Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Ақмола облысы Целиноград ауданы

Қызылсуат ауылы №39 негізгі мектеп

Ашық сабақ

2-сынып

Пәні: Әдебиеттік оқу

Тақырыбы: Ей, Астана!

Мұғалім: Балкубаева Г.О.

Тақырыбы: Ей, Астана!

Мақсаты: Отанымыздың белгілі жерлері туралы мағлұматтар беруді жалғастыру. Бас қаламыздың мән-мағынасын түсінуге жол салу. Өлеңдегі

Сөздерге мән бере отырып, қаланың сипаты арқылы оның идеялық маңызын ашу.

Оқушының таным көкжиегін кеңейту, айтылған мәселе төңірегінде қызығушылығын тудыру арқылы өз бетімен жұмыс жасау дағдарысын дамыту.

Отанын,туған жерін сүюге,оны тани білуге , құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі; Суреттер,маркер плокат,тақта, бор ,карта.

Сабақтың барысы:

1.Психологиялық дайындық
Айналаға алақанмен,
Жылулықты шашайық.
Сәттілік тілеп, күлімсіреп,
Біз сабақты бастайық.
Сынып оқушыларын топқа бөлу.Оқушылар түрлі-түсті қағаздан қиылған пішіндерді бөліп алады.Алған пішіндеріне қарай топқа бөлініп отырады.

ІІ қызығушылықты ояту

- Балалар, біз қандай бөлім оқып бастадық?

- Туған жеріміз қалай аталады ?

Әр топқа бір-бір сұрақтан қойып,жауабын тыңдау.

1 топ: Отан жайында не білесіндер?

2 топ: Туған жердің табиғаты қандай?

3 топ: Отанымыздың байлығы туралы не білесіңдер?

4 топ: Қандай тақпақ, ән, мақал білесіңдер?

- Ал, балалар, біздің бас қаламыз қалай аталады ?

- Астана.

- Ендеше Астана жайында не білетіндеріңді тексеріп көрейік.

1топ: Астана көшелерін атаңдар?

2топ: Астана қаласы қандай?

3топ: Астанада қандай ойынсауық орталықтары бар.

4топ: Қазақстаңның қандай қалаларын білесің.

Әр топтың спикері сұрақтарға жауап береді.

ІІІ Мағынаны тану:

1) - Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Ей, Астана» авторы Нұрперзент Домбай. Автордың суретін көрсету. Мәлімет беру.

- Балалар, сендер Астана қалай бас қала болғанын білесіңдер ме?

- Ал ендеше Астананың тарихынан мәлімет тыңдандар. Астана 1830-жылы Есіл өзенінің жағасында қазақ-отырар әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алған.

1862-жылы Ақмола қала мәртебесін алған. 1962-жылы қалаға Целиноград деген атау берілді. (әр кезеңнің суретін көрсету) 1997-жылы егемен Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің Жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылданды. 1998-жылы 6-мамыр жаңа елорданың атауы Астана болып өзгертілді. 1998-жылы 10-шілде Қазақстанның жаңа елордасы Астананың халықаралық тұсауы кесілді.

Астанаға саяхат. Астананың көрікті жерлерін көрсету, таныстыру.

2) Өлеңді мәнерлеп оқу.

Сөздікпен жұмыс.

Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқыту.

Талдау:

-Өлеңді оқығанда қандай сезімде болдыңдар?

-Ақын Астана қаласын қандай көңіл күймен жырлайды?

-Астана туған жердің жүрегі дегенді қалай түсінесіңдер?

-Астана ҚР бас қаласы. Ол ҚР ортасында орналасқан. Астанада барлық министрлер, әкімшіліктер, президентіміз жұмыс жасайды. Олар Республикамыздың маңызды мәселелерін осы Астанада шешеді. Астанада халықаралық әуежай, теміржол, авто вокзал бар. Әлемнің кез келген жеріне осы Астанадан жетуге болады. Сондықтан Астананы туған жердің жүрегі деген.

Тақтада ілініп тұрған картадан Астананы табу. Алдына бір-екі оқушыны шығарып жүрегін көрсетуді сұрау. Картадағы Астана мен оқушының жүрегі сол жақ жоғарыда орналасқанына көңіл аудару.

3 Сергіту сәті.

4 Дәптермен жұмыс:

-Ақын өлеңде «биік» деген мағынаны тағы қандай сөздермен берген? Өлеңнен теріп жаз.

ІV Ойтолғау:

-Балалар, Астанада болашақта үлкен бір жоспар тұр. Ол не екенін білесіңдер ме? ЭКСПО-2017

-ЭКСПО-2017 деген не?

-Ол қашан болады?

- ЭКСПО-2017 2017-жылдың 10-шілдесінен бастап 10-қыркүйегіне дейін Қазақстанның елордасы Астана қаласында халықаралық көрмелер бюросымен ұйымдастырылатын халықаралық көрме.

ЭКСПО-2017 көрмесі дегеніміз, бұл ауқымды құрылыс (автожолдар, автотұрақтар, тұрғын үйлер, әр түрлі ғимараттар) Бүкіләлемдік ЭКСПО бұл миллиондаған шетелдік қонақтар тамашалайтын үлкен форум.

Бұл көрменің Қазақстанға әкелетін пайдасы, беретін мүмкіндіктері өте көп. Қазақстан әлемге тағы жана қырынан танылады.

-Ал енді, балалар, біз де осы ЭКСПО-2017 ге өз үлесімізді қосайық. Алдындағы пішіндерді әр түрлі ғимараттарға айналдырып тақтаға ілейік. Оқушылар жасаған үйлерін тақтаға іліп болғаннан кейін оқушыларға қаршық таратылады.

-Балалар, енді мына қаршықтарға Астанаға деген тілектеріңді жазып мына үйлердің үстіне іліп қояйық. Астананың үстінен аппақ қардай ақ тілектер жаусын.

-Халық шықсын қыспақтан,

Қыстамасын қыс қақпан.

Көп бояуын ешқашан

Жоғалтпасын нұрлы аспан.

Хор: Жаса, жаңа жас қалам

Жайнай бер менің жас Астанам!

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов