бір әйелге беріп, артынан әлгі сұлу актрисаны князь өзі өлтіреді. Княз да кешікпей анархистер қолынан өледі. Бұл туралы Владимир Мезенцев “Тас туралы ертегі“ кітабында: “Қасірет тас қолдан қолға өтіп жүріп, Испаниядан бір-ақ шығады. Оны алған бай гауһар тасты өзімен бірге алып, 1909 жылы кемемен сапарға шығады. Жолда кеме суға батып, кемедегілер түгел балыққа жем болады. Алайда асыл тас су астында көп жатпай, “қалқып“ шығады“ – дейді. Гауһарды кемеден тапқан маржан іздеушілер американдық милионер Маклинге сатады. Көп кешікпей оның кішкене баласын машина қағып өлтіреді. Оның әйелі тастың қасіретінен балам өлді деп ажырасып тынады.
Бұдан кейінгі иегері француз Хотевил де әйелінен, бір баласынан айырылса, бір баласы суқараңғы соқыр болады. Бұдан кейін бұл тасты Америка жерінде бір алаңғасар кемпір 40 мың долларға сатып алады. Кемпірдің есі ауысады. Ол тасты алты немересіне қалдырады. Бірақ, кемпірмен аттасы Эвелин Маклин де құпия жағдайда өледі.
Бұл тас қазір Америкада сақтаулы. Оның шынында қасірет тас екеніне жұрттың көзі жеткендей. Ол тасты негізгі иесі Үндістанға қайтармаса, Американың жағдайы нашар болуы мүмкін деген де сөз бар.
Асыл тастың киелісінің де болатынын білгендей болдық. Асыл тасты күтіп ұстау оның қасиетін арттырады, әрі оның таза күші бірнеше есе көбейеді. Асыл тасты ұрлау ол өзіңнің ғана емес, ұрпағыңның да тамырына балта шабумен бірдей болмақ.

Әртүрлі ақпараттар алған нәтижелер бойынша, осыған байланысты мектепішілік зерттеулер жүргіздім.

Мектепте асыл тас тағынып жүрген ұстаздар арасында сұрақтар қойып, денсаулыққа әсерін көру болды.

Мынадай сұрақтар қойылды:

1. Асыл тастардың пайдасын білесіз бе?

2. Асыл тастарды қалай таңдадыңыз?

3. Зиянын білесіз бе?

4. Жұлдызнамаға қарап асыл тастарды таңдайсыз ба?

Барлық қатысқан мұғалім - 20

Нәтижесі диаграммадан көріп отырғандай, адамдардың көпшілігі асыл тастарды таңдау да көп мағына бермейді.

Қорытынды.

Ерте замандарда асыл тастың емдік қасиетін ашып, оны шипалық маңызына қарай бөліп қадірлеп, әрі қастерледі. Қазіргі заманда асыл тасты сәндік, көріктілік, мақтаныш үшін түсінеді. асыл тастарды ұдайы зерттегенде адам мүшелерінің рухани-энергетикалық потенциалдық өрісін ретке келтіретіні анықталған. Асыл тастармен емдеу әдісі мыңдаған жылдар бұрын Үндістанда аюрведалық тәсіл бойынша пайдаланылды. Сырттан келетін кез келген кері әсер күші адамның денесінде, ойында, санасында күшті өзгеріс туғызады. Егер асыл тасты бірге алып не тағып жүрсе, ол теріс энергияның кері әсерін тоқтатуға, кері қайтаруға немесе денеге сіңгенде оны өңдеп, адам қуатын бірқалыпқа келтіруге көмек етеді. Асыл тас сіздің “сорылған”, “жоғалған“, “шашылған“ қуаттарыңыздың орнына жаңа толықтырушы оң қуаттар жинайды. Оның тепе-теңдікке келуіне зор әсер етеді.
Асыл тастың мұндай қасиетін Гиппократ та, ибн Сина да, әл-Бируни де, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы да, Ж. Баласағұн да, әл-Фараби де т.б. толық дәлелдеп берген. Десе де, асыл тастарды әсер ету қасиетіне қарай, сегіз түрлі сыныпқа бөледі. Бұлай бөлуде адамның жынысына, жасына, өңіне, психологиялық танымына, қоғамдағы роліне және материалдық жағдайлары мен басқа да ерекшеліктеріне сүйенсе керек.
Тастар адамның қуатын толықтырушы ғана емес, оны қорғаушы да. Асыл тастардың ішінде тіл мен көз сұғының кері әсерін қайтаратыны да кездеседі. Көптеген асыл тастар сыртқы ортамен шағылысқанда адамның денесінде жаңа резонансты толқынды биоөріс туғызады да, оның қалыпқа келуіне әсер етеді.
Асыл тастардың әсері кейде астрологиялық күнтізбеге де, туған жылға да, сондай-ақ планеталар мен асыл тастың өзара байланысына (мәселен Күн тасы, Ай тасы, Шолпан тасы, Жұлдыз тасы, Марс тасы, Юпитер тасы, Сатурн тасы және Нептун тасы) да байланысты екенін білген жөн. Кейбір тастар бір-бірімен энергия алмасатын қасиетке ие болуы ықтимал.
Тіпті жағдайы барлар жетінің әр күніне әр түрлі тастар тақса, адамның күш қуаты артып, ішкі-сыртқы қарсы теріс әсерге қорғаныс қабілеті молаяды екен.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Балалар Энциклопедиясы,II-том

2. Интернет желілері:

massaget.kz

www.juveros-shop.ru

www.kamni-minerali.lact.ru/

erkin.ucoz.kz/
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
0 ответов
0 голосов
1 ответ