Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
«ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ – ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІН ҚҰРУДЫҢ НЕГІЗІ. ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІНДЕГІ ХАНДЫҚ БИЛІК»
спросил от Surak_zhauap в категории Образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

4 Ответы

0 голосов

«ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ – ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІН ҚҰРУДЫҢ НЕГІЗІ. ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІНДЕГІ ХАНДЫҚ БИЛІК»

Абзалова Жайнар Аманкелдіқызы – 10 «Ә» сынып оқушысы

«Бүгінгі күнді түсініп-түйісну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін

де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек» Н.Ә.Назарбаев

Адамзат тарихын қоғам дамуына айтарлықтай ықпал еткен оның көрнекті тұлғаларынсыз көз алдыңа елестету мүмкін емес. Олар өздерінің алдарына қойған зор мақсаттарымен, ер жүректігімен, көреген-дігімен және талантымен жаңа жолға бастап, оқиға барысына басқаша бағыт береді, тарихи құбылыстар қарқынын тездетіп отырды. Қазақ қоғамының тарихында ерекше рөл атқарған осындай көрнекті өкілдер Шыңғысхан әулетінен шыққан сұлтандар, ал кейінірек Керей мен Жәнібек хандар болғаны сөзсіз. Бұл оқиғаға ерікті түрде ме, болмаса еріксіз бе, Әбілхайыр ханның да қатысуына тура келген. Қазақ хандығының құрылуына тікелей ықпал еткен осы қайраткерлер еді.

1457 жылдың күзінде Әбілқайыр хан Сығанақ түбінде қалмақтардан жеңілгеннен кейін, Керей мен Жәнібек сұлтандар қол астындағы ру-тайпалармен Шу өңіріне келіп қоныстанып, Қазақ хандығының негізін салады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» кітабында Қазақ хандығының құрылған жері -Шу бойы менҚозыбасы деп айтылады. 1458 жылдың көктеміндеКерейді ақ киізге көтеріп хан сайлайды. Әбілқайыр ханға наразы сұлтандар, әмірлер, ру-тайпа басылары Керей менЖәнібекке келіп қосылады. Аз уақыттың ішінде халықтың саны 200 мыңнан асып түседі. Қазақ хандығының құрылуы осыған дейін бүкіл Қазақстан аумағында болған әлеуметтік-экономикалық және этно саяси процестердің заңды қорытындысы еді.

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Бұрындық хан— 1480-1511 ж.ж. аралығындаҚазақ хандығындабилік құрғанКерей ханныңүш ұлының бірі. Бұрындық ханның қазақ тарихында аты жарқырап көрінген тұсы — XV ғасырдың 70-90 жылдары болды. Бұл жылдар қазақ хандығы үшін күшею, нығаю және қазақ халқының этникалық территориясын біріктіру жолындағы күрес дәуірі еді. Дәуірдегі ең басты оқиғаға көрсетілген жылдар ішіндегі Қазақ хандығының Сыр өңірі үшін Мауреннахрлық билеушілерімен, шайбанилық сұлтандармен және Моғолстан хандарымен жүргізген ұрыстары жатты.

Қасым хан (1445—1521) —қазақтың ұлы хандарынын бірі,Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі —Әз-Жәнібек ханның ортаншы баласы. 1511 жылы Қасым хан билікке қол жеткізгеннен кейін,Қазақ хандығы Қасым хандығы деп атала бастады. Қасым хан тұсында Қазақ хандығы саяси ықпалын күшейтіп, ірі және қуатты хандыққа айналды. Қасым хандығының аумағы батыстаСырдарияның оңтүстік жағалауларына дейін, оңтүстік-батысында Түркістан қалаларына дейін, оңтүстік-шығысындаЖетісудың солтүстік бөлігінің таулары мен таулы бөктерлеріне дейін созылып жатты. Қасым тұсында Қазақ хандығы халқының саны бір миллионнан асатын. «Қасқа жол» — деп аталатын заң, қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрып ережелері негізінде Қасым хан тұсында жасалған.

Момыш хан — (1521—1523) билік құрғанҚазақ хандығының билеушісі.

Тайыр хан — (1523—1533) билік құрғанҚазақ Ордасының билеушісі. Тахир хан ел билеуге қабілеті төмен, әскери-саяси және елшілік істерге олақ адам еді. Ол феодалдық қырқыстарды тия алмады, көрші елдердің көпшілігімен:Шайбани әулетімен,Ноғай ордасымен жәнеМоғолстан хандарымен де жауласты. Бұл соғыстарда қазақтар жеңіліп, Қазақ хандығы оңтүстіктегі және солтүстік-батыстағы жерінің біраз бөлігінен айырылып, оның ықпалы текЖетісуда ғана сақталып қалды. Тахир хан Жетісуға қашып барыпМоғолстан ханына қарсы қырғыздармен одақ жасасты.1527 жылдан кейін ол көбінесе қырғыздарды биледі, ойрат-жоңғарлардың Жетісуға жасаған шабуылына қарсы күресті. Мемлекеттік билік құлдырап, мемлекеттің шекара аумағы қысқара түсті.

Ханаралық дәуірі(1533 жыл —1538 жыл)

Ахмет хан — (1533—1535)Сырдария маңында билік құрған.. 1535 жылы Ахмет хан 15 ұлымен бірге Ноғай мырзасы Сейдақ бидің қолында болған.

Тоғым хан —Қазақ хандығындағы 1-азаматтық соғысы кезіңдегіқазақ ханы. Тоғым ханәз-Жәнібектің немересі,Жәдік Сұлтанныңұлы. Тоғым хан Қазақ ордасындағы берекесі кете бастаған билікті қалпына келтіруге күш салады. Жан-жақтан анталаған көршілерімен қорғаныс соғыстарын жүргізе отырып, елінің әскери қуатын арттыруға ұмтылады. Тайыр ханның тұсында Қазақ ордасына қарсы өзбек ханы Ұбайдолла мен моғол ханы Рәшид жорыққа шығады. Түбі бір түркілер өзбек-моғолдар мен қазақ-қырғыздың 1537 жылғы 27 шілдеде Ыстықкөлдің шығыс бетіндегі Сан-Таш деген жерде үлкен соғысы болады. Осы қиян-кескі ұрыста қазақ-қырғыз әскері түгел қырылады. Тоғым хан бастаған 37 сұлтан мен оның ержүрек тоғыз ұлы да осы соғыста қаза табады. Сан-Таштағы соғыс-Қазақ ордасы әскери тарихындағы ең қаралы оқиғалардың бірі. Тоғым ханның туған інісі Шығай ханның ұлы Еңсегей бойлы ер Есім хан қазақ-қырғыздың қаншама ержүрек жауынгерлері шейіт болған Сан-Таш аңғарында ұлан-асыр ас беріп, биік қорым үйгізген. Тоғым хан Қазақ ордасында 1533-1537 жылдар аралығында билік құрған.

Бұйдаш хан — қазақ хандарының бірі (1533 — 1538).Жәнібек ханның немересі, Әдік сұлтанның ұлы,Тайыр ханның інісі. Оның 20 — 30 мың адамдай әскері болған. Бұйдаш ханның билігі қырғыздардың бір бөлігіне де тараған.

Хақназар хан — (1538—1580) билік құрған.Қасым ханныңХанық сұлтан ханымнан туған баласы. Хақназар хан тұсындақазақ хандығы қайта бірігіп дами түсті. Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Ол ел басқару, қиын-қыстау, әскери-саяси істері жағында қажырлы да қабілетті қайраткер болды. Оның үстіне аса күрделі сыртқы жағдайларда дипломатиялық дарыны мол майталман екендігін көрсетті. Хақназар хан таққа отырған соң хандық үкіметтің билігін нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрынғыТахир хан жәнеБұйдаш хан тұсында бытыраңқы жағдайға түскенҚазақ хандығын қайта біріктірді.1523—1524 жылдары жарыққа шыққан қазақ-қырғыз одағын үздіксіз нығайтты, тіпті сол заманның тарихи деректерінде Хақназар хан «қазақтар мен қырғыздардың патшасы» деп аталды. Ол осы қазақ-қырғыз одағына сүйене отырып,Моғолстан хандарыныңЖетісуменЫстықкөл алабын жаулап алу әрекетіне тойтарыс берді. Хақназар хандық құрған дәуірде қазақ хандығының сыртқы жағдайында аса ірі тарихи оқиғалар орын алды. Бұл кезде батыста күшейе түскен орыс мемлекеті шығысқа қарай ірге кеңейтіп1552 жылыҚазан хандығын,1556 жылыАстрахан хандығын басып алды. Осы жағдайға байланысты,Еділ менЖайықарасында ұлан-байтақ өңірді мекендегенНоғай ордасы ыдырай бастады.

Шығай хан -Жәдік сұлтанның баласы,Жәнібек ханның немересі 1580-1582 жылдары хан болды. Ол бұл кезде сексен жаста болғанымен, қазақтардың ішінде беделді хан болды. Шығай хан қазақ хандығының сыртқы саясатындағыХақназар хан ұстаған бағытты жалғастырды.

Тәуекел хан[1] —1582-1598 жылдары билік құрғанҚазақ хандығының билеушісі. Тәуекел Орта Азияға жорығында тек қарулы күшке емес, Орта Азия халықтарының белгілі бір әлеуметтік топтарына сүйенді. Атап айтқанда, Тәуекел ханды дін иелері қолдады. Сонымен бірге Ескендір Мұңшы Тәуекел әскерінің құрамында «Түркістан тайпаларының және қырдағы өзбектердің» жауынгерлері болғанын айтады. Жалпы, Шайбани ұрпақтарының өзара қақтығыстарынан шаршаған Орта Азия халықтарының басым бөлігі Тәуекел ханды қолдады десек қателеспейміз. Өйткені Шайбани тармағынан тараған Жошы ұрпақтарының өзі Мәуераннахрда Шайбани әулетін қазақ хандарының әулетімен алмастыруға ниет білдірген. Өкінішке орай, Мәуераннахр қазақ хандарының қолына толығымен көшпеді. Сөйтсе де, Ташкент және оның аймағы 200 жыл бойы Қазақ хандығының құрамында болды. Түркістан қаласы Қазақ хандығының орталығына айналды.

Есім хан[1] — (1598—1628) билік құрған. Есім хан — Шығай ханның баласы, ол бұрын қазақ хандығының Түркістан қаласындағы хан ордасында тұрған.Қазақта "Қасым салған қасқа жол, Есім салған ескі жол" деген қанатты сөз ежелден бар. Керей мен Әз Жәнібек негізін қалаған Қазақ хандығы әуелде әлсіз, жаңа-жаңа қаз тұрып келе жатқан-ды. Қазіргі Қазақстанныңкүншығысында,Жетісуда дулаттар,жалайырлар,албан,суан,наймандар, тағы басқа рутайпалар құрған күшті мемлекетМоғолстанға келіп, жер сұрағанақордалық бауырларынаЕсенбұғахан Шу-Ӏле тауларының Қозыбасыға дейінгі жерін бөліп берген. Сол заманның көне көзіндей болып, күні бүгінге дейін атын жоғалтпай,Шу бойындаХан тауы, хандар құс салғанCұңқар шыңы алыстан мұнартып, қол бұлғап тұрғандай. Қаз-қаз басып, ту көтергенҚазақ хандығы жан-жағына алаңдай қарап, күн көруге мәжбүр болған. Шығысында Ойраттардан, батысындаӘмір-Темір әулеті билептұрғанСырдария мен Әмудария арасындағы күшті мемлекет Мауреннахрдан, солтүстігіндеСібір хандығынан қауіптенетін Моғолстанға қалқан, қорған тәрізді өмір кешті. Әсіресе, өздеріне кектеніп қалған хан Әбілхайыр әне-міне шабуылға шыға ма деген үрей бар.

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Есімұлы Жәнібек хан — (1628-1643) билеген. Жәнібек хан-Есім ханның екінші ұлы.Анасы Есім ханның сүйікті әйелі Ханша Айлин Ханым болды. Есім хан қайтыс болған соң, билік мұрагерлік жолмен оның үлкен ұлдарының бірі Жәнібектің қолына берілді. Алайда Жәнібек ханның жүргізген билігі туралы мәлімет жоқтың қасы. Бір анығы Жәнібек тағында берік отырмады. Үнемі ішкі феодалдық талас-тартыстар оны мазалап қоймады, оның үстіне жоңғар-ойраттардың шабуылдары көбейіп, Қазақ хандығы әлсіреді. Осының кесірінен халық наразы болып, сұлтандар арасында билік үшін талас басталды. Бұл таласты Жәнібектің туған інісі Жәңгір жеңіп, сұлтандарды тынышталдырып, халық қолдауына ие болды. Бірақ ағасын құрметтеп, билікті ресми түрде Жәнібектің атында қалдырды. Істеген ұлы істері болмай, інісінің көлеңкесінде қалып қойған Жәнібекті көпшілік мойындамады.

Салқам Жәңгір —(1643-1652) биллеген.Есімханның ұлы. Ол хан тағынаЕсімхан өлген соң 1643 жылы отырды. Жәңгір хан бойы аласа, бірақ толық денелі кісі болған. Сондықтан да халық оны "Салқам Жәңгір" атап кеткен. Оның тұсында Батыр қонтайшы басқарып отырған жоңғар-ойраттардың күшеюі байқалды. Олар Қазақ хандығына үздіксіз шабуыл жасап тұрды. Жәңгір ханның билік еткен жылдары жоңғар феодалдарының қазақ жерін жаулап алуға жасаған үздіксіз жорықтар кезеңіне сай келеді. Кейбір мәліметтерге сәйкес, Жәңгір ханның ордасы Түркістанға таяу маңда орналасыпты. Жәңгір хан Бұхар хандығыменодақтастық келісімге келіп, жоңғар басқыншыларына қарсы күрес жүргізді. Сонымен бірге, ол қырғыздармен де осындай қарым-қатынас орнатуға ұмтылды. Мұның бәрі жоңғар шабуылынан қорғану мақсатынан туып еді. Дәл осы кезеңде қазақ хандығы менойрат жоңғарлары арасындағы қарулы қақтығыстар жиілей түсті. Екі жақтың басшылары көшіп-қонуға жайлы жерлер жәнеСырдария өзені бойындағы сауда орталықтары үшін күрес жүргізді. Сол кезеңдегі тарихи мәліметтер бойынша, Жәңгір хан тұсындақазақтар мен ойрат жоңғарлары арасында үш ірі шайқас болған: бірінші шайқас — 1635 жылы екіншісі — 1643-1644 жылдары үшіншісі — 1652 жылы

Батыр хан — (1652-1680) билеген.

Жәңгірұлы Тәуке хан (1635-1715) –Қазақ хандығыныңханы,Салқам Жәңгір ханның баласы. Тәуке ханның аты тарихта «Жеті жарғы» заңдарымен де тығыз байланысты. Жеті жарғы көшпелілердің ел билеу заңы болып табылады. Оның негізгі баптарының мазмұны: қанға қан алу, яғни біреудің кісісі өлтірілсе, оған ердің құнын төлеу (ер адамға 1000 қой, әйелге 500); ұрлық, қарақшылық, зорлық-зомбылыққа өлім жазасы кесіледі, жазаны ердің құнын төлеу арқылы жеңілдетуге болады; денеге зақым келтірсе, оған сәйкес құн төленеді (бас бармақ 100 қой, шынашақ 20 қой); егер әйел ерін өлтірсе өлім жазасына кесіледі (егер ағайындары кешірім жасаса, құн төлеумен ғана құтылады, мұндай қылмысты екіқабат әйел жасаса жазадан босатылады); төре мен қожаның құны қарашадан 7 есе артық төленеді; егер ері әйелін өлтірсе, әйел құнын төлейді.

Қайып хан - (1715—1718) билік құрған. Қайып хан тұсындағыҚазақ хандығының сыртқы саяси жағдайы өте шиеленісті болды. Оған шығыстанжоңғарлар, батыстанқалмақ билеушілері қауіп төндіріп отырды. Осы жағдайға орай, өзіне одақтас іздеу Қайып ханның сыртқы саясатының басты орі шешуші саласына айналды.1716 ж.Тобылға жіберілген қазақ елшілері Б.Екешев пен Б.Бөриев Қайып ханныңРесей үкіметіментығыз қарым-қатынас жасауға жәнеЖоңғар хандығымен күресте қазақ-орыс әскери одағын құруға даяр екенін Сібір губернаторы М.П.Гагаринге хабарлады. Қайып хан тұсында Қазақ хандығы мен Ресейдің арасындағы саяси қарым-қатынастың жандануы екі жақтың Жоңғарияға қарсы күресте күш біріктіру мақсатына байланысты болды.

Болат хан (туған жылы белгісіз - 1723 жылы шамасы) (1718-1729) — билік құрған - қазақханы.Тәуке ханның баласы. Ұйымдастырушылық, қолбасшылық қабілетімен ерекшеленбеген Болат мұрагерлік жолмен хан сайланған.Болат билік еткен тұстаОрта жүз қазақтары бірнеше рет (1716,1717,1722,1723)ойраттардыңшапқыншылығына ұшырады. Болат жоңғар басқыншылары,башқұрттар менЕділ бойықалмақтарынакарсы қазақ жасақтарын ортақ күш етіп жұмылдыра алмады.

Әбілмәмбет хан (шамамен 1690 жылдың соңы — 1771, Түркістан) — хан.[1]Болат ханның үлкен ұлы,Тәуке ханның немересі.Әбілмәмбет хандық құрған тұста 18 ғасырдың 30-жылдарының соңы 40-жылдарының басында, Әбілқайыр ұлыЕралы сұлтан Орта жүздің басты рулық бірлестіктерінің бірі — керейлерге билік жүргізді. 1744 ж. Әбілмәмбет өзінің жақтастарымен Түркістан қаласына көшіп кетті. Орта жүзАбылайменБарақ сұлтандардың билігінде қалды. Әбілмәмбеттің үлкен ұлыӘбілпейіз Абылайды барынша қолдап, әкесінің соңынан ермеді. 1771 ж. әкесі қайтыс болғаннан кейін дәстүрлі құқынан өзі бас тартып, Абылайдыңхансайлануын қолдады. Әбілмәмбет халық тарихында, хандық билігін сарқа пайдалана алмаған қайраткер ретінде белгілі. Халық шежіресінде де Әбілмәмбет ел үдесінен шыға алмаған “ақсүйек” ретінде сипатталған.[4]


ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Абылай хан (шын есімі Әбілмансұр) —1771—1781 жылдар аралығында билік құрғанҚазақ хандығының 18-ші ханы. Абылай дарынды хан, аса ірі қайраткер, қолбасшы болды. Әбілмәмбет ханның тірі кезінде қазақ халқы оны өзінің қорғаушысы, көсемі санады. Ол патша өкіметінің губернаторларының ыңғайына жүрмеді. Елінің еркіндігін, бостандығын қорғай білді.Абылай сұлтан өзінің ақылды, сабырлы мінезі мен адамгершілігінің арқасында тек бір орда емес, үш орданың сыйлы ханы атанды. 1771 жылы Әбілмәмбет хан өлгеннен кейін, Түркістанда Абылайды Орта жүздің ханы етіп сайлады. Бір жылдан кейін 1772 жылы вице-канцлер М.Л. Воронцовтың жарлығымен Абылайға арналып Есіл өзеніне таяу жерде Жаңғызтөбеге ағаш үй салынды.

Кенесары Қасымұлы – мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, қазақ халқының 1837 – 1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі,Қазақ хандығының соңғыханы (1841 – 1847). КенесарыШыңғыс ханның 27-ұрпағы,Абылай ханныңнемересі. Үш жүздің қазақтарының біріккен ұлт-азаттық қозғалысы Ресейді қатты алаңдатты.1843 жылы шілденің 27І Николай империя құрамындағы қазақ хандығына қарсы ең көлемді әскери қозғалыстарға рұқсат беретін басқа мемлекет болмауы тиіс деген қағазға қол қойды. Бір кезеңде патша әскерлерімен және ымыраға келмес сұлтандармен күрес жүргізген Кенесары1843—44 жж. біраз жеңістерге қол жеткізсе де, шегінуге мәжбүр болды. Шегіне келе Кенесарықырғыз жеріне шекараласҰлы жүздің аумағына орналасты. Ханның келесі бағыты қырғыз халқын орыс отаршылдығына қарсы ортақ күреске көтеру болды, алайда ол манаптар тарапынан күшті тойтарысқа тап болды. КенесарыТоқмақ маңындағы екі жақтың күші тең емес шайқаста қаза болды. Кенесары сіңірген тарихи еңбегі — ол қазақ халқының салт-дәстүрін сақтай отырып, оны бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күреске жұмылдырды. Кенесары ханның саясаты және идеологиясы ұлттың даму жолындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталды.

1991 ж.желтоқсанның 1-інде тұңғыш ретҚазақстан РеспубликасыПрезидентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,78 %) жеңіске жетті.1991жылдың16 желтоқсан күніКСРО-ның ыдырауына байланысты өз егемендігін жариялады және халықаралық қауымдастық тарапынан тәуелсіз мемлекет ретінде мойындалды.1992жылдың2наурызынан бастапБҰҰ-ның толыққанды мүшесі. Сонымен қатарЕуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына,Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымына,ШанхайЫнтымақтастық Ұйымына жәнеЕуразиялық Экономикалық Қауымдастығы сияқты басқа да бірнешехалықаралық ұйымдардың құрамына кіреді.

2016 жыл – барлық қазақстандықтар үшін елеулі жыл. Еліміз тәуелсіздігінің 25 жылдығына қадам басты. Тәуелсіздік жылдары ішінде көптеген табыстарға қол жеткіздік. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бес институционалдық реформанының 100 нақты қадамның орындалуы, Мәңгілік Ел жалпы ұлттық патриоттық идеясының жүзеге асырылуы - отыз ұлттың бірі болуға, қазақстандық арманымызға қол жеткізуге нақты әрі сенімді қадамдар жасайтын кезеңге жеткізеді. Біздің қасиетті де қастерлі Мәңгілік еліміздің жолында, қазақстандықтарды алда әлі де көптеген жаңа табыстар мен жетістіктер күтуде.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Көркемсуретті Қазақстан тарихы Екінші бөлім (57-бет)

2.https://kk.wikipedia.org/wiki
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
0 ответов