Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

ҚОРҚЫТ АТА КЕШЕНІН МАГНИТ ӨРІСІ АРҚЫЛЫ ЖАРЫҚТАНДЫРУ

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы,

Қармақшы аграрлы-техникалық колледжі,

Алиева Гүлнұр Аскаровна ,

өндірістік оқыту шебері

Қорқыт Ата ескерткіші– сәулет өнерінің айрықша үлгісі. Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кентінен 18 км жерде, Қорқыт станциясының түбінде (1980). Авторлары – Б.Ә. Ыбыраев, С.И. Исатаев. Қорқыт Ата ескерткіші темір бетоннан жасалған биіктігі 8 метр, 4 тік стеладан тұрады. Әрбір стела әр тарапқа қаратып тұрғызылған құлпытастарға ұқсайды. Жоғары жағы кеңейе келіп, шөміш пішінінде түйісетін стелалар қобыз бейнесін де меңзейді. Түйісер түбіндегі орталық тесігінде 40 металл түтік бар. Олар жел соққан кезде қобыз сарынымен үндес дыбыс шығарады. Аңыздарда айтылғандай, Қорқыт ата мазарында соққан желге үн қосатын қобыз қойылған. Қорқыт Ата ескерткішінің ішкі жағы мәңгілік өмір сырын іздеген Қорқыт атаның киелі желмаясының шартарапқа жол тартқан ізін ишаралайтын «Түйе табан» өрнегімен безендірілген. Әрбір стеланың үшкілдене біткен төбесі күмбезге ұқсатылып, ерекше сәулеткерлік композиция шешім тапқан. 1997 жылы ескерткішті қалпына келтіру, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Амфитеатр, қонақ үйі, т.б. нысандардан тұратын тұтас архитектуралық ансамбль жасалып, мемориалдық кешенге айналды. 2000 жылы кешен жанынан мұражай ашылды. Оның қорында 700-ге жуық экспонат сақталуда. Мұражай экспозициясында Қорқыт өмір сүрген дәуірдің тарихы мен мәдениеті жайлы мәліметтер беретін материалдар қамтылған.

«Елбасының тапсырмасымен Қызылорда облысының аумағындағы «Қорқыт ата» мәдени кешенi қайта жаңғыртылды. Қазiр «Қорқыт ата» кешенiн ЮНЕСКО-ның ерекше қорғалатын мәдени мұраларының тiзiмiне енгiзу мақсатында жұмыстар жүргiзiлiп жатыр. Бүгiнгi күнi «Қорқыт ата» кешенi ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесiне қатысатын нысандардың қатарына енгiзiлді.

Еліміз қуатты мемлекет ретінде қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналу жолында талай белестерді бағындырып келеді. Осы қысқа ғана уақыт ішінде әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс-шараларды өткізу дәрежесіне жеттік. Осыған дәлел алдағы уақытта өтетін халықаралық көремесінің Қазақстан жерінде Астана қаласында өтетіндігі. ЭКСПО-2017 көрмесі «Болашақ энергиясы» тақырыбында ұсынылып отыр. Аталған тақырып кездейсоқ алынып отырған жоқ. Қазақстан табиғи байлықтың мол қорына ие, дегенмен шикізат көзіне айналып отырған бұл байлықтарымыз түбінде бір түгесілетіні анық, демек, жастар еліміздің болашағын ойлауға, оған үлес қосуға, көркейтуге міндетті. Сондықтан да тұрақты энергияны, баламалы энергетиканы пайдалану және табиғи ресурстарды сақтау басым бағыттарымыздың бірі болу керек.

Қызылорда облысы аумағынан ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің нысандар тізіміне Байқоңыр қаласымен бірге Қорқыт Ата кешеніде енді. Демек, көрме қарсаңында осы екі нысанды көруге келушілер қатары күрт артары сөзсіз. Айта кету керек, Қорқыт Ата зиярат ету кешені өткен жылдың соңында ғана пайдалануға берілген. Онда туристерге барлық жағдай жасалған.

Қорқыт Ата кешенін магнит өрісі арқылы жарықтандыру жобасын жасаудағы мақсат – электр энергиясын үнемдеу. Электр энергиясын үнемдеу магнит өрісінен электр энергиясын алудың мақсаты, басқа баламалы энергия көздеріне қарағанда (жел, су, күн) ол тұрақты түрде тоқтаусыз электр энергиясын береді.

Жұмыс жасау принципі:

Біріншіден, генератордың білігіне қолданыста жүрген DVD дискіні орнатамыз. Дискі диаметрі 120 мм, қалыңдығы 1,2 мм. Дискінің бетіне жалпы саны 8 дана магнитті желім арқылы жапсырамыз. Дискінің келесі бетіне 8 ұяшық жасап, 8 подщипник дөңгелекшелерін қоямыз. Магнит жапсырылған дискі қосымша механизм арқылы магнит көмегімен генератор айналымға енеді. Генератор айналымы үздіксіз қозғалыста болуы үшін подщипник дөңгелекшелері қозғалыста болады. Жалпы жүргізілген тәжірибе негізінде ток көзі өндіріледі.

Қазақстан табиғи байлықтың мол қорына ие, дегенмен шикізат көзіне айналып отырған бұл байлықтарымыз түбінде бір түгесілетіні анық, демек біз жастар еліміздің болашағын ойлауға, оған үлес қосуға, көркейтуге міндеттіміз. Сондықтанда тұрақты энергияны, баламалы энергияны пайдалану және табиғи ресурстарды сақтау басым бағыттарымыздың бірі. Магнит өрісі арқылы жарықтандырудың экономикалық тиімділігі көп шығынды қажет етпейді. Экологиялық жағынан таза қоршаған ортаға ешқандай зиянды қалдық газдар бөлінбейді.

Макеттің көлемі: 1,0х70 см

Пайдаланылған материалдар: Пвх, түрлі-түсті жапсырма, желім

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов