Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы,

Қармақшы аграрлы-техникалық колледжі,

биология пәнінің оқытушысы,

ЖҮСІПОВА ҰЛМАН ЖАЙЫЛХАНҚЫЗЫ

ІІ санат

Сабақтың тақырыбы: Қосарланып ұрықтану

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: студенттерге ұрықтану процесін, өсімдіктердегі эндосперге, диплоидты және триплоиты жасушалардың дамуын, Навашин, аталық және аналық гаметалардың дамуын түсіндіру

ә) дамытушылық: Оларға ұрықтану туралы ғылыми тұрғыдан түсіндіріп, ой-өрісін дамыту және сабаққа қызығушылықтарын арттыру;

б) тәрбиелік: студенттерге көбеюдің және тозаңдану мен ұрықтанудың күрделі екенін айту. Салауаттылықты қалыптастыру, біліктіліктерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру

Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, физминутка т.б.

Оқулықтар, әдебиеттер: Жалпы биология Т.Қасымбаева, К.Мұхамбетжанова

Құрал-жабдықтар: Жабық тұқымды өсімдіктердің қосарланып ұрықтануы сурет, интербелсенді тақта, үлестірмелер, электронды оқулық.

Сабақ/оқу барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі. Студенттермен сәлемдесу, сабаққа дайындығын тексеру, топқа бөлу, назарын сабаққа аудару.

2. Өткен сабақтар бойынша білім деңгейлерін тексеру

І топ Жасушаның бөлінуін сызба нұсқа арқылы түсіндір.

Жасуша қандай жолмен бөлінеді

Митоз

Мейоз

Амитоз


ІІ топ «Көзбен көріп ойланайық» - өткен сабаққа шолу жасау, экранда көрсетілген суретті бейнелеп, айтып беру. Жыныс жасушасының бөлінуі. Мейоздың биологиялық маңызы.

ІІІ топ Ұрықтану, оның генетикалық маңызы.

«Сәйкестікті көрсет» үлестірмелер. Жеке студенттермен жұмыс.

3. Жаңа сабақты (материалды) түсіндіру.

Қосарланып ұрықтану

Жоспары:

1. Гүлді өсімдіктердің қосарланып ұрықтануы.

2. Аналық жыныс жасушаларының дамуы.

3. Аталық гаметалардың дамуы.

Гүлдің құрылысын еске түсіру. (студенттерден сұрау)

1) Гүл сағағы,2) гүл табаны, 3) тостағанша,4)күлтесі, 5) аталықтар,6)аналық

Гүлді өсімдіктердің қосарланып ұрықтануы.Жануарлар мен жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің жыныс жасушаларының дамуы мен ұрықтануда көптеген ортақ қасиеттерімен бірге айырмашылығы бар. Оны дара жарнақты гүлді өсімдіктердің жыныс жасушаларынан байқауға болады.

Электронды оқулық.

Аналық жыныс жасушаларының дамуы. Аналық жыныс жасушалары аналық түйінінде дамиды. Оның ішінде тұқым бүршігі орналасқан. Бұл тұқым бүршігіндегі пісіп-жетілген жұмыртқа жасушасы мейоз жолмен екіге бөлініп, гаплоидті жиынтығы бар төрт жасуша пайда болады. Осы төрт жасушаның үшеуі тіршілігін жояды да, қалған біреуі митоз жолмен үш қайтара бөлініп, гаплоидті жиынтығы бар сегіз жасуша түзеді. Сегіз жасушаның бесеуі ұрықтың қабығын түзуге қатысса, ал қалған үшеуінің біреуі жұмыртқа жасушасына айналады.

Қалған екеуі гаплоидті хромосома жиынтығы бар жасушаларға қосылып, диплоидті жиынтығы бар жасушаға айналады. Осындай жолмен пісіп-жетілген гаплоидті және диплоидті жиынтығы бар жұмыртқа жасушасы ұрықтануға дайын тұрады.

Аталық жыныс жасушаларының дамуы. Аталық жыныс жасушалары тозаңқапта дамиды. Жасуша мейоз арқылы бөлініп, төрт гаплоидті жасуша пайда болады. Біреуі митозді бөліну арқылы екі гаплоидті жасушу пайда болады. Оның біреуі генеративті, екіншісі вегетативті. Генеративті жасуша тағы да митоз арқылы екіге бөлінеді. Соңында спермийге айналады. Вегетативті жасушадан тозаң түтігі пайда болады. Ал генеративті жасушаның біреуі аналықтың гаплоидті жиынтығын ұрықтандырса, екіншісі аналықтың диплоидты жиынтыққа қосылып, триплоидты жасуша пайда болады. Диплоидті жасушадан зигота пайда болады, ал триплоидті жасушадан эндосперм. Эндосперм ұрыққа қажеті қоректік зат. Жабық тұқымды гүлдердегі қосарланып ұрықтануды 1898 жылы Сергей Габрилов Навашин ашты. Ал эндоспермнің триплоидты табиғатын 1915 жылы оның баласы Михаил Сергеевич Навашин ашты.

Видео ролик.

Физминутка(Термин сөздермен жұмыс)

Вегетативті жасуша – өсімді жасуша.

Генеративті жасуша – жыныс жасушасы.

Қосарланып ұрықтану – бір мезетте диплоидты хромосома жиынтығы бар жасушадан ұрық дамып, триплоидты хромосома жиынтығы бар жасушадан эндосперм қабатының түзілуін айтады.

4. Өтілген сабақты (материалды) бекіту.

Топтық жұмыстар.

І топ – Гүлдің құрылысы, олардың тозаңдануы.

ІІ топ – Жабық тұқымды өсімдіктердің қосарланып ұрықтануын түсіндір.

ІІІ топ – Қосарланып ұрықтануды ашқан ғалымдар, олардың еңбектері.

«Табиғат аясына саяхат» сергіту сәті.

5. Үйге тапсырма. §34.Қосарланып ұрықтану оқып түсінік айту тақырып соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.

6. Сабақ/оқу қорытындысын жасау, бағалау.

Сабаққа белсенді қатысқан студенттерді бағалау.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ