Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Барлық металдар мен қорытпалар қара және түсті деп бөлінеді. Өндірісте қара металдар мен қорытпаларды жиі қолданылады. Қара металдар тобына темір мен оның қорытпалары болат-пен шойын жатады.

Темір таза күйінде металл ретінде мүлдем қолданылмайды. Ол тым жұмсақ және қандай да бір конструкция әзірлеуге жарамайды. Темірді қатты ететін- көміртегі. Егер көміртегі аз болса- 00,2-00,4 ,онда қорытпа табиғи физикалық қасиеттерін сақтап қалады, ол жұмсақ, иілгіш келеді. Темірдің көміртегімен мұндай қорытпасы қысымға төзбей, пішінін тез өзгертеді және техникалық тұрғыдан таза темір деп аталады. Көміртегі құрамынада көп болған сайын , соғұрым металл қатая түседі. Болат темірдің көміртегімен қорытпасы, құрамында 2 %-ға дейін көміртегі болады. Оны мартен, конвертер және электр пештерінде қорытады. Болат-тек қана берік емес, сонымен бірге иілгіш қорытпа.Оның жұмсақ та, қатты да түрлері болады. Аса қатты болат констурциялық болып бөлінеді.

Болат сым, шеге , бұранда пышақ , болт, серіппе жасауға пайдаланады.

Шойын- темір мен көміртегінің қорытпасы, құрамында 2 %-дан астам көміртегі бар. Шойынды домна пештерінде темір кенінен қорытып алады. Кенді кокспен араластырып, жоғарыдан домна пешіне төгеді. Кокс жақсы жану үшін домнаға төменен үнемі ыстық ауа үрлеп тұрады. Пештің ішінде жоғары температура қалыптасады , Кен балқиды, балқыған шойын пештің түбіне қарай ағады. Содан кейін қорытылған шойын доманның саңылауынан ағып, ожауларға төгіледі.

Шойын негізгі төрт топқа бөлінеді: ақ, сұр, қақтаулы және аса берік.

Ақ шойын өте қатты және морт сынғыш, кесіп өңдеуге жарамсыз болып келеді. Болат қорыту үшін жиі пайдаланылады, сондықтан оны тағы да қайта балқымалы деп атайды.

Сұр шойын ақтан гөрі жұмсақ, морт сынғыш, кесіп өңдеуге жарамды.

Қақтаулы шойын соғылмайды, сондықтан «қақтаулы» атауы шартты түрде берілген. Ол аса беріктігімен, тұтқырлығымен, шамалы созылғыштығымен ерекшеленеді.

Аса берік шойынды сұр профильден, оған сұйық күйінде арнайы қосындыларды енгізіп жасайды. Ол сұр шойыннан төзімді және өңдеуге қиын болады.
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы