Жургізуші: 1941-1945 жылдар
аралығында адамзат тарихында болмаған алапат соғыста жан қиған қазақ батырлары
фашизмнен бүкіл адамзатты қорғады, бул жылдарда Қазақ елінің бейбітшілік күніне
жетуге қосқан улесі көп болды
Слайд согыс жылдары
Жүргізуші: Әр елден өзге улт өкілдерінің Қазақстан жеріне
қоныс тепкен кезеңі. Өз әке шешесінен ,туган балаларынан айырылған бас сауғалап
келген отбасыларын қазақ елі құшағын жая бауырмалдықпен өз кеудесіне басып
паналатты. Заман қиын болғанымен адамдардың ниеті таза еді.Қазақ халқының өз жерінде көптеген ұлт өкілдерін ашық жарқын
төзімділікпен бір үзім нанды бөлісе жеп қарсы алады.
Көрініс:Соғыс жылдарындағы ауыл бейнесі , Әр елден өзге
улт өкілдерінің Қазақстан жеріне қоныс тепкен кезеңі. Әр улт өкілі өз
балаларымен кіреді
Би: Ұлттық би
Немере : - иә,иә әжетай
соғыс туралы білемін, сабақта Айман апайым айтып берген, жәнеде теледидардан көргенімде есімде
Әже: - Ойй
балам ай қазақ елім не
көрмеді мұнымен еліміздің басынан өткен қиыншылығы бітпеді,
балаларымыздың бақытын тілеп,еліміздің тыныштығын қалап, өркендеуіне коркеюіне
жетуі үшін елміззді басқаратын елдің біртұтастығын сақтап қалатын алғыр
да, дана елбасы керек болды
Слайд. Желтоксан
окигасы
Мын тогыз жуз
сексен алтыншы жылы желтоқсан оқиғасы болды, елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға шықты. Өрттей қаулаған
жастар ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті, ерлеріміздің арқасында Қазақстан
егеменді ел болып дуниежүзіне танылуда
Жургізуші:
Жиырма бес жыл,
жиырма бес жыл азаттық
Өзімізді құрсаудан да босаттық
Ақтадық біз ата баба үмітін
Қолда қазір көк тіменен бостандық
Желтоқсанның қанды суық ызғары
Қалың әскер қазағымды қорлады
Тәуелсіздікті қолдаған
жастардың
Елі үшін табандары тозбады
Журекте намыс оты лапылдаған
Куш жігері жастардың сарқылмаған
Отан үшін олар шығып алаңға
Қарсы ағып өзендей тасқындаған
Болмасамда сол кезде мен сеземін
Жүректе намыс оты сөнбегенін
Ызғарына аяздың төзгендерін
Бұл куннің оңайлықпен келмегенін
Көрініс:
Сахнада Қайрат пен жеңгесі отырады, уйге милиционер жігіт
кіреді,
Милиция: Біз
органнан келдік Қайрат Рысқулбеков деген
азаматты тұтқындауға келдік, прокурордың санкциясын бар Міне.
Жеңгесі; Қайрат
бері кел
Милиция: Тез жинал бізбен бірге кетесін
Женгесі: Ойбай ау бұларың не жудырықтай баланың не жазығы
бар,әке шешесіне не бетімізді айтамыз
Милиция: Женеше сабыр етініз, бұл жігіт бір тоболеске
қатысыпты, анық қанығын тексерген соң жібереміз ( Қайратты милиция алып кетеді)
Жургізуші:
Елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға шықты.Өрттей
қаулаған өжет жастар ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті.
Турме іші колында қағазы бар Қайрат отыр. Қинала отырып
турме жыры өлеңін оқып шығады. Содан кейін қатты шаршап :
-УУф абден шаршадым
гой жуйке тамырым жұқарды ғой .Қайран бостандық
Жалалы боп қатты батты жаныма
Жазалаушы қағаз алдым қолыма
Жігіттер ай атып айтпай не керек
Жазган екен маңдайыма сорыма
Біріншіден мен сагындым анамды
Екіншіден бұл қудайға не қылдым
Енді міне абақтыға жабылдым
Әкетай ау Пайгамбардай жасым бар
Туа бермес біз секілді асылдар
Қартайғанда журегіңді жаралап
Кесір болды ау біз секілді масылдар
Кезекші: Заключенный Рыскулбеков на допрос
Тергеуші: Айыпкер Рыскулбеков сен Мир мен Сатпаев
көшелерінде жасақшыларды кордің бе
Қайрат:Егерде ол көшеге бармасам оларды қайдан көрем
Тергеуші: Савицкииді сен олтірдің бе
Қайрат: Жоқ өлтірген жоқпын
Тергеуші: Сенің ұрып жатқаныңды біреу көріпті гой
Қайрат: Олай болса мені сол адммен беттестір бұл жала
Тергеуші: Ах ты декабрист несчастный я тебе покажу
өтірікті, жала дейді еще ей Рыскулбеков сен
савицкииді өлтірдім деп мойныңа ала сал сонда сенің жалаң
жеңілденеді.Егер сен Савицкиийді өлтіргеніңді мойындасаң
Әкеңе тиіспиміз. Әйтпесе әкенді де........
Қайрат: Жолдас тергеуші бұл жала гой өлтірмеген адамды
өлтірдім деп қалай мойындаймын, адам тугіл тышқанды да өлтірген емеспін,
Тергеуші: Заключенный Рысқулбеков сен ақымақ болма Савицкииді
өлтірдім деп мойында. Бұл 1,сен әкеңнен 4мын сом алып мына менің алақаныма сал
бул2,Түсідің бе мақулық
Қайрат: Жолдас
тергеуші Айында азер кунін көріп отырған ата анамды қинағым келмейді және не
ушін ақша төлеуім керек.Не ушін ешқандай қылмысым жоқ.
Тергеуші: Әкетіңдер қүртыңдар атыңдар
Қайрат: Тоқтаңдар айтатн сөзім бар
Кунадан таза
басым бар
Жиырма бірде жасым бар
Қасқалдақтай қаным бар
Бозторғайдай жаным
бар
Алам десен алыңдар
Қайрат деген атым бар
Қазақ деген затым бар
Атам десең атыңдар (Қайратты кісендеп алып кетеді)
Слайд
Жургізуші: Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан
қазақтың өрімдей қарусыз жастарына солдаттар мен милиция қызметкері қарсы
қойылды.Қыз жігіттерді аяусыз таякка жықты турмеге қамады. Ербол Лязат, Сабира
сынды жаңа гана буршік атып келе жатқан тал шыбықтай жастарымыздың өмірін узді.
Хор : Қазақстан жалауы
Жургізуші:«Орнында бар оңалар» демекші, ел
орнында,жер орнында.Жерге жетер байлық жоқ.Жер болса, ел болады, ел болса, ер
болады.
Ерлеріміздің арқасында
Қазақстан егеменді ел болып, дүниежүзіне танылуда.Біздің Отанымыз-егеменді,
тәуелсіз қазақ мемлекеті. Осынау қасиетті мекенде,асқақтаған өлкеде, кеңшілігі
керемет дархан далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі
өркендеген мекенде өмір сүрущі әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк
байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік ел бақыты, ертеңі,
О, халайық құтты болсын қуаныш!