Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от adaanaa в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы, 7 – сынып

Сыныбы 7

Тарих пәні мұғалімі: Ж.К.Косымова

Сабақтың тақырыбы

Дін және мәдениет .Исламның таралуы

Мақсаты:

Дін және мәдениет .Исламның таралуы туралы білу

Күтілетін нәтижелер

А)Ислам дініне дейінгі діни ағымдар туралы біледі ;

В) Ислам дінінің мәдениеттің дамуына тигізген әсері туралы біле алады;

С) Алған білімдерін тұжырымдамалық кестеге түсіре алады;

Керекті жабдықтар

7 сыныпқа арналған Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы Авторлары: С. Жолдасова.

Баспасы: карта, оқулық , маркер, стикер интерактивті тақта

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Мұғалімнің формативті бағалауды қолдануы жөнінде түсіндірме

Кіріспе

«Білу»

Ұйымдастыру. Амандасу.Сергіту сәті.

Топқа бөлу мозайка арқылы Ислам,будда, христиан, әлемдік діндер 4 топқа бөліну

Үйтапсырмасын тексеру.Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы

1. Қазіргі кезде мұражайға айналған шығыс моншасы орналасқан қала:

A.Карантия

B. Янгикент

CОтырар

D Баласағұн

E Түркістан

Түркістан қаласында Қожа Ахмет Йассауи кесенесінің жанында шығыс моншасы салынған. Ол 20 ғасырдың 60 жылдарына дейін жұмыс істеген. Ал қазір тарихи мұражайға айналдырылған. Алматыдағы “Арасан” моншасы ертедегі шығыс моншасының жобасымен салынған.

2. Тараз моншасындағы бөлмелер саны:

A2

B 5

C 4

D 3

E7

Тараз қаласынан екі монша табылған. Бірінші моншаның 7 бөлмесі болған. Монша ыстық өткізетін каналдар жүйесімен жылытылған. Екі моншада да таудан келетін су қазандыққа қыш құбырлар арқылы жеткізілген.

3. Жобалануы жағынан Орта Азияның, Кавказдың моншаларына ұқсас монша:

A Сауран

B Отырар

C Түркістан

D Тараз

E Қызылөзен Отырар моншасының жобалануы Орта Азияның, Кавказдың, Таяу және Орта Шығыстың моншаларына ұқсас болып келеді. Моншаның жылу ошағы шығыс жағына салынып, одан жылу құбырлар арқылы берілген. Отырардың екінші моншасы қала қақпасынан 200 метр жерде орналасқан. Бұл екі монша рабад аумағынан табылған. Екі монша да құдық суын пайдаланған.

4. Айша-бибі кесенесінің күйдірілген кірпіштен қаланып, сақталған бөлігі:

A Күмбезі

B Есігі

C Қабырғалары

D Құлпытасы

E Мұнарасы

Айша-бибі кесенесінің сыртқы қабырғалары түгелдей терракоталармен қапталған. Кесененің ішінде күйдірілген кірпіштен сатыланып қаланған құлпытас сақталған. Ал күмбезі құлаған. Кесене 11-12 ғасырларда салынған.

5. Бабаджа-қатын кесенесі салынған мерзім:

A8-9 ғасырлар

B 9-10 ғасырлар

C12-13 ғасырлар

D11-12 ғасырлар

E10-11 ғасырлар

Бабаджа-қатын кесенесі – күйдірілген кірпіштен шаршылап салынған порталдары бар ғимарат. Шатырлы күмбезбен жабылған, есігі шығыс жағында орнатылған. Кесене 10-11 ғасырларда салынған.

6. Жетісу халқы жаппай мұсылмандыққа көше бастаған кезде салынған мешіт:

A Қызылөзен мешіті

B Отырар мешіті

C Тараз мешіті

D Боран мұнарасы

E Құйрықтөбе мешіті

Бір кезде ірі мешіт болған Боран мұнарасы Жетісу халқы жаппай мұсылмандыққа көше бастаған кезде салынған. Мерзімі – 10 ғасырдың соңы немесе 11 ғасырдың басы.

7. 10-ғасырда Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда мешіттердіңболғандығы туралы жазылған дерек:

A Араб-парсы

B Араб-түрік

CСлавян

D Үнді

E Қытай

Мешіт, мұнара салдыру билік басындағылардың ислам дініне адалдығын білдірген. 10 ғасырдағы араб-парсы деректерінде Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда мешіттер болғандығы айтылған.

8. Арыстан бейнесі салынған терракота табылды:

A Сығанақтан

B Қапалдан

C Тараздан

D Қызылөзеннен

E Құйрықтөбеден

Керамикаға оюлап жануарлардың бейнесін салу орын ала бастаған. Қызылөзен қаласынан арыстан бейнесі бедерленген терракоталық тақталар табылған.

9. Алаша хан кесенесі Қазақстанның қай аймағында орналасқан:

AШығыс Қазақстанда

BБатыс Қазақстанда

C Орталық Қазақстанда

DСолтүстік Қазақстанда

E Оңтүстік Қазақстанда

Алаша хан кесенесі – 12-13 ғасырға жататын Орталық Қазақстанда салынған ерекше архитектуралық мазар. Ол Қаракеңгір өзенінің оң жақ аңғарында, Малшыбай кешенінен 2 км жерде салынған.

10. Қай кесене Төменарық кентінің солтүстік-батысында 8 шақырым жерде орналасқан:

AАрыстан баб

BҚожа Ахмет Иассауи

C Алаша хан

DТектұрмас

E Көккесене

Көккесене Төменарық кентінің солтүстік-батысында 8 шақырым жерде орналасқан. Ол – Cырдария өзенінің жағасындағы орта ғасырдан бері сақталған архитектуралық ескерткіштің бірі.

Бағлау шкаласы: 10-9- «5»,8-7- «4», 6-1-«3»

Мешіттер ірі қалаларда ғана емес, қыстақ-кенттерде де салынған. Отырардың оңтүстігінде, 4 км жерде Байылдыр қыстағы жанында Жұма мешіті болған.

Құйрықтөбе қала жұртындағы зираттарды зерттегенде адамдардың мұсылманша жерленгендігі анықталды. Адамның басы құбылаға қаратылып, жанына ешбір зат қоймай жерленген.

12 ғасырдың екінші жартысында қыпшақ ақсүйектерінің Хорезммен жақындасуына байланысты қыпшақтар арасына ислам діні кең түрде ене бастады. Қыпшақтардың орталығы Сығанақ қаласында мешіт, медреселер салынды.

Сабаққа сергіту сәті арқылы кіріседі.

Оқушылар үйге берілген тақырыптың ішінен берілген сұрақтардың дұрыс бұрыстығын тауып ия және жок деп белгі береді.

Өз өздеріне баға береді.

Дайындап әкелген бейне роликтерін көрсету

Мұғалім оқушылардың әрекетін бақылайды,

бағалайды ынталандырады, қорытындылайды.





ответил от adaanaa
0 голосов

Тұсаукесер

«Түсіну»

Дін –дегеніміз оқушы жазады аяғында мәлімет алғаннан кейін жалғастырады

Оқушылар Презинтация көру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады.

Мұғалім ұсынып бағыт береді

Негізгі бөлім

«Қолдану»

Исламға дейінгі наным-сенімдер.

Будда дінінің ықпалы ҮІ ғ басы.

ҮІІ-ҮІІІ ғғ батыстан шығысқа қарай христиан дінінің христиан несториандық бағыты.

Манихей дінін соғдылар әкелді.

Зороастра ілімі. Қостөбе мен Қызылөзен қалалары маңынан табылған.

Қала мәдениетінің дамуы

Х ғ Әл-Макдиси Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда қалалар салынғанын жазған. Отырар, Тараз, Құйрықтөбе, Баласағұн қалаларында мешіттер

аршылған. Отырардың оңт.стік жағында Байылдыр қыстауы жанында жұма мешіті зерттелген.

Тақырыпты 633 ж, 709ж, 714ж, 737-748жж, 751жж даталары арқылы, басты оқиғаларды түсіндіру. Анимацияның көмегімен соғыстарды көрсету арқылы баяндау.

Мұғаліммен бірге ортағасырлық қалаларға саяхат жасайды.

Мұғалім оқушылардың меңгеріп кетуі үшін орта ғасырлардағы картаны қолданып, саяхат жасай отырып түсіндіреді.

Картаны белгілеу арқылы түсіндіру

Қорытынды

«Талдау», «Жинақтау», «Бағалу»

Сабақ соңында рефлексия

Үйге тапсырма

Қыпшақтар арасына ислам дінінің кең түрде ене бастаған мерзімі:

A

12 ғасырдың екінші жартысы

B

11 ғасырдың ортасы

C

13 ғасыр

D

12 ғасырдың бірінші жартысы

E

11 ғасыр

2.

Мұсылман дәстүрімен жерленген зират табылды:

A

Бұхарадан

B

Құйрықтөбеден

C

Сығанақтан

D

Атлахтан

E

Тараздан

3.

Жұма мешіті орналасты:

A

Отырардың оңтүстігінде

B

Сығанаққа таяу жерде

C

Шаштың солтүстігінде

D

Құйрықтөбенің жанында

E

Баласағұн маңында

4.

Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда мешіттердің көптеп салына бастағанын жазды:

A

Әл-Макдиси

B

Гардизи

C

Жувейни

D

Петахья

E

Әл-Омари

Әл-Макдиси өз деректерінде, 10 ғасырда Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың қалаларында мешіттердің көптеп салына бастағанын жазған. Құйрықтөбе, Баласағұн, Тараз, Отырар қалаларында мешіт орындары көптеп табылды

Кері байланыс жасау

Маған сабақта не ұнады?

Сабақты түсінуіме не кедергі болды?

Мұғалім маған көңіл аударса оданда жаксы жасар едім?

Түсінбеген тақырыпшам:------------

Құрдастарыма тілек------

Ұсыныс----

Үйге тапсырма. Кесте толтыру

633 ж

709 ж

714 ж

737-748 жж

751 ж

960 ж

Оқушылар сұрақтарға жауап береді, сабақты өткен материалды қайталап, бекітеді.

Оқушылар өз түсінігі мен пікірін қалыптастыруды көздейді.

Формативті бағалау

ответил от adaanaa

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ