Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылып бастауы.

Қазақстан елінің қысқаша тарихына үнелсек, 1992 жылы Н.Ә. Назарбаевтің

«Қазақстанның егемен мемлекет ретіндегі қалыптасуы мен дамуының стратегиясы еңбегі жарияланды. Бұл еңбектің маңызы:

-Тәуелсіздік жолына түсудегі басты бағыттар көрсетілді.

-Ел дамуының түбегейлі концепциясы алғаш рет анықталды.

5

Ішкі және сыртқы саясат саласындағы, ұлттық қуіпсіздік жөніндегі міндеттер

сараланды.

-Қазақ халқының тарихи миссиясына тоқталып, жергілікті ұлт мүддесі ерекше ескерілетіні қажеттігі айтылды.

«Ұлт өзінің мемлекеттігінсіз ұлт болып өмір сүре алмақ емес…

Біздің мемлекетімізде тұрғылықты ұлттың-қазақтардың мүдделері жекелеген мәселелерде ерекше атап айтылатыны әбден орынды, мұның өзі мемлекеттердің бірқатарында тап, осылай етіледі де», деп атап көрсетті Н.Ә.Назарбаев. Республиканың Туын, Елтанбасын және Гимнін қабылдауы.

1991жылдың соңында егемендігін жариялаған Қазақстан өз мемлекеттігін құ-рудың жолына түсті, мемлекеттік тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 1992 жылғы қаңтарда оның ішкі істер әскері құрылды.

Бүкілхалықтық талқылаудан кейін 1992 жылғы маусымда Жоғарғы

Қеңестің сессиясы Республиканың жаңа мемлекеттік Туын мен Елтаңбасын бекітті. Ту авторы-суретші ШәкенНиязбеков, Елтанба авторлары-сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов. 1992 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасы мемлекеттік Әнұранның мәтіні бекітілді. Мәтінін жазғандар- Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдагалиев, Жадыра Дарибаева. Әуенін жазғандар- Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский, Латиф Хамиди (1944 ж. нұсқасы сақталды).

1993 жылғы қантардың 28-інде Қазақстан Республикасының тұңғыш Кон-

ституциясы қабылданды. Негізгі Заң 4 бөлімнен, 21 тараудан, 131 баптан тұрды. Оның Құрамдас бөлімі еліміздің қоғамдық даму ерекшелігін бейнелейтін өтпелі кезең жадайларына арналған тарау.

ТМД-ның кейбір елдерінде КСРО мемлекеттік банкі мен Россия банкісі-

нің 1961-1992 жылға банкнот айналымының тоқталуына байланысты, Қазақстанға осы банкноттардың заңсыз түрде енгізілуі күрт жоғарылады. Оның

салдары: елдегі барлық қаржы жүйесі құлдырады, ақша құнсызданды, тұрғындардың тұрмыстық деңгейі төмендеді. Осы себептерден Қазақстан

6

өзінінің ұлтық валютасын енгізуге шешім қабылдады. 1993 жылғы 5 қарашада «Ақша жүйесін тұрақтандыру жөнінідегі шұғыл шаралар туралы» Президент жарлығы шықты.

1995 жылғы 1 наурызда мемлекет басшысы жанындағы қоғамдық консуль-

тациялық-кеңесші орган-Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Мақсаты: қоғамдық тұрақтылықпен ұлтаралық татулықты нығайту.

1995 жылғы 24 наурызда Қазақстан халықтары Ассамблеясы (ҚХА) сессиясы ашылды. Онда қаралған мәселер: Президент Н.Ә. Назарбаевтің өкілеттігін 2000 жылға дейін ұзарту мақсатынында бүкілхалықтық референдум өткізу туралы мерзімі 1996 жылдың желтоқсанында аяқталатын еді.

1995 жылы 29 сәуірде Президент Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігін 2000 жыл-

дың 1 желтоқсанына дейін ұзарту жөнінде бүкілхалықтық референдум өткізілді. Сайлаушылардың 95,4%-ы Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттілігін ұзартуды қолдады. Бұдан кейін әкімшілік-басқару аппаратын қысқарту және құрылымдық оңтайландыру жөнінде батыл шаралар қолданылды. Орталық үкімет қайта құрылып сан жағынан ықшамдалды, жерлікті жердегі басқару құрылымдары қысқартылды. Нәтижесінде 1997 жылы министрліктер мен ведомстволар 50-ден 25-ке азайды. Әкімшілік ауданның 220-ның 30-ға жуығы таратылды. Әкімшілік облыстар 19-ден 14-ке кеміді. 1997 жылы 22 сәуірде Торғай, Талдықорған облыстары таратылды. 1997 жылы 3 мамырда Көкшетау, Жезқазған, Семей облыстары таратылды. Қазаргі кезеңде Қазақстанда 14 облыс бар.

1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды. Бұл

негізгі Заңымызда республиканың экономиқалық қүш-қуаты мен мүмкіндіктері ғылыми тұрғыдан тиянақталып, халықтың әлеуметтік топтарына тиісті мәселелерді шешу ескерілді.

1996ж. Алматыда тәуелсіздік ескерткіші ашылды.

1997ж. Елорда Астанаға көшірілді. «Қазақстан 2030» жолдауы шықты.

2011 жыл 6-қаңтар.Қазақстан-1 Қысқы Азия ойындарының қожайыны.

7

2012-2015 жылдарында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялайды.Дәстүрлі Жолдау Қазақ- станның елдегі жағдайы мен ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарына арналады.

2015жылы мерекелі күндерге толы жыл болды. Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Қазақстан Конституциясының 20 жылдығы, сонымен қатар Ұлы Жеңістің 70 жылдығықамтылды. Қазақ Хандығының құрылуына 550 жыл.

2015 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстанның үшінші ғарышкері Айдын

Айымбетовғарышқа самғады.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов
0 голосов
2 ответов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз
0 голосов
1 ответ