Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Ерітінділер концентрацияларының түрлері, еріген заттың массалық үлесі және мольдік концентрация. Қатты заттардың, сұйықтықтардың және газдардың суда ерігіштігі, кристаллогидраттар сабақ жоспары
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Қостанай қаласы М.Хәкімжанова атындағы №20 орта мектебі

Химия пәні мұалімі Сарсенова Ардак Конакбаевна

2015 – 2016 оқу жылы, қалалық іс-тәжірибе тарату.

8 сынып

Сабақтың тақырыбы:

Ерітінділер концентрацияларының түрлері, еріген заттың массалық үлесі және мольдік концентрация. Қатты заттардың, сұйықтықтардың және газдардың суда ерігіштігі, кристаллогидраттар.

Сабақтың мақсаты:

Жаңа технология әдістері арқылы оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру, өз бетінше жұмыс істеуге жұмылдыру, логикалық ойлау қабылетін дамыту, тақырып бойынша алған білімін, өз ойын жеткізе білу және функционалдық сауаттылығын арттыру.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақ әдісі: Сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс, жеке жұмыс

Көрнекті құралдар: интерактивті тақта, үлестірмелі қағаздар.

Сабақ барысы, кезеңдері

Әдістері,

уақыты

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

бағалау

1

Ұйымдастыру

Көңіл-күй түрлі-түсті қағаздар арқылы

1 мин

Амандасу, психологиялық ахуал орнату

Оқушылар өзара сәттілік тілеп, сабаққа назар аударады

2

Сабаққа кіру

Оқушыларға сабақтың мақсатын қойдыру

1 мин

Сабақ тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Оқушылар сабақтың мақсатын өздері анықтайды

3

Үй тасырмасын тексеру

Сұрақтар қою,

Судың химиялық қасиетіне реакциялар жазғызу,

Тапсырмалар

1 қосымша

10 минут

Оқушылар берілген тапсырманы тақтадағы реакцияны тексеру арқылы өздеріне балл қояды

Реакцияны тақтада орындатады

Өз-өздерін бағалайды

4

Тақырыпқа ену

Видео көрсету

3 минут

Оқушыларды видеоны мұқият қарауын сұрайды, осы видео арқылы оқушылар сұраққа жауап беретіні ескеріледі

Видеоға мұқит қараулары сұралады, осы видео арқылы тапсырмалар орындайды

5

Әр оқушы өз беттерінше орындайды

3 топ болады Берілген сұрақтарға жазбаша жазып, жауап береді.

7 минут

Мұғалім оқушыларға тапсырмалар береді

2 қосымша

әр оқушы жеке орындайды

Топ жетекшісі бағалайды

6

Жаңа тақырып бойынша лабораториялық жұмыстар арқылы есептер орындалады

топтық жұмыстар:

5 – 6 минут

Мұғалім сабақты қорытындылау үшін тақтаға оқушыларды шақырады, сұрақ-жауап түрінде өткізіледі

1 – топ:

Топтық бағалау

7

Рефлексия

Не алды, не білді, қағазға түсіріп, ортаға шығады, жапсырады

2 минут

І - қосымша

Миға шабуыл:

1. Судың физикалық қасиеттері.

2. Табиғи судың ластану көздері.

3. Судың ластану әсерінен болатын залалдар.

4. Суды тазарту әдістерін атаңдар.

5. Судың химиялық қасиеттерін атаңдар.

Тақтаға 3 оқушы шығарып, химиялық қасиеттеріне реакция теңдеулерін жазғызу.

Na + H2O = Na2O + H2O = C + H2O = SO3 + H2O = P2O5 + H2O =

Zn + H2O = SO2 + H2O = CO2 + H2O = K + H2O = BaO + H2O =

1. Ерітінді дегеніміз не екен?

  1. Мысалы:

ІІ - қосымша

  1. Сұрақ №1

Күнделікті өмірде бір ғана натрий хлориді, тұз ерітіндісінің медицина, ауыл шаруашылығы, үй жағдайында пайдалануға болады, осы жөнінде толығырақ айтып беріңдер:

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Сұрақ №2

Киімге тиген майды сумен жуып кетіре алмайтынымызды білеміз, қандай жолмен тазартуға болады деп ойлайсыңдар:

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Сұрақ №3

Еріткіш ретінде көбіне қолданылатын бейорганикалық зат:

________________________________________________________________________________

  1. Сұрақ №4

Қатты, сұйық, газды заттардың еру кезінде температураға тәуелділігі қандай:

1) Үшеуі де температура артқан сайын ерігіштігі артады.

2) Қатты және сұйық зат температура артқан сайын ерігіштігі артады, газдың ерігіштігі кемиді

3) Қатты және газды заттардың ерігіштігі артады, сұйық заттардың ерігіштігі кемиді.

  1. Сұрақ №5

Еру химиялық реакцияға жатпайды, себебі:

1) Жаңа заттар түзілмейді, тек бөлшектер бір-бірімен араласады.

2) Еріген кезде жаңа заттар түзіледі.

3) Еріткіш пен еритін зат бір – біріне ұқсамайды.

  1. Сұрақ№6

Мына заттар ерітінді түзе ме:

ІІІ – қосымша

Есептер шығару

1. 20% 250г ерітінді дайындау үшін қанша тұз

және су қажет?

2. Алманы қысқа сақтау үшін, алдымен оны СаСІ2 кальций хлориді ерітіндісіне батырады.

Ерітінді дайындау үшін 800г суға 1,5г кальций хлоридін ерітеді, ерітіндідегі тұздың массалық

үлесін табыңдар.

3. Суық тиіп ауырғанда тамаққа ингаляция жасау үшін 0,9% 20г нарий хлориді ерітіндісін пайдаланады. Өте қатты ауыр болса, үй жағдайында 1г ас тұзын қосуға болады, алынған ерітіндінің массалық үлесі қандай?

4. 5% 250г ерітінді мен 10% 150г ерітіндіні араластырғанда түзілген ерітіндінің массалық үлесін табыңдар.

5. 20 г калий гидроксидін 500мл суда еріткенде түзілген ерітіндінің мольдік үлесін табыңдар.

Алтын тәж

Қаныққан ерітінді

Қанықпаған ерітінді

Концентрлі ерітінді

Сұйылтылған ерітінді

Ерітіндінің массалық үлесінің формуласы

Мольдік концентрация формуласы

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ