Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ИСАТАЙ АУДАНЫ АҚҚЫСТАУ ОРТА МЕКТЕБІ

Қойшекен Светлана Жақсығұлқызы

Атырау облысы Исатай ауданы

Жалы білім беретін Аққыстау орта мектебі

«ЖАҢА СИПАТТАҒЫ – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» ғылыми практикалық конференция

Мақсаты:Егемен Қазақстан жастарының жарқын болашағын кеңінен насихаттау, ұлттық өнер құдіретін жандандыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау, өскелең ұрпақтардың әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасау, оқушыларды өзінің туған өлкесінің тарихын, мәдениетін, тарихын сүюге баулу, нұрлы жолдағы ұлттық мәдениеттің қалыптасуына жағдай жасай отырып патриаттық тәрбие беру.

Көрнекілігі: сахнаны безендіру, буклеттер

Барысы:

1-жүргізуші:

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен дарынды шәкірттер!

Бүгінгі өткізгелі отырған шара Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесіне орай Егемен Қазақстан жастарының жарқын болашағын азаматтық идея негізінде ұйымдастырылып отырған

«ЖАҢА СИПАТТАҒЫ – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН»тақырыбындағы ғылыми практикалық конференцияға қош келдіңіздер!

(Мемлекеттік Гимн орындалады)

2- жүргізуші:

Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де, «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю – бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу оны көздің қарашығындай сақтау өз үлесіңді қосып дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп табыстау деген сөз. Барша қазақстандықтардың мақсатының түпкі мәні – осы.

Қаржауова Жадыраның «Тәуелсіздікті жырлаймын мен өлең қып» өзі жанынан шығарған өлеңін тыңдасақ

Қайсар батыр ұл-қызымыз қазақтың,

Бастарынан өткізген талай азп күн,

Жер деп, ел деп жанын берген жолында,

Құрбан болған жас жүрегім жастарым.

Қазақ елі, Тәуелсіздік жасасын,

Жанын берген жастарыңның

Ақ үміті ақталсын,

Желтоқсанның қорқынышты ызғары,

Мәңгі келмес жерге барып тапталсын.

Қазақстан болашағы жастарым,

Е, Аллам өзің жамандықтан сақтағың,

Таныт мына кең дала дарқан жеріңді,

Тәуелсіздік тойлана берсін мәңгілік,

Қанаты бар аппақ құстай сәйгүлік,

Жастарға сеніп тапсырған мына даласын,

Мағжан бабам дұрыс берген батасын.

Тәуелсіздік мәңгі, мәңгі жасасын!

Қаланар әлі сенің биік жартасың,

Құрбан болған жастарыңның есімі,

Алтынменен әр санада қапталсын.

Республикам тәуелсіздік жайнасын,

Қайрат ағам рух беріп бізді қолдасын,

Жанып, лаулап мәңгі тұрғай алауың,

Әрбір балаң сені аялап қолдасын.

1-жүргізуші:

«Мәңгілік Ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Түркі жұртының мұраты – Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекетіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін – Елдің бірлігі.

2- жүргізуші:

2015 жыл –ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы болды. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциясының 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өттік. Осынау тарихи белестер Жаңа қазақстандық патриотизмді ұрпақ жадында сіңіру үшін «2015 жыл – Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы» деп жарияланды.

1-жүргізуші:

Тұрақты дамудың қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойы және халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін табысты етіп өткізейік! Егемен еліміз 16-желтоқсанда салтанатты жағдайда Ұлттық мереке –Тәуелсіздік мереке күнін атап өтеді. Қазақстан халқы өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік сахнаға көтерілді. Республикамыздың осындай биіктерді бағындыруына барлық адамдар үлес қосып келеді. Ұрпақтарының ырысы ортаймасын, намысы тапталмасын деп көксеген ата-бабамыздың арманы орындалған осы шақта баршаңызға бақыт, денсаулық, береке тілейміз. Еліміздің ертеңі жолындағы еңбегіміз жана берсін! Мереке құтты болсын

(Слайд көрсетіледі)

Сөз кезегі тарих пәні мұғалімі Светлана Жақсығұлқызына беріледі.

2- жүргізуші:

«Жаңа сипаттағы –Жаңа Қазақстан» мектепішілік ғылыми практикалық конференциясының бағдарламасы.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы