Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Zhannara в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов
6 сынып

Сабақтың тақырыбы: «Тігін машинасында құрылымы, қызметі және жұмыс істеу принципі»

Сабақтың білімділік мақсаты: Тігін машинасының құрылысымен, жоғарғы және төменгі жіптің реттеу қызметімен таныстыру.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: оқушылардың тігін машинасымен жұмыс істеуге деген қызығушылықтарын оята отырып, жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақтауға, өзара көмек көрсетуге, қызығушылықтарын арттыра отырып, еңбек етуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі мен құрал - жабдығы: интерактивті тақта, компьютер, тігін машиналары, нұсқау карта,тест, қайшы, жіп, үйлестірме қағаздар.

Сабақтың түрі: аралас, сарамандық.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі,сұрақ-жауап, сарамандық жұмыс

Пәнаралық байланыс: математика, информатика, тарих

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) оқушылармен сәлемдесу.

ә) жоқ оқушыларды белгілеу.

б) жұмыс орнын сабаққа даярлау.

в) оқушыларды топқа бөлу

г) оқушыларға бағалау парағын тарату.

ІІ. Өткенді қайталау

Машина жасау өндірістің жетекші саласы болып табылады. Оны өнеркәсіптің жүрегі деп айтуға да болады.

Машина жасау - көп тармақты сала, оған станок жасау, әуе машиналарын жасау, трактор жасау, жеңіл және тағам өндірісіне арналған машиналар жасау салалары енеді.

Машина жасаудың түп бастауы көне ғасырларға қарай кетеді. Адамдар көне Мысыр елінде қарапайым станоктарды пайдаланған. Машина жасау тарихында көптеген ұлы ғалымдар мен конструкторлар үлкен жаңалықтар ашып, көптеген адамдардың машина жасаушы кәсібімен айналысуына жол ашып берді.

Ой қозғау. Тігін машинасымен не істейміз? - сұрағын қою арқылы жаңа тақырыпты ашу.

1. Машина дегеніміз не?

2. Тігін машинасы дегеніміз не?

3. Тігін машинасының атасы деп кімді атаймыз?

4. Тігін машиналарының түрлерін атаңыз?

5. Қазіргі тігін машиналарының қандай ерекшеліктері бар?

6. Тігін машинасының қандай бөлшектік құрамдарын білесің?

7. Тігін машинасында тігілген тігім сапалығын қалай анықтайды?

1. Топпен жұмыс

І топқа - Кластер құру

Қандай машина түрлерін білесің?

Автоматты

Өндірістік

Жартылай

автоматты Механикалық

аяқ-қолмен тігілетін

Электрлі Тұрмыстық

Арнайы

ІІ топқа – Сәйкестендіру тесті

1. Өндірістік тігін машиналары А) 1 ғана операция орындайды

2. Тігін машинасы не үшін керек Ә) бұйымды тігу үшін

3. Тігін машинасының бөлшектері. Б) сырып тігетін, арнаулы жартылай автоматты

4. Арнаулы тігін машинасы нені орындайды? В) табан, қол, маховик, ине, шөрнек

ІІІ топқа – Венн диаграммасы

Қол және машина тігістерін салыстыр. Айырмашылықтары мен ұқсастықтарын жаз.

2. Жеке тапсырма. Жеке оқушыларға карточкалар таратылады

Тігін машинасының құрылысының атауларын сәйкестендір

Оқушылардың білімдерін тексеру, бір-бірінің тапсырмаларын тексереді.

ІІІ. Жаңа сабақ

Жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Тігін машинасынның құрылымы, қызметі және жұмыс істеу принципі.»

Сабақтың мақсаты: Тігін машинасының құрылысымен, жоғарғы және төменгі жіптің реттеу қызметімен таныстыру.

Қандай да болмасын машинамен жұмыс істеу алдында мына дайындық істерін атқару қажет:

- үстіңгі және астыңғы жіптер өткізіліп, астыңғы жіп үстіне шығарылады;

- мата табанның астына салынып табан түсіріледі де, жіптер жинақталып, табанның астына жіберіледі;

- инешаншымның ұзындығы, үстіңгі және астыңғы жіптердің керілуі , тігіс сапасы тексеріледі.

Үстіңгі және астыңғы жіп өрілімі екі материалдың біріктірілген жерінен өткен тігім сапалы болып есептеледі.

Тігін машинасымен жұмыс барысында тігім ақаулары пайда болуы мүмкін: бос тігім, қатты тартылған тігім, үстіңгі жіптің іркілуі, астыңғы жіптің іркілуі.

Тігім сапалы болу үшін астыңғы және үстіңгі жіптің керілісін реттеу қажет. Үстіңгі және астыңғы жіптерді дұрыстап реттемесе, тігіс сапалы болмайды. Жіп жақсы реттелмеген жағдайда, тігістің үсті немесе асты ілмектеле береді, ол әрине, тігіс сапасын төмендетеді. Керісінше, жіптердің тартылуы өте тығыз болған жағдайда, тігіс тығыздалып тартылып қалады. Бұл ретте де тігісті сапалы деп айтуға болмайды сондықтан алдымен үстіңгі жіптің тартылуын, кейін астыңғы жіпті реттеу керек.

Тігімді реттеу жіпкеру құрылғысы көмегімен орындалады.

Жіптің тартылуын реттеу

Тігін машинасына тігіс үстіңгі /ине/ және астыңғы /шөрмек/ жіптердің айқасуынан пайда болады

Үстіңгі жіпті өткізгенде, жіп екі дөңгелектің, яғни үстіңгі жіпті керіп тұратын шайбаның арасынан өткізіледі, ал астыңғы жіпті шөріктің қақпағындағы жіпті керіп тұратын серппеден өткізеді. Осы құрылғылар арқылы жіптің керілуін реттейді.

Реттеуіштің көмегімен жіпті босатып немесе қатты тартып реттеуге болады.

1 – винтті тығырық

2 – теңгерілмелі серіппе

3-жіп тартқыш шайба

4 – тарту шайбалары

5-қалпақ

6 – тарту серіппесі

7 – бұрандалық

Астыңғы жіп кергіш шөрік қақпағынан бос шығып тұрған жіпті тартып көру арқылы жіптің бос немесе тығыз тартылуын байқауға болады.

Дәптермен жұмыс

Тігіс ақаулары

1. бос тігіс

2. тығыз тігіс

3. жіптің астыңғы жаққа ілмектенуі

4. жіптің үстіңгі жаққа ілмектенуі

Ақау, жою әдісі

Үстіңгі тігістің ілмектенуі Үстіңгі жіпті, содан кейін астыңғы жіпті қаттырақ тарту

Астыңғы тігістің ілмектенуі Үстіңгі жіптің тартылуын босату

Тығыз тігіс Үстіңгі жіпті қаттырақ тарту және астыңғы жіпті босату

Бос тігіс Үстіңгі жіпті, содан кейін астыңғы жіпті босату
ответил от Zhannara
0 голосов
IV.Сарамандық жұмыс: Машина тігімінің сапасын реттеу.

Құрал-жабдықтар мен материалдар: тігін машинасы, тігін машинасын пайдалану бойынша нұсқаулық, орауыш жіптер, мата, қайшы.

Жұмыс орындау реттілігі:

1. Тігін машинасымен жұмыс барысында сақталатын қауіпсіздік ережелерін қайталап шығыңдар.

2. Үстіңгі жіпті сабақтаңдар. Инеге сабақталған жіптің ұзындығы 10-15 см артық шығып тұруы тиіс.

3. Төменгі жіпті сабақтаңдар.

4. Екі жақтың ұштарын табанның артына қарай жіберіңдер.

5. Инешаншым ұзындығын реттегішті тетіктің көмегімен инешаншым ұзындығын белгілеңдер. Инешаншым ұзындығы сырып тігілетін матаның қалыңдығы мен тігімнің қолданылуына байланысты. Мата қалың болған сайын инешаншым ұзындығы да ұзындау болады.

6. Мата қиығына машина тігімін жүргіз.

7. Жіптердің керілуін анықта.

1 оқушы - қауіпсіздік ережесін айтады

2 оқушы - машинаны сабақтайды

3 оқушы - машина тігісін жүргізеді

4 оқушы - инешаншым ұзындығын өзгертіп тігеді

5 оқушы - карточка бойынша жауап береді

Оқушылардың жұмыстарын тексеру.

Тігін машинасында жұмыс істеу ережелері:

1.Тігін машинасында жұмыс істегенде, орындықта дене мен басты сәл алға қарай иіп, тік отыру керек.

2.Бұйым мен көздің аралығы 30-40 см болуы, ал шынтақ үстел қақпағымен бір деңгейде орналасуы қажет.

3. Тігу кезінде бөлшектерді машина табанынаң сол жағына, ал тігіске қосымшаны оң жағына орналастырады.

4. Жарық жұмыс орнына сол жақтан немесе алдыңғы жақтан түсуі керек.

Тігін машинасымен жұмыс кезінде сақталатын қауіпсіздік ережелері:

1. Машина жұмыстарын орындайтын жұмыс орыны дұрыс ұйымдасшрылуы тиіс;

2. Машинаның айналатын бөлігіне қайшы және басқа аспаптарды жақын қоюға болмайды;

3. Қажетті аспаптар машина жәшігінде сақталады, ал машина табанына тек қана өнделетін мата қойылады;

4. Өңделуші матада, ине, түйіреуіш болмауы тиіс;

5. Машинаның қозғалатын бөлігіне жақын отыруға болмайды;

6. Орындық, тігін машинасының инесіне тұспа-тұс қойылады;

7. Жұмыс істеу кезінде, қолды дұрыс қалыпта ұстау керек;

8. Жұмыс соңында жұмыс орынын жинау керек.

Сергіту сәті (оқушылар магниттік тақтадан сөзжұмбақ шешеді)

Т Ы Р Ж І П

Ұ Ғ Т Р А Т

Ж П Қ Ш Ө Р

Е А Ы В И І

Ң Қ Ш Т Н К

Тұғыр, жіптартқыш, жеңқап, шөрік, винт

V. Оқушылардың білімін тексеруге арналған қорытынды графикалық диктант.

1. Графикалық диктант

Сұрақ жауабымен келіссе «Иә -», келіспесе «жоқ ^ » деп белгілейді.

1. Тігін машинасымен жұмыс істегенде жарық сол жақтан түсу керек. (-)

2. Іс тігуші мен машина столының арақашықтығы 16-20 см. болуы керек. (^)

3. Тігін машиналары қол жетегіндегі, аяқ жетегіндегі, электр жетегіндегі машиналар болып бөлінеді. (-)

4. Машина тігісінің сапасына үстіңгі және астыңғы жіптің дұрыс реттелмеуі әсер етеді (-)

5. Иненін көмегімен үстіңгі жіптің керілуін реттейді (^)

6. Жіп бағыттағыштар арқылы астыңғы жіптің тартылуын реттейді. (^)

7. Аяқ машинасының ең керек деталі аяқ жетегі. (-)

8. Қол машинасы мен аяқ машинасының сабақтауы бірдей емес (^)

9. Орындық машина инесіне қарама-қарсы тұруы керек. (-)

10. Астыңғы жіптің іркілуі астығы жіптің қатты керілуінен пайда болады (^)

11. Машинада жұмысқа кіріспес бұрын қауіпсіздік техникасы ережелерін білу қажет. (-)

12. Үстіңгі және астыңғы жіптің әлсіз керілуін қатты тігім дейміз (^)

13. Астыңғы жіп кергіш пен үстіңгі жіп кергіштің құрылысы бірдей (^)

14. Тігін машинасының астыңғы жібінің керілуін реттегіш тігін машинасының қол бағанасында орналасады. (^)

15. Инешаншым ұзындығын реттегіш тетік тігін машинасының қол бағанасында орналасқан. (-)

Графикалық диктанттың жауаптары: /слайд/

_ ^ _ _ ^^ _ ^_ ^ _ ^^^ _

Бағалау рейтинг

Сұрақтар Баға

15-14 5

13-10 4

9-5 3

Өзара тексеру

Бағалау парағы: «5»- 9-10 дұрыс жауап,

«4»- 6-8 дұрыс жауап

«3»- 3-5 дұрыс жауап

«2»- 1-2 дұрыс жауап

VI. Сабақты бекіту сұрақтары.

1.Үстіңгі жіптің керілуін қалай реттеуге болады?

2. Астыңғы жіптің керілуін қалай реттейді?

3. Инешаншым ұзындығы неге байланысты?

VІI.сабақты қорытындылау.

Бүгінгі сабақ ұнады ма? Несімен ұнады?

VIII. Үй тапсырмасын беру

Машина тігістерін орындап келу.

ІХ. Бағалау. Бағалау парағы бойынша оқушыларды бағалау

Оқушының аты

№1 тапсырма

Топпен жұмыс №2 тапсырма Машина құрылысы Сарамандық жұмыс Графикалық диктант Қосымша сұрақтарға алған житондарының саны Қорытынды баға

Х. Жұмыс орнын жинастыру.
ответил от Zhannara

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов