Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Мектепке қадам басқан жас маман...

Мен Рудный қаласы әкімдігінің «№ 19 орта мектебі» КММ  2015 жылдың 1 қыркүйек айынан бастап мектепке жұмысқа кірдім. Жас маман ретінде қабылданып, маған басқа жасмұғалімдер сияқты тәлімгер тағайындалды, айта кететін тағы ең басты менің негізгі жұмысым тарих пәні мұғалімі емес, оған қоса менің негізгі жұмысым хатшы қызметін де атқардым. Мектеп айналасында бірінші рет қадам басып, екі жұмысты, яғни тарих пәні мұғалімі және хатшы қызметін де атқарып жүрдім, оңай болған жоқ, әсіресе мектеп табалдырығын енді аттаған жас маманға. Дегенмен әкімшілік жағынан көмектер де, қолдаулар да болды. Жұмыс деген оңай беріле салмайды ғой, әсіресе мұғалімдерге. Оқушылармен бірге мен де жаңа программаларды, мектеп кітаптарын да оқып, үйреніп жүрдім. Оқушыларым да маған бауыр басып, сабақтарым ды да оқушылар мен көңілді өткіземін. Оқушыларды да жақсы көріп те, сүйсініп те, қызыға да қарап,кейде  шулаған кезде ұрысып та аламын, бала дегенін балаша ғой бәрі, ұрыссаң да , сәл уақыттан соң ұмыта жөнеледі. Осылай бір жарым жыл мектеп ішінде қызмет жасап жүрмін. Жұмысым қиын болса да, ешкімге қиналғанымды білдіртпей, қолымнан келеді деп күресіп келдім. Балаларды олимпиадаға дайындап, іс-шаралар өткіздім, алғаш қалалық газетке мақалам да шығарылды. Осылайша, тәжірибе алумен келемін. Әлі алатын тәжірибем де көп, мектептегі өмірдің өзі де қызығырақ, әсіресе балалармен тілдесудің өзі де мен үшін бір бақыт. Барлық жас мамандарға айтарым, алда талай сынақтар мен сындар күтіп тұр, алайда тек қана алға ұмтылсаңыздар ғана жетістіктерге жетесіздер! Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға деп мен сіздерге сәттілік тілей отырып сөзімді аяқтамақшымын.

Рудный қаласы әкімдігінің
«№ 19 орта мектебі» КММ  тарих пәні мұғалімі
 Уатаева Лаура Молдановна
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
3 ответов