Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ТӨЗБЕУШІЛІК

БаймуратоваЖулдыз Абеновна

Алматы облысы, Іле ауданы, М.Түймебаев ауылы, №20 мектебінің мұғалімі

Баймуратова Жазира Абеновна

Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қызылжар ауылы, №81 орта мектебінің мұғалімі

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғалы бері елімізде бірқатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар қызу қолға алынып жатыр, алайда сыбайлас жемқорлық мәселесі әлі де болса толастамай отырғандығындығы белгілі, сондықтан оның алдын алу шаралары ретінде құқықтық сананы нығайту жолдарына тоқталып өтсек. Әрине, құқықтық сананы нығайту үшін алдымен құқықтық тәрбие беруді жаңғыртуымыз қажет.

Құқықтық тәрбие беру - құқықтық сананы қалыптастырып, жоғары идеялык пен қоғамдық меншікке қатынасты көзқарасты дарытудың асыл міндеттерін атқарады. Мемлекетіміз жастарға құқықтың тәрбие беру ісіне үнемі маңыз беріп келеді. Қазақстан заңдарына терең құрмет сезімін қалыптастыру, оларды сөзсіз сақтау және орындау - ұзақ уақыт тәрбие жұмысын жүргізудің жемісі. Көбіне құқықтық сананың төмендегі, материалдық және рухани игіліктердің не екенін жөнді түсінбеушілік қоғамға жат қылықтарды туғызады. Сондықтан да әр адамның санасына құқықтық нормаларды жеткізу, жеткізіп қана қоймай оның күнделікті мінез-құлық нормасына айналдыру үшін күресу құқықтық тәрбие берудің міндеті болып табылады.

Құқықтық мемлекеттің негізгі белгісі – халықтың құқықтық мәдениетінің болуы. Құқықтық мәдениет қоғам мәдениетінің негізгі салаларының бірі болып табылады. Ол екі бөлімнен тұрады: жеке тұлғалардың мәдениеті және қоғамдық мәдениет. Адамның жалпы мәдениеті мен құқықтық мәдениет, құқықтық мәдениет пен құқықтық сана өзара тығыз байланысты. Құқықтық мәдениет құқықтық санамен салыстырғанда әлдеқайда кең ұғым. Азаматтардың құқықтық мәдениеті олардың қолданыстағы заңдар жөніндегі білімінен байқалады. Барлық заңдарды білу қажеттілігі мүмкін емес болса да, негізгі қоғамдық қатынастарды реттейтін заң талаптарын әрине әрбір азамат білгені жөн. Азаматтар өздерінің негізгі құқықтары мен бостандықтарын, міндеттерін біліп, оны өзгелердің және мемлекеттің мүддесіне қайшы келтірмей түсініп саналы орындауы, мемлекет алдындағы өз жауапкершілігін сезіне білуі құптарлық іс. Заңгер ғалымдар Ғ.Сапарғалиев және А.Ибраева өз еңбектерінде: «Тұлғаның құқықтық мәдениеті – құқықты білу, ұғыну (түсіну) және құрметтеуден тұрады. Ал мұның өзі құқықтық ұйғарымдарды жете түсініп барып орындаудан білінеді (көрінеді)» - деп атап көрсеткен.

Жеке тұлғаның құқықтық мәдениеті жөнінде, әсіресе мыналарды баса көрсетуге болады: біріншіден, кез келген азамат өзінің құқығын, бостандығы мен міндетін анық түсінуі әрі оны бағамдап, парықтай білуі, екіншіден, осыларды мүмкіндігінше, іс жүзінде, өз өмір тәжірибесінде пайдалана алуы тиіс.

Құқықтық мәдениетті қалыптастырып дамыту еліміздің болашағын айқындаушы көрсеткіштердің бірі десек, өскелең ұрпаққа сапалы құқықтық білім мен саналы тәрбие беру ұстаздар қауымынан білімділікті, құқықтық білімдерін үнемі жетілдіруді, нормативтік - құықықтық құжаттармен үздіксіз танысып, жұмыс барысында оларды басшылыққа алуды үрдіске айналдыруды, салалық мекемелермен, отбасымен тығыз ынтымақтастық қарым – қатынас орнатуды және қажырлы еңбекті қажет етеді. Келелі жұмысты атқаруда бала құқығын қорғау, балаға қарым - қатынас мәдениетін көтеру, оның талабын ескеру де нәтиже береді деп ойлаймыз. Құқықтық саясаттың құрамдас бөлігі, елдің индустриялық-инновациялық дамуын қамтамасыз етудің, оның зияткерлік әлеуетін арттырудың маңызды шарты болып табылатын ғылыми және білім беру қызметін құқықтық реттеу болмақ.

Ғылым-білім беру қызметінің құрамдас бөлігі, өз кезегінде, құқықтық білім беру, құқықтық насихат, яғни құқықтық мәдениет мәселелері болып табылады. Осыған орай, азаматтардың құқықтық санасын, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер арасында заңгерлік сауаттылықты арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет. Халық арасында интернет-ресурстарды қоса отырып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы құқықтық насихаттың сапасын арттыру мен көлемін кеңейту, заңнаманы және құқық қолданудың өзекті проблемалары бойынша, атап айтқанда, азаматтардың күнделікті өміріндежиі қолданылатын құқық салаларында ғылыми зерттеулерді жандандыру қажет.

Құқықтың сананың негізі отбасынан басталады. Бізде отбасы әр қилы: маскүнемдікпен күн өткізетін, ұрыс - керістен көз ашпайтын, басқалардың, мемлекеттің есебінен арам жолға барып қалғысы келетін отбасылары бар. Мұндай отбасында тәрбиеленген бала өзімшіл болады, қылмыс жасауға бір табан жақын тұрады.

Ауыл жастарының арасында құқықтық тәрбие жұмысын ұйымдастыруда олқылықтар бар. Жастар арасындағы насихат пен құқықтық тәрбие мәселесі жөнінде жоғары ұйымдар таранынан белгіленген шаралар жүзеге асырылып, қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру қажет. Құқықтық тәрбие тура жолмен жүруге үйрететін әділеттілік әдістеріне сүйенеді. Адам мұндай жағдайда өзінің ар-ұятына жүгінеді. Жеке тұлға өзінің айналасындағы адамдарды, әлеуметтік игіліктерді қате бағалауы мүмкін. Мұның өзі оның көбіне көп құқықтық сананың бұзылуына әкеліп соқтырады.

Заңды білмеу — құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Заңды білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен құтқармайды. Құқықтық мәдениет жан-жақты құқықтық білімдерді талап етеді.

Ауыл халқы құқықтық сауаттылық жағынан толық қамтылмай отыр. Сондықтан әрбір ауданға қарасты ауылдарда аудандағы әділет бөлімінен құқықтық сауаттылықты көтеретін жоғары білімді бір заңгерден бекітілуі тиіс. Әйтпесе ауылдан қалаға келген, аудан орталығына ауылдан келген адамдардың құқықтық сауаттылық деңгейінің кемшілігі байқалып отырады. Осындай адамдардың мінез-құлқын кейбір мекеме қызметкерлері теріс пайдаланып, сыбайлас жемқорлыққа итермелеуі мүмкін. Сондықтан әрбір азамат өзінің және өзгенің құқығы мен міндеттерін терең меңгерсе сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылыққа төзбеушілік қасиетін қалыптыруға болады деп ойлаймыз.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов