Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Ажигалиева Жанар Жалгасовна

№26 «Жұлдыз»балабақшасының

екінші санатты тәрбиешісі

Атырау қаласы.

Жобалау әдісі

Зерттеу іс-әрекеті арқылы балалардың танымдық қызығушылығын дамыту.

Жобаның мақсаты: балалардың шығармашылық тұрғыда қабілеттерін дамытуына жағдай жасау. Танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Жобаның міндеті:

- балалар қызығушылығын өшіріп алмау;

- ойлау қабілеттерін дамыту;

- өз бетімен жұмыс істеуге үйрету;

- зерттеуге баулу

- қосымша ақпарат беру;

- танымдық қабілеттерін арттыру;

- зерттейтін затты көріп, ұстай алатын мүмкіндіктер тудыру.

Күтілетін нәтиже :

-Әр бала өзін жеке тұлға екенін сезінеді және шығармашылық қабілеттері дамыған;

-Бақылау, зерттеушілік дағдылары дамиды;

-Проблеманы өз бетінше шешуге талпынады;

-Өзіндік пікірін ұсынады;

-Қате пікірден бас тартады;

-қызығушылығы артады

-Танымдық қабілеттері дамыған;

Кіріспе.

Елбасымыз Н Ә. Назарбаев өзінің Жолдауларының бірінде: «XXIғасырда білімін дамыта алмаған елдің болашағы жоқ, XXI ғасыр- білімділер ғасыры. Болашақта өркениетті, дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанда дамыған елдердің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін- білім,»- деп атап көрсетті.

Бірінші сәбилер тобынан бастап балаларды біркелкі бойынша топтастыруға, ауызша нұсқау мен үлгіге сүйене отырып, тапсырмаларды орындауға үйрету. 3 және біртіндеп саны азаятын бөлшектерден түрлі- түсті пирамида құрастыру, заттың көлемін , түсі мен пішінін білдіретін сөздерді түсінуді бекіту, сонымен бірге ұсақ қол моторикасын дамыту. Мектепке дейінгі кіші жастағы балалар ересектермен қарым- қатынас жасауға өте ықыласты болады, сонымен қатар танымдық қызығушылығы да белсенді түрде болады. 3 жас пен 4 жас аралығында баланың сенсорлық процесінің сапалы жаңа қасиеттері қалыптасады: фонематикалық есту, түсті ажырату, көз қыралығы, заттардың пішінін ажырату қабілеттері жетіле түседі. 3-4 жасар балаларды құрастыру әрекеті әліде ойын мен бірге ұштаса отырып жүргізіледі. Әр түрлі материалдармен тәжірибе жасау барысында балалар олырдың қасиеттерімен құрылысын танып біледі. 4-5 жастағы балалардың сұрақтары мен хабарламалары заттар мен құбылыстар арасындағы байланыстарды түсінгендігін ересектерге көрсетуге бағытталады. Ересектер мен қарым- қатынас жасаудың жаңа түрі, әуелі, ересектермен бірге танымдық іс- әрекеттерге қосылған (мысалы, ойындарды заттар мен ойыншықтарға тәжірибе жасауды, табиғи материалдар мен қағаздардан құрастыруды және т.б.) Танымдық тақырыптарға әңгімелесу пайда болады және дамиды.Тәжірибе мен зерттеу, бақылау әрекеттерімен қатар, баланың дүние танымын кеңейтуде әңгімелеудің рөлі артады. Бала бір материалды, оның түрлі пішіндері мен бейнелерін әр түрлі қырынан танып, оны өзінің салған суретімен табиғи материалдардан жасалған көшірмелерде және тағы басқа бейнелеуі мүмкін. Түрлі материалдармен, дыбыстармен, сөздермен тәжірибе жасаудан ерекше рахат алады.Бұл әрекеттердің бәрі балабақша қабырғасынан басталатыны белгілі.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мемлекеттік стандартының «Таным» білім беру саласында танымдық іс- әрекет дағдыларын меңгерген, әлемнің тұтас бейнесін түсінуге және ақпаратты өмірлік маңызды проблемаларды шешуде қолдануға қабілетті мектеп жасына дейінгі тұлғаны қалыптастыру.

Негізгі бөлім:

Таным әрекетінің бірі- қабылдау. Тілді меңгеру барысында тіл үйретуші есту, көру, сезу арқылы дыбыстарды, сөздерді, сөйлемді қабылдауға үйренеді. Кез келген дені сау нәресте алғаш өмірге келгенде өзінің тіршілік әрекетін жаңа жағдайларға бейімдеуге көмегін тигізетін туа біткен танымдық бағдармен келеді. Бірте-бірте осы танымдық бағдар танымдық белсенділікке, баланың өсуіне, дамуына байланысты танымдық белсенділік танымдық әрекетке өтеді. Танымдық қызығушылық- жеке тұлғаның өте маңызды білім меңгерер түрі.

Бала қоршаған ортаны жақсы қабылдауға тиіс. К. Д Ушинский– баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту, оның өзіндік логикалық ойын, сөз қорының, санасының жеткізуіне әсері мол екенін көрсеткен.

Таным – білім беру саласы бойынша қоршаған ортамен таныстыру, мектеп жасына дейінгі балалардың психикасының дамуы, жеке басының қасиеттерін қалыптастырудың қажетті шарты.

Жоба- ол баланың мақсатқа жетуде қоршаған ортасын кезеңді процестермен алдын ала жоспарланған тәжірибелік іс- әрекет арқылы қабылдайтын педагогикалық әдіс.

Жобалау әдісі- жеке басқа бағытталған оқыту әдісі. Ал қоршаған орта туралы білімнің негізгі көзі – тікелей бақылау, баланың өзіндік тәжірибесі. Бала заттарды қарай отырып, олардың ерекшеліктерін анықтау үшін зерттеу әрекеттерін, яғни сипау, басып көру , иіскеу, дәмін тату т.б әдістерді қолданады. Мысалы, қағаз – жұмсақ, жыртуға болады, суға салса, жібіп , пішінін жояды.

Зерттеу бақылау үшін мен қоршаған ортамен таныстыруды, экология оқу іс- әрекеттерінің бір бөлігін пайдалануға тырысамын. Мысалы: күз мезгілінде көкөністер , жемістер тақырыбына- көкөністермен жемістерді қарау, сыртқы пішінін түсін, дәмін татуды қарастырдым.

№1 тәжірибе

- Не байқадыңдар?

- Судың қандай қасиетін байқадыңдар? Түйін: сұйық ағады.

№2 тәжірибе

- Балалар, судың дәмін көріңдер. Дәмі қандай? Түйін: судың дәмі жоқ.

№3 тәжірибе

- Суы бар әйнек стаканға қасықты саламыз. Қасық көріне ме? Түйін: су, мөлдір.

№4 тәжірибе

Бір стаканға су, екінші стакандағы суға үстінен сүт құйып қасық салу. Балаларға суы бар стакандағы қасық анық көрінетінін, ал сүті бар стакандағы қасықтың көрінбейтіндігін айтып көрсету.

-Бұдан шығатын қорытынды судың мөлдір екендігі.

№5 тәжірибе

Бір стакан суға құмды салу. Балаларға құмы бар суды ішуге болмайтынын айтып көрсету.

Балалармен жұмыс жүргізудің бір түрі құммен ойынға тоқталып өткім келеді.

1. Әңгімелесу

2. Балалардың өз тәжірибесі туралы әңгімелесу «Құммен ойнағанда мен не сеземін»

3. Құм ойындары: «Ненің ізі», «Келесіге бер», «Еркін ойындар»

Қорыта айтқанда «Құмзар ойыны» баланы тәрбиелеуде және дамытуда сонымен қатар шығармашылығын, зейіндерін, қабілеттерін дұрыс көзқарастарын қалыптастыруға маңызды рөл атқарады .

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов