Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от daanaa в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Өзiн- өзi тану сабағының жоспары

Мектеп: Қарауылкелді орта мектебі

Мерзiм: 26.11.2016 жыл

Мұғалiм: Қармысова Айгерим Асхатовна

Класы: 8 «а,ә,б» Оқушылар саны: 20

Тақырып: Кешірімділік – көңіл кеңдігі

Құндылық:дұрыс әрекет

Қасиеттер: сыйластық, мейірімділік, әдептілік

Сабақ мақсаты:Кешірімділік – көңіл кеңдігі екенін ұғындыру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1. Сыйластықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

2. Адамдарға кешіріммен қарауға үйрету арқылы мейірімділік қасиеттерін дамыту;

3. Оқушыларды сыйластыққа, мейірімділікке, кешірімділікке тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар,

мәлiметтер

слайд, өлеңнің аудиодискі

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу 5 Т

Тыныштық сәтi Нұрға бөлену

Үй тапсырмасын тексеру

№10 сабақ 43-беттегіА.Бейсебайдың «Кешірімнің күші» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

* Адамдардың бір-біріне өкпелеуінің себебі неде екен?

* Кешіре білу үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек?

* " Кешіру - ең алдымен өзімізге жасалған жақсылық " дегенді қалай түсінесіңдер?

* Кешірім сұраған адам қандай адам?

* Кешірім сұраған оңай ма, әлде кешірген оңай ма?

* Әр адам кешірім сұрай ала ма?

* Жақсы өмір сүрудің бастауы неде?

* Қай уақытта өмір қуанышқа, жақсылыққа толады?

Сабақ барысын талдау:

3. Дәйексөз.

Кешірімді болу – кемшілік емес, кеңшілік. (халық аузынан)

( 2 рет қыздарға, 2 рет ұлдарға айтқызу. Барлығы бірге 1 рет айту)

Дәптерге жазу

Мұғалімнің сыйы

http://writers.kz/medialibrary/images/697869_51182049_7.jpg

(Қытай жазушысы Мо Янның Нобель мінберіндегі сөйлеген сөзі)
Мен шешемнің сүт кенжесімін. Кіш­кен­тай кезімде үйдегі жалғыз термосты көтеріп, коллективтің асханасынан су та­си­тынмын. Бір күні аштықтан әлім құ­рып, термосты қолымнан түсіріп, шағып ал­дым. Қатты қорыққанымнан шөптің ара­сына тығылып, бір күн бойы шықпай жа­тып алдым. Іңірде шешем еркелеткен атым­ды атап, төңіректен іздей бастады. Шөп­тің арасынан шыға келгенімде шешем ұрсып, ұратын шығар деп ойлап едім. Шешем ұрған да, ұрысқан да жоқ. Бар бол­ғаны басымнан сипап, ауыр күрсінді.

Арада бірнеше жыл өткенде.. Мен бірі- шешеме ілесіп, коллек­тивтің атызынан бидай масағын теруге бардым. Егін қорушы жетіп келді. Масақ тергендер жан-жаққа бытырай қаштық. Ше­шем шиаяқ болғандықтан, жүгіре алмай, ұсталып қалды. Әлгі еңгезердей егін қорушы шешемді қатты жұлқып қалды. Шешем теңселіп барып, жерге жығылды. Ана көзіндегі өмірге деген құштарлықты көріп, қорушы терген ма­са­ғымызды алған да жоқ. Ысқырығын шалып, жөніне кетті. Шешем ауырсынып отырып қалды.

Көп жылдар өт­кен соң әлгі егін қорушымен базарда жолығып қалдық. Сақал-шашы қудай, кәрі шал болыпты. Баяғы жасаған әрекеті есіме түсіп, шешеме қарадым. Шешем жайбарақат қана: «Ұлым, ол кезде егін қорушы мен мына қарт екеуі бір адам емес», – деді.

- Мо Янның бала күнгі жұмысы қандай еді?

- Қандай оқиға болды?

- Ол неліктен қорықты?

- Термосты сындырғанда анасы неге ұлын жазаламады?

- Ана іс- әрекетінен нені байқадық?

- Масақ тергендер неге жан-жаққа бытырай қашты?

- Қорушы неге терген масақтарды алған жоқ?

- Біраз жылдан соң ана мен бала кізге кездесті?

- Ана бойындағы қандай қасиеттерді байқадыңдар?

* Ашуға берілмеу үшін қандай қасиеттер керек деп ойлайсыңдар?

* Жақсылыққа қол жеткізуге қалай ұмтыласың?

* Адамның іс-әрекетіне қарап қандай адам екенін білуге бола ма?

5. Шығармашылық жұмыс, жеке жұмыс.

Өлең жолдарын толықтыру

……………………….. жолдарында,

……………………….. алдарында.

………………………… өте білу,

……………………….. өз қолыңда.

…………………………… жан-жағыңа,

…………………………. әрбір жанға.

………………………….. жеткізеді,

…………………………. арманыңа.

…………………………… сыйлағанда,

…………………………. қиналғанға.

………………………….. көтереді,

…………………………. шыңдарына.

(Өз шығармашылығымнан айтып беру)

Өмірдің сан алуан жолдарында

Кездесер тағдыр сыны алдарында

Сол сыннан еш сүрінбей өте білу,

Әрдайым адамзаттың өз қолында.

Мейірім шуақ шашсаң жан-жағыңа,

Ниетің адал болса әрбір жанға.

Сенімділік, ізгі амал жеткізеді

Ойлаған мақсатың мен арманыңа.

Әдепті боп үлкенді сыйлағанда,

Көмек қолын соза алсаң қиналғанға.

Мұндай дұрыс әрекет көтереді

Адами құндылықтың шыңдарына.

Оқушылар құрастырған өлеңдерін оқиды.

6. Топпен ән айту. Бақыттымын құрбылар

Сөзі: Қ.Мүсірепов Әні: Ш.Қалдаяқов

Қайырмасы: Әдептеген аспаған,

Арманға бастаған

Жан-жағым дос-құрбы,

Жан-жағым жақсы адам.

Шаттықтың нұрын шашып жанарымнан,

Билеймін, ырғатылып саламын ән.

1. Бұлбұлым сайрайды

Оянып таңменен

Қазақтың даласын

Тербетем әнменен

Достарым жанымда

Жүрегі мейірлі

Бақыттың бағында

Жүремін көңілді.

Қайырмасы: Әдептеген аспаған,

Арманға бастаған

Жан-жағым дос-құрбы,

Жан-жағым жақсы адам.

Шаттықтың нұрын шашып жанарымнан,

Билеймін, ырғатылып саламын ән.

2. Жарқылдап күлгенім

Жүзіме жарасқан

Алдағы күндерім

Арманға жол ашқан

Еркелер елім бар.

Құшағы аялы

Көрікті жерім бар.

Саялы гүл бағы.

3. Қырмызы гүл болып,

Жайқала беремін.

Далама күн болып,

Сәулемді төгемін.

Самғаймын айға да,

Атанып шағала.

Қолдайды қайда да,

Отаным жан – ана!

7. Үйтапсырмасы.

№10 сабақ жұмыс дәптеріндегі 2-тапсырманы орындау.

Сенен өзгелер не күтеді? Олардың үмітін ақтап жүрмін деп ойлайсың ба? Тізбектеп жаз.

№11 сабақ 45 –беттегі Б.Момышұлы мен С.Мұратбековтің мәтіндерін оқу.

8. Сабақтың қорытынды минуты

Баяу музыка қосылады.

- Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші. Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.

- Енді көздеріңді аша ғойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!

ответил от daanaa

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ