Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Тәрбие

Балабақшада М.Монтессори педагогикасын қолданудың тиімділігі.

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» деп Елбасымыздың халыққа жолдауында атап айтылғандай. Бүгінгі білім беру ісіндегі Облыстық білім департаментінің мектепке дейінгі бөлімнің бас маманы Исанбергенова Ақкенже Аяпбергенованың айтуынша бүгінгі күннің өзекті мәселесі ел ертеңін ойлайтын білімді де,білікті зейінді де зерделі ұрпақ тәрбиелей білуіміз қажет . Ал еліміздің өскелең өрендеріне тәрбие мен сапалы білім беріп, ұрпақ тәрбиесіне елеулі үлес қосып,ата-аналардың ерекше ықыласына бөленген.Атырау қалалық КМҚК№8 «Ақбота»шипа жай типті бөбекжай-балабақшасы. Балабақшамызда Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартты басшылыққа алады.

«Жас ұрпақты тәрбиелеуде ата-ана-бала-тәрбиеші болып жұмыс жасап,елін сүйетін тәрбиелі азамат өсіруде аянбай еңбек етсек қана,өңірдің білім беру кеңістігінен лайықты орынды иеленеміз»деп,әрқашан ұжымды алға жетелеген,бар ықылас-пейілін балаларға арнаған,ұйымшыл ұжымның ұйтқысы балабақша директоры Адилова Талшын Шаландықызының білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі зор. Ұжымды жаңа бағдарлама бойынша жұмыс жүргізу үшін,әр педагог,тәрбиеші жаңа ізденіспен білім қажет екенін алға қоя білген.

Ғылым мен техника,ақпарат жылдам қарқынмен дамып келе жатқан қазіргі дәуірде әр ата-ананың баласының заманға сай тәрбие,білім беруге ұмтылысты әрине құптарлық жайт.Балабақшамыз жас ұрпақ үшін жасап отырған игі істерді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.Ал озық тәжірбие ретінде біздің елімізде қазіргі уақытта М.Монтессори педагогикасының идеяларын қолдап және қолданып жүрген ұжымның білімін көтеруге ұйытқы болған балабақша директоры: Талшын Шаландықызы 2013жылы Алматы қаласында өзі бастап оқып «Внедрение образовательных технологий и методика» сертификатын «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығынан алды.

Осыдан бастап М.Монтессори педагогикасын ұжымға оқуға ұсыныс білдіргенде Лейла Мұқашева Саламатқызы Астана қаласынан екі мезгіл келіп дәріс берді. «Жұлдыз» мектепке дейінгі Монтессори орталығының директоры: Лейла Мұқашева мен «Зебра» ерте жастан дамыту Монтессори орталығының директоры Гаухарлана Диканчиеваға ризашылығымыз шексіз,ұжымға жағдай жасап аталмыш жүйені іс-тәжірбиеге енгізді. Балабақшамызда балалар жанұясынан оқшауланған болғандықтан әр кез балалардың көңіл-күйлерінің жайдарлы,көңілді болуы үшін жұмыстар жүргізіледі.Соның айғағы баланың ой-өрісін,сана-сезімін кеңейтудің және өзінің «еркін сезінуінің» негізгі құралы М.Монтессори педагогикасын енгізу мақсатында балабақшамызға балаларға тәжірбиелік аймақтарда жұмыс жасаулары олардың өмірдегі кездесетін жағдайларға төзімді болуларын қалыптастырады. Балалар «Еркін тәрбие»алып,өз қалаулары бойынша еркін әрекеттенуге дағдыланған.Олардың көз жанарларынан «өз жасаума көмектес» ұранына сай белгілерді көруге болады. Балабақшамызда 2014 жылы- білім курсына 16 педагог 0-3жасқа дейін, 2015жыл 8 педагог (3-6жас) білім курстарынан өтті.

Аты ,жөні

лауазымы


2015жыл 8 педагог (3-6жас)білім курстарынан өтті.

Сонымен қатар педагогикалық ұжымның кәсіби біліктілігі мен педагогикалық шеберлігін арттыру ,озат тәжірбиені жинақтау,тарату,тәрбиешілерге оқыту мен тәрбиелеу бойынша балабақшамызда ұйымдастырылған оқу қызметінде озық технологияларды іс-тәжірибеге қолдану барысында балалаға жағдай туғызып М.Монтессори материалдарын таныстыру мақсатында жыл сайын қала ,облыс көлеміндегі әріптестерімізге,ата-аналарға арнап семинар-практикумдар өткізіп отырамыз «Ескіден қол үзбей,жаңаға қол жеткізгендер ғана педагог бола алады» -деп,Конфуций айтып өткендей.Қазақстандағы қазіргі кезде жүріп жатқан өзгерістер білім саласына,оның ішінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үдерісіне де өз әсерін беруде.Бәсекеге қабілетті білім беру кеңістігін құруға бағытталған өйткені ,тәуелсіз еліміздің ертеңі-жас ұрпақтың рухани байлығы,мәдениеті,саналы тәрбиесі мен сапалы білім алуы білім мекемелеріндегі әдістемелік қызметтің дұрыс ұйымдастырылуына байланысты екені сөзсіз деп айтқым келеді.

Пікір жазған: № 8 «Ақбота»шипа жай бөбекжай –балабақшасының

І-санатты тәрбиешісі:Имангалиева Ардақ Сапиқызы.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы