Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

Дайындаған:

КМҚК «Балерке» балабақшасының әдіскері:Жумашева Айнур Жумашевна

Шығыс Қазақстан облысы,Көкпекті ауданы,Көкпекті ауылы

Білім беру саласы:қатынас,шығармашылық,таным

Білім беру бөлімі:тіл дамыту,жапсыру,экология

Ұ.о.і.ә. тақырыбы: Көктем келбеті
Ұ.о.і.ә. мақсаты: Көктем мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыруды , көктем мезгілі туралы балаларға білім беруді жалғастыру. Табиғаттағы құбылыстар, өсімдіктер мен жануарлардағы маусымдық өзгерістер, адамдардың көктемдегі пайдалы іс – әрекеттері туралы әңгімелеуге баулу. Табиғатты сүюге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: Көктем туралы ,құстардың суреттері және үлестірмелі суреттер,құстың, судың дауысы,ойындар атрибуттары, ноутбук, тақтайша,ермексаз, желім,бояулар,сүлгі,әуен

Билингвальды компонент:көктем-весна,құс-птица,жаңбыр-дождь

Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Әуен арқылы балалар топқа кіреді,шаттық шеңберін құрады:

Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы таң, апайлар!
Қайырлы күн, балалар!

Мен сендерге мынадай жұмбақ – өлең жолдарын оқимын, сендер мұқият тыңдаңдар.
Ақ қар еріп, су көбейіп,
Сай – салаға толады.
Ағаш басы бүршік шашып,
Гүл, бәйшешек толады.
Бөбектерім айтыңдаршы.
Бұл қай кезде болады? – деп ойлайсыңдар.
– Неге көктем деп ойлайсыңдар?
– Көктемде неше ай бар?
– Көктем қай айдан басталады?
– Көктем мезгілінің қыс мезгілінен қандай ерекшелігі бар?
-тағы да қандай?

-көктем мезгілінің кереметін көргілерің келеме?(көздеріңді жұмып,2 рет айналып барып көздеріңді ашыңдар)

Әуен арқылы балалар топқа кіреді, шаттық шеңберін құрады:

Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы таң, апайлар!
Қайырлы күн, балалар!

-көктем мезгілінде болады.

– Көктемде жерде қар ериді.

– Көктемде үш ай бар.

- наурыз айынан басталады.

– Ағаштар бүршік жарады,құрт- құмырсқа тіріледі.

-күн жылынады.

-иә,көргіміз келеді.(көздерін жұмады)


ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Ұйымдастыру-шылық-ізденістік

-ой,балалар біз қайда келдік?

(құстың,судың дауысы естіледі)

-балабақша ауласына келдік

-Бұл ненің дауысы?

-Тақтаға көктем туралы сурет іліп, сол туралы әңгіме құрату.

Көктемді орысша қалай айтамыз?

-Тағы қандай жыл мезгілін білеміз?

Ойын: «Жақсы – жаман»
Мақсаты: жаман әдеттен аулақ болуға, көргенін ажыратып, әңгімелей білуге үйрету.
Ойын барысы:
1. Ағаштың бұтағын сындыру –
2. Ағаштағы құстың ұясын бұзу –
3. Құстарға ұя жасау –
4. Гүлдерге су құю –
5. Ағаш бұтағындағы құсты рогаткамен ату –

6. Далада өсіп тұрған гүлдерді жұлып, бүлдіру –

Дидактикалық ойын: «Жоғалған суреттер».

Мақсаты: танымдық –тілдік қабілеттерін дамыту,әңгімелей білуге баулу .

Дидактикалық ойын. «Орныңды тап».
Мақсаты:айтылған сөзді есте сақтай білуге баулу.

Шарты:Әр суреттің алдына дәл тұру
Көктем
Жаз –
Аспан –

Жер –
Ағаш –

-Мында нені байқадыңдар?

-Құс туралы мәлімет айтып береді:

Ең алғаш ұшып келетін құс ұзақ, қарғадан сәл кішілеу, егер ұзақ ұясын биікке салса жаз жылы, шуақты болады, ал егер де төменге салса онда жаз салқын, жаңбырлы болады деп болжайды.

-Тырна көктемде ұшып келген кезде ауыл қариялары егін егуге уақыт болды деп болжайды, ұзын аяқты біз тұмсықты ірі құстардың бірі, ұсақ жәндіктермен, өсімдіктермен қоректенеді.

Тәрбиеші:

-Балалар құстардың тұмсықтары бірдей болмайды. Жәндіктермен қоректенетіндердің тұмсығы біз сияқты үшкір болады. Дәндермен қоректенетіндердің тұмсығы қысқа және жалпақтау (қалақ) тәріздес, доғал және қысқа (торғайда), жалпақ және ұзын (үйректе), жыртқыш құстардың тұмсығы етті жұлып жеу немесе тістеп тасуға қолайлы имек өткір болады (үкі, бүркіт)

Сергіту сәті:

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп-өніп толамыз.

Көкке қолды созамыз,

Құстай қанат қағамыз.

Қарлығаш боп ұшамыз,

1-2-3 жаттығуды жасаймыз.

-Құстар туралы кім қандай тақпақ біледі?

-Құсты орысша қалай айтамыз?

Құстарға ұя жасап берейік:

1топ: қағазды желімдеу арқылы қараторғайға ұя жасайды.

2топ: ермексаздан қарлығаштың ұясын әдемілеп жасайды.

-Құстардың табиғатқа қандай пайдасы бар?

-Қандай тыйым сөздер білеміз?

-Біз оларды қорғауымыз керек,оларда ауырады.Олар азайып барады. Табиғаттағы әрнәрсенің артығы жоқ, бәрі керек.

-Қандай жаңылтпаш білеміз?



-Құстардың тағы қандай түрлері болады?

-Ал біз айтқан құстар қандай құстар?

-сонымен көктемнің кереметі не екен?

-Дұрыс айтасыңдар, «көктемнің бір жылға азық »деген мақалды білемізбе?

-қайтадан көзімізді жұмып,2рет айналып көзімізді ашайық:

-жан-жақтарына қарайды.

-құстардың,судың дауысы

- Тақтадағы көктем туралы суретке қарап,әңгіме құрайды.

-Көктемді орысша весна дейміз

-Жаз,күз,қыс мезгілдерін білеміз

-жақсы-жаман сөздерін дұрыс қолданып айтады:

-жаман

-жаман.

-жақсы.

-жақсы.

- жаман


-жаман

Сәйкес суреттерді тауып қояды да ,қысқаша әңгімелейді.

– жаңбыр

-күн шықты

- бұлт
-шөп

-жапырақ

-Құстар суреттерін атап, мекен ететін ортасына орналастырады.

-Балалар құстардың тұмсықтарын тауып сызық арқылы қосады.

-балалар тыңдайды.

Балалар қимыл-қозғалыс арқылы жасайды.

-Құстар туралы білетін тақпақтарын айтады.

-құсты орысша птица дейміз

1топ: қағазды желімдеу арқылы қараторғайға ұя жасайды.

2топ: ермексаздан қарлығаштың ұясын әдемілеп жасайды.

Құстарды өз ұяларына орналастырады.

- Құстар табиғаттағы зиянды

құрт-құмырсқаларды жояды.

-Құстың ұясын бұзуға болмайды!

-құсты таспен атуға болмайды!

-Жұмыртқасын сындыруға болмайды?

-қарға,қарға,қарғалар

Қар үстінде жорғалар

-Үш құс ұшып келді,

Ұшқыш ұшып кетті.

-Үй құстары,дала құстары болады.

-Аула құстары

-әдемі табиғат

-көңілді құстардың дауысы

-ашық аспан

Мақалды қайталайды .

-топқа келдік.

Рефлексивті-

түзетушілік

-біз бүгін нені әңгімеледік? Тағы..

Д/Ойын: «Өз үйіңді тап»

Мақсаты:жылдамдыққа тәрбиелеу. Қорытындылау.

Әдемі гүлдерді таңдайды:

Қызылды-жасыл гүлдер сабақ ұнады деген балаларға,ал сары гүлдер аздап ұнады деген балаларға.

Мадақтау

-Көктем туралы

-құстар туралы,кереметтер туралы

-әркім өз үйін шатастырмай ойнайды.

Қызылды-жасыл гүлдер сабақ ұнады деген балалар,ал сары гүлдер аздап ұнады деген балалар таңдайды.

Қуанады

Күтілетін нәтиже:

Біледі:сұрақтарға еркін жауап бере білуді, өз пікірін,ойын айтуды, көргендерін жауап беру кезінде пайдаланады

Игереді: Суретке қарап әңгімелеп, өз іс -тәжірибесімен байланыстыруды;

Меңгереді:жақсы нәрсені үйреніп, жамандыққа жақындамау керектігін біледі.


ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
5 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов