Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от daanaa в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Алматы облысы Алакөл ауданы

«М.Әубәкіров атындағы орта мектебі

мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты

мұғалімі Шотанбекова Менжамал Әшімханқызы

Сыныбы: 8б Пәні: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы:Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі (сәлемдесу, оқу құралдарын тексеру)

Оқушыларды «Мозаика» арқылы үш топқа бөлу.

І топ – «Пысықтауыш»

ІІ топ – «Толықтауыш»

ІІІ топ – «Анықтауыш»

Топ басшыларын сайлап, бағалау парағын үлестіру.

ІІ. Психологиялық ахуал туғызу.

“Менің болашағым” май шам арқылы өзінің болашағын болжайды.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру, өткен тақырыпты еске түсіру

Миға шабуыл

1.Қосарлы айқындауышты қатыстырып сөйлем құраңдар.

Абылай хан, Жәнібек батыр, Қаз дауысты Қазыбек би, әйел-ана, күйші Құрманғазы, Жамбыл ақын, әнші Күләш, би-шешендер, ғалым-ұстаз, ұшқыш Талғат Бигелдинов

2. Мәтінмен жұмыс. Берілген мәтіннен қосарлы айқындауышты тауып , атқаратын қызметіне қарай талдау жасау .

І топ. Оңтүстік жақтағы үлкен барақтағы кабинетте шахта құрылысының бастығы Шектібай отыр. Есіктен қарт шахтер Бейсен кірді. Шахта-алыптың жобасын жасауға инженер Дәуірұлы да бірге келген екен.

ІІ топ. Күн шуағына бөленген жер-ана мол мейірімін төгеді. Әйел-ана - барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, көзді бұлақ емес пе?

ІІІ топ. Жақып пен Жомарт комбайн -самоходқа келді. Рахмет авто-дүкен туралы айта бастағанда Сәмет бар ықыласымен тыңдады.

Мақсаты :

Оқушыларға сөйлемнің бірыңғай мүшелері, олардың қандай қызмет атқаратыны, жасалу жолдары мен тыныс белгілері туралы түсінік беру.

Міндеттері: білімділік – оқушылар сөйлемнің бірыңғай мүшелері туралы түсінік алады; дамытушылық – сөйлемнің бірыңғай мүшелерін ажыратып, олардың ерекшеліктерін меңгереді,тәжірибеде қолдана білу, талдау машықтары қалыптасады, талдау және салыстыра білу дағдылары дамиды; тәрбиелік – берілген мысалдар арқылы оқушылар сөз қадірін біледі, тіліміздің байлығын орынды пайдалана білуге тәрбиелейді.

Типі: жаңа тақырыпты меңгерту.

Түрі: шығармашылық ізденіс сабағы.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих.

Техникалық құралдар: компьютер, интерактивті тақта.

Қызығушылықты ояту.

Арамдық, аразды түбімен жойыңдар.

Өтірік, өсекті біржола қойыңдар.

Намыс, жігер, бойыңа жинап қайрат,

Қажымай адалдық жағында болыңдар.

(Шәкәрім. «Бостандық таңы атты» өлеңінен)

Шәкәрім Құдайбердіұлының өлеңінде бір тұлғада тұрған, бір ғана сұраққа жауап беретін, сөйлемдегі қызметі бірдей сөздер бар ма? (ауызша талдау)

Арамдық (ты), аразды (-қ, ты) (нені?) түбімен жойыңдар.

Өтірік (ті), өсекті (нені?) біржола қойыңдар.

Намыс (ты), жігер (ді), қайрат (ты) (нені?) бойға жиыңдар.

Cөйлемнің бірыңғай мүшелері – сөйлемдегі қызметі, тұлғасы, сұрақтары бірдей , бір ғана ортақ мүшемен байланысатын сөздер.

Мағынаны тану. Оқулықпен жұмыс

А) Сөйлемнің бірыңғай мүшелері, 80 бет. «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі бойынша жаңа тақырыпты топтаса отырып меңгереді.

Ә) Сызба арқылы бірыңғай мүшелердің бір мүшемен тең дәрежеде байланысуы. Мысалы: Ол салмақты, ауыр мінезді, үндемейтін қыз еді.

Біріншіден, бірыңғай мүшелердің бәрінің бір ортақ сұраққа жауап беретіні аңғарылады, екіншіден бірыңғай мүшелер бірдей тұлғада келеді, үшіншіден сөйлемде қандай? деген сұраққа жауап беріп, анықтауыш қызметін атқарып қыз еді (кім еді?) деген сөзбен қабыса байланысып, баяндауыш қызметін атқарып тұр.

Сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің бір-бірімен байланысуы

Бірыңғай мүшелер жалғаулықсыз да, жалғаулықтар арқылы да

Байланысады. Осыған байланысты олардың тыныс белгілерін қойылуы

да әркелкі болады.

Алтын – жақсы әнші, әсем биші.

Алтын – жақсы әнші және әсем биші

Алтын – әрі жақсы әнші, әрі әсем биші

Өзіндік жұмыс. Берілген сөйлемге тыныс белгілерін қой.

Біздің жерде көп кездесетін мына ағаштар: қарағай, қайың, терек .

Жусан, изен, бұйырғын, көкпек -бәрі малға пайдалы.

Өнеркәсіпке керекті таскөмір, мұнай ,мыс ,қорғасын -барлығы Қазақстан жерінен табылады

Келісіп пішкен келте болмас

62 – жаттығу. Өлеңде қойылмаған бірыңғай мүшелердің тыныс белгілерін қойып, сөйлем мүшелерін анықтау.

Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ,

Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ.

Ауыз омыртқа шығыңқы, майда жалды,

Ой желке, үңірейген болса сағақ.

Теке мұрын, салпы ерін, ұзын тісті,

Қабырғалы, жотасы болса күшті.

Ойынды етіп бөп-бөлек, омыраулы,

Тояттаған бүркіттей салқы төсті.

Сабақты бекіту: әр топқа екі сөйлемнен беріледі.

І топ. 1)Сендер – зерек, дарынды, білуге құмар, қиялы ұшқыр, ойы өткір, арманшыл ұрпақтың өкілісіңдер.

2)Мен туған жердің түнін, күнін, өзенін, тауын, гүлін сүйемін.

ІІ топ. 1)Тәуелсіздік алғалы Асан қайғы мен Қорқыт баба, Кенесары мен

Сырым, Абай мен Ахмет, Ербол мен Ләззат сынды тұлғаларымыз әлемге

танылды.

2)Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ – бес дұшпаңыз білсеңіз. (Абай)

ІІІ топ.

1)Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты,

Мен жастарға сенемін.

2)Қазақстанның өз елінің бақыты үшін, абыройы үшін, даңқы үшін, бостандығы үшін күресетіндігін мақтан тұтамын.

ХІ. Білімдерін бағалау.

Үйге тапсырма:Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. Ереже жаттау, жаттығу жұмыстары

ответил от daanaa

Похожие вопросы

0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ