Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы,

Қармақшы аграрлы-техникалық колледжі,

Оспанова Жадыра Тоқтамысқызы ,

ІІ санатты өндірістік оқыту шебері

Автомобильдер еліміздің тасымал кешенінде маңызды орын алады. Миллиондаған мекеме, ұйым, фирма, компания, ферма-кооператив ұжымдық клиенттерді халық шаруашылығында ретті атқарып және еліміздің халқына тынымсыз қызмет етеді. Жыл сайын автомобиль көлігімен халық шаруашылығында 80%-дан астам жүк тасылатын болса, тасымалдың көпшілік пайдаланымында 75%-дан астам жолаушы тасымалданады.

Автомобильдермен тасымалдау жұмыстарын атқару үшін, олардың техникалық жағдайлары белгілі бір талаптарға сәйкес келуі керек. Керісінше болса, онда автомобильдерді пайдалану мүмкін болмайды. Бұл талап, әсіресеоның басқару жүйелеріне ерекше қойылады,. себебі, ол жол жүру қаупін тудырады. Автокөлік белгілі бір уақыт жұмыс атқарғаннан кейін, оның механизмдері мен бөлшектері тозады, алғашқы өзара әсерлесіп жұмыс істейтін жағдайлары өзгереді, соның салдарынан оларға түсетін күштер көбейеді, үйкелістен тозуы жылдамдайды. Сөйтіп тозған бөлшектің сыныуына алып келіп соқтырады, механизмдері істен шығады. Мұндай жағдай басқару жүйесінде кездесетін болса, онда автомобиль апатқа ұшырауы мүмкін. Мысалы, жүріс бағытын басқаратын рульдік басқару жүйесінің істен шығуы, автомобильдің жүріс жолынан шығып кетуіне душар етеді немесе тежеу жүйесінің істен шығуы, автомобильдің басқарусыз жүруін тудырады. Сондықтанда автомобильдің басқару жүйесіне техникалық қызмет көрсету деп оның техникалық жағдайын, қажет болса, сағат сайын қадағалап тұруды айтуға болады. Жалпы машинаға техникалық күтім жасау деп оған жасалатын негізгі жұмыстардың, яғни жуып-тазалау, бекітулерін тексеру, тиісті механизмдерде реттеу және майлау жұмыстары сияқты жұмыстар жиынтығын айтады. Бұл жұмыстардың негізгі мақсаты-механизмдердегі ақауды болдырмай, олардың сенімділігін арттыру, бөлшектердің тозығын азайтып, олардың да қызмет мерзімін арттыру болып табылады. Соның салдарынан машина ұзақ уақыт сенімді жұмыс атқарады. Машинаға жүргізілетін техникалық күтімді, оның екі түрлі көрсеткішімен бағалауға болады: біріншісі машинаның сенімділігі болса, екіншісі оның қызмет ету мерзімі болып табылады. Машинаның сенімділігі деп оның белгілі бір уақыт аралығында істен шықпай өз қызметін атқару болып табылады, яғни машина немесе механизмнің сенімділігі оның істен шығу мөлшерімен анықталады. ал, қызмет ету мерзімі деп, оған техникалық күтім жасай отырып, қызмет еткен мерзімін айтады. Яғни, машинаның, механизмнің, бөлшектердің тозығы көбінесе оларға көрсетілген техникалық қызмет сапасымен анықталады. Мысалы, оларға жүргізілген реттеу, тазалау, майлау жұмыстары сапалы жүргізілсе, олар неғұрлым ұзақ қызмет етеді. Машина бөлшектерінің тозығына көптеген факторлар әсер етеді, атап айтқанда бөлшек жасалған материалының химиялық, физикалық қасиеттері, үйкелетін беттерінің сапасы, түсетін күштер, қозғалыс жылдамдығы, температурасы, майлану тәсілі мен қолданылатын жағармай сапасы сияқты факторлар. Қаншалықты бұл факторлардың әсерін азайтқанмен, міндетті түрде бөлшектер тозығы болады. Сондықтанда олардың түрлерін білген жөн. Бөлшектердің тозығын негізінен үш түрге бөлуге болады: 1-қайралып тозу, 2-тапталып тозу, 3-үгітіліп тозу. Қайралып тозу дегеніміз үйкелетін беттергетозудан пайда болған ұсақ бөлшектер түседі де қайрақ әсері сияқты сол үйкелетін беттерді тоздырады. Мұндай ұсақ бөлшектер үйкелетін беттерге сырттан да түсуі мүмкін. Бұл процесс автомобильдің басқару жүйесінің механизмдерінде өте көп кездеседі. Мысалы рульдік басқару механизмдегі тартқыштардың топсалары, тежеу механизміндегі үйкелетін ашық беттеріне сырттан шаң, тозаң түсіп, оларды қайралу тозығына душар етеді.

Тапталып тозу дегеніміз бөлшектерге өзіне тиісті күштен артық түскен күштен оның беті тапталып қалады да, үйкелетін беттердің аралығындағы саңлау артып кетеді, яғни алғашқы геометриялық мөлшерлері өзгереді. Бұл процесс, механизмнің қалыпты жұмысын бұзады. Мұндай жағдайда автомобильдің басқару жүйесінде жиі кездеседі.

Үгітіліп тозу дегеніміз бөлшек тозығының соңғы дәрежесі, яғни алғашқы екі түрлі тозудың салдарынан үйкеліс беттерінің шыңдалған, өңделген қабаты жойылып, оның астындағы жұмсақ бет үгітіле бастайды. Мұндай үйкеліс кезінде машина механизмі қызмет атқара алмайды. Ол бөлшектің істен шығуына душар етеді. Рульдік басқару механизмде червяктің, роликтің тістері жұқарады, подшибниктері тозады, тартқыш басындағы топсаларда саңылау көбейеді. Осылардың әсерінен рульдік дөңгелектегі бос жүріс пен бұрауға қажетті күш артады. Тежеу механизмдерінде көбінесе барабан мен колодка тозады. Соның салдарынан олардың аралығындағы саңылау артады да тежеуге қажетті уақытты арттырады, немесе тежеу тиімділігін нашарлатады. Енді төменде осындай тозу себептері қарастырылады. Автомобильдің басқару жүйесіндегі бөлшектер өте жайсыз жағдайларда жұмыс атқарады. Олар тікелей жол жағдайындағы қолайсыз жағдайлармен жанасады, яғни шаң-тозаң, лас шалшық сулар, әртүрлі температура тағы сол сияқты көптеген жағдайлар. Осы жағдайлар басқару жүйесіндегі бөлшектерді мықтап қадағалап отыруға мәжбір етеді. Енді кездесетін себептерді қарастыралық. Конструкциялық себептердің тозуға әсері ерекше болады. Егер механизмнің бөлшектері сырттағы кездесетін табиғи жағдайлардан қоршалмаса, онда оларға жоғарыдаайтылған шаң-тозаңдар түсіп, қайрақты тозуға душар етеді, шалшық лас сулар әрі қайрақты тоздырса, әрі металлдарды тотықтандырып тоздырады, температураның өзгерістері металлдың қасиеттерін өзгертіп отырады. Сондықтанда, автомобильдің әсіресе басқару жүйесіндегі бөлшектердің конструкциясы осы көрсетілген жағдайларға олар душар болмайтындай етіліп жасалуға тиіс.


ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Автомобильдің басқару жүйесіндегі бөлшектердің конструкциясын осы сырттағы жағдайларға бейімдеп жасайды. Мысалы, рульдік тартқыш басындағы топсалар, тағы сол сияқты ашық қозғалатын тораптар арнаулы резина қаптармен қапталып, шаң, су жібермейтін тығыздағыштармен жабдықтап мұқият жасалады. Күнделікті немесе мезгілді техникалық күтім жасау кезінде сол бөлшектердің қаптары жыртылмай, бүтін екендігін тексеріп отырады, мезгіл-мезгіл жағармаймен толтырып қойған жөн болады. Бөлшектің жасалған материалы мен сапасының тозуға тигізетін әсері де үлкен болады. Бөлшек жасалған материалдың тозуға төзімділігі оның қасиетімен жасалу технологиясына тікелей байланысты. Егер бөлшек жұмсақ материалдан, жылулық және механикалық өңдеулерден сапасыз өтетін болса, онда ондайбөлшектерді қаншалықты қорғағанмен, тозуы өте тез болады. Себебі, ол беті тегіс болғандықтан механикалық тозуға душар болады, ал жұмсақтығынан тапталып тозуына тура келеді. сондықтанда ондай бөлшектерді тиісті қатты болаттан, шынықтырып, беттерін мұқият майдалап өңдейді. Кейбір жағдайларда, арнаулы жұмсақ материалдар, яғни платмассадан жасалған астарлар қолданылады. Бұл жағдайда, ол тозған астарларды техникалық күтім кезінде алмастырып отырғандықтан, негізгі қымбат тұратын бөлшек көп тозбайды. Осындай тәсілді көбінесе рульдік тартқыш бастарындағы топсаларда көп қолданады. Материалдың осындай қасиеттерін тежеуіш механизмдерде де қолданады. Мысалы қымбат тұратын тежеуіш барабаны немесе дискісі тез тозып кетпеу үшін, тежеуіш үшін қолданылатын үйкелістік материалды таңдап алу қажет. Себебі: ондай үйкелістік материалдардың қаттылығы әртүрлі болады. Егер оларды автомобиль жасаушының ұсынысы бойынша көрсетілген материалды қолданбаған жағдайда, тежеуіш барабаны немесе дискісі тез тозып кетеді.

Жағармай сапасының басқару жүйесіндегі бөлшектер тозуына ерекше әсер етеді. Онда қолданылатын жағармайлар, үйкеліс беттеріндегі кедергіні ғана азайтып қоймай, оның үстіне сол беттерді шаң-тозаңнан, лас судан қорғап тұруға тиіс. Ол үшін олардың жұққыштығы мен тұтқырлығы жоғары болуы керек. Әрі осы қасиеттері сыртқы температурасының өзгерісіне төзімді болуға тиіс. Сондықтанда осы басқару жүйесіндегі қолданылатын майларды да жоғарыдағы талаптарға сай келетін етіп қабылдайды. Олардың түрлерімен техникалық қасиеттері, автомобильді майлау картасында көрсетіледі. Автомобильдің эксплуатациялық жағдайларыда оның тозуына көп әсер етеді. Осындай эксплуатациялық жағдайлардың негізгілеріне ауа-райының климаттық жағдайын, жел бетінің сапасын, автомобильді пайдалану режимін және автомобильді жүргізу тәсілдерін жатқызуға болады. Ауа-райының өзгерісі, басқару жүйесіндегі бөлшектердің тозуына әсер етуі мүмкін. Себебі температура өзгергенде ондағы қолданылатын жағармайлардың қасиеті өзгереді, алған әсерінен коррозиялық тозу болады тағы сол сияқты. Сондықтанда автомобильге көбінесе мезгілдік техникалық күтім жасалады, яғни көктемде және күзде. Жол бетінің сапасы, әсіресе, автомобильдің басқару жүйесіне көп әсерін тигізеді. Егер жол беті тегіс болмаса, онда басқару дөңгелегі күрделі тербеліс жасайды. Ал, ол тербелістер рульдік басқару механизміне беріледі. Соның салдарынан барлық қозғалатын топсалар артық үйкеліске душар болғандықтан тез тозады. Оның үстіне, ондай жолмен жүргенде тежеу жүйесі әдеттегіден екі-үш есе жиі қолданылады да, оның да тез тозуына душар етеді.

Автомобильді пайдалану мен жүргізу тәсілдері де көбінесе жол жағдайына байланысты болады. Мысалы жол бетінің сапасына қарамай, автомобильді өте көп жүкпен тиеп, жоғары жылдамдықпен жүргізетін болса, әрине оның бөлшектерінің тек тозуын ғана арттырып қоймайды, оған қосымша сындыруы да мүмкін. Сондықтанда автомобильді пайдалану кезінде осы жағдайлар тұтас есепке алынуға тиіс және техникалық күтім жүргізу үшін бұл көрсеткіштер негізгі болып қабылдануға тиіс. Автомобильдің ақаусыз, сенімді қызмет атқаруы оған жүргізілген техникалық күтімнің сапасына тікелей тәуелді болады. Егер техникалық күтім сапасы жүргізілетін болса, онда бөлшектердің тозығы тез жүреді де, олардың істен шығуына себепші болады. Енді сол техникалық күтім сапасының кейбір көрсеткіштерінің әсеріне байланысты машина бөлшектерінің бүлінуін қарап көрелік. Автомобильге техникалық күтім жасау кезінде, міндетті түрде бөлшектер бекітулерінің беріктігі тексеріледі. Ал ол бекітулер, машина жүріс ұзақтығына өзгереді. Бекітулердің көп босап кетуі 1000-2500 км жол жүрген кезде кездеседі екен, яғни автомобиль алғаш жаңа күнінде немесе жөндеу немесе техникалық күтім жасау кезіндемеханизмдерді бөлшектегеннен кейін осы жол жүріс мезгілінде міндетті түрде техникалық күтім жүргізіп, бекітулерді қайтадан тексеру қажет екен. Ал техникалық күтім сапасыз жүргізілетін болса, онда ондай босаулар ерте болуы мүмкін және ол жол апатына ұшыратуы мүмкін. Сонымен техникалық күтудің, тек бұл көрсетілген бекіту жұмыстары ғана емес, басқа да реттеу, майлау, тазалау сияқты жұмыстар да өте үлкен әсерін тигізеді. Ендеше автомобиль көліктеріне техникалық күтім жүргізудің ерекше мәні бар. Автомобильдің басқару жүйесіне жүргізілетін техникалық күтім сапасына ерекше назар аудару керек.
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы