Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Бекітемін:_____ 6- сынып № 15 сабақ Күні___________

Сабақтың тақырыбы:Сорттық прокаттан жасалған бөлшектердің графикалық бейнесі және оларды белгілеу.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды сорттық прокатты таңдау және алу туралы білімді қалыптастыру.

Білімділік:Металды қысым арқылы өңдеуді анықтау.

Дамытушылық:Ептілігі мен дағдысын қалыптастыру

Тәрбиелік: Жұмыс істеу кезінде ұқыптылық пен зейінділікке баулу, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу, кәсіптік бағдар беру.

Көрнекі құралдар:Металдар суреттері т.б.

Сабақтың түрі:Аралас сабақ.

Сабақтың барысы:

Амандасу :

Оқушыларды түгендеу:

Құралдарды түгендеу:

Үй тапсырмасын сұрау:

Жаңа сабақ:

Бұйымның графикалық бейнесі бұйымның пішіні мен өлшемі , жасалған материалы жайында анық ,дәл мәлімет беруі керек.

Сорттық прокаттан жасалған бөлшектердің техникалық суретін , эскизін және сызбасын бейнелеу ережесі ағаштан және жұқа қаңылтыр металдан жасалған бөлшектер бейнесіне ұқсас.

Сорттық прокатты илемнен жасалған бұйымның сызбасы екі немесе үш көріністі қажет етеді. Сорттық прокаттан жасалатын бірнеше бөлшектен тұратын бұйым құрастыру сызбасы бойынша дайындалады. Мұндай құрастыру сызбасы ағаштан жасалатын бұйымдар сызбасының ережесімен орындалады.

Сорттық прокатқа қойылған белгі принципті тұрғыдан жұқа қаңылтыр металға қойылған белгіден айырмашылығы болмайды.

Сорттық прокаттан жасалған бұйымға белгі қою кезінде өлшеуіш және белгі қоятын циркульдер , металл сызғыштар , бұрыштықтар , кронциркуль , белгітүсіргіш , кернер , штангельциркуль қолданылады.

Белгітүсіргіштер әртүрлі пішінде- ұшталған металл шыбық және белгі түсіруге ыңғайлы болу үшін қаламсап түрінде болады.

Белгітүсіргішті әдетте аспаптық болатын немесе ұшатына қатты қорытпалы металдан қыздырып бекітілген болат сымнан жасайды.

Сызықтар мен суреттерді металға , белгіттүсіргішті сызғышқа 15-20 бұрышта ұстап түсіреді. Белгі түсіруден бұрын сызбаны немесе технологиялық картаны мұқият зерделеу қажет, дайындаманы қарап , бетін негізгі етіп алуды қарастыру керек. Оны егеумен тазартып , егеулеу сапасы бұрыштық пен сызғыштың көмегімен қадағаланады. Белгі түсіру кезінде дайындаманың бетіне түзу сызықтар түсіру қажет болады. Оны былай істейді. Негізгі беттің екі жағынан сызғышпен керекті өлшемді түсіріп, белгітүсіргішпен сызады.

Дайындамаға белгі түсіру кезінде 2 ...3 мм өңдеу үшін әдіп қалдыру.

Белгі түсіру-жауапты операция. Болашақ бұйымның сапасы осыған байланысты. Сорттық прокатқа белгі түсіру үшін дайындаманы іскенжеге қысып орындаған ыңғайлы.

Дайындамаға белгі қою кезінде металл шығыннын болдырмауға тырысу керек.

Сабақты қорытындылау:

Бекіту:

1 Сорттық прокаттан жасалаған бұйымға сызбаның неше түрі қажет ?

2 Бірнеше бөлшектен тұратын сорттық прокаттан жасалған бұйымды қандай сызба бойынша дайындайды ?

3 Сорттық прокаттан жасалған бұйымның құрастыру сызбасын орындау ережесінің ағаш бұйымдар сызбасынан айырмашылығы бар ма?

4 Негізгі белгі салушы аспаптарды атаңдар ?

Бағалау:

Үй тапсырмасы:§14 52-54 бет

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов