Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

3 Ответы

0 голосов

Пәні: Қазақстан тарихы

Сынып: 7

Мерзімі:

Тақырыбы:

§41. Қасым хан (1511-1518ж.ж.)

Мақсаты:

Оқушылар Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының саяси-әлеуметтік, экономикалық күш-куаты жағынан әлем таныған, іргелі мемлекет дәрежесіне жету себептерін түсіндіру, Қасым хан билік құрған кездегі Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайларымен таныстыру, «Қасым ханның қасқа жолы» әдет-ғұрыптық заңы туралы түсінік қалыптастыру

Күтілетін нәтиже:

Оқушылардың ойлау, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін дамыту және Қасымның саясатын бүгінгі еліміздің саясатымен салыстыра білу;

Бағалау критерийлері:

Теорияны түсіну, негізгі идеяны білу, рефлексия жасау

Әдіс-тәсілдер:

СТО стратегиялары, «Өрмекшінің торы», диалогтық оқыту, ой қозғау, Сенектика, Салыстырмалы эссе акциясы;

Сабақтың барысы:

Кезеңі

Мұғалімнің

іс-әрекеті

Оқушының

іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Кіріспе

Білу

Сәлемдесу

Түгендеу

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

Оқушылар оқу құралдарын дайындайды

Ынталандыру үшін мадақтау

АКТ

Стикерлер

Оқушыларды хан есімдері арқылы топқа бөлу

1топ-Керей 2топ-Жәнібек 3-топ-Қасым

Оқушылардың қызығушылығы артады

Жылдам отырған топты мадақтау

А4 форматтағы қағаздар мен түрлі-түсті қарындаштар

Үй тапсырмасын "Өрмекшінің торы"арқылы оқушылар сұрақ қояды.

Оқушы қызығушылық танытып, белсенділігі артады

Өзін-өзі бағалау

Тақырыпқа байланысты суреттер

БАҚ материалдары

Таяқша

Таныстырылым

Түсіну

Тақырыпқа байланысты қысқаша түсінік беру; Ой қозғау бейнеролик көрсету арқылы жаңа тақырыпты анықтау;

Оқушылар тыңдай біледі, тақырыпты әңгімелейді, өздері білетін қосымша мәліметтерімен бөліседі

Өзін-өзі бағалау

Электронды оқулық

Қазақстан тарихы. Қ.Атабаев

Негізгі бөлім

Қолдану

Талдау

Сенектика әдісі арқылы топтық тапсырмалар беру;

1.Туранология

2.Жекеонология

3.Символикалық онология

1топ-Қасым хан тұсындағы қазақ мемлекетінің өрлеуі

2топ-Қасым ханның заңдары

3топ-Қасым ханның сыртқы жіне ішкі саясаты.Оқушылар топтық жұмыс арқылы мазмұнды кескіндеме жасайды.

Екі жұлдыз бір тілек айту

Қазақстанның саяси картасы

А4 форматтағы түрлі-түсті қағазадар

Салыстырмалы эссе

Венн диагграмасын қолдану

Топ мүшелері жұптасып кестені толтырады;

1топ-Қасым хандығын өткен хандықтармен салыстыру;

2-топ- Қасым хандыға баға беру;

3топ-Бүгінгі күмен салыстыру;

Бесбармақ әдісімен бағалау

7 сыныпқа арналған Қазақстан тарихы оқулығы

Ғаламтор мәліметтері

Жинақтау

Бағалау

Попс формуласы

Біздің ойымызша....

Себебі,

Оны бізде......

Осыған байланысты...

Бүгінгі сабақ бойынша оқушылар бір-бірінің ойын толықтыра отырып, сабақты қорытындылайды.

Бағалау парақшалары арқылы бағаланады

А4 парақшалары

Қорытынды

Маган не ұнады?

Мен не түсінбедім?

Не білгім келеді?

Кесте толтыру;

Өз өздерін бағалау

Плакат, стикер

Кері байланыс

Үй тапсырмасы

§41 оқу; жұмыс даптеріндегі 1,2 тапсырмалар орындау

Стикерге өз ойын жазу;

Берілген үй тапсырманы күнделігіне жазып алу.

Бағдаршам әдісі арқылы

Смайлик арқылы

Оқулық, жұмыс даптер 2-бөлім

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Ақтөбе облысы Темір ауданы

Алтықарасу мектеп-балабақшасының

тарих пәні мұғалімі Досқалиева Гулдаурен Қайырғалиқызы

Пәні: Қазақстан тарихы

Класы :7

Тақырыбы:

Қасым хан (1511-1518жж)

Мақсаты:

Қасым хан тұсындығы қазақ хандығының жағдайымен жан – жақты танысу. «Қасым ханның қасқа жолы» заңының мазмұнын білу.

1.Оқушылардың белсенділігін арттыру;

2.Оқушылардың білетін білімін жаңғырту;

3.Өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлауын дамыту арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау;

Күтілетін

нәтиже:

Қасым хан тұсындығы қазақ хандығының жағдайымен танысты, «Қасым ханның қасқа жолы» заңының мазмұнын білдіру. Жалпыдан негізгі мәселені ажырата алу үшін танымдық қабілеттерін дамытады, Отанымыздың тарихынан сабақ алып, дұрыс қорытынды шығаруға үйренеді;
әңгімені өз бетінше оқып, мазмұнын ұғына алады; көтерілістің болу себептерін анықтайды;

өз ойларын талдай және сараптай алады; ойлау логикасы дамиды;

Әдіс-тәсілдері:

СТО,топпен жұмыс, жеке дара жұмыс, ашық сұрақтар, дарынды оқушымен жұмыс (эссе), жас ерекшеліктеріне байланысты (деңгейлік тест сұрақтар) ,

Кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі (5 мин.)

1.Психологиялық дайындық Топқа бөлу : «Мозайка»

1-топ Жәнібек

2-топ Керей

Топ басшыларын анықтау, бағалау парағын беру.

Бір - бірлеріне тарихи тұлғаларды байланыстырып тілек білдіру.

Тарихи оқиғаларға байланысты суреттерді құрастыру арқылы топқа бөлінеді.

Суреттер

Ой-қозғау

Қызығушылығын ояту

Мағынаны ажырату

«Сиқырлы асықтар» ойыны арқылы үй тапсырмасын пысықтау

№1 «Тарихи сынақ хат »Оқушылар орны жасырылған жылдар мен сөздерді табуы керек

Оқушылар қазақ хандығының тарихи маңызы қандай?

«Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады. Н.Ә.Назарбаев

Біз кімбіз? /Ой толғаныс/

Мен қазақпын,

Еркіндік үшін дүниеге келдім,

Көкбөрінің көкірегін емдім,

Асан қайғымен жаһанды шарладым,

Мұқағалидың мұратына ендім,

Абылай ханның ордасына ендім,

Наурызбайдың соңынан ердім,

Абай болып бір рет туылдым,

Махамбет болып бір рет өлдім,

Қабанбаймын, Жәнібекпін,

Бөгенбаймын ,Райымбекпін

Шақантаймын, Шыңқожамын

Жауымды жеңдім.

Қожасымын тағдырдың

Ұрпағымын Жамбылдың

Көненің қалған көзі едім

Дананың айтқан сөзі едім

Саф алтынның сынығы

Ер Қасымның өзі едім

Жаңа сабақтың тақырыбы: Қасым хан (1511-1518жж)

Қазақ хандығының құрылуы мен хандар кестесі арқылы Қасым ханды таныстыру

«Ойлан, жұптас, топтас» тапсырмасы. Топтарға мәтінді бөліп беру.

1-топ Керей «Қасым ханның тұсында Қазақ мемлекетінің өрлекі »

2-топ Жәнібек «Қасым ханның ішкі-сыртқы саясаты»

Картамен жұмыс

«Орынын тауып қой» ойыны онда карта мен жұмыс жасаймыз. Мұнда мұғалім сұрақ қойады оқушылар қойған сұрақтың жауабын тауып,оны картаға апарып іледі.

1. Жаңадан құрылған Қазақ хандығының тағына Шыңғысханның ұрпағы болғандықтан, Керей және Жәнібек сұлтандар екеуінің де отыруға құқылы болды. Бұл мәселені қазақ хандығында қалай шешті?

Жауап. Сол кездегі орныққан тәртіп бойынша, хан тағына отырғызарда мұрагерлікпен қатар, жасының үлкендігі де ескерілген. Сондықтан хан тағына Керей отырып, билік тізгінін қолына алған

2. Жаңадан шаңырақ көтерген қазақ хандығы өз алдына қандай міндеттер қойды?

Жауап.Дешті Қыпшақ даласында қалыптасқан

тәртіпті қалпына келтіру.

Сырдария бойындағы қалаларды қазақ

хандығына қарату.

Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың

этникалық аумағын біріктіру.

3. Керей ханның ақылдасар тірегі кім болды?Жауап. Жәнібекхан

4. Жәнібек пен Керей Қазақ хандығын қайда тікті? Жауап. Шу өзені бойындағы Қозыбасы жері. 5. Қазақ мемлекеті құрылуының қандай тарихи маңызы болды? Жауап. 1.Әр хандықтың билігінде ел болуды аңсап жүрген ру тайпалардың қазақ ұлты болып қалыптасуы аяқталды.

2.Қалыптасқан ұлтты басқару, оны сырт жаудан қорғау үшін Қазақ мемлекетінің біртұтас саяси әкімшілік жүйесі құрылды.

3. Құрылған мемлекет өзінің шаңырақ көтерген жерінде қалып қоймай, бүгінгі таңдағы шекарамызға дейін жер аумағын кеңейтті.

4. Өзін қоршап жатқан үлкенді –кішілі мемлекеттермен терезесі тең дәрежеде қарым-қатынас орнатты.

5.Әлеуметтік-экономикалық және мәдени жағынан өзіндік салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы, ділі, діні бар ел санатында даму жолына түскен азат, еркін елге айналды.

-Жәнібек хан - ... ханның бел баласы, Керей хан болса ... ханның ағасы ... сұлтанның баласы, яғни екеуі немере еді.

- ... жылы Керей хан бастаған қол ...,

Жәнібек хан ... шабуыл жасады. Сауран түбінде қазақтардан жеңіліс тапқан ... хан ... қашты.

... пен ... Қазақ хандығына кірді.

- Сыр бойындағы қалалар ..., ..., ...,

Қазақ хандығының күш қуатын, саяси беделін нығайтып, әлемге танытты.

- Қазақстан жеріндегі бір кезде әлемді дүр сілкіндірген

... хандығы ыдырап, жаңа мемлекеттер - ... хандығы,

... хандығы, ... хандықтары тарих сахнасынан орын алды.

Оқушылар сұраққа жауап береді

Оқушылардың өз ойларые тыңдыу

Оқушылар жаңа тақырыпты дәптерлеріне жазып, танысады

Оқушылар тақырыппен толығырақ танысып, Қасым ханның жүргізген ішкі және сыртқы саясаты туралы топта талқылайды. Қасым хан жайында білетіндерін дәптерлеріне түсіріп, топпен талқылап, жауап береді.


ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Сергіту сәті

Ой толғаныс

«Жұлдызды аспан»

Шығармашылық тапсырма беру

Тамсантып тілін тұлпардың,
Білімге ұмтыл, ұрпағым!

1-топ Математикалық ойын: Шарты есеп шығарамыз,шыққан жауабында қандай оқиға болды соны айтамыз.

2-топ Қасым ханның тұсындағы аса маңызды тарихи оқиғалар кестесін толтыру.

Венн диаграммасы Қасым хан мен Н.Назарбаев ел билекіндегі ұқсастықтар мен ерекшеліктерді жазу

Шығармашылық тапсырма

1-топ РАФТ әдісі Тарихи тұлғаға хат жазу

Р-роль-

А-аудитория -

Ф-форма -

Т-тақырып -

2-топ Эссе жазу

Математикалық ойын:

(456*2)+602= 1514 ж Саид хан Қасым ханнан шайбанилерге қарсы күресте көмек беруін сұрайды
(988+455)+80 = 1523ж Орыс деректерінде Қасымның қайтыс болған жылы
(560+650)+301= 1511 ж Қасым сұлтан хандық билікті қолына алады
(951+500)+81= 1532ж Тахир хан Абд ар-Рашид ханмен шайқаста қаза табады
(655+104)*2= 1518ж М.Х.Дулати дерегінде Қасым қайтыс болған жыл

Тарихи оқиғалар

Хронологиялық ауқымы

Қысқаша сипаты

Қазақ

Тарихындағы

маңызы

Топ басшылары венн диаграммасын толтырады.

Оқулық . саяси карта. Белсенді тақта, электронды оқулық.

Бағалау

Үш шапалақ арқылы бағалау

Топ басшының тоқтамы

«Білім бәйтерегі» бүгінгі сабақ бойынша пікірлерін стикерге жазып орналастыру.

Үш шапалақ арқылы бағалау

Житон арқылы топ басшылар бағалап, қорытындысын айтады.

Оқушылар сабақ бойынша пікірлерін «Білім бәйтерегіне» орналастырады.

Бағалау парағы

Стикер \

Қосымша тапсырма

Бағыт беруші

Қасым ханға мінездеме жазу. Интернет ресурстарынан, кітапханадан қосымша мәлімет жинақтау.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов