Сабақтың қорытындысы
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру
Түрлі-түсті геометриялық фигуралардан үйшік құрастыр. Қандай фигура түрлерін қолдандың? Оларды ата және сана.
Тақтаға киіз үйдің және лашықтың суреттерін іліңіз. Оқушылар әр үйшікке тиісті сөздер жазылған үлестірме парақшаларды орналастыруы тиіс. Олар үш тілдегі мағынасы бір сөздерді тауып, орналастырады. Тірек сөздерге осы тақырып бойынша басқа сөздерді де қосуға болады. Мысалы,
үстел – стол – table кілем – ковер – carpet
теледидар – телевизор – television гүлдер – цветы – flowers.
Пәнаралық байланыс
Қосымша тапсырмалар
Жаратылыстану. Оқушылардан үйлерінде қандай өсімдіктердің бар екенін сұраңыз. Сынып бөлмесінде тұрған өсімдіктерге назар аудартыңыз. Оқушылардың бөлме өсімдіктерінің маңызы туралы білімін тексеріңіз.
АКТ. Оқушылардан интернеттен әлемнің ең ерекше үйлерін табуды сұраңыз: ұлу қабыршағы тәрізді үй, автомобиль сипатындағы үй, ойық үй және т.б. Қабілеті жоғары оқушылар өздерінің ерекше үйлерін ойлап тауып, ауызша сипаттап беруіне болады.
Өнер. Жұмыс дәптеріндегі тапсырма картографиялық қызмет дағдыларын дамыта түседі.Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша білімдерін бекітеді.
Оқушыларға «Дүкенде» рөлдік ойынын ойнауды ұсыныңыз. Олар сатушы және сатып алушы рөлдерінде ойнасын. Бағалау критериі: дүкенде өзін дұрыс ұстай білу дағдысының қалыптасуы (тауарды дұрыс сатып алу, сатушымен дұрыс есеп айырысу). Алдын ала қағаз ақшалар жайындап қойып, есептесу дағдыларын үйретуге болады.
Сен не білдің?
Сұрақтарға жауап бер
• Достық дегеніміз не?
• Кімді нағыз дос деуге болады?
• Отбасы дегеніміз не?
• Қандай отбасылық дәстүрлер бар?
• Үйдің қандай түрлері болады?
• «Үйдегі жайлылық» ұғымы нені білдіреді?
Бағалау
Оқушылар
– үйлердің көптеген түрлері болатынын;
– қазақтардың дәстүрлі баспанасы – киіз үй екенін;
– үй ішіндегі жайлылық туралы;
– үй мекенжайын дұрыс жазу реті туралы білді;
Оқушылар
– ертедегі және қазіргі үй түрлерін салыстыруды;
– өз бөлмесін сипаттауды;
– өз бөлмесінің сұлбасын сызуды үйренді.
Оқушыларға сөйлемдерді толықтыруға тапсырма
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.
2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.
2: Рефлексия.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?