Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Ертегілер еліне саяхат сабақ жоспары керек
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Байзақ ауданы Бұрыл ауылы

«Бәйтерек» балабақшасының

педагог-психологы:

Наурызбекова Р

Тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат»

Мақсаты: Балалардың ақыл-ойларын,сөздік қорларын дамыту.Сөзді анық айтуға есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиеші: Бүгін бізде өзгеше сабақ болады, біз сиқырлы пойызға отырып барлығымыз ертегілер еліне саяхатқа барамыз.Кане,бәріміз пойызға отырып, кетейік. Балалар бір-бірінің нығынан ұстап пойыздың дыбысын шығарып жүреді.

І аялдамаға келдік. Ертегілер аялдамасы.

Тәрбиеші: Балалар бұл аялдамада қараңдаршы сиқырлы қапшық бар екен. Ішінде де бар екенін білесіңдер ме?

Балалар: Жоқ,білмейміз?

Тәрбиеші: Олай болса ішінде не бар екен?

Балалар: Сурет

Тәрбиеші: Ия дұрыс айтасыңдар бұл жай сурет емес, ертегі суреттері.Бұл қандай ертегінің суреті айтыңдаршы?

Балалар: «Шалқан» ертегісі

Шалқан ертегісін әңгімелеу.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар бұл аялдамадағы тапсырманы дұрыс орындадыңдар.Енді пойызымызға мініп келесі аялдамамызға барайық.

Тәрбиеші:Жарайсыңдар сіздер бұл ойынды керемет ойнадыңдар.Ал енді тағы да ойын ойнағыларың келе ме?

Балалар: Ия

Тәрбиеші: Біз қазір «Айырмашылығын тап» ойынын ойнаймыз Ойынның шарты: Екі мультфильмдегі кейіпкердің суреті берілген, сол екі суреттің бір-бірінен айырмашылығын табу керек.

-Жарайсыңдар. Бұл ойынды жақсы ойнадыңыздар.Пойызымызға мініп «Сергіту сәті» аялдамасына барамыз.

Сергіту сәті.

Аяқпен топ-топ-топ

Қолмен хлоп-хлоп-хлоп

Бір оңға бір солға

Айналайық кел мұнда

Қолымызды бір сілкіп

Басымызды шайқайық

Бір оңға бір солға

Ойнайықшы кел мұнда

Секіреміз жоғары

Қиын емес секіру

Бір оңға бір солға

Секірейік кел мұнда.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар.Енді пойызымызға мініп саяхатымызды жалғастырайық.Келесі аялдама «Өнер» аялдамасы.

ІІ Өнер аялдамасы

Тәрбиеші:-Балалар жылағанның дауысы естілеме?

Балалар:-Ия

Тәрбиеші:-Ой,балалар қараңдаршы мұнда тышқан мен тауық жылап тұр. Тышқан,тауық сендерге неге жылап тұрсыңдар,не болды?

Тышқан: Жыламай қайтейін біздің үйшігімізге Аю сыймай құлатып қойды,оны қалай құрастырамыз. (жылайды)

Тауық: Ал, менің балапандарым аш менің балапандарыма тары керек. Балалар сіздер маған тары жасап көмектесесіңдер ме?

Тәрбиеші: Тышқан, тауық сіздер жыламаңыздар менің қыздарыммен ұлдарым сіздерге көмектеседі. Балалар аю үйді қандай ертегіде кездесетін еді?

Балалар: Үйшік еретгісінде.

Тәрбиеші: Ия дұрыс айтасыңдар балалар.Ендеше көмектесемізбе балалар?

Балалар: Ия біз көмектесеміз.

Тәрбиеші: Олай болса ұлдар сіздер мына құрастырғыш арқылы Тышқанға үй жасап беріңіздер,ал қыздар болса Тауыққа мына бояулар арқылы тары жасап берсін жарайма?

Балалар: Жарайды.

Ұлдар: Тышқан міне сіздің үйіңіз енді жыламаңыз.

Тышқан: Рахмет сендерге балалар менің енді бұрынғыданда әдемі үйім болатын болды.

Қыздар: Тауық алыңыз міне сіздің тарыңыз. Енді жыламаңыз.

Тауық: Балалар сендерге көп рахмет.Сіздердің көмектеріңіздің арқасында балапандарым аш қалмайтын болды.

Тәрбиеші: Тауық, тышқан менің балаларымның сіздерге көмегі тигенше қуаныштымын. Сау болыңдар.Балалар енді пойызымызға отырып, келесі аялдамамызға барайық. Келесі аялдамамыз «Тіл дамыту»

ІІІ аялдама

Топ ішінен кенеттен Бауырсақ кіріп келеді. Балалар таң қалады.

Бауырсақ: Сәлеметсіңдер ме балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе?

Бауырсақ: Мен кіммін?

Балалар: Бауырсақ

Бауырсақ: Жарайсыңдар балалар өте керемет. Балалар өздерің қандан келе жатырсыңдар.Егер сіздер менің сұрақтарыма толық жауап берсеңдер мына сандықшаның ішіндегі сыйлықтарды сіздерге беретін боламын.Келісесіңдер ме?

Балалар: Ия.Біз Шалқан ертегісін әңгімеледік,есептер шығардық,суреттің айырмашылығын таптық.Тышқан мен Тауыққа көмектестік.

Бауырсақ: Қалай көмектестіңдер.

Балалар: Ұлдар үй құрастырды, ал біздер тары жасадық.

Бауырсақ. Өте тамаша балалар мына сыйлық сендерге енді мен өз ертегіме барайын.Сау болыңдар.

Балалар: Сау болыңыз

Тәрбиеші: Балалар жарайсыңдар сіздер Бауырсақтын сұрақтарына толықтай жауап бердіңіздер,сондықтан ол сіздерге мына сыйлығын беріп кетті. Алдымен пойызымызға мініп тобымызға қайтайық оралайық содан кейін мен сіздерге Бауырсақтың сыйлықтарын таратып беремін.

Балалар: Жарайды

Тәрбиеші: Олай болса пойызымызға мініп балабақшамызға қайтайық.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
0 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ