Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25

жылдығына аяқ басады. Мыңжылдықтар тоғысында бабалар аңсары шындыққа айналып, 1991 жылы тәуелсіз мемлекетіміз құрылды.

1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының тәуел-

сіздігі туралы Конституциялық заң қабылданған болатын, бұл қоғамның, адам құқықтары мен бостандықтарының, меншіктің, саяси плюрализмнің және билік бөлінуінің негізгі қағидаларын бейнелейтін құқықтық, саяси және идеологиялық құжат.

Биылғы жыл еліміздің өз Тәуелсіздігінің 25 жылында жеткен жетістік-

теріне қорытынды жасайтын жыл. Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда халықаралық стандарттарға сәйкес келетін көп деңгейлі әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі құрылды. Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі базалық мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандырудың, міндетті әлеуметтік сақтандырудың, жинақтаушы зейнетақымен қамтамасыз етудің және әлеуметтік көмектің өзара үйлесімін қарастырады. Әлеуметтік қамсыздандыру деңгейі ел дамуының әрбір кезеңінде оның экономикалық және қаржылық мүмкіндіктерімен айқындалып отырады.

Табысты жүргізілген қайта құрулар Қазақстан Республикасының Пре-

зиденті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың айқындап берген Қазақстанды дамытудың стратегиялық курсын нақты түрде іске асырды. Бүгінгі күні мемлекеттің әлеуметтік бағдарланған саясатына сәйкес, еліміз шикізаттық бағыттан арылып, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспарын жүзеге асыруда.

Тәуелсіздік алған 25 жыл – бұл қазақстандық қоғамның алға жаңа мақ-

саттар қойып, өз мүмкіндіктері деңгейін сезінген, жаңа міндеттерді шешу үшін топтасқан мезгілі.

1

Еліміздегі мемлекеттік саясаттың басты басымдықтары адам капиталын

дамыту, халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыру болып табылады. Осы мақсатта жүзеге асырылып отырған әлеуметтік бағдарламалар ең алдымен жұмыс

орнын сақтауға, табыс деңгейін арттыруға, халықтың аса әлсіз бөлігін әлеуметтік қорғауға бағытталған.

Халықаралық зерттеулер нәтижелері әлеуметтік сақтандырулар және

басқа да әлеуметтік қамсыздандырудың жалпыға бірдей жүйелері кедейлікпен күресудің, еңбек өнімділігін арттырудың, тұтастай елдегі әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды құралы болып табылатынын көрсетті. Дамыған елдердің тәжірибелері еңбекшілерді және барлық халықты әлеуметтік қорғаудың базалық элементі ретінде теңдестірілген әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру жү­йелерінің болуы елдің еңбек ресурстарын нығайтып, экономикалық өсімнің ұлттық әлеуетін күшейтетінін көрсетіп отыр.

Әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделінің ерекшелігі құқықтық қа-

тынастар субъектілері мүдделерінің – қызметкерлер мен жұмыс берушілердің жеке жауапкершілігінің, олардың өзара ынтымақты көмегінің үйлесімділігі болып табылады.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов