Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Сарсекова Айгуль Кусмановна

тарих пәні мұғалімі

№26 жалпы орта білім беретін мектеп

Шығыс Қазақстан облысы,

Семей қаласы.

Тақырыбы: « Қазақстандықтардың бірлігі мемлекеттің дамуының басты кепілі».

Мақсаты:

1.Қазақстан халқын ұлы істер жолында жұмылдырып,ортақ игілікке бірге ұмтылдырудың жетістігі – татулық пен бірлік екенін көрсету.

2. Сыныптағы оқушылардың қазақстандықтардың бірлігі

мен татулығын бағалауда позитивтік көзқарасын қалыптастыру

процессін қолдану және толеранттықа баулу.

3.Оқушылардың қоғамдағы орнын,айналасындағы адамдармен

араласу кезінде туындайтын мәселелерді анықтап,одан шығу

жолдарын іздестіруге үйрету.

Сабақтың түрі: Толеранттық сабақ.

Көрнекілігі: Тақырыптық слайдтар.Карточкалар,маркер,плакат,скотч.

Қатысушылар: 9 «А» «Ә»-10 «А» «Ә»-11 «А» «Ә» сынып оқушылары

Барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру.

Мұғалім сөзі: Биыл елімізде қасиетті қазақ жерін татулықтың тал бесігі етіп,бейбітшілікке бөлеген Қазақстан халқы Ассамблеясы кәмелетке толды.

Ассамблея өзінің өміршеңдігін көрсетіп,біздің бейбіт қоғамның ажырамас бөлігіне айналды. Елдіктің өлшемі,тұрақтылықтың тұтқасы болды.

Бүгінде олар тегі басқа болғаны мен, теңдігі бір, қаны бөлек болғанымен, жаны бір,арманы ортақ біртұтас халыққа айналды.

Туған елдің туының астында бірігіп,туған жердің тұғырын биік етуге бел шешкен азаматтарды бір тағдыр күтеді. Осылай,елдігіміздің ертеңі ошақтың үш тағаны сияқты «бір халық- бір ел – бір тағдыр» деген үш сөзге сыйып тұр.Бірлігі берекелі,тірлігі мерекелі,ынтымағы жарасқан елдің ғана ырыс-несібесі мол болмақ.

Қазақстан басшысының осындай болмысын күллі әлем қауымдастығы біледі,таниды,мойындайды.Кезінде Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Силва «Жасампаздыққа, жаңа құрылысқа,жаңалыққа ұмтылған басшы үшін ешқандай кедергі жоқ.Әлем өз халқының игілігі үшін жасампаздыққа ұмтылған,өз халқының түйіткілдерінің түйінін тарқатудың ең басты тәсілі – туған елін бейбітшіліктің бесігінде тербету екенін ұғынатын Нұрсұлтан Назарбаев секілді көшбасшыларға мейлінше мұқтаж» деген болатын.

Қазақстан заманауи мемлекеттік құрылымын небәрі 22 жыл бұрын ғана қалыптастыра бастаған мемлекет.

Сондай-ақ,Қазақстанның келешегі – Қазақстан халқының тұтастығында,этностар бірлігінде.2012 жылы 6 қыркүйектегі Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан білім қоғамы жолында» атты дәрісінің өзекті мәселелерінің бірі де осыған арналған еді.Президент қазақстандық табыстың үш кілті туралы сөзін айта келе, Қазақстан дамуының бірінші жетістігі – ауызбірлік пен тұтастықта екенін қадап айтты.

« 140 этностың басын құрайтын барлық қазақстандықтардың бірлігі – бұл ғаламат құндылық...

Біз сіздермен бірге әлемнің түрлі түпкірлерінде саяси,ұлтаралық,діни жанжалдар болып жатқанын көріп отырмыз... Бүгін, XXI ғасырда біз «шын әлемде» өмір сүріп жатырмыз.Оны сақтай білу керек.

Біздің міндетіміз – оны қорғау,сақтау және байыту»,-деп ескертеді Елбасы.

Оқушылармен жұмыс.

Сұрақ қою: «Ынтымақтастық дегенді сендер қалай түсінесіңдер? Бұл сөз қандай мағына береді?»

Оқушылар берген барлық жауаптарды тыңдап,плакатка жазады.Барлық жауаптар жазылып біткеннен кейін оқушыларға өте ұнаған ойларға талдау жасау.

Сұрақтар:

- Бірігіп не істедіңдер?

- Қандай жағдайда?

- Нәтижесі қандай болды?

- Бірігіп жұмыс істеудің ұнаған жағы болды ма?Несі ұнамады?

- Өзгелермен жұмыс істегенде қиындықтар кездесті ме?

- Оларды қалай жеңуге болады?

- Өзің жалғыз атқаралатын жұмыс па?

Сұрақ: «Қазақстандықтардың бірлігі мемлекеттің дамуының басты кепілі».

дегенді өз ойларыңмен қалай жеткізер едіңдер.

(қарым қатынас әдептілігінің мағынасына толықтыра отырып жеткізейік)

- Сонымен,қатар бүгінгі «Адамдар арасындағы жеке тұлға» деген тақырып бойынша жұмыс жасап көрейік. Қазір мендегі жасыл,сары,көк,қызыл түстерді,әр сынып ұнаған түсті өздеріне алып,термин сөздердің мағынасын табады.

11 «А» сынып. Толеранттық- адамның өзгенің кемшіліктеріне,басқа діни көзқарасына,түсінігіне,нәсіліне қарамай қабылдау және оны өзгертуге ұмтылмау.

11 «Ә» сынып Эмпатия- адам өзін басқа біреудің орнына қоя біліп,оның жан – дүниесіні мен мәселесін сезіну.

10 «А» сынып Әдеп – адамдар арасында өзін ұстай білу тәртібі.

10 «Ә» сынып Сыйласымдылық – басқа адамды құрметтеу,бағалау.

Балалар,бүгінгі біздің сабағымызда қарым- қатынас әдептілігі,өзге ұлт өкілдерін құрметтеу,жеке тұлғаның тартымдылығы дегенді негізге ала отырып,екінші кезеңге көшейік.

2- кезең: «Ой,бәрекелді!» атты жаттығуын орындайық.

Бұл кезеңде сендер «Қазақстан – біздің өз жеріміз,біз өз жеріміздің перезентіміз », тақырыбы бойынша әр топтан бір оқушы өз ойын айтады. Бұған жауап ретінде қоршап тұрған топ әр айтылған сөзге «Ой,бәрекелді!»,-деп бірдей бас бармақтарын жоғары көтеріп, қол шапалақтап отырады.

Қорытынды:

3 – кезең: «Бірлік – баға жетпес басты байлығымыз» .

тақырыбында «Автордың орындығы» стратегиясы бойынша мақал –мәтелдерді қосып,оқушылар қорытынды сөз айтады.

Қолданылатын мақал –мәтелдер:

1.Ынтымақ- орман,жау ала алмас қорған.

2.Ынтымақ – ырыс қазығы.

3.Ынтымақ бұзылмас қорған.

4.Ынтымақты ел- сарқылмас көл.

Мұғалім: ( автордың орындығында отырып,қорытындылау)

Адамдардың бақытының бір бөлігі өзін қоршаған адамдармен жақсы тіл табыса алуынан тұрады.

Олай болатын болса,бүгінгі айтылғандардың барлығы Қазақстанның өзіндік бірегей саяси және экономикалық моделі бар,халықаралық қауымдастық тарапынан мойындалуға толығымен сай,табысты және ұлттық мемлекет ретінде қалыптасып үлгергенін дәлелдейді.

Сонау ата – бабамыздан қалған қасиетті,киелі жерді найзаның ұшымен қорғаса,бүгінгі көшбасшымыз сарабдал саясатымен,көреген көсемдігімен қорғап тұр.Кешегі «Қасым салған қасқа жол», «Есім салған ескі жол»,бүгінде нұрлы жолмен жалғасын табуда.

Біз көппіз және біз бәріміз – бір елміз бір халықпыз.Өз еліңе пайдалы болу,өз Отаныңның тағдыры үшін жауапты болу – әрбір қазақстандықтың борышы мен ар – ожданы.

Мұғалім сөзі:

Атақты Хангелді баласы Райымбекті 16 жасқа толғанда «сәлем беріп,батасын алып қайт» деп Төле биге жұмсапты.Төле биге сәлем беріп,елдің сәлем-сауқатын жеткізіп қонақ болған Райымбек аттанар сәтте дана қартқа сауалдар қойыпты: Райымбек : -Жер дегенім немене?- Ел дегенім немене? Жер сәні деген немене? Ел сәні деген не? Жерді не көтереді? Елді кім көтереді? Төле би : - Жер дегенім –тіршілік, ел дегенің қара халық,жер сәні ұшқан құс пен жүгірген аңы,аққан суы,жайқалған шалғыны,ну орманы. Ел мәні – өркендеп өскен ұлы мен қызы. Жер құты – қойнауындағы кені. Жерді су көтереді. Елді ер көтереді- деп жауап берген екен.

Осындай құндылықтардың арқасында біздің ортақ үйімізде бейбітшілік пен тыныштық сақталып отыр деп айтқым келеді.

- Қашанда еліміз бен жерімізде татулық пен бірлік болсын!

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ