Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Қазақстанның әлеуметтік жетістіктері

Келісім-шарт бойынша жұмыс істейтін тұлғалар және тіркелген жеке кәсіпкерлер, яғни заңды жұмыспен қамтылған халық міндетті әлеуметтік сақтандырудың әлеуетті қатысушылары болып табылады. Қазақстан тәуелсіздігі жылдарында жұмыспен қамтылудың құрылымы мен деңгейі әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыстың ықпалында болған экономикалық жағдайға тікелей байланысты болды. Жүргізілген әлеуметтік-экономикалық реформалардың нәтижесінде жұмыс­сыздық деңгейі 2010 жылы 5,8%-ға төмендеді.

Қолданысқа енгізілген сәттен бастап өткен алты жыл ішінде міндетті әлеуметтік сақтандыру тәуелсіз Қазақстандағы қазіргі заманғы халықтыәлеуметтік қорғау жүйесінің маңызды және ажырамас бөлігі бола білді.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры қызметінің стратегиялық бағыттары міндетті әлеуметтік сақтандырудың тұрақтылығына жетудегі мемлекеттік мақсаттар үшін теңдестірілген шараларды жүргізуге және әлеуметтік сақтандырудың жалпыға белгілі әлемдік базалық принциптерін ескере отырып, қолданылатын ресурстардың тиімділігін арттыруға бағытталған.

9

Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру ассоциациясының зерттеулері экономиканың кезеңдік дамуы кезіндегі әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің қаншалықты маңызды екендігін дәлелдеп, оның мықты жақтарын, сонымен қатар жекелеген жетіспеушіліктерін де анықтап берді. Әлемдегі жұмыссыздықтың өсуі салықтық базаның қысқаруына әсер етіп, жәрдемақыларды төлеуге қосымша шығындарды қажет етті.

Кейінгі жылдары әлемнің көптеген елдерінде әлеуметтік шығындар қысқаруда, ал Қазақстанда керісінше, әлеуметтік шығындар үнемі ұлғайтылып келеді. Президент Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылдардағы жолдауларына сәйкес бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақылары, әлеуметтік және зейнетақы төлемдері өсті. Осылайша, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі дағдарыстың әлеуметтік-экономикалық салдарларымен күрестің маңызды құралы және экономикалық құлдырау кезеңіндегі тұрақтандыру тетігі ретінде пайдаланылды.

Бүгінде, әлемдегі барлық халықтың материалдық әл-ауқатына, әсіресе, экономикалық өсіміне қауіп төндіретін жаһандық қаржылық дағдарыс кезіндегі адамзаттың тұрақты дамуындағы әлеуметтік қамсыздандырудың рөліне ешкім де күмән келтіре алмайды.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдаулары аясында қабылданған әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар масылдықты болдырмайтын, ең алдымен атаулылыққа және тиімділікке негізделген халықтың әл-ауқатын жақсартуға және елдегі әлеуметтік тұрақтылықты

нығайтуға, әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіруге бағытталған.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ