Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Байзақ ауданы Бұрыл ауылы

«Бәйтерек» балабақшасының

тәрбиешісі:

Ногаева Агайша Женисбековна

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқы іс әрекетінің түрі: Сенсорика

Тақырыбы: Бау байлау

Мақсаты: Балаларға бауларын дұрыс байлауды үйрету.Балалардың қол моторикасын, ойлау қабілетін ламыту. Шапшандыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құрал: Слайд, аяқ киім, бау.

Әдіс тәсіл: Көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап.

Іс әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс әрекеті

Балалардың іс әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Балаларды шаттық шеңберіне шақыру.

Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын кең ашқан,

Тілегіміз әділдік,

Ашық болсын көк аспан.

Шаттық шеңберін іс қимыл арқылы жасау

Ұйымдамдастырушы ізденуші

-Балалар казір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінде қанша ай бар?

-Жер бетіне көгеріп не шығады?

-Балалар сендердің көңіл күйлерің қандай болып тұр?

Ендеше жақсы көңіл күймен бүгінгі ашық ұйымдастырылған оқу іс әрекетімізді бастайық.Бұгінгі ашық оқу іс әрекетіміздің тақырыбы: «Бау байлау»

Балалар баудың түсі, көлемі әртүрлі болады. Ұзын бау және қысқа бау болады. Сонымен қатар қызыл, ақ қара түсті бау болады.Бау аяқ киімде, жейделерде байланып тұрады. Бауды аяқ киім шешіліп кетпес үшін байлап қояды. Бау жіптен жасалады. Балалар сендер аяқ киімдеріңді бауын байлай аласыңдар ма?

Олай болса мен сендерге бауды қалай байлауды үйретемін?

Тосын сәт: Сайқымазақ кіреді.

-Сәлем,сәлем балалар мен кешігіп қалған жоқпын ба?

-Сайқымазақ сен мұнда не істеп жүрсің?

-Мен мерекеге келдім?

-Сайқымазақ сен жаңылысып келдің біз мұнда ашық оқу іс әрекетін өтіп жатырмыз.

-Ой кешіріңдер балалар мен мерекеге асығып бара жатырмын, шалынысып құлайды.

-Сайқымазақ сен мерекеге қалай барасың аяқыңның бауда байланбаған. Қазір біз сенің аяұыңның бауын байлап береміз.

Балалар сайқымазаққа көмектесеміз бе?

Ал сендер бау байлауды белесіңдер ме?

Балалар олай болса бізге агент осо - дан көмек сұрайық. (слайд арқылы мультфильмнен үзінді көрсетіледі,агент осо бауды қалай байлатынын көрсетеді)

Сайқымазақ кел мен сенің бауыңды байлап берейін, әйтпесе тағы құлап қаласың.

Сайқымазақ: Балалар седерге рахмет сендер болмағанда мен тағы бауыма шалынысып құлар едім. Енді мен меркеге кешікпей барайын.

-Балалар кане сендер де алдарыңда тұрған аяқ киімнің бауын байлап үйреніңдер. Әйтпесе сайқымазақ сияқты шалынысып қалуларың мүмүкін. Балалар алдарыңда тұрған аяқ киімнің бауын байлайды.

Сергіту сәті:

Балалар музыка әуенімен қимыл жасайды.

-Көктем

-Жылы

-Шөп

Жақсы тамаша

Балалардың жауаптары

Иә

Жоқ

Рефлексивті түзету

-Балалар біз нені байлап үйрендік?

-Бау неден жасалады?

-Баудың түсі қандай?

Жарайсыңдар балалар.

Балаларды мақтап мадақтау.

-Бау байлап

-Жіптен

-Қызыл,ақ,қара

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: Бауды байлай алады.

Түсінеді: Баудың не үшін байлап жүру керектігін

Қолданады: Аяқ киім мен бауды қолданады.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов