Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

3 Ответы

0 голосов

«Н.Исмайлов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Суицидті мінез-құлықты қалыптастыруға ықпал ететін факторлардың алдын алу

Педагог-психолог : Г.Назаркулова

Зерделі - 2016ж

Суицидті мінез-құлықты қалыптастыруға ықпал ететін факторлардың алдын алу

«...қараңғы түнек пен буырқанған боранға,тағдырдың кездейсоқ тәлкегіне қарсы тұру үшін, Жер Анадай сабырлы бол!»

Өзіне-өзі қол жұмсау – философиялық ( өмірдің мәнін жоғалту), психологиялық(психологиялық теріс бейімделу, фрустрация), әлеуметтік ( әлеуметтік жағынан өз орнын таппау, қанағаттанбау сезімі, әлеуметтік мәртебесін жоғалту т.б)медициналық ( күрделі ауру, психикасының бұзылуы), адамгершіліктік және құқықтық проблемалардың жинақталуынан тұратын өте күрделі, көп қырлы феномен. Суицидті зерттеп жүрген мамандардың пікірінше, дүниежүзінде әрбір 20 секунд сайын бір адам өзіне-өзі қол жұмсайды екен.Тіпті жылына 1 миллион тұрғын өмірмен мәңгілікке қоштасуға әрекет жасайды. Сорақысы сол, бұлардың 8 мыңы қазақстандықтар екен.Ал бұл дегеніңіз, Республика бойынша сағат сайын бір адам өз еркімен өмірімен қоштасады деген сөз. Назар аударарлық бір нәрсе, Қазақстанда адам өлтіргендерге қарағанда, өзін-өзі өлтіруге бейім тұратындардың саны әлдеқайда көп көрінеді. Ал енді Халықаралық анықтама қызметінің дерегіне жүгінсек, 1950 жылдан бергі кезеңде суицид оқиғасы 60 пайызға өсіпті. Міне, осы дерек-дәйектердің өзі соңғы уақытта суицид оқиғасының дүниежүзінің түкпір-түкпірінде жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кеткенін байқатса керек. Аталмыш мәселенің жасөспірімдер арасында кең етек жайғаны мәлім. Жасөспірімдік шақта кездесетін қиындықтарды көтере алмау, айналадағылармен тіл табыспау, психологияның толық қалыптаспағандығы, міне, осы және т.б. себептерден өскелең ұрпақ арасында суицид мәселесі артып отыр.

Суицидтің алдын алу үшін ата-аналар, мұғалімдер,психологтар және әлеуметтік қызметкерлер салауатты өмір-салтын қалыптастырушы мамандар, бұқаралық ақпарат құралдары бірлесе жұмыс атқаруы керек.Яғни, ең алдымен алдын алу жұмыстары жасалуы қажет: Жасөспірімдер мен жастар арасында осы тақрыпта дәрістер, әңгімелесулер, сұхбаттасулар, кеңес беру, сұрақ-жауап сияқты жұмыстардың көбірек жүргізілгені дұрыс.

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтік алдын алу шаралары туралы. Бұл тек адамдарға ғана тән әрекет. Суицидтке баратын адамдар көбінесе ішкі жан күйзелісін басынан кешіреді немесе қатты стресс жағдайында болады, сонымен қатар психикалық аурулармен, көңіл-күй бұзылғанымен, әсіресе депрессиямен зардап шеккендер және болашақ өмір қызықтырмайтын болып келеді.

Статистика: Жастар арасындағы суицид мәселесін зерттегенде анықталғаны:тұтастай алғанда көп жағдайларда жасөспірімдер ата-аналарының, мұғалімдер назарын өз мәселелеріне аудару мақсатында өзіне өзі қол жұмсауға шешім қабылдатыны және осындай келеңсіз түрде үлкендердің селқостығы, парықсыздық, арсыздық және қатыгездігіне қарсылықтарын білдіреді. Мұндай қадамға көбінесе тұйық, жаны жараланғыш, жалғыздық сезімінен, өзінің керексіздігінен стреске берілгіш және өмірден түңілген жасөспірімдер барады. Қиын өмірлік жағдайда уақытында көрсетілген психологиялық көмек, мейіріммен жасалған қолдау қайғылы жағдайдан жасөспірімді аман алып қалған болар еді.

Суицид (өзін өзі өлтіру) – бұл қашып кетумен теңелетін жай, проблеманы шешуден қашу, біздің өміріміздің әр алуандығын құрайтын жаза және абыройсыздық, қорлану және үмітсіздік, түңілуден, қазадан көңілі қалғандықтан, өзіне өзі құрметі жоғалғандықтан қашуды білдіреді.Өзіне қол жұмсауды таңдаған жасөспірімдердің көпшілігі шын мәнісінде өлгісі келмейді екен ( бұны ажалдан құтқарылып қалған жасөспірімдер растады).Осылайша олар бір немесе бірнеше проблеманы шешуге тырысады. Бірақ уақытша проблеманы олар бірден және біржола шешеді. Жастар осылайша оларға тым ауыр көрінетін өмір ауыртпалықтарынан қашып кеткісі келеді. Сондай ауыртпалықтар оларды эмоциялық және дене күйзелесіне ұшыратады, сондықтанда олар өлім осы күйзелістен құтқарады деп ойлайды. Жақындап келіп қалған суицидті қалай аңғаруға болады.

Суицидтік қауіпті топ

ØЖастар: өз ара қарым- қатынас түрі бұзылғандар, « жалғыздыққа ұшырағандар », күш көрсетуді әдет қылғандар девианттық немесе қылмыстық қылықтарымен ерекшеленетін ішімдік немесе есірткі қолданатындар;

ØӨзін тым қатты сынауға алатындар;

ØЖеке басының қорланғанын немесе қайғылы жағдайды басынан өткізген жандар;

ØАуыр науқастан немесе айналасындағылардың сырт айналуынан күйзелген жандар;

ØӨмірде алдына қойған табыстарымен күткен жетістіктерінің сәйкес келмеуінен уайымға салынған жасөспірімдер. « Үздік синдромы»

ØӨзін өлтіру жайлы әңгімелер (мысалы «мен оданда өзімді өлтіремін»);

ØОсы тақырыпқа дауыстап қиялдану;

Ø«Менің ешкімге керегім жоқ», «Бәрібір мені ешкім сағынбайды» деген тақырыптармен назарын алу.

Суицидке бет алған адамға: « Ойлан, сенің өлімің жақындарыңа қандай қайғы әкеледі»,- деп айтқанша, оның ойына әлі келе қоймаған басқа шешім туралы ойлануды сұраңыз. Сіз ол адамның жан- жарасын білдіретін сөздерін, мейлі ол уайым, қайғы, кінә, қорқыныш немесе ашу- ыза болсын, тыңдай білсеңіз оған баға жетпес көмек бергеніңіз. Тіпті кейде жәй ғана үндемей онымен бірге отырсаңыз да бұл сіздің оған деген қамқорлық қатынасыңыздың, оның тағдырына немқұрайлы қарамайтыныңыздың дәлелі бола алады.

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Суицидтің алдын алу мақсатында төмендегі тренинг сабағын ұсынғалы отырмын.

Сабақтың тақырыбы:Суицидті мінез-құлықты қалыптастыруға ықпал ететін факторлардың алдын алу

Мақсаты: Жеткіншекке өзінің ішкі жан дүниесіне үңілуіне,өзін-өзі тану және өзін-өзі дамыту дағдыларын қалыптастыру және дамыту. Міндеттері: Жеткіншек жастың жалпы және жеке проблемаларын анықтау; оның ерекшеліктерін түсінуге, өз өмір позициясын қалыптастыруға, өзіндік рефлекцияны дамытуға көмектесу.

Әдістер:

· Сәлемдесу

· «Өз қорқынышыңды жеңе аласың ба?»әдісі

· Сіздің суицидке бейімділігіңіз.

· «Пингвиндер»жаттығуы.

· «Өз өмірімнің оқиғалары» тесті.

· «Сізді не жындандырады?» жаттығуы.

· «Құбыр» жаттығуы.

Өз қорқынышыңды жеңе аласың ба?

Мына абстрактілік суретке анықтап қараңыз. Мына сурет белгілі бір ойды білдіретіндей етіп аяқтау үшін мына берілгенге не қосар едіңіз.Ойыңызға басшылық етудің керегі жоқ,өзіңізді еркін ұстап сезіміңізге ерік беріңіз.Сіздің ақыл-ойыңыз емес санаңызбен толықтырыңыз.

Бұл тест арқылы Сіз, өзіңіздің қорқынышыңызға қарсы тұра аласыз ба, әлде қорқынышыңыз Сізден күштірек пе соны анықтайды.

Тесттің кілті

Сызықтардың жуандығына көңіл аударыңыз.

· Егер Сіздің суретіңізге жуан сызықтар мен штрихтар кездессе, онда сіз қорқынышқа бой алдырасыз, сіздің ішкі жан дүниеңізде оған орын бар.

· Егерде ол сызықтар көп болса, ал қара сызықтар болмаса, онда сіз көрінген нәрсеге ұрынбайтын өте сақ және ақылды адам деп айтуға болады.

· Егерде сіздің суретіңізде жуан сызықтар ашық сызылса, онда ішкі сызықтар барынша жіңішке болса, онда сіз бар күшіңізбен қорқынышыңызды жеңуге тырысасыз, жаныңызды ауыртпауға жол бермейсіз.Өз эмоцияңызды ақыл-ойыңыздың бақылаумен ұстайсыз.

· Егерде салған суретіңізде қара фигуралар молырақ болатын болса, онда сіз қорқасыз. Сіздің қорқынышыңыз артыңызға қаратпай қашуыңызды қолдайды.Құмға басын тығып алған страус сияқты сияқты, сіз қоршаған ортадан қорқасыз.

Енді қараңыз, қосымша салып толықтырған суретіңіз қай жерде көбірек берілген бөлігінен ( оның бөлігі лентаны еске түсіреді және парақты екі бөлікке бөліңіз, жоғары және төменгі) және Оның Астынан.

· Егерде сіз парақтың жоғарғы жағына негізгі күшіңізді салсаңы, онда қорқынышыңыз сізден күштірек, оны сіз жөндейц алмайсыз.Сіз палуан емессіз, керек десеңіз өз қорқынышыңызбен күресуді де ойламайсыз, сіз жай ғана одан қашасыз.Сондықтан да сіз ешқашан жеңімпаз бола алмайсыз.Кім күрессе сол жеңеді, ал сіз күреспей қаруыңызды жиып қойдыңыз.

· Егер сіз парақтың төменгі жағына күшіңізді салсаңыз, өзіңіздің қорқынышыңызға қарама-қарсы тұруға шамаңызбар, онымен сіз батыл күресе алсыз.Бұл күрестен кейін көбіне жеңімпаз бола бермейсіз,себебі өз қорқынышыңыздың түрін түсіне бермейсіз.Сіз батыл адамсыз, бірақ қорқынышты батылдығыңызбен жеңе алмайсыз, біліктілікті меңгерген жөн.

· Егерде парақтың жоғарғы және төменгі жақтары бірдей дәрежеде толтырылған болса, онда сіздің тартылысыңыз үйлесімді екенін көрсетеді. Сізді ешнәрседен қорықпайды деп айтуға болмайды.Сіз бірнәрседен қорқатын болсаңыз, сіздің қорқынышыңыздың қайдан туындағанын талқылайсыз, шешіміңізге қорқынышыңыз орын беріп одан айрыла аласыз.

Сіздің суицидке бейімділігіңіз

Алдыңызда сізді ойландыратындай қалыпты пішін тұр. Оның өзегі қарамен боялған.Мынандай тапсырма: суретті аяқтаңыз, пішіннің аяқталғанын көрсетіңіз.Сізге сурет ұнайтындай етіп пішіннің барлық бөлігін боясаңыз болады.

· Егер сіздің суретіңізде бос жеріне қарағанда, көбі боялған болса, онда Сіз өміріңіздің осы кезеңінде қайғылы көңіл-күйдің жетегіндесіз.Сізді бір нәрсе мазалайды, болған жағдайға қынжыласыз, бұл жағдай сізге уақытша және сіз одан арыласыз.Сіз суицидке бейім емессіз, өмір сүргенді жақсы көресіз және шынымен өмірмен қоштасатындарды түсіне алмайсыз.

· Егер Сіз берілген қалыпты пішіннің ешқандай бөлігін боямасаңыз, оны тек қоршап шықсаңыз, онда сіздің нерв жүйеңіздің темірдей күшті екенін көрсетеді.Сіз өз-өзіңізге қол жұмсауға және әлсіздік көрсетуге жол бермейсіз.Ондай жағдай, жақын адамдарыңызға және қоршаған ортаға жасаған қастандық деп ойлайсыз.Қаншалықты қиын өмір сүрсеңіз де, Сіз өмірде кездесетін кикілжіңдерді жеңуге дайынсыз, небір қиын кедергілерден өтіп өмір сүресіз.

· Егер Сіз қалыпты пішіннің үш бөлігін солғындау боясаңыз,онда Сіз қандай да бір жағдайда өз-өзіңізге қол жұмсауды ойланғансыз, егер сізге барлығы қарсы шықпағанда, онда Сіз мұндай жағдайды басыңыздан кешіруіңіз мүмкін еді.Сіз бағыңызға қарай оптимиссіз, сондықтан да Сіз үшін кез-келген жағдайдың өте қорқынышты болуы аз кездеседі, сіз әрқашан жарық сәуленің барына сенесіз.

· Егер сіз қалыпты пішіннің бүкіл сол жағын боясаңыз, онда сіздің өте сезімталдығыңыз бен жаныңыздың ауыратындығы байқалады, өмірдегі кездесетін әділетсіздікті өте қатал қабылдайсыз және содан қажисыз.Сіз суицидке бейімсіз, бұл жолы сізді шешуші қадамнан тоқтататын – жақын адамдарыңызға деген махаббат.Оларды ауыр жағдайға түсіргіңіз келмейді, сондықтан да Сіз суицидтік бейімділігіңізді жеңе аласыз.

· Егер Сіз қалыпты пішіннің бүкіл оң жағын боясаңыз, онда сіз өзіңіздің суицидке бейімділігіңізді өз керегіңізге пайдалана білесіз, өзіңіздің туыстарыңызды өзіңізге қол жұмсаймын деп қорқыту арқылы өз қажетіңізді орындатып аласыз.Сіздікі дұрыс емес, Сізбен тұрған өте қиын.

· Егер Сіз қалыпты пішінді бояуды жалғастыра берсеңіз, онда Сіз саналы түрде өлім туралы ойлайсыз.Алайда Сіздің сыртқы суицидтік белгілеріңіз көрінбейді, бірақ та ыңғайлы жағдайда сыртыңызға жарылып шығады.

«Пингвиндер» жаттығуы

Мақсаты: Ұжымда өз орнын дұрыс табуға көмектесу.

Жүргізуші: «Сіздер барлығыңыз полюстегі пингвинсіздер, сіздерге өте суық бір жерге жиналып жылыну керек.Сыртта тұрған адам ортасына қарай кіруге тырысады». Ортаға ақырын басқа пингвиндерге зиян келтірмей жету қажет.

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

«Өз өмірімнің оқиғалары» тесті

(Г.С.Никифиров)

Мақсаты: Әлеуметтік жетілгендік көрсеткіші ретіндегі өз сананың уақыттық аспектісін шығару.

Нұсқау: 1 Бөлім: «Жеке өміріміздің ұзақтығын белгілейтін көлденең сызықты салыңыз («өмір сызығы»),сызықта нақ осы шақтың сәтін тік штрихпен белгілеңіз.

Осыдан кейін, өз өміріңіздің,сіздің ойыңызша,болашақта болып жатқанға әсер еткен, негізгі маңызды оқиғаларын еске алыңыз.

Оқиға деп табиғатта және қоғамда,сіздің ішкі өміріңізде (ойларыңызда,сезімдеріңізде,уайымдарыңызда),сіздің денсаулығыңызда, мінез-құлқыңызда,сіздің әрекеттеріңіз бен қылықтарыңызда, отбасыңызда, оқуда,мектептен тыс өміріңізде,өзгелермен қарым-қатынасыңызда және т.б. болып жатқан қандай да бір өзгеріс айтылады.

Өз өміріңіздің оқиғаларын «өмір сызығында»нүктелермен және сандармен белгілеңіз.Төменде график арасында осы оқиғаларды қысқаша түрде сипаттаңыз, мысалы: 1-туылу (туылған күн)... және т.б.

Сіздің өміріңізге оң әсер еткен оқиғаларды «+» белгісімен, ал «теріс» әсер еткен оқиғаларды «-»белгісімен белгілеңіз.

2 Бөлім: «Өмір сызығында, сіздің пікіріңізше,болашақта болуы мүмкін оқиғаларды белгілеңіз. Болашақ оқиғаларды өткен оқиғалар сияқты сандармен белгілеңіз және оларға қысқаша сипаттама беріңіз, кейін болашақта сіздің өміріңізге олардың әсерінің оң немесе теріс екенін белгілеңіз».

Әр бөлімнің орындалуына 10-15 минут беріледі.

Нәтижелерді өңдеу.

1. Өткен шақтағы және келешектегі оқиғалар саны есептелінеді, олардың қосындысы және болашақ пен өткен шақтың сандық көрсеткіштерінің бөлудегі жеке мәні есептелінеді. Нәтижелер хаттамаға енгізіледі.

2. Дәл осылай өткен шақ пен келешектегі позитивті және негативті оқиғаларының саны мен қатынастары есептелінеді. Нәтижелер хаттаманың сәйкес графаларына енгізіледі.

Алынған нәтижелерді талда отырып, келесілерді есепке алу керек:

- Тұлғаның «оқиғалық рефлекциясын» сипаттайтын, әлеуметтік жетілгендік көрсеткіштерінің бірі болатын оқиғалардың жалпы саны, Оқиғалардың жалпы саны қаншалықты көп болса, әлеуметтік жетілгендік деңгейі соншалықты жоғары болады;

- Уақыттық перспектива осінде болашақ пен өткен өмірдің интенсивтілігіне деген қатынасты сипаттайтын өткен мен болашақ шақ арасындағы баланс.Мазмұны бойынша ол «оқиғалық өмірдің»басым бағыттарын көрсетеді.Бірлікке жақын мәндер жетілген тұлғаны сипаттайды;

- Өмірге деген оптимистік немесе пессимистік қатынасын, мысалы, төзімділікті ( жалпы сипаттайтын, өмірдің позитивті және негативті оқиғалары арасындағы баланс.Позитивті оқиғалардың негативті оқиғалардың негативті оқиғалардан басым болуы, сол жасқа сәйкес, анық романтизм туралы айтады, ал шеткі жағдайларда – инфантилизм туралы. Қарама-қарсы жақ, яғни негативті оқиғалардың позитивті оқиғалардан басым болуы, эмоциялық қолайсыздықң дискомфорт,төмен төзімділік туралы айтады.Шеткі жағдайларда негативті жаққа дисбаланс суицидтік бейімділіктердің индикаторы болуы мүмкін.

Нәтижелер кестесі.

Қосынды көрсеткіштер

Өткен

шақ

А

Келешек шақ

Ә

Оқиғалық рефлекция

А+Ә

Бағыттылық

Уақыттық

А/Ә

Эмоционалдық

Ә/А

1

2

3

4

5

6

1.Оқиғалардың жалпы саны

2.Позитивті оқиғалар

3.Негативті оқиғалар

«Сізді не жындандарады?»

Мақсаты:Жасөспірімдерді шиеленіс жағдайдан шыға білуге үйрету, жағымсыз эмоцияны шығару, жою.

Жүргізілу нұсқасы: Қатысушылар екі-екеуден жұптасып орындықтарға жайғасады.Жұптасып отырып кезектесіп бір-бірін сілкіп, не жындандыратындықтарын қатты дыбыстап (музыка ойнап тұрады)айтулары керек.

«Құбыр» жаттығуы

Мақсаты:Топтасып жұмыс істеуге үйрету. Қарым-қатынасты нығайтып, мақсатқа ұмтыла беруге үйрету.

Жүргізілу нұсқасы:Қатысушыларға А4 қағазы беріледі.Қағазды екі бүктеп қолдарымен астау кейпіне енгізеді.Барлық қатысушылар қолдарындағы астауша тәріздес иілген қағазды бір-біріне қосып беті ашық құбыр жасайды.Дайын болған кезде нұсқаушы кішкентайдопты жібереді.Қағазды үзіп алмай допты өткізіп шығулары керек. Доп түсіп кеткен жағдайда ойын қайта басталады.

Талдау: Ойын жаттығуы аяқталғаннан кейін қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын ортаға салады.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов