Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Білім беру саласы:«Коммуникация».

Оқу қызметі: Көркем әдебиет.

Тақырыбы:«Шұбар тауық» ертегісі.

Максаты:Балалардың тірек-сызбалар арқылы ертегі кейіпкерлерін атай білуге,сөздерді анық айтуға,күрделі сөйлемдерді құрастырып,берілген сұрақтарға толық жауап беруге үйрету.Балалардың ертегілер туралы және геометриялық пішіндер туралы түсініктерін кеңейту.Балалардың байланыстырып сөйлеуін,ойлау қабілетін,тілін және есте сақтау қабілетін дамыту.

Керекті құралдар:интерактивті тақта,шұбар тауық ертегі кейіпкерлерінің суреттері,панно,тірек-сызба,геометриялық пішіндер,барабан,музыкалық аспап,сыбдырлақ-қапшық,слайд.

Әдіс-тәсілдері: көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын.

Билингвальды компонент: тауық – курица.

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық кезең

Үстел үстінде шымылдық артында «шұбар тауық» отырады.

Тәрбиеші балаларға былай дейді;

-Балалар сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме?

Тәрбиешінің әңгімесі;

-Ертегі өте ерте кезде пайда болған.Әр халық өзінің ертегіерін ойлап тауып,балаларын айтып берген.Ертегілер авторы-халық.Халық осы ертегілерді сақтап,осы күнге жеткізген.Әлемдегі барлық балалар ертегілерді жақсы көреді.Бүгін бізге қонаққа ертегі келді.

-Балалар,мен сендерге жұмбақ айтамын,сендер жұмбақтың шешуін дұрыс шешсеңдер,ертегі кейіпкерінің не екенін білеміз?

-Қыт-қыт,-дейді балалар.

-Өзінің қанатына барлығын жинайды.

Балалардың дұрыс жауабынан кейін шымылдық ашылып,шұбар тауық шығады.

Тәрбиеші.

-Шұбар тауық,саған не болды?Сен неге осындасың?

-Мен өзімнің ертегімді жоғалтып алдым,сондықтан да сендерге көмек беріңдер деп келдім.

Балалар өз ойлары бойынша сұрақтарға жауап береді.

Балалар жұмбақтың шешуін табады.

Балалар тауыққа көмектесетіндерін айтады.

Ұйымдастырушы - ізденушілік

1.Жаттығуы

Тәрбиеші. «Жақсы,шұбар тауық,мен сендерге ертегі айтып беремін.Ол үшін мен көңілді әжеге айналамын.Әже балаларға «Шұбар тауық» ертегісін айтып береді.

2. «Ертегіні ата» жаттығуы.

Тәрбиеші.

-Шұбар тауық сен өзіңнің ертегіңді таныдың ба?

-Балалар,сендер ертегі ұнады ма?

-Ертегі қалай аталады?

Тәрбиеші.

3. «Ертегіні әңгімеле» жаттығуы.

Тәрбиеші.

Балалар, шұбар тауыққа өзінің ертегісін айтып берейік.

Тәрбиеші.

-Шұбар тауық, сен өз ертегіңді таныдың ба?

Тауық.Таныдым,бұл менің ертегім.

4. «Кім жасырынды?» жаттығуы.

Тәрбиеші.

Балалар,мына суретке қарап суреттегі геометриялық пішіндерді атап,санаңдар.

-Бұл геометриялық пішіндердің айырмашылықтары қандай?

-Балалар,сендер қалай ойлайсыңдар?

Қандай тіктөртбұрыштың артында қандай ертегі кейіпкелері жасырынған?Шұбар тауық,тауық,ата,аже,тышқан,жұмыртқа қай жерде тұр?

Тәрбиеші.

-Қане,тексеріп көрейіек.

Балалар,жарайсыңдар,тауық өзінің кейіпкерлерін таныды.Енді тауық сен сендермег ойын ойнағылары келеді.

5.Сергіту сәті:

Тәрбиеші

-Балалардың сендермен « Көңіл бабабандар»,Сотқар –музыкалық аспап», «Сыбдырлақ-қапшық» арқылы сергіту сәтін орындаймыз.

-Тауық қорадан шығып,аулада жүреді?

-Көңілді барабандар арқылы,тауықтың аулада жүрген дыбысын шығарайық.

-Қыт-қыт-қыт.

-Тауық аула ішінде тез-тез жүре бастайды.

-Қыт-қыт-қыт.

-Қатты жел соқты.(сотқар-музыкалық аспаппен ойын)

-Аяқ астында жапырақтар сыбдырлайды.

(сыбдырлақ-қапшықпен ойын)

-Сыбдырдан тауық қорқып кетіп,жүгіре жөнеледі.

-Қыт-қыт-қыт.

Ох-ох-ох-деп қатты шаршап,қорасына жайлап кіріп кетті.

6. «Төртінші артық» ойыны.

Тәрбиеші.

-Слайдтағы ертегі кейіпкерлерінің суреттерін көрсетіп,артық кейіпкерлерді табуын тапсырады.

7. «Сөйлемді жалғастыр»ойыны.

Тәрбиеші.

Қәзір мен сендермен жаңа ойын ойнаймын.Ойынның аты: «Сөйлемді жалғастыр»

Мен сөйлем оқимын,сендер сөйлемді аяқтайсыңдар.

1.Тауық қыт-қыттайды,ал тышқан .... (шиқылдайды)

2.Тауық-құс,ал тышқан....(жануар)

3.Тауық үлкен,ал тышқан (кішкентай)

Балалар берілген сұрақтарға жауап береді.

-Ертегі түсініксіз, шатасып кеткен- деп балалар жауап береді.

Балалар ертегілерді атайды.

Балалар «Шұбар тауық»ертегісін айтып береді.

3 бала тақтаға шығып,тірек-сызба арқылы ертегіні айтып береді.

Балалар суретке қарап геометриялық пішіндерді атайды, санайды.

Балалар тіктөртбұрыштың артында қандай ертегі кейіпкерлер жасырынып тұрғанын айтып береді.

Балалармен сергіту сәтін қызығушылықпен орындайды.

Балалар суреттегі артық кейіпкерлерді табады.

Балалар сөйлемді аяқтайды.

Рефлекстік түзету

Тәрбиеші белсенді қатысқан балаларды мадақтайды.

-Ал балалар осымен біздің оқу іс-әрекетіміз аяқталды.Сендер жақсы қатыстыңдар.Тауық сендерге сыйлық береді.(Киндер-сыйлықты балаларға таратып береді)

Балалар сыйлықтарын алып,қуанады.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:ертегілер туралы түсініктері кеңіп,ертегі кейіпкерлерін сипаттай алады.Берілген саұрақтарға толық жауап береді.

Нені игереді:ертегі кейіпкерлері туралы түсініктері жаңғырады.

Нені менгереді:тірек-сызба арқылы ертегіні айтып беруге үйренеді.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ