Жауап.кз вопросы и ответы

0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

3 Ответы

0 голосов
Балқаш қаласы,

«ССейфуллин атындағы

№7мектеп-гимназиясы» КММ

Балабатырова Гулнур Жанғазықызы

Пәні: биология

Сыныбы: 8 сынып.
Сабақтың тақырыбы: «Канайналым мүшелері» (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ағзаның ішкі орта мүшелерін еске түсіре отырып, қанайналым жүйесі мүшелерімен танысу, оның ішінде жүрек, қантамырлар және олардың құрлысы, қызметтерімен танысу.
Тәрбиелік: өздігінен ізденімпаздық, білімділік, еңбексүйгіштік, адамгершілік дағдыларын тәрбиелей отырып, салауатты өмір салтын ұстану, өз ойын айта отырып, өзгені де тыңдай білуге, алған білімін өмірге қолдана білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: жаңа материалды қабылдай отырып, ойлау, есте сақтау, қайта жаңғырту қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдісі: жаңа сабақты түсіндіру, тест сұрақтары, көрнекіліктер көрсету, өзіндік жұмыс.
Көрнекілігі: «Жүректің құрылысы», «Қан тамырларының типтері», «Қанайналым» деген кестелер, жүректің құрастырмалы үлгісі, суреттер, ғалымдардың портреттері, электронды оқулықтан үзінділер, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:
І – Ұйымдастыру.
ІІ – Үй тапсырмасын тексеру.
«Жылдам және дұрыс» сұрақ - жауап.
1. Қан ағзада қандай қызмет атқарады?
2. Фагоцитоз қандай құбылыс, «фагоцит» қандай жасушаға жатады?
3. Иммунитет дегеніміз не?
4. Қан топтары.
Қан топтары
Оның қанын қабылдайтын топтар
Оған қанын беретін топтар
І топ
ІІ топ
ІІІ топ
ІV топ
5. Лимфоциттер қандай қызмет атқарады?
6. Қанайналым дегеніміз не?
7. Эволюция барысында омыртқалы жануарлардың ішінен, балықтардан сүтқоректілерге дейін,
жүректің құрылысы қалай өзгерген?
8. Тромбоциттер мен қанның ұю үдерісі.
9. Мына суретте нені көріп тұрсыңдар?
10. ЖИТС - тен қалай сақтануға болады?

ІІІ – Жаңа тақырып.

1.Жүректің құрылысы,жұмысы.

2.Қантамырлар және олардың түрлері.

ересек адамда салмағы 250-300г,іші қуыс бұлшықетті мүше

Жүректің құрылысы төрт қуысты:2 жүрекшеден,2 қарыншадан тұрады

қабырғасы 3 қабаттан-эпикард,миокард,эндокард

оң жақ жүрекше мен оң жақ қарыншаның арасында үшжақтаулы,

сол жағында қос жақтаулы қақпақшалар орналасқан.

Жүректің жұмысы-бірін-бірі ырғақты түрде алмастырып отыратын жүрек цикылынан тұрады.Жүректің әр соғуы 3 кезеңнен тұрады:

1)жүрекшенің жиырылуы (0,1 сек)

2)қарыншаның жиырылуы (0,3 сек)

3)жүректің босаңсуы (0,4 сек)

Жүректің бір рет соғуына барлығы 0,8 сек уақыт кетеді.Ересек адамда жүрек қалыпты жағдайда минутына 70-75 рет соғады.

Қан тамырлар түрлері:
Артерия (қызылтамыр)

Қанды жүректен мүшелерге ұлпаларға тарататын қантамырлар тобы.
Капиллярлар (қылтамыр)
Барлық мүшелерді торлайды, қан баяу аққандықтан қабырғалары арқылы ұлпаларға
оңай өтеді

Вена
(көктамыр)
Мүшелер мен ұлпалардан көмірқышқыл газына, зат алмасу өнімдеріне, гормондарға қаныққан қанды жүрекке тасымалдайды

Тұжырымдау
Жүрек төрт қуысты,кеуде қуысының сол жаңында орналасқан
Жүрекшелер мен қарыншалар жақтаулы қақпақшамен өзара байланысты болады.
Сол жақ қарынша мен қолқа, оң жақ қарынша мен өкпе артериясы шегінде айшық тәрізді қақпақшалар болады.
Жүрек қабырғасы 3 қабаттан тұрады: эпикард, миокард, эндокард.
Қан тамырлар: артериялар, веналар, капиллярлар.

Жүрек – қан тамыры жүйесі ауруларынан қаупін тудыратын факторлар.

1. Жүйке жүйесінің зорығуы.

2. Аз қимылдау.

3. Дұрыс тамақтанбағанда.

4. Алкоголь және никотиннің әсері.

5. Гигиеналық талаптарды сақтамағанда.

Алдын алу шаралары:

1. Жеке бас гигиенасын, күн тәртібін сақтау.

2. Тиімді тамақтану.

3. Зиянды әдеттерден аулақ болу.

4. Денені шынықтыру.
ІV – Бекіту.
І. Жүректің құрылысын атап беріңдер.
ІІ. Жүрек немен қапталған? Жүрек қабынан бөлінетін сұйықтықтың қандай маңызы бар?
ІІІ. Терминдермен жұмыс.
1. _______________ қанайналым жүйесінің орталық мүшесі.
2. Жүректің қабырғасы ___________________ тұрады.
3. Жүректен қанды әкететін қантамырлар ___________ деп аталады.
4. Ең ірі артерия қантамыры - ______________ деп аталады.
5. ______________ қабырғалары жақсы жетілген.
6. Жүрекшелерден қарыншаларға қанның өтуін ___________ реттейді.
7. Қанның артериядан қарыншаға кері өтуіне кедергі______________ жасайды.
8. Жүректегі_____________ қанды тек бір бағытта өткізеді.
9. Жүректегі қақпақшалар_________________ қабатынан түзілген.
10. Жүректің қалың бұлшықетті қабаты____________ деп аталады.

Жауабы:
1. Жүрек - қанайналым жүйесінің орталық мүшесі.
2. Жүректің қабырғасы 3 қабаттан тұрады.
3. Жүректен қанды әкететін қантамырлар артериялар деп аталады.
4. Ең ірі артерия қантамыры - аорта деп аталады.
5. Сол жақ қарыншаның қабырғалары жақсы жетілген.
6. Жүрекшелерден қарыншаларға қанның өтуін жақтаулы қақпақшалар реттейді.
7. Қанның артериядан қарыншаға кері өтуіне айшық қақпақшалар кедергі жасайды.
8. Жүректегі қақпақшалар қанды тек бір бағытта өткізеді.
9. Жүректегі қақпақшалар эндокард қабатынан түзілген.
10. Жүректің қалың бұлшықетті қабаты миокард деп аталады.
ответил от Surak_zhauap
0 голосов

4. Сәйкестендіру тесті:
Сұрақтар
Дұрыс жауаптар
Кілт сөздер
1. Қанды мүшелерден жүрекке тасымалдайды
2. Қан қысымы шамалы
3. Дененің барлық мүшелеріне таралады
4. Қан қысымы жоғары
5. Адам шашынан 50 есе жіңішке
6. Қантамырларының қабырғасы қалың әрі серпімді
7. Қоректік заттар, оттек, көмірқышқыл газы оңай өтеді
8. Ұсақ майда қантамырлар
9. Қақпақшалар қайда пайда болады?
10. Көпшілігі тереңде бұлшықеттердің арасында жатады
А) артериялар
Ә) веналар
Б) қылтамырлар

V. Қорытындылау.
Сынақ.
1. ІІ топтағы қанды құюға болады:
а) тек І топқа;
в) І, ІІ топтарға;
с) ІІ, ІІІ топтарға;
д) ІІІ, ІV топраға;
е) І, ІVтоптарға.
2. Артерия қан тамыры:
а) тек қана артерия қанын жеткізеді;
в) тек қана вена қанын жеткізеді;
с) қанды мүшелерден жүрекке жеткізеді
д) жүректен шығатын қанды мүшелерге жеткізеді.
3. Эритроциттың бұзылуы жүреді:
а) көк бауырда;
в) сүйектің қызыл кемігінде;
с) лимфа түйіндерінде;
д) ұйқы бездерінде;
е) сүйектің сары кемігінде.
4. Бұл дәруменнің жетіспеуінен қаназдық кезінде оттегінің гемоглобинмен байланысы төмендейді:
а) В3;
в) В2;
с) В6;
д) В12;
е) С.
5. Лейкоциттердің негізгі қызметі:
а) қоректік;
в) тыныс алу;
с) тасымалдау;
д) қан ұюға қатысу;
е) қорғаныш.

Анықтаманы және сызба нұсқаны толтыр.

............................................................................

Жүрек –қан тамырлары жүйесінің гигиенасы

Жүрек –қан тамырлары жүйесінің гигиенасы дегеніміз –бұл



............................................................................

...........................................................................

............................................................................

............................................................................

............................................................................


«Сен білесің бе.»
Бұл бөлімде ғалымдар, қанды зерттеуде қандай үлес қосқанын айту керек.
Мечников Илья Ильич (1845 - 1916) – орыс биолог, эмбриолог және иммунолог.
Уильям Гарвей (1578 - 1657), ағылшын дәрігер, физиолог, эмбриолог.
Антони ван Левенгук – голландиялық ғылыми микроскопияның негізін қалаған жаратылыс зерттеуші.
Марчелло Мальпиги (Marcello Malpighi)(1628 - 1694) –итальян дәрігері, биолог және анатом.
Ландштейнер Карл (Landsteiner) (1868 - 1943) - атақты австриялық иммунолог.


«Құпия сандар»
Мына сандардың мағнасын аш..
90 % Қандағы судың мөлшері
300 г Жүректің салмағы
120 күн Эритроциттердің тіршілік ету ұзақтығы.
0, 9 % NaCI қандағы мөлшері
4, 5 - 5 млн 1ммі эритроциттер саны
6 - 9мың/мм3 Лейкоциттер саны
5 литр Ағзадағы қан мөлшері

«Деңгейлі тапсырма»
ІІІ – деңгей.
Қанайналым мен қан жүйесін зерттейтін ғылым саласы қалай аталады?
Қантамырлар неше топқа бөлінеді?

ІІ – деңгей.
Жүрекше мен қарыншаның бұлшықет қабаттарының ерекшеліктері қандай?
Жүректе қандай қабаттар бар? Әрқайсысын толық сипаттаңдар.

І – деңгей.
1.Қалыпты жағдайда жүрек 1минут ішінде орта есеппен 5 л қанды тамырларға айдаса, 1 сағатта және 1 тәулікте қанша мөлшерде қан айдайды
2.1минут ішінде денедегі қан жүрек арқылы екі рет өтеді. Сонда тәулігіне қанша рет өтеді?
3. Қалыпты жағдайда жүрек орта есеппен 1минутта 70рет жиырылып - кеңейетін болса, 1тәулікте қанша рет соғады?

Жауаптар:
1. 60Ч5=300 рет, яғни1сағ. 300рет. 300ретЧ24сағ. =7200литр, яғни 1тәулікте 7200литр қан айдайды.
2. 60минЧ2=120рет, яғни 1сағ - 120рет
120Ч24=2880рет, яғни 1тәулікте - 2880рет
3.: 60Ч70=4200рет, яғни1сағ.=4200рет 4200Ч24сағ.=100800рет, яғни 1тәулікте – 100800рет

«Есіңде сақта»
Жүрек – жалқаулықты, енжарлықты сүймейтін мүше. Күнделікті ой еңбегімен шұғылдану барысында үзіліс жасап, дене еңбегімен, спортпен, үй шаруасымен шұғылданып отырса, адамның еңбек ету қабілеті артып, өзін сергек сезінетін болады. Қазіргі күні дәлелдер бойынша адамның ақылдығы оның қимыл әрекетімен түсіндіріледі. Қозғалыс болмаған жағдайда қан айналу жүйесінің жұмысы бұзылады. Ал қанайналу ағзаны қанмен оттек, энергия, глюкоза, т. б. Заттармен қамтамасыз етеді. Қан айналу жүйесі шынығуды қажет етеді. Денсаулықты бұзылғаннан кейін емес, бұзылмай тұрып ойлау керек.

Денсаулық дегеніміз не




VI – Үйге тапсырма:Жүрек-қантамырлар жүйесінің аурулары.
Жүрек құрылысының суретін салу.
VII – Бағалау.

ответил от Surak_zhauap
0 голосов
<a href=http://ctc-kuzbass.ru/partner-news/27779> тут </a>|
ответил от ElenaMassagelep

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов